Сағат
557 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Ғалымдар айтады: “Ақылдың” мағынасы — ұстау. Кім мына үш жағдайда өз-өзін ұстай алса ақылды болғаны:

1. Күнәні қалап тұрғанда;

2. Ашуланып тұрғанда;

3. Басына қайғы келгенде;

@dastan_kurmanbayev
“Осы күні мені бейқамдықтың қалың ұйқысынан тұрғыз, күнәмді кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Мені кешір уа, күнәларды кешіруші Раббым!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға
“Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз! Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар? Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық қыл”.

(Укалаул-Мәжаниннен)

#бүгінгідұға
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Егер жүрек Жаратушысына деген махаббаттан босаса, оның орнын нәпсі қалауларына, дүниенің қызықтарына деген құмарлық басады. Өйткені жүрек айна сияқты: айнада әйтеуір бір нәрсенің бейнесі тұратынындай, жүректе де әрқашан бір нәрсеге махаббат болады.

“Адам және Алланың Жердегі әділдігі” кітабынан
🌙 Рамазанға 1️⃣4️⃣ күн қалды

Сұрақ: Оразаға түнде ниет етпесе немесе үш күн кешігіп оразаны ұстаса, кәффарат өтей ме?

Жауап: Рамазан айында екенін біле тұра, оразаға ниет етпей таңды атырып бесінге бір сағат қалғанша ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды. Шейх Шәмсу әл-Әиммә әл-Хәлуани имам Абу Жағфардан осы риуаятты жеткізген. Әл-Һидаяда: «Рамазанның барлық күнінде оразаға ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды» делінген [1].
Егер осыдан кейін әдейі тамақ жеп қойса немесе төсек қатынасына түссе, кәффарат міндеттелмейді. Өйткені оразаның дұрыс болуы үшін ниет болуы шарт. Ниетсіз құлшылығы дұрыс болмайды.

🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.

#СағындырғанРамазан
“Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме”.

#бүгінгідұға
«Уа адам баласы! Расында, сен күндерден тұрасың. Әрбір күн өтумен сенің бір бөлігің кетіп жатыр.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)
Forwarded from yasina
Кімде-кім бір нәрсеге мың рет естігеннен кейін де алғаш естігендей құрметпен құлақ салмаса, ол білім жолындағы адам қатарынан емес.

Тағлим ал мутағаллим
#адаб
“Уа, Алла тағалам, бізге жәрдеміңді бер! Шынында Сен олардың бізден үстем болғанын қаламайсың!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) Меккені алар алдында оқыған дұғасы)

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 1️⃣2️⃣ күн қалды

Сұрақ: Ораза уақытында темекі шексе, ораза бұзыла ма?

Жауап: Ораза кезде мейлі жәй түтін болса да әдейілеп жұтса оразаны бұзады. Сол себепті аузы берік адам темекі тартса, оразасы бұзылады. Өйткені темекінің түтінінде никотин мен деготь және екеуінен бөлек заттар бар. Бұлардың бәрі пішіні бар тозаңдай заттар. Сақтану керек болған нәрсені ішке тарту ораза шарттарын бұзады.
Ибн Абидин Радду әл-мухтар кітабында: «Қандай жолмен болмасын, тамағына түтін кіргізетін болса, тіпті хош иісті түтіндетіп, өзіне жақындатып ораза екенін біле тұра жұтатын болса, оразасы бұзылады» [1], – деген.

Имам әш-Шурунбулали: «Темекі тарту, еш күмәнсіз, оразаны бұзады. Нәпсісін басып пайда беріп жатса, ол адамға кәффарат уәжіп болады» [2], – деген.

[1] «Хашия Ибн Абидин», 3/367.
[2] «Марақи әл-фалах», 254-бет.

#СағындырғанРамазан
“Уа, ең көзге ілгісіз жаратылыстардың жасырын тілектерін, жалбарынуларын білетін, еститін әрі жауап беретін Ұлы Раббымыз! Сен қандай да бір әлсіздіктен пәксің һәм ұзақсың. Сенен өзге құдай жоқ. Бізді тозақ отынан құтқар”.

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 1️⃣1️⃣ күн қалды

Сұрақ: Ингалятор қолдану оразаны бұза ма?

Жауап: Ауыз, мұрын, құлақ арқылы ішке барған нәрселер оразаны бұзады. Ингалятор секілді аппараттармен шашқан дәрі ішке кеткендіктен ораза бұзылады. Мұндай аппаратсыз жүре алмайтын кісілер ораза ұстамайды. Егер дәрігерлер бұл науқастың аурудан жазылмайтынын айтса, онда ол оразаның әр күніне підия беріп отырады. Ал, ауруынан сауығатын болса, қазасын өтейді.

📚 Ибн Абидин «Радду әл-мухтар» кітабында: «Егер қандай жолмен болмасын тамағына түтін кіргізетін болса, тіпті хош иісті түтіндетіп, өзіне жақындатып және ораза екенін біле тұра хош иіс түтінін жұтатын болса оразасы бұзылады» [1], – деген.

[1] «Хашия Ибн Абидин», 3/367.

#СағындырғанРамазан
Құдай бүгін кей құлдарына 25 сағат нәсіп етті. Тиімді пайдаланып қалыңыздар😊
"Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!"

#бүгінгідұға

Көктемнің алғашқы жұмасы мүбәрак болсын!! Әрі алғыс айту күні құтты болсын!!
Сауабын періште жаза алмайтын дұға

Кімде-кім: "Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!" - десе оң иықта отырып жақсылықтарды жазатын періште тоқтап қалады екен. Содан соң ол періште Раббысына жалбарынып:

- И‌a, Раббым, мына пендең осындай мақтау аи‌тты. Бұған қанша сауап берілетінін білмеймін ғой. Не деп жазайын?-дейді.

Сонда Мейірімі шексіз Алла Тағала:
- Пендем не деп айтқан болса, сол айтқанын дәл солай жазып қой. Ертең Қияметте ол пендеммен Өзім есептесемін,-деп жауап береді.

Аспандағы барлық жұлдыздарды бір қарағанда санап беретін періште бар. Яғни аспанда қанша жұлдыз болса, ол періштенің де сонша көзі бар екен. Сол періште тұрып:

- Мен жаңағы пенденің айтқан мадағының сауабын қанша санасамда санына жете алмадым ғой, - дейді екен.

Алла кемшілік атаулыдан пәк!!

Күнделікті дұғаңызға қосуды ұмытпаңыз)
Адамға алғысы жоқтың,
Аллаға алғысы жоқ.

Менің жалғаулығымды көтеріп келе жатқан баршаңызға мың алғыс!!

🙂🙂🙂
Сура 18. Аль-Кахф
Файсал Ар-Рушуд
Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.
Өткен жолы уәде еткенімдей әр айдың 1 мен 3 аралығы, "Мұсылман Инвестор" курсына қабылдау жүргіземін.

Бұл курс кезінде 30 000 теңге құнды құраған. Негізі ұзақ әңгіме....

Бірақ үнемі бір шарт болады дедім.

Бұл жолғы шарт🔽

Каспи▶️ Платежи▶️Асаруме▶️Кез келген сумма.

Чекпен мына жаққа келіңіз: @shaimerdenovrus

Және мен үшін бүгінгі жұмада жақсылап дұға етіп қойсаңыз🙂.

Бұл шарт жасалған жұмыстың еңбегі үшін емес. Бұл сізден жаңа білімге алғашқы қадам.

Жайдан жай бере салсам, ол жаққа неге🤔 кіргенін білмей отыратын адамдар бар😄.

Бүгінгі шартқа қарасақ бір оқпен екі 🐰 ату екен, иә?
🌙 Рамазанға 🔟 күн қалды

Сұрақ: Ораза кезінде құлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма?

Жауап: Шариғатта табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірген нәрсе оразаны бұзады. Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады. Себебі құлақ бен тамақтың арасында байланыс болғандықтан, дәрінің тамаққа өту қаупі бар.

Ибн Абидин: «Құлаққа жуынып жатқанда су кірсе, оразаны бұзбайды. Ал дәрі тамызса, ораза бұзылады» [1], – деген. Мұрынға дәрі тамызуға келсек, мұрын мен тамақтың арасында байланыс болғандықтан дәрінің ішке кету қаупі көбірек. Ибн Абидин: «Егер клизма қабылдап немесе мұрнына дәрі тамызса, оразасы бұзылып, тек қазасы өтеледі. Ал егер дәрі мұрынның ішінде қалып, ішке өтпесе оразаны бұзбайды. Өйткені оразаны бұзатын нәрсе дәрінің ішке жетуі» [2], – деген.

🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.

#СағындырғанРамазан
“Уа, Алла тағалам! Мені күнәмнің дәрежемді төмендетуінен Өзіңе деген бойұсынушылықтың биігіне шығар”.

(Ибраһим ибн Әдһам)

#бүгінгідұға