Сағат
574 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Forwarded from Сағат
Forwarded from Сағат
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тарих - біздің өткен қарар айнамыз. Оны күлкі етуге болмайды қалай болса да.

Мына бейнені қараңызшы.

Біз үшін құрыған денсаулық. Біз үшін ерте түскен әжімдер. Біз үшін жанған тағдырлар. Жанып кеткен тағдырлар.

Бұл кісілердің қазақтың көзін ашсам дегеннен басқа ісі болмады ма?

Бұлар өмір рахатын сезінсе болмады ма?

Біз тарихқа салғырт қараймыз. Мектепте тарихқа қатты мән берілсе, көп дүние өзгерер еді.

Тарих білмеген адам басшылыққа жетсе, ойланбай қылғыта береді. Себебі өзі үшін төгілген тер мен қанның құнын сезбейді.

Өткенге тас атсаң, болашақтан зеңбірек күт дейді.

Тарихқа құрметпен қарап үйренейік.
Forwarded from Сағат
Осындай халықтың ұрпағымыз.

Алда тәуелсіздік күні. Менің бостандығыма 30 жыл. Бұл күнді барынша мейрам қылып өткізуге тырысыңызшы.

Бұл күн үшін әр қазақ ерекше шүкіршілік етуі тиіс. Шүкіршілік кімге?

Әрине Аллаға.
Forwarded from Сағат
Каналдағы кез келген ақпаратты

- алуға
- көшіруге
- таратуға
- жүктеуге
- мені белгілемей өз атыңыздан шығаруға

толығымен рұқсат.
“Уа, Аллаһ тағалам! Мені күнәмнің дәрежемді төмендетуінен Өзіңе деген бойұсынушылықтың биігіне шығар”.

(Ибраһим ибн Әдһам)

#Бүгінгідұға
​​ТӘУЕЛСІЗДІК БАҒАСЫ


Күн туып күнде басқа тұрмағасын,
Билікке базына айтып бұлданасың.
Бауырлар, Тәуелсіздік деген сөздің
Біз осы біле алдық па шын бағасын?

Көзіңе бұл жақсылық көп көрінсе,
Өшіре біл өзекте өкпе жүрсе.
Есіңе ал, ағайындар, не көрмедің,
Бүгінгі бейбіт күнге жеткеніңше?

Қамалап қалың қалмақ қалаңды алған,
Қаңырап қаншама аулың қараң қалған.
Құл қылып бауырыңнан балаңды алған.
Көзіңнен қанды жасың тарамдалған,
Қорлықтың ащы дәмін татпап па едің,
Қанішер Қаскелең мен Шамалғаннан?

Өткеннің тез ұмыттың бүгін бәрін,
Жалыңның, жалауыңның жығылғанын.
Болмапты-ау саған сабақ, Ақ патшаның
Астына қанатының тығылғаның.

Амалсыз дұшпанға бас игеннен соң,
Алдында қол қусырып именген соң,
Қамығып қайғырмаған қай атаң бар,
Қамытын бодандықтың кигеннен соң?

Көнгеннен басқа қандай таңдау қалды?
Кеудеңнен сорғалатып сорды-ау қанды!
Егемен ел болғанша бастан кештің,
Қаншама кемсіту мен қорлауларды!

Қыз салық төле десе сен дір еттің,
Күйіктің жасын көзде мөлдіреттің.
Байзақтай батырыңды қоқандықтар,
Аузына байлап атты зеңбіректің.

Көз алды тұмшаланып тұманменен,
Күн кешкен күдікпенен, күмәнменен,
Талай ер кетті арманда, «қазағыма
Тірі болсам қызмет қылам!» деген.

Небір жау жүректері тастан қатты,
Жұртымның жанарынан жас парлатты.
Тойға арнап Есенғали шығармаған,
Қайран да «қара бауыр қасқалдақты».

Мәскеуден «Мәмбет» деген атты алғанбыз,
Орысша шүлдірдесек шаттанғанбыз.
Қазақтың қазыналы қайран тілін,
Бір жола ұмытуға шақ қалғанбыз.

Тілімнен бұрынырақ дінімді алған,
Білімім жеткен жері – ырым болған.
Қаулап бір өсе алмадық қара ормандай,
Аштықта қынадай боп қырылғаннан.

Айрылып аз-ақ жылда ар-иманнан,
Жаңылған кездер болды кәлимаңнан.
Ананың жатырынан шықпай жатып,
Уланды ұрпағымыз полигоннан.

Қара су арман болып күліп ішкен,
Дымыңды шығармады дүмі күшті ел.
Қан қайнап, дәрмен болмай күресуге,
Өтті ғой талай бабам тынып іштен.

Ал, бүгін азаттықтың таңы атқанда,
Шүкір ет Жаратқанға, қарап қалма!
Көр де ойлан, аңсаулар мен армандар бар,
Сарғайған архивтегі парақтарда...

Серік Қалиев
Жұма мүбәрәк болсын!
“Уа, Раббым! Өзіңнің Жамалыңнан басқа нәрсе үшін көздерді ұйқыдан қалдыру қандай өкініш әрі Өзіңді жоғалту үрейінен басқа мақсатпен жылау нендей бекершілік!”

(Имам Ғазали)

#Бүгінгідұға
“Табиғаттың дүлей күшінің қолына түскен ақсақ торғай сияқты, нәпсімнің қолына түстім. Уа, Аллаһ тағалам! Мені Өзіңе қауыштыратын тура жол көрсете гөр”.

(Фәридуддин Аттар)

#Бүгінгідұға
Екі ескек

Бірде қайықшы саяхатшыны басқа жағалауға өткізбек болады.

Сонда саяхатшы бір ескекте "Ойлан", екіншісінде "Жаса"деп жазылғанын байқап қалады.

"Ескегіңіз қызық екен. Не үшін бұлай жазғансыз? ", - деді саяхатшы.

– Қараңыз, - деп қайықшы күлімсіреді де, "Ойлан"деген жазуы бар бір ғана ескекпен есуді бастады.

Қайық бір орында айнала бастады.

– Басында, мен бір нәрсе туралы ойлап, ойланып, жоспар құрдым, бірақ бұл еш пайда әкелмеді. Мен жай ғана осы қайық сияқты бір орында шыр айналып тұрдым.

Кейін ол тоқтап, екінші "Жаса"деген ескекпен есуді бастады. Қайық қозғалып жатты, бірақ бір орында.

– Кейін еш ойланбастан, жоспарсыз, сызбасыз істер жасадым. Бұл менен көп күш пен уақыт талап етті. Бірақ, нәтиже сол баяғы өзгеріссіз бір орын.

– Осы себепті мен ескектерге 2 сөзді қашап жаздым. Ой мен Әрекеттің бөлінбейтін есте сақтау керек. Болмаса бір орында шыр айналып тұрудан басқа нәтиже күтпеңіз, - деп аяқтады қайықшы.

#ғибрат
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жараның жазылуы

Бұл процестің үш кезеңі бар 👇 🏻

1⃣ Қанның ұюы немесе гемостаз.

Тромбоциттер зақымдануға тез реакция білдіріп, жарақат орнына жылдам жабысады.

2⃣ Қабыну немесе тазарту.

Лейкоциттер жарадағы зақымдалған және өлі жасушаларды фагоциттейді.(яғни жейді).

3⃣ Жаңа тіндердің өсуі, емделуі

Бұл бәрімізде болған және болатын процес. Бірақ, біз оған мүлде бас ауыртпаймыз. Себебі, біз солай махаббатпен жаратылғанбыз.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Жабық есік жоқ, қате кілттер бар.

✍️ Мәулана әр-Руми
“Уа, Аллаһ тағалам! Жәннатқа талпынуым лайықты дәрежеде емес, тозақтан сақтануым да өз деңгейінде емес. Мені кешіре гөр. Еш күдіксіз Сен уәдеңде тұрушысың”.

(Муаз ибн Жәбәл (Алла оғанразыболсын))

#Бүгінгідұға
🌹 Махаббат қайда деме – жүрегіңде,
🤲 Шапағат қайда деме – тілегіңде.
👨‍👩‍👧‍👦 Берекем қайда деме – отбасыңда,
👉 Мерекем қайда деме – көп қасында.
🌌 Ай, Күнім қайда деме – аспаныңда,
⏳️ Байлығым қайда деме – бас жағыңда.
🪐 Қайғы, мұң қайда деме – қас қағымда.
🌄 Тірлігім қайда деме – таң атқанда,
🍇 Ырзығым қайда деме – Жаратқанда.

✍️ Исраил Сапарбай (қазақ ақыны)

🌸 *ДАНАЛЫҚ ДӘРІСТЕРІ*
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күн соңына пайдалы әрі қызық ақпарат болсын🙂

Қабырға - сүйек емес😄

Дәлірек айтқанда, соңына дейін сүйек емес.

Қабырға - қабырға шеміршектерімен жалғасады. Бұл жолақтар қабырғаның алға қарай созылуына және кеуде қуысының еркін қимылына мүмкіндік береді.

Қабырға шеміршектері - қабырғаның алдыңғы ұштарында орналасқан 🏻

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Раббым! Олар (ата-ана) мені кішкентайымда қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды мейіріміңе бөлеп, ізгі құлдарыңның қатарына қосқайсың!”

(Исра сүресі 24)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сестра — это маленький кусочек детства, который никогда не будет утерян❤️

Сестры — это разные цветы из одного сада❤️

Сестра — это дар сердцу, друг души, золотая нить смысла жизни❤️

мои 4 сестрёнки все что у меня есть в этом 🌍
“Уа, Раббым! Өзіңнің Жамалыңнан басқа нәрсе үшін көздерді ұйқыдан қалдыру қандай өкініш әрі Өзіңді жоғалту үрейінен басқа мақсатпен жылау нендей бекершілік!”

(Имам Ғазали)

#Бүгінгідұға