This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тарих - біздің өткен қарар айнамыз. Оны күлкі етуге болмайды қалай болса да.
Мына бейнені қараңызшы.
Біз үшін құрыған денсаулық. Біз үшін ерте түскен әжімдер. Біз үшін жанған тағдырлар. Жанып кеткен тағдырлар.
Бұл кісілердің қазақтың көзін ашсам дегеннен басқа ісі болмады ма?
Бұлар өмір рахатын сезінсе болмады ма?
Біз тарихқа салғырт қараймыз. Мектепте тарихқа қатты мән берілсе, көп дүние өзгерер еді.
Тарих білмеген адам басшылыққа жетсе, ойланбай қылғыта береді. Себебі өзі үшін төгілген тер мен қанның құнын сезбейді.
Өткенге тас атсаң, болашақтан зеңбірек күт дейді.
Тарихқа құрметпен қарап үйренейік.

“Уа, жәрдем сұрағандардың жәрдемшісі! Бізді тура жолға сала гөр. Дұғада һәм құлшылықта Өзіңе лайық болмаған сөздерді білместікпен айтып, қателік жасасақ, ол сөздерімізді Өзің дұрыстай гөр әрі дұғамызды қабыл ет”.
(Мәулана)
#Бүгінгідұға
(Мәулана)
#Бүгінгідұға
Ойыңызды басқарсаңыз, өміріңізді басқарасыз.
Бұл кез келген табыс жайлы кітаптың сізге ұсынатын негізі ойы.
Осы қарапайым ережені есте сақтап, оны ұстану - оңай шаруа емес, өйткені біздің санамыз құбылмалы.
Біздің санамыз тәртіпті жек көретін мазасыз бала сияқты.
Ойыңызды басқарыңыз, сонда сіз өз әрекетіңізді басқара аласыз.
Тек қана Ойлану "жасап жатырмын" дегенді білдірмейді. Әрекетсіз сіз ештеңеге қол жеткізе алмайсыз.
Бос ойларға сізді шынайы мақсатыңыздан алыстатуына жол бермеңіз.
Назарыңызды сізді төсектен тұрғызып, әрекет етуге итермелейтін ойларға аударыңыз.
#EQ

“Уа, Аллаһ тағалам! Өмірімнің қайырлы кезеңі – өмірімнің соңы болуын, амалымның ең қайырлысы – соңғы амалым болуын, ал күндерімнің ең қайырлысы – Саған қауышатын күн болуын Өзіңнен тілеймін”.
Хазірет Әбу Бәкр (р.а)
#Бүгінгідұға
Хазірет Әбу Бәкр (р.а)
#Бүгінгідұға
ТӘУЕЛСІЗДІК БАҒАСЫ
Күн туып күнде басқа тұрмағасын,
Билікке базына айтып бұлданасың.
Бауырлар, Тәуелсіздік деген сөздің
Біз осы біле алдық па шын бағасын?
Көзіңе бұл жақсылық көп көрінсе,
Өшіре біл өзекте өкпе жүрсе.
Есіңе ал, ағайындар, не көрмедің,
Бүгінгі бейбіт күнге жеткеніңше?
Қамалап қалың қалмақ қалаңды алған,
Қаңырап қаншама аулың қараң қалған.
Құл қылып бауырыңнан балаңды алған.
Көзіңнен қанды жасың тарамдалған,
Қорлықтың ащы дәмін татпап па едің,
Қанішер Қаскелең мен Шамалғаннан?
Өткеннің тез ұмыттың бүгін бәрін,
Жалыңның, жалауыңның жығылғанын.
Болмапты-ау саған сабақ, Ақ патшаның
Астына қанатының тығылғаның.
Амалсыз дұшпанға бас игеннен соң,
Алдында қол қусырып именген соң,
Қамығып қайғырмаған қай атаң бар,
Қамытын бодандықтың кигеннен соң?
Көнгеннен басқа қандай таңдау қалды?
Кеудеңнен сорғалатып сорды-ау қанды!
Егемен ел болғанша бастан кештің,
Қаншама кемсіту мен қорлауларды!
Қыз салық төле десе сен дір еттің,
Күйіктің жасын көзде мөлдіреттің.
Байзақтай батырыңды қоқандықтар,
Аузына байлап атты зеңбіректің.
Көз алды тұмшаланып тұманменен,
Күн кешкен күдікпенен, күмәнменен,
Талай ер кетті арманда, «қазағыма
Тірі болсам қызмет қылам!» деген.
Небір жау жүректері тастан қатты,
Жұртымның жанарынан жас парлатты.
Тойға арнап Есенғали шығармаған,
Қайран да «қара бауыр қасқалдақты».
Мәскеуден «Мәмбет» деген атты алғанбыз,
Орысша шүлдірдесек шаттанғанбыз.
Қазақтың қазыналы қайран тілін,
Бір жола ұмытуға шақ қалғанбыз.
Тілімнен бұрынырақ дінімді алған,
Білімім жеткен жері – ырым болған.
Қаулап бір өсе алмадық қара ормандай,
Аштықта қынадай боп қырылғаннан.
Айрылып аз-ақ жылда ар-иманнан,
Жаңылған кездер болды кәлимаңнан.
Ананың жатырынан шықпай жатып,
Уланды ұрпағымыз полигоннан.
Қара су арман болып күліп ішкен,
Дымыңды шығармады дүмі күшті ел.
Қан қайнап, дәрмен болмай күресуге,
Өтті ғой талай бабам тынып іштен.
Ал, бүгін азаттықтың таңы атқанда,
Шүкір ет Жаратқанға, қарап қалма!
Көр де ойлан, аңсаулар мен армандар бар,
Сарғайған архивтегі парақтарда...
Серік Қалиев

“Уа, Раббым! Теріс жолмен жүргенім үшін және біліп-білмей жасағандарыма тәубе еттім!...”
(Абдуррахими Руми)
#Бүгінгідұға
(Абдуррахими Руми)
#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам бұлшықеттердің көпшілігін басқара алмайды.
Бізсіз - ақ ішек бұлшық етінінің тамақты өз бойымен жылжытуы жайлы немесе диафрагма қалай жұмыс істейтіні туралы ойландыңыз ба❓
Диафрагма - бұл кеуде мен іштің арасындағы өкпенің тыныс алуына көмектесетін бұлшықет.
⬆️Тегіс бұлшықеттер - барлық еріксіз қозғалыстар соның арқасында жасалады. Ол болмаса бес секунд та өмір сүре алмас едік.
❗️ 👉🏻 Бұлшықеттің тағы бір ерекше түрі жүректе орналасқан – ол өзінің жиырылуын өз бетінше басқара алады, ми оның жұмысына анда-санда ғана кедергі жасайды.
#Махаббатпенжаратқанадамзатты

Ми жұмысын жақсартудың 5 ережесі
Жалғасы...
3. Тынығу
Тынығып босаңсу тек денеге қатысты емес. Ми да тынығу керек. Зерттеулердің көбі анықтағандай, ұйқының дұрыс болмауы, дұрыс тынықпау есте сақтауды нашарлатады. Ал ұзаққа созылған күйзеліс оқу мен жаңа ортаға бейімделуді тежейді, - дейді Санджай Гупта.
Бір сөзбен айтқанда, ми тынығу үшін дұрыс ұйықтау керек. Ол кемінде 7 сағат тынығуға кеңес береді. Сонда ми жұмысы да жақсара түседі. Бұл үшін мына кеңестерін ұстануды жөн санайды:
• Ұйықтар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын тамақтану керек;
• Сағат 14:00-ден кейін құрамында кофеин бар сусындарды ішуге болмайды;
• Уақытылы жатып, уақытылы ояну керек;
• Ұйықтар алдында ыстық ванна қабылдау керек немесе кітап оқыған пайдалы;
• Жатын бөлме тыныш және қараңғы болғаны абзал.
4. Дұрыс тамақтану
Санджай Гупта "таңда патша, түсте ханзада, ал кешке қарапайым шаруа секілді тамақтан" деген қағиданы ұстанады. SHARP әдісін де қолданған жөн дейді.
S: қант мөлшерін азайту;
H: көбірек су ішу;
А: құрамында омега-3 мол тағамды көбірек жеу;
R: тамақ мөлшерін азайту;
P: тамақтануды алдын-ала жоспарлау;
5. Қарым-қатынаста болу
Қарым-қатынас жасау өмірді мәнді ете түседі. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Нейрохирург өз сөзінде, өзгелермен қарым-қатынас жасау ми жұмысын жақсартатынын, когнитивті мүмкіндігі сақталатынын айтады.
Санджай Гупта біреумен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру, достармен жолығу, пікір алмасуға үндейді. Осы арқылы адам миы да тезірек жұмыс істеуге бейімделе бастайды.
Нейрохирург осы кеңестерді ұстануға, оларды өз жоспарыңа қосуға шақырады. Алдымен біреуіне баса мән бере бастаңыз. Миыңыз жаңа ережелерге қаншалықты тез үйреніп, өміріңіз қаншалықты өзгергеніне таң қалуыңыз мүмкін.
Ақпарат көзі: massaget.kz
#IQ

“Уа, Раббым! Күнәм тым көп. Өзіңнің есігіңнен басқа барар есігім жоқ. Өзіңнен басқа жәрдемшім жоқ. Қателіктерімді азайтуым үшін маған жәрдем бер”.
(Зәкария Әнсари)
#Бүгінгідұға
(Зәкария Әнсари)
#Бүгінгідұға
«Теңіз жағасын көрмеуге батылыңыз жетпесе, сіз ешқашан ол теңізді асып өте алмайсыз ».
Кристофер Колумб
Жетістік – тынымсыз еңбектің нәтижесі, кез келген жетістік күн сайын көз алдыңызда тұратын арман немесе құмарлықтан басталады. Идеал әлемде бізге күміс табақта ештеңе ұсынылмайды, сондықтан түпкілікті нәтижеге ұмтылу үшін батылдық танытыңыз!
#EQ
Кристофер Колумб
Жетістік – тынымсыз еңбектің нәтижесі, кез келген жетістік күн сайын көз алдыңызда тұратын арман немесе құмарлықтан басталады. Идеал әлемде бізге күміс табақта ештеңе ұсынылмайды, сондықтан түпкілікті нәтижеге ұмтылу үшін батылдық танытыңыз!
#EQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ғаламдық желі 🌎
Және бұл интернет туралы емес, нейрондық желілер туралы☝🏻
Өздігінен бір жүйке жасушасы (нейрон) ештеңеге қабілетті емес. Нейрондар бір-бірімен байланыста ғана күшті.
Әрбір нейронның көптеген дендриттері бар (ақпаратты қабылдап, оны жасушаның ішіне жіберетін қысқа өсінді). Осының арқасында бір нейронның басқа он мыңдаған нейрондармен байланыса алады.
Бірақ жүйке жасушасы ақпаратты тек ұзын өсінді – аксон арқылы ғана бере алады. Аксон нейронда тек БІР дана ғана бар.

Каналдағы #Бүгінгідұға хэштегін әртүрлі каналдар үнемі бөлісіп жатады.
Әр күні ала беруге біреу ыңғайсыздануы мүмкін.
Сондықтан
Quran.kz программасын басып алсаңыздар болады. Жоғарыда ⬆️ көрсетіп кеттім.
Ссылка ⬇️
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kokzhiek.qurankz
#Пайдалыпрограмма

Біреуде программа басып алу жағынан қиындық болса⬇️
Каналдағы кез келген жазбаны:
- алуға;
- көшіруге:
- жүктеуге;
- таратуға;
- өз атыңыздан шығаруға рұқсат.
Мені белгілеудің де қажеті жоқ.
Каналдағы кез келген жазбаны:
- алуға;
- көшіруге:
- жүктеуге;
- таратуға;
- өз атыңыздан шығаруға рұқсат.
Мені белгілеудің де қажеті жоқ.
“Уа, Раббым! Өзіңе жалбарынып сұраймын. Өлімімді, есебімді жеңіл қылып, жәннатыңа кіргізе гөр. Шексіз рақымыңнан үміттімін уа, Раббым!”
(Мухаммед Бакыр)
#Бүгінгідұға
(Мухаммед Бакыр)
#Бүгінгідұға
Мидың сіз білмейтін қызметтері
Адам миы – зерттеліп үлгермеген жұмбақ ағза. Ғалымдардың өздері мидың толық зерттелуі үшін әлі бірнеше ондаған жылдар өту керек дейді. Миымыздың атқаратын қызметтері көп. Зерттеліп үлгерген мына қызметтерді сіздерге ұсынамыз:
• Зейін
• Есте сақтау қабілеті
• Ойлану
• Белгілі бір бағытта жұмыс жасау
• Жағымды және жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару
• Жоспарлау
Мидың негізгі ерекшелігі – ойлау қызметін атқаруында. Ми қызметтерін оның жіктелуіне сәйкес қарастырады:
1. Мидың қызметіне сәйкес латерализация деп аталатын жарты шарларға жіктеледі. Ми физикалық тұрғыдан екі жарты шарға бөлінген. Олардың сыртқы бейнесі ұқсас болғанымен, әртүрлі қызмет атқарады әрі түрлі белсенді үрдістерге жауап береді. Адамдардың санасында қалыптасқан түсінік бойынша оң жарты шары дамыған адам шығармашылыққа жақын болады. Дегенмен, бұл дерек әлі күнге дейін дәлелденбеген.
2. Ми қызметтерін оның бөлігіне сәйкес жіктеуге болады. Ми тұтас бір ағза болғанымен, оның әр бөлігі әр түрлі қызметке жауапты.
🔜