Сағат
573 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Қазақ бекер айтпайды: «Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді». Қолына қарға тышқан адам байлығын еселей түссем деп жанталасады. Философияның заңы: «Қажеттілікті өтеу жаңа қажеттілікті туғызады». Бұдан кейін бəсекелестік басталады.
Мұның арты дүниеқоңыздыққа барып тіреледі. Осындай маршрут.
Ешқашан «happy end»-ке апармайтын маршрут!

Шархан Қазығұл
📓 Оңашадағы онлайн ойлар
Омар ибн Абдул Азиздің артында тұрып намаз оқыдым. Сонда "Оларды тоқтатыңдар! Олар алдымен (дүниелік істері үшін) жауапқа тартылады", – деген аятты (әс-Саффат-24) қайта-қайта оқып әрі қарай жалғастыра алмады.

Муқатил ибн Хаййан (Алла рахым етсін)

@yerzhan_bakhytzhanov
“Уа, Раббым! Жүректерімізді безендір һәм бейнемізді көркемде”.

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 1️⃣8️⃣ күн қалды ☺️

Сұрақ: Жолаушы сапардан оралған күні не істеуге міндетті?

Жауап: Жолаушы өзінің тұрғылықты тұратын жеріне оралғанда немесе бір қалада 15 күн тұрақтануды ниет етсе, ораза ұстауға міндетті.

Егер жолаушы сапардан үйіне күннің жартысынан бұрын (яғни бесіннен шамамен бір немесе бір жарым сағат аралықта) қайтып, оразаға (еш нәрсе жемеген болса) ниет етсе, оразасы дұрыс болады. Ал бесіннен кейінгі уақыт аралығында келсе, онда адамдардың айыптауынан аулақ болу үшін күн батқанша еш нәрсе жемейді. Себебі айып тағылатын нәрседен аулақ болу, сақтану – уәжіп [1]. Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтейді.

[1] «Әл-Ихтияр», 1/421.

#СағындырғанРамазан
“Уа, Алла тағалам! Саған жер мен көкті толтырардай шүкірліктер болсын”.

(Мисар ибн Кидам)

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
☪️ «Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктеріңді араларыңда арам жолмен жемеңдер. Ол табысыңыз әрбіріңіздің ризалығымен болған сауда заты болса да».

📖 «Ниса» сүресі, 29-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!
Сура 18. Аль-Кахф
Файсал Ар-Рушуд
Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.
Егер жан-жануарлар өлім туралы сендердің білетіндеріңді білсе, ешқашан семіз малдың етін жемес едіңдер. (Хадис)

Өмірдің фитнасы сондай, өлімнің өзін ұмыттырып жібереді ғой…

@dastan_kurmanbayev
Адам баласы тозаққа түсу үшін, тозаққа лайықты болуы қажет, өйткені Алла залым емес.

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла рахымына алсын 🤲)
“Уа, Алла тағалам! Тура жолдан тайып кетуден немесе адасудан, біреуге зұлымдық жасап қоюдан немесе зұлымдыққа ұшырап қалудан, бір нәрсені ойланбай істеп, жаза басудан Өзіңе сыйынамын”.

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 1️⃣6️⃣ күн қалды

Сұрақ: Ауыр жұмыс істейтін адамның ораза ұстамауына бола ма?

Жауап: Аузы берік адам (ауыр жұмыс істеу арқылы) қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейін бұл күннің қазасын ғана өтейді. Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі бұған ешқандай зәрулік жағдай түрткі болмаса ғана кәффаратын өтейді. Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыс істейтіндер оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретіндей тым көп жұмыс істемеу керек. Рамазан күндерінде күздізгі жұмысын қысқартуы немесе түнгі уақытқа ауыстыруы қажет.

Дегенмен рамазан айында ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған адамдар таң атқаннан аузын аша бермейді. Сәресін ішіп, аузын бекітеді. Мүмкін Алла оған оразасын соңына дейін тұтуға көмек берер.

🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.

#СағындырғанРамазан
Деніңіз сау болса, сіз әр күні Алладан болған екі сыйды ашасыз!!!

Мен сіздің көзіңізді айтып отырмын🙂!!
Ғалымдар айтады: “Ақылдың” мағынасы — ұстау. Кім мына үш жағдайда өз-өзін ұстай алса ақылды болғаны:

1. Күнәні қалап тұрғанда;

2. Ашуланып тұрғанда;

3. Басына қайғы келгенде;

@dastan_kurmanbayev
“Осы күні мені бейқамдықтың қалың ұйқысынан тұрғыз, күнәмді кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Мені кешір уа, күнәларды кешіруші Раббым!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға
“Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз! Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар? Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық қыл”.

(Укалаул-Мәжаниннен)

#бүгінгідұға
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Егер жүрек Жаратушысына деген махаббаттан босаса, оның орнын нәпсі қалауларына, дүниенің қызықтарына деген құмарлық басады. Өйткені жүрек айна сияқты: айнада әйтеуір бір нәрсенің бейнесі тұратынындай, жүректе де әрқашан бір нәрсеге махаббат болады.

“Адам және Алланың Жердегі әділдігі” кітабынан
🌙 Рамазанға 1️⃣4️⃣ күн қалды

Сұрақ: Оразаға түнде ниет етпесе немесе үш күн кешігіп оразаны ұстаса, кәффарат өтей ме?

Жауап: Рамазан айында екенін біле тұра, оразаға ниет етпей таңды атырып бесінге бір сағат қалғанша ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды. Шейх Шәмсу әл-Әиммә әл-Хәлуани имам Абу Жағфардан осы риуаятты жеткізген. Әл-Һидаяда: «Рамазанның барлық күнінде оразаға ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды» делінген [1].
Егер осыдан кейін әдейі тамақ жеп қойса немесе төсек қатынасына түссе, кәффарат міндеттелмейді. Өйткені оразаның дұрыс болуы үшін ниет болуы шарт. Ниетсіз құлшылығы дұрыс болмайды.

🌐 Толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.

#СағындырғанРамазан
“Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме”.

#бүгінгідұға
«Уа адам баласы! Расында, сен күндерден тұрасың. Әрбір күн өтумен сенің бір бөлігің кетіп жатыр.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)
Forwarded from yasina
Кімде-кім бір нәрсеге мың рет естігеннен кейін де алғаш естігендей құрметпен құлақ салмаса, ол білім жолындағы адам қатарынан емес.

Тағлим ал мутағаллим
#адаб