Сағат
557 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Сіз ерте тұра аласыз ба?
Anonymous Poll
65%
Иә
9%
Жоқ
26%
Тұрғым келеді, бірақ...⬇️
“Қабіріме соңғы кірпіш қойылып, адамдардан үмітім үзілгенде және жарығым біткенде Өзің маған жарық сыйла”.

(Фәридуддин Аттар)

#бүгінгідұға
🌙 Қасиетті Рамазанға 2️⃣5️⃣ күн қалды

Сұрақ: Күн батпай жатып ертеңгі оразаға ниет етсе, дұрыс бола ма?
Жауап: Күн батпай жатып келесі күні ораза ұстауға ниет етсе, оразасы дұрыс болмайды. Тіпті күн батпай жатып есінен талып қалып, келесі күні бесіннің уақытына дейін жалғасса немесе осы аралықта ұйықтап қалса, ол күні ораза ұстаған болып саналмайды. Ал күн батқаннан кейін ниет етсе, оразасы дұрыс болады [1].

[1] «Әл-Фәтәуә әт-Татархания», 2/97-98.

#СағындырғанРамазан
Ислам мансапқа тәуелді емес

Уағыздарда өлген соң бай да, кедей де, патша да, жарлы да бір жерге кіретінін, тең болатынын бәрі айтады. Ол түсінікті. Негізі Исламда тірі кезінде ақ адамды бірдей етіп қойған.

Мысалы:

Бір мемлекет. Мен сол елдің президентімін( бұл мысал). Намаз уақыты кіргеніне біраз болды. Оқу үшін мешітке кіремін. Кірсем 15 жасар екі бала парыз оқып тұр. Енді мен не істеймін?

Бір мешітте екі парыз оқылмайды. Мен барып 15 жасар балаға ұйып, намазымды өтеймін. Қарап тұрсаң бір елдің президенті. Бірақ Исламға сенің мансабың қызық емес. Сен президент бол, басқа бол шариғат заңы осы. Асылы Ислам мансаптыларға мұқтаж емес. Оларға керісінше Ислам қажет. Ол да өзі үшін.

Қысқасы сіз ең көркем діндесіз. Басқа сөз артық. Шүкір етіңіз.
“Уа, Алла тағалам! Қарызға батудан һәм аштықтан Өзіңе сыйынамын. Расында аштық нендей қиын”.

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
☪️ «Тіршілік иелерінің барлығын судан жараттық. Олар сонда да иманға келмей ме?»

📖 «Әнбия» сүресі, 30-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын.
Сура 18. Аль-Кахф
Файсал Ар-Рушуд
Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.
🌙 Рамазанға 2️⃣4️⃣ күн қалды

😷 Оразаның себебінен ауру асқынып кететін болса немесе баяу жазылатын болса, ораза тұтпауға болады [1]. Тіпті аузын ашпаған жағдайда көзі қатты ауырса немесе ыстығы көтерілсе, оразаны бұзуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, науқас төсек тартып жатып қалса, тұрып намаз оқуға шамасы келмей қалса да аузын ашуға болады [2]. Әрине бұл жерде тәжірибеге немесе білікті дәрігердің нұсқаулығына жүгінеді. Емделіп болғаннан кейін ұстай алмаған оразасының қазасын өтейді. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін» [3].

Алайда рамазан айында аурудың барлық түріне ауыз ашуға рұқсат етіле бермейді. Кейде ораза ұстау науқастың дертіне шипа болуы мүмкін. Өйткені ораза ұстаудың көптеген ауруларға ем болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген [4].

[1] «Радду әл-мухтар», 3/403-404.
[2] «Әл-Фәтәуа әт-Татархания фил-фиқһи әл-ханафи», 2/114.
[3] «Бақара» сүресі, 184-аят.
[4] Абдулхамид Махмуд Туһмаз, «әл-фиқһ әл-ханафи фи сәубиһи әл-жәдид», 1/437.
“Бізге ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор болған Раббымыз Алла тағалаға сансыз шүкірліктер болсын”.

#бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адамдарға ауызды берген Алла,
Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды, -
деген осы шығар👍
🌙 Рамазанға 2️⃣3️⃣ күн қалды

Сұрақ: Егде жастағы адамға және созылмалы дерті бар кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Жауап: Жылдың басқа мезгілінде ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және созылмалы дерті бар кісіге (өмір бойы ауыратын) ораза ұстамауға рұқсат етіледі . Оларға қазасын өтеу де шарт емес. Оларға күніне бір міскінді ораза кәффаратындағыдай тамақтандыру (таңғы және кешкі ас) уәжіп болады.

📖 Бұл жөнінде Алла Тағала былай деген: «Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек» («Бақара» сүресі, 184-аят).

Ибн Аббас бұны ораза ұстауға шамасы келмейтін үлкен жастағы қария кісі мен қартайған әйел деп түсіндірген. Підия – (орта есеппен) бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Підияны пітір садақа мөлшерімен есептеуге де болады. Підияны рамазан айының басында немесе соңында беруге болады.

#СағындырғанРамазан
“Уа, Раббым! Өзіңе жалбарынып сұраймын. Өлімімді, есебімді жеңіл қылып, жәннатыңа кіргізе гөр.

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 2️⃣2️⃣ күн қалды

Жалпы аллерголог мамандар аллергияның көптеген түрлері барын айтады. Емделу тәсілдерінің кейбірі оразаны бұзатын табиғи саналатын ауыз, мұрын, тік ішек сынды жолдар. Бұл жолдар арқылы ішке жеткен нәрселер оразаны бұзады. Сондықтан аллергиясы бар адамдар ескеруі тиіс жайттар бар.

🌐 Толығырақ осы сілтемеде.

#СағындырғанРамазан
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Негізінде мүмінге тірі кезінде үмітке қарағанда қорқыныш хәлі абзалырақ. Ал, өлім сәті келгенде үміт хәлі абзал болады.

Фудайл ибн Ғияд (рахимаһулла)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алла тағала сізді өте үлкен, өте бағалы әлем үшін жаратқан. Сосын мына дүниенің ішіне қоя берген "Сатып кетпе мені" деп.
Аллаһым!! Маған намазға жалқауланбайтын және кешіктірмей оқитын жүрек нәсіп ет. Аллаһым!! Намазымды барлық қиындықтан құтылатын және өзіңнен келетін тыныштық пен қауіпсіздіктің есігі ет!!

#бүгінгідұға
🌙 Рамазанға 2️⃣1️⃣күн қалды

😷 Ауру – ораза ұстамауға рұқсат ететін үзірлердің бірі. Имам Нәсәфи «Кәнзу әд-Дақайқ» кітабында: «Аурудың асқынуынан қорықса, аузын ашуға рұсат» , – деген. Бірақ бұл ауруларды екіге бөліп қараймыз:

1️⃣ Жазылатын ауру. Мұндай жағдайда ауызды ашуға болады. Кейін ауруынан айыққан соң қазасын өтейді. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «Ал кім науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын», – деген.

2️⃣ Оразаға шамасы жетпейтін, созылмалы (хроникалық) ауру. Бұл жағдайда ораза ұстамай әр күніне підия береді. Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында: «Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар мен созылмалы дертке шалдыққандар) підия ретінде бір жарлының тамағын беруі керек», – деген.

#СағындырғанРамазан