Сағат
549 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Сүйекке «К» ВитаминІ пайдалы

К витамині сүйек тығыздығын сақтауға көмектеседі.

К витаминінің көзі: жапырақты жасыл көкөністер, брокколи, өсімдік майлары.

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иммундық жүйенің жасушалары кімнің «өзіміз» және кімнің «бөтен» екенін қалай таниды?

Бұл генетикалық деңгейде болады👇🏻

Сіз ауырмай - сырқамай жүрген кездегі сау жасушалар, иммундық жүйенің «достар» тізіміне кіреді, сәйкесінше оларға ешкім әңгіме айтпайды😄.

Бірақ⬇️

Қауіпті "бөтен" қоздырғыштар ағзаға енген бойда иммундық жасушалар бұл ақпаратты «оқиды»✔️

Нәтижесінде иммундық жүйе оны жұтуға немесе оны толығымен жоюға бұйрық береді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Дұрыс түнгі ұйқының 10 пайдасы

1. Стрессті азайтуға көмектеседі.

2. Есте сақтау қабілетін жақсартады.

3. Қан қысымын төмендетеді.

4. Иммундық жүйеңізді күшейтеді.

5. Салмағыңызды сақтауға көмектеседі.

6. Көңіл-күйді жақсартады.

7. Қант диабетінің алдын алады.

8. Жүректің сау болуына көмектеседі.

9. Ауырсаңыз. Ауырсынуды азайтады.

10. Сізді өнімдірек және ақылды ете алады.

#PQ

⬆️ Бұл арқылы ешкімді ұйқыбастыққа шақырмаймын. Тек дұрыс дем алыңыз.

Қайырлы түн))🌙
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен де жақсырақ білесің. Мен де өзімді мені мақтағандардан жақсырақ білем. Олардың менде бар деп ойлаған ізгі қасиеттерді маған нәсіп ете гөр әрі менің бойымдағы олар білмейтін кемшіліктерімді жасыр һәм кешір”.

(Хазірет Әбу Бакір (р.а))

#Бүгінгідұға
ЛИМОН ҚОСЫЛҒАН СУ

Күнде жарты лимон қосылған су ішу - оянудың ең жақсы жолы екендігі туралы көптеген дәлелдер бар.

Лимон қуат деңгейін жоғарылататын, қабынуды төмендететін, иммундық жүйені жақсартатын, теріні тазартатын және ас қорытуға көмектесетін витаминдерге, қоректік заттарға және антиоксиданттарға бай.

#PQ
​​Ми қартаюын бәсеңдететін жеті әдіс анықталды


Швецияның Svenska Dagbladet ғылыми ұсыныстар негізінде мидың қартаюын бәсеңдетудің жеті әдісін атады.


1. Ғалымдар бірінші кезекте  көбірек жаттығу жасауға шақырады. Дене белсенділігі миға да пайдалы.

2. Мидың өмірін ұзарту үшін күніне 7 сағаттан астам ұйықтау қажет. Аз ұйқы 50-60 жылдан соң мидың қартаю қаупін арттырады.

3. Жақсы тамақтану да маңызды. Каролина институтының профессоры Мэй-Лис Хеленниус көбірек көкөністер, жемістер, жаңғақтар, цитрус, зәйтүн майы және балық жеуге кеңес береді.

4. Артық салмақтан арылу керек.

5.  Ішек микрофлорасына күтім жасау керек. Басылымның мәліметінше, ми мен іш құрылысы арасында тұрақты байланыс бар. Психикалық денсаулыққа қажет серотонин гормонының 90 пайызы ішекте, он пайызы мида пайда болады.

6.  Отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу өте маңызды, өйткені отбасындағы атмосфераның жақсы болуы ми денсаулығына жақсы әсер етеді.

7. Ғалымдар сонымен бірге өмір бойы жаңа нәрселерді білуге ​​ұмтылу керек екенін айтады. Өйткені ізденіс мида жаңа жасушалардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
“Уа, тасты гауһар, топырақты адам қылған Аллаһ тағалам! Тамшыны теңіз қалған Раббым! Әрбір тіршілік иесінің қиыншылығын шешкен һәм қиындықтарын жеңілдеткен Аллаһ тағалам! Шарасыз бір хәлге түстім, Өзіңнен жәрдем сұраймын!”

(Азиз Махмуд Худайы)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің қолымызда қанша организм өмір сүретінін білесіз бе?

Орташа алғанда, біздің қолда 840 000 түрлі микроорганизмдер тіршілік етеді.

Неге көп? Біріншіден⬇️

Бұл бактериялардың көпшілігі адамдарға пайдалы. Олар тері қалдықтарымен қоректенеді, дененің бетін тазартады және денені пайдалы заттармен байытады.

Бірақ

Олардың бәрі бірдей ⬆️жоғарыдағыдай мейірімді емес ...

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Аллаһ тағалам! Жүрегімді өзіңнен келген қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске алумен тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды нәсіп еткейсің”.

(Жунейд-и Бағдади)

#Бүгінгідұға
Ферменттелген тағамдарды қолданыңыз

Қазіргі диеталарда пробиотиктердің табиғи көздері жетіспейді. Пробиотиктер – дұрыс ас қорытуға пайдалы тірі бактериялар.

Ферменттелген тағамдарға табиғи йогурт, ашытылған қырыққабат, соя соусы және басқа да ашытылған тағамдар жатады.

#PQ
Біздің миымыз ауырсынуды сезбейді

Біздің «дирижерде» ноцицепторлар жоқ. Бұл жұлынға зақымдану туралы сигнал жеткізетін нервтер.

Бас ауруы - бас сүйекті қоршап тұрған қан тамырлар мен нервтердің әрекеті бұзылуынан пайда болады.

#IQ
“Уа, Аллаһ тағалам! Ұлы қорғаныңнан пана сұраған мына әлсіз құлыңды есігіңнен қуар болсаң, мен басқа қай есікке барып пана тілеймін! Егер де Сен мені азаптар болсаң, Сенің әділдігіңе шүбә жоқ! Алайда, Сенің кешірімің мен мейірімің барлық нәрсені қамтитындай өте кең”.

(Абдулкадир Гайлани)

#Бүгінгідұға
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Каналда активность жоғалды. Кешірім сұраймын.

Аз уақыт тынығуға рұқсат берсеңіздер. Ақпараттан тынығуға. Бірақ жазба ақырын шығып отырады.

Ақпарат ағыны қазір кез келген адамды қажытып жібере алады. Осындай кезде өзіңе нақ қажет білімді түйіп алу ерлік дер едім. Түйіп алу телефон жадына емес.

Қазір біз қатты алданып жүрміз. Алданып деген қате ау. Алдап. Өзімізді өзіміз қатты алдап жүрміз.
“Уа, Раббым! Пайғамбарымыз ﷺ Сенен қандай жақсылықтарды сұраған болса, біз де соны сұраймыз. Ал, қандай жамандықтардан пана тілеген болса, біз де соны сұраймыз.

#Бүгінгідұға
“Уа, Аллаһ тағалам! Саған жер мен көкті толтырардай шүкірліктер болсын”.

(Мисар ибн Кидам)

#Бүгінгідұға
Әлеуметтік желі шырмауы 1

#Сағаттанаудиохат
Әлеуметтік желі шырмауы 2

#Сағаттанаудиохат
“Әлемдердің Раббысы болған Аллаһ тағала барша жастарға абыройлы бір құл болуды нәсіп етсін. Аманаттың (жастық шақтың шексіз мүмкіндігін) қадірін жете түсінбеуден сақтасын. Алланың аманатын абыроймен тапсыруды нәсіп етсін”.

#Бүгінгідұға
Арқа бұлшықеттерін шынықтырыңыз

Күшті арқа бұлшықеттері омыртқаны зақымданудан қорғайды.

Егер сізде остеопороз(бүкірлік) қаупі бар болса (әсіресе әйелдерде), онда үнемі арқаңызға жаттығулар жасауды ұмытпаңыз. Бұл сіздегі ауру қаупін шамамен үш есе азайтады.

#PQ
Адамның неден «жаратылғаны» таң қалдырады.

Бұл кішкентай түйіршіктелген "бірнәрсе" - үш күндік эмбрион.

Бұл суретте ол тек төрт жасушадан тұрады. Ал дәл осы сәтте, сенің денең 30 триллион жасушадан тұрады!

Баршамызды жоқтан бар етіп жаратқан - Алла. Неткен ұлы десеңізші.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Аллаһ тағалам! Қарағанда әрбір нәрседен ғибрат алуымды, үндемеген кезімде жаратылысқа ой жүгіртуімді және сөйлеген кезімде Өзіңді еске алуды маған нәсіп ете гөр!”

(Укалаул Мәжаниден)

#Бүгінгідұға