Сағат
591 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Мүмкін сіз шаршап жүрсіз?
Қарыз? Ауру? Проблема? Бақытсыз секілдісіз бе?

Бәрін бір сәтке ұмытып, шын жүрекпен, сезініп бір шүкір етіңізші Аллаға!!

Неге? Себебі, сізде мына жағдай болып жатқан жоқ⬇️.

Демек, сіз бақыттысыз.
🔹Ашудың жетегінде істелген істің кейбірін қалпына келтіру мүмкін емес.

🔸Тек шариғатқа бойұсыну арқылы ғана қателіктен сақтанамыз.

🔹Қандайда бір ісің шариғат тұрғысынан айыпты болып табылса, онда ақталып (өзіңді де, өзгені де алдап) әуре болма. Себебі, Раббыңнан ﷻ жақсырақ білуші емессің.

@taammul
Лимфа түйіндері - біздің денедегі губка.

Қызметінде де, құрылымы жағынан да губкаға ұқсас.

Өйткені, лимфа түйіндерінің қызметі - организмнен тазалау қажет барлық нәрсені - бөтен бөлшектерді, микроорганизмдерді және өзінің өлі жасушаларын дене тіндерінен «сіңіру».

Олардың құрылымы да губкаға ұқсайды, өйткені ол өз бойынан лимфаны(сұйықтық) жоғарыдағы аталған заттармен қоса иммундық жасушалармен бірге өткізеді.

Тағы бір ұқсастығын келтіре кетейік. Бұл түйіндерде жад жасушалары немесе антиденелер бар. Бұл жасушалар иммундық жүйенің арнайы жасушалары, олар бұрын денеге енген бактериялар мен вирустар туралы ақпаратты сақтайды.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Мен саған қарыздармын❤️

Мен Саған қарыздармын, Алла!
Жырғалтып жорға мінгізгенің үшін.
Ырғалтып жарды сүйгізгенің үшін.
Алшаң да басып жүргізгенің үшін.
Алшыдан қалпақ кигізгенің үшін.
Гауһардан қымбат көз бергенің үшін.
Алқалы топта сөз бергенің үшін.
Иманды досқа кез келгенім үшін.
Мұсылман болып өзгергенім үшін.

Мен Саған қарыздармын, Алла!
Жеті қат көкті төбеме шатыр еткенің үшін.
Әр гүлін дархан даламның әтір еткенің үшін.
Жер үстін маған жайлаған тұрақ қылғаның үшін.
Күн көзін маған жайнаған шырақ қылғаның үшін.
Өзіңді таныр жүрек пен сана бергенің үшін.
Негізгі тамыр – бауыр мен бала бергенің үшін.

Мен Саған қарыздармын, Алла!
Күзің мен қысың, жаз бенен көктемің үшін.
Іздеген ісім арман боп жеткенім үшін.
Атамды менің Адам ғып жаратқаның үшін.
Жаһанға бізді жұрт қылып таратқаның үшін.
Мұхит пен көкті біздерге жол еткенің үшін.
Мейіріміңді мейлінше мол еткенің үшін.

Мен Саған қарыздармын.
Сағынам Алла, бағынам, табынам, Алла,
Құлшылықтарын құлыңның қабыл ал, Алла!

📓 Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Аллаһ тағалам! Не бұйырсаң да әміріңе құлдық. Бар жақсылық Өзіңнің қолыңда. Жақсылықтар Сенен келеді әрі Саған қайтадан қайтады”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сілекей - өте қарқынды процесс

Қарқындылығы сонша, біздегі сілекей бездері күніне 0,5-1,5 литр сілекей шығарады.

Неге? Қалай? Менде ондай емес.😁

Себебі, біз оны үнемі рефлексті түрде жұтып қоямыз – әйтпесе біз әлдеқашан тұншығып қалар едік.

Бірақ бұл тұншығу⬆️ түнде әбден мүмкін, өйткені адамдар ұйқыда жұтынбайды. Сондықтан ұйқыда организм сілекей мөлшерін азайтып, таңертең аузымыз құрғап тұрады.

Болмашы нәрсе. Бірақ махаббат❤️⬇️

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Найзағай құпиясы.

Есте болсын, найзағай ең биік және электр тогын жақсы өткізетін нысанға түседі. Жазық жердің ортасындағы кез келген жалғыз ағаш найзағай нысанасы болып табылады. Мұны саяхаттағанда және найзағайлы жауын жауған кезде де ескеріңіз.

Бейнебақылау камерасы Үндістандағы Харьяна штатында болған оқиғаны түсіріп алған. India Today агенттігінің хабарлауынша, төрт бағбан жаңбырды ағаш астында күте тұруды шешкен.

Видеодағы төрт кісі де үлкен көлемдегі дене күйіктерін алған. "Заземление" арқылы тоқ негізі жерге өтіп кетеді.

Құдай сақтасын. Бірақ, жалпы керек мағлұмат деп ойлаймын.

#Біліпжүр
“Уа, Аллаһ тағалам! Ұлы құдіретіңмен қосылып тұрған екі теңіздің суын бір-біріне араластырмағаныңдай, тозақ отынан және қабір азабынан мені қорғай гөр!”

(Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздегі жүрек неткен күшті еді.

Ол ғарыштық жылдамдықпен жұмыс істейді.

Дене тыныштықта болған кезде қанның жүректен өкпеге және қайтадан кері өтуі үшін небәрі 6 секунд қажет!

Ал жүректен миға және кері жолы - 8 секунд қана.

Алла кемшілік атаулыдан пәк!!

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
ЖАУАП БЕРЕМІЗ!

Әрбір адам:
«мен Алланың аманат діні үшін не істедім?» деп күн сайын өзінен есеп алуы керек. Ақіретте атқарған амалы аз боп қалып, масқараға ұшырауы
әбден мүмкін…

«Алдына келгенін жей беру айуанның ісі, аузына келгенін айта беру ақымақтың ісі». Көп адам сөзіне жауап бермейді. Істі боп қалған адам протокол толтырып
отырған прокурордың алдында қалай абайлап сөйлесе, екі иықта әр сөзіңді тіркеп отырған періштелердің алдында одан да бетер сақ болу керек. Өйткені әр сөзіміз үшін үлкен сотта сөзсіз жауап береміз. Ол сот процессін Ұлы Аршының Раббы Өзі жүргізеді. Сол секілді сынақ өмірдегі айналамызда болып жатқан
оқиғалардың бәріне болмаса да, шын ұмтылсақ, өзгертімізге болатын көбі үшін жауап беруге тиісті боламыз.

Сіз білетін шығарсыз...
Ұлттық рухтың ұйқыға қалай кеткенін,
Аймандай қылып тарихтың талай беттерін,
Қынадай қырған халықты қанішерлердің
Құбыжық жүзін біздерге «арайлы» еткенін?

Сіз білуіңіз керек,
Маңғаз халықты қалайша мәңгүрт қылғанын,
Қуғынға салып қазақтың қаңғыртты ұлдарын.
Шолжаңдап жатқан еркенің неліктен бірден,
«Орыс кеп қалды!» дегенде, қарғып тұрғанын?

Есіңізге түсіріңіз…
Қалайша біздің жүректер суық, тас болғанын,
Жүзіміздегі қызылды жуып тастағанын.
Арулар біздің некесіз тапқан ұлдарын,
Қоқыс пен әжетханаға туып тастағанын!
Сананы біздің тастүнек қапас қылғанын.
Топырлап жүрген тобырды топас қылғанын.
Сексенге келген кемпірге макияж жасатып,
Шараппен улап шалдарды шатастырғанын.
Сұңғыла адам сумақай сұмға жақпаған.
Шариғатты айтсаң шатынай бір қарап қалған,
Ақылсыз қарттар тойларда тайраңдап билеп,
Бетіне қарап әркімнің ыржалақтаған.
Еріккендерге экранды аңдытқандарын,
Сериялға елітіп сорлы елді қалғытқандарын.
Өз бауырына бүйрегі бүлк етпейтіндер
Кейіпкерге бола қайғыдан қан жұтқандарын.

Әңгіртаяқ жегендей әттең-әттең,
Намысыма жылаймын жатқа кеткен.
Өгейсітіп өз тілін өңшең өгіз
Өзге тілде көкуді мақтан еткен.

Сіз мыналарға қараңызшы:
Құнжың да құнжың құрметке құныққандарды,
Ұяттың қандай екенін ұмытқандарды,
Ұлықты көрсе алдына ұлып барғанды,
Қылықтыларға қылмыңдап ылыққандарды.
Оңбаған аз ба Отанын сата салатын.
Ұнамағанды оп-оңай ата салатын.
Атын да сұрап үлгірмей күлімкөздердің,
Айуанға ұқсап, қасына жата салатын.
Қойныңда қос-қос диплом, сауатты ер еңіз.
Басқаның басын бірақта, қауақ демеңіз!
Қоғадай жанбай бықсыған бұл қоғам үшін,
Күндердің күні бәріміз жауап береміз!..

📓Болашаққа хат
Серік Қалиев
Audio
Бұл кезге дейін бұл уағызды да, хадисті де естіген емеспін.

Бар жоғы 1 минут 34 секунд

Бірақ, сіздегі бар шаршау, ауру, проблема, сынақ, бас ауру бәрінің мәнін түсіндіретін уағыз.

Мұның бәрі Алла тағала сізге атаған Жәннәттағы дәрежеңізге жету жолындағы шаршау.

Шама келсе, оны да махаббатпен қарсы алыңыз❤️
“Уа, Аллаһ тағалам! Сенен түгесілмес ризық, үзілмейтін қуаныш сұраймын. Мені тағдырыңа разы қылуыңды, өлімнен кейінгі өмірде жеңіл өмір сүруді сұраймын”

(Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ми - қомағай орган😀

Ми тамырларын құрайтын "бұтақ" саны өөөте көп☝🏻

Ми оттегісіз де, глюкозасыз да өмір сүре алмайды. Жүйке жасушаларының жұмыс істеуі және өмір сүруі үшін осы екі зат қажет.


Егер 3-5 минут ішінде ми жеткілікті мөлшерде оттегі немесе глюкоза алмаса, онда қайтарымсыз зақым тиюі мүмкін.

Ми жасушаларында азда болсын оттегі мен глюкоза бар болса, ол әлі де бірнеше минут бойы өмір сүре алады.

#PQ
Forwarded from Абылай Кенжалы (Abylai)
Алла қаласа 4 сағаттан кейін канал күзге дейін жабық болады.

4500 оқырманнан күзге дейін 3000 оқырман қалып, оның 1000ы күнделікті жазбаларды қалдырмай оқып, солардың ішіндегі 100-і амал етіп, 10-шақтысы ғана рухани-тұлғалы дамыған болып шықса, соның өзі үлкен жеңіс.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Бізге ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор болған Раббымыз Аллаһ тағалаға сансыз шүкірліктер болсын”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам жаратылысы Алла тағаланың қамқорлығы мен махаббатына толып тұр.

Бұл жайлы бұрынғылар да, Абай атамыз да айтып кеткен. Сол кісілердің ізін жалғап "Сағат"- та айтып келеді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті.

Осы екі қатар өлеңге тағы бір үлкен дәлел⬇️⬇️

Неліктен адамға жаңадан тіс шықпайды?

Адамда сүт тіс түсіп қалған жағдайда ғана жаңа тіс өсіп шығады.⬇️

Өйткені, біздің денеміз екі тіс жиынтығымен «жабдықталған»: сүт тіс және ересек кезде шығатын тіс. Сүт тістері уақытша ғана және 14 жасқа дейін өздігінен түсіп қалады.

Сүт тісінің басты қызметі - тістеуді қалыптастыру. Біздің жақ сүйегіміз шайнау процесі себебінен өзгеріп, кеңейеді. Яғни, сүт тісі ұзақ, әрі мықты болатын тістерге арналған «төсекті» қалыптастырады.

Ескеру қажет

Баланың сүт тістерін емдеп отыру керек. Кері жағдайда тістеу бұзылады және кейіннен брекет киюге тура келеді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Банк

Алла үш түрлі адамды жек көреді екен. Олар: зинашы кәрі, өтірікші басшы, тәкәппар кедей. Қазақ «кедейдің кербезінен сақта» деген. Өзі кедей бола тұрып, онысын білдірмейін деп кредит алып, қымбат ресторанға той жасайтын, қымбат көлік мініп, үйін евроремонтпен сәндейтін адамдарды ғалымдар осы
үшінші топқа жатқызады екен. Олар аталарымыздың «байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес» деген мақалына пысқырмайды да!

Қайда барып құтылам, Банк, сенен?
Саясатың – сұрқия, анық сенем!
Уәдеңнің өзінен у тамшылап,
Азабың аз болмай тұр халық шегер.

Сөйлеуің де сұмпайы сенің көкіп,
Құрдымыңа барады елім кетіп.
Өтірікті шындай қып, момындарға
Өрмекшінің өтесің торын тоқып.

Кетті талай өркендер өспей солып,
Өлтіресің өзегін теспей сорып.
Ұялмаған қалпыңмен, бұйырмаған
Сыбағаны соғасың мешкейше орып.

Бетің сенің — безерген кірпіш қалың,
Пайдаң үшін кімдермен қырқыспадың?
Айдаладан айналған ақша көрсең,
Тістеп алып қаласың бір пұшпағын.

Көз жасына Несиең жүр шыланып,
Ломбардың да білегін тұр сыбанып.
Жалшы зорға жеткенде жалақыға,
Банкоматың қалады қыршып алып.

Ипотекаң аңқауды шаттандырып,
Депозитің жемісін мақтан қылып,
Аман жүрген адамды алдап-сулап,
Ақша аласың өмірін сақтандырып.

Қан құстырып қазақты қақсаттың ғой,
Қара жолдың бәріне қақпан құрып!
Қызыл-жасыл құлпырған жарнамаңның,
Арғы жағы қоқырсып жатқан былық.

Бір ілдіріп алған соң қармағыңа,
Бүліндіріп бастайсың сотқар қылық.
Он пайызың көбейіп он есеге,
Алтын бастар дал болды көп қаңғырып.

Өсіміңе ілесе алмағанды,
Соттан-сотқа сүйрейсің көкпар қылып.
Бар тапқанын сыпырдың байқұстардың,
Табанының астынан от жандырып.

Тартып алдың мал-мүлкі, баспанасын,
Қалтасының түптерін ақтарды жұрт.
Ары қарай шыдамы жетпегенді,
Арғы өмірге жібердің аттандырып.

Улағанмен әлсіздің ой-санасын,
Ақиқаттан бәрі-бір тайсаласың.
Қанша табыс тапқанмен, қанағат жоқ,
Жарымайтын, тоймайтын бейшарасың.

Тиын-тебен сылдыры сұйық десе,
Сұрланасың сене алмай күйіп неше.
Қаласың ғой боқ сасып, бұқараның
Білімі мен иманы биіктесе.

📓Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Раббым! Өткен өмірінде шектен шығып, Өзіңе бойұсынбаған мына күнәһар құлыңның күнәларын жарылқағайсың!”

(Зәмахшәри)

#Бүгінгідұға
Керек болып қалар🙂⬇️

Сарымсақ

Суық тиюдің алғашқы белгілерінде сарымсақ тұтыныңыз, бұл аурудың одан әрі дамуын болдырмауға көмектеседі.

Сарымсақ құрамында антибиотикалық, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы қасиеттері бар қосылыстар бар.

#Біліпжүр