НУР ФЕЙЗ
460 subscribers
899 photos
86 videos
61 files
658 links
Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot ✍️. Сайт: risalekz.com.
[Бұл кітаптар ҚР Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өткен,оң қорытынды алған.]
Қазақша контент: https://hipolink.me/risalekz
Кітап сатып алу үшін: https://wa.me/77064061602
Download Telegram
Түркия Муфтиятының медреселерінде Рисалей Нұр кітаптарының (Мектубат пен Сөздер) дәріс кітабі ретінде таратылуға рұқсаты.
#ҮНЕМДІЛІК
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Халиқ-ы Рахим адам баласына берген нығметтерінің ақысы ретінде шүкір етуді сұрайды. Ысырап болса шүкіршілікке қарама-қайшы, әрі нығметті менсінбеушілік әрі зиянды. Үнемділік болса, нығметті құрметтеу әрі өте пайдалы. Иә, үнемдеу дегеніміз мағынауи яки ойша шүкір ету әрі нығметтегі Аллаһтың рахымына деген құрмет әрі береке бұлағы және диета секілді денсаулыққа пайдасы зор амал. Әрі ол адамды рухани қайыршылықтан құтқарады, ар намысты сақтап қалады. Нығметтерден ләззат алуға және ләззатсыз көрінген нығметтердің ләззатын алуға бірден-бір себеп. Ысырап қылу осы хикметтерге қарама-қайшы болғандықтан жағымсыз әрі зардабы тиеді.
Ас-салым алейкум рахматуллах уа баракатух! "Нұр-Фейз" баспасы шығарған Тасбихат бар.Бірақ ол жерде аударма және транскрипциясы жоқ.Тек дұға мен зікірлер қанша рет оқылу керектігі ғана Қазақша.Себебі ол жердегі Араби тасбихтар өте терең мағынада.Құрметпенен Админ !
Сендер, кейде Ықылас және Үнемділік рисалелерін және кейде «Худжумат-ы Ситте» рисалесін өзара бірге оқуларың керек. Сендердің бүгінге шейін керемет табандылық танытуларың, өжет қайсарлықтарың елдің мақтанышы әрі болашақ үшін де маңызы зор еңбек, үлкен ерлік. Абай болыңдар Осы соңғы дауыл ынта-ықыластарыңа зияны тиіп кетпесін. Арабша «Уирд-үл Әкбар-і Нұрия» туралы сүйінші хабарларың сондай-ақ, қаһарман Тахирилер мен Мүбарактардың мына оба ауруы сияқты рухани дерттерге қарсы дәрі-дәрмек дайындауы әрі сол салада тынбай жұмыс істеп қызу еңбек етуі бізді тіпті руханилерді, «Риджал-үл ғайып» тұлғаларды да қуантуда. Хулусидің «Уәл-асрдың» таңғажайып тұжырымы туралы жоғары баға беріп, растағанына және өзінің Коня қаласына ауысқанына нұр қызметі тұрғысынан қарап риза болдым. Иә, Рисалей-Нұр шәкірттерінің алғы саптағы белсенді шәкірті маңызы зор қалаға баруы қажет болатын. (Қастамону-243)
Бәдиүззаман болса ешкімді Рисалей-Нұр оқуға мәжбүрлемейді. Бірақ, жүз мыңдаған оқушысы оның өзін көрмесе дағы оған ыстық ықылас, берік достық құрып, оған шәкірт болып Рисалей-Нұрдан тиесілі дәрістерін алуда. Осындай таңғажайып ілім үйрету методы бұрын-соңды оқу-ағарту саласында, медресе тарихында болмаған, ешбір университетте кездеспеген. Прокурор мырза былай дейді: «Олардың Бәдиүззаманға құрметі шексіз. Мұндай құрмет басқа ғалымдарға болмаған». Дұрыс айтады. Құрмет пен сыйластық ұстаздың мәртебесіне, кемелдігіне қарай әртүрлі болады. Қаншалықты пайда көрсе соған қарай өзін қарыздар сезініп, алғысын білдіреді. Бәдиүззаманның кітаптарынан орасан зор пайда көргендіктен әрине, оған деген құрмет пен алғыс ерекше болмақ. Заманымыздың ұлы тәпсіршісі, Ислам ойшылы, Рисалей-Нұр авторы Бәдиүззаманды комунистер мен масондар бізге әсіресе жастарға таныстырмауға тырысуда. Бірақ, көзі ашық, көкіреге ояу Ислам-Түрік халқы, жастар мұндай дін Исламның қаһарман батыры Ұстазды танып та үлгерді. Одан тәлім алып, пайдасына жаратуда, басқаларға да ұсынуда. Міне, сондықтан Бәдиүззаманға деген ерекше құрмет пен сенім әсте сарқылмайды. Рисалей-Нұрда кездесетін аяттар, Қасиетті Құранның таңғажайып қасиетін жоғалтпастан өте шебер әрі ерекше тәсілмен ана тілімізге тәпсір етілгендіктен, оны әйел-еркек, жұмысшы-саудагер, ғалым-философ, қысқасы барлық буын оқып түсінуде. Әркім қабілетіне қарай пайдасын көргендіктен одан әрі жақындап, қызыға оқуда. Орта мектеп, жоғары оқу орны, профессор, доцент, философтар жаппай оқуда. Зиялы қауым ғана емес Рисалей-Нұрдың таңғажайып ерекшелігін, әдеби шешендігін әркім мойындап, таңдана Нұрдың барлық кітаптарын оқуға құмартуда. Бәдиүззаманды және Рисалей-Нұрды жаңадан таныған саналы да түйсігі бар жандар ертерек танымағанына өкініп, жоғалтқан уақыттарын толтыру үшін уақыттарын босқа өткізбей бес минут болса да ретін тауып Рисалей-Нұрды оқып, оған қызмет етуде. Мұндай қызығушылық, алаңдау басқа психологтың, социологтың, философтың кітабында болған емес. Олардың кітабын тек белгілі дәрежеде ілімі бар, оқыған кісілер ғана пайдалана алады.
(Шұғалар-577)
Біз Иман мен Құран қызметшілеріміз. Рисалей-Нұрдың міндеті иманды қуаттап әрі сақтап қалу және мынау дос, мынау дұшпан деп бөліп жармай, ешбір жаққа жақтаспай ықыласпен баршаға имани қызмет жасау. (Шұғалар-430)
Сендер де мына бейшара бауырларыңды рисалелердің ішінде көріп сұхбат етулеріңе болады. Ақиқатқа жеткен кісілердің өзара сұхбаттасуына мекен кедергі бола алмайды. Олар мағынауи телефон арқылы байланысқандай бірі шығыста, бірі батыста, бірі дүнияда бірі берзахта болса да Құранның, Иманның сымсыз телефонымен бір-бірімен хабарласа алады.(Қ-5)