Сағат
623 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Имам Ахмад:

Бір қорған, сырты күмістей аппақ, іші алтындай сап-сары, бір де бір тесігі жоқ, бір кезде ол бөлінді, сынды. Ішінен көретін, еститін хайуан шықты.

Бұл жерде Имам Ахмад (рахимахуллаһ) жұмыртқаға мысал келтіріп жатыр. Жұмыртқадай ғана нәрседен құс шығарғаны Жаратушының бар екендігіне дәлел.

📚 Шарх ақыйда ат-Тахаууия, имам Бабирти
“Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін”

(Әнбия сүресі, 87-аят).

#бүгінгідұға
Тіл үйрену бірден 3 қабілетті іске қосады.

1) Тіл қабілеті
2) Есту қабілеті
3) Зейін

Жалпы тіл үйрену кезінде(кез келгенін) 3 бағыт бойынша жұмыс жасау қажет.

1) Сөздік қор
2) Сөздерді қосу
3) Тіл ережесі

Бірақ бұлардың ішінде ең маңыздысы - сөздік қор.

Тек ережені түсіне беру жеткіліксіз, қолданатын сөзің болмаса.
Ал тек сөзді жалғай білу, ережесіз және сөздік қорсыз қиынға түседі.

Енді, сөздік қор. Бұл ешқайсысына бағынбайды десек те болады. Яғни көп сөз білу ойыңды түсіндіруге жетеді.

Мысалы⬇️

Шет ел адамы.

Қазақша "тамақ жеу" деген сөзді біледі. Бірақ оны түрлендіре алмайды. Бірақ, сізге келіп "Мен кеше тамақ жеу" десе сіз оның аш екенін түсінесіз.

Сөз жалғау мен ереже - сөздік қор мол болса, практика арқылы өзі-ақ сіңіп кетеді.

#Біліпжүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқтаусыз қозғалыс

Көз бір орында тұрған секілді болса да, ол үнемі микросаккада деп аталатын кішкентай еріксіз қозғалыстар жасайды.

Әр көздің қозғалысын 6 дана бұлшықет басқарады. Бұл бұлшықеттер бір бағытта дәл қозғалыс жасау үшін бір-бірімен үйлесімді жұмыс істейді.

Бұл қозғалыстар көру қабілетінің төмендеуін болдырмайды.

#махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Раббым! Маған даналықты нәсіп етіп, изгілердің қатарына қоса гөр!”

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
Құран тәрбиесі
Сура 18. Аль-Кахф
Файсал Ар-Рушуд
Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.
“Уа, Раббым! Жәннатқа кіретіндей ізгі ісім жоқ, Жәһәннамға да шыдай алмаймын. Раббым Өзіңнен ғана пана тілеймін!”

(Яхиа ибн Муаз)

#бүгінгідұға
Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!

#бүгінгідұға
“Уа, Жаратушы Ием! Үмбетті жеңілдіре гөрме, дұшпандарымызды басындырма, бізді жеңіске жеткіз”.

(Фатих Султан Мехмед)

#бүгінгідұға
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Абай Құнанбайұлы

4-ші қара сөзі
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.

Қадыр Мырза Әлі
Уа, Раббым! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ. Егер Сен қаласаң қандай ауыр істі де жеңілдетесің.

#бүгінгідұға
“Уа, Жаратушы Ием! Барлық қателіктерімді мойындап, Өзіңнің құзырыңа келіп тұрмын. Мені кешіруіңді сұраймын”.

(Сади Ширази)

#бүгінгідұға
Сіз ерте тұра аласыз ба?
Anonymous Poll
65%
Иә
9%
Жоқ
26%
Тұрғым келеді, бірақ...⬇️
“Қабіріме соңғы кірпіш қойылып, адамдардан үмітім үзілгенде және жарығым біткенде Өзің маған жарық сыйла”.

(Фәридуддин Аттар)

#бүгінгідұға
🌙 Қасиетті Рамазанға 2️⃣5️⃣ күн қалды

Сұрақ: Күн батпай жатып ертеңгі оразаға ниет етсе, дұрыс бола ма?
Жауап: Күн батпай жатып келесі күні ораза ұстауға ниет етсе, оразасы дұрыс болмайды. Тіпті күн батпай жатып есінен талып қалып, келесі күні бесіннің уақытына дейін жалғасса немесе осы аралықта ұйықтап қалса, ол күні ораза ұстаған болып саналмайды. Ал күн батқаннан кейін ниет етсе, оразасы дұрыс болады [1].

[1] «Әл-Фәтәуә әт-Татархания», 2/97-98.

#СағындырғанРамазан