Ras aitamyn
1.92K subscribers
111 photos
36 videos
2 files
251 links
Расследования, наблюдения.
Гиперссылка обязательна
Авторы:
Бағдат Асылбек, Елнұр Әлімова
Email:rasaitamyn@protonmail.com; bagdatasylbek22@gmail.com
Download Telegram
Сколько в Казахстане платят "Миру" за пропаганду Кульгинова и Nur Otanа

Ras aitamyn рассказывал, сколько в регионах чиновники тратят на пиар акимов, отдавая деньги жителей частным СМИ. Сегодня расскажем, как наши с вами налоги уходят телерадиокомпании “Мир” на пропаганду деятельности партии Nur Otan и акимов. Хотя “Мир” основали в 10 странах СНГ, головной офис в Москве, в связи с чем ассоциируется именно как российское или прокремлевское СМИ. В Казахстане есть филиал “Мира”, и он ежегодно получает немалые средства из бюджета.

Самый большой по сумме контракт “Мир” заключил с акиматом столицы - 15,5 млн.тенге. Взамен, телеканал показал сюжеты, показывающие работу акима Астаны Алтая Кульгинова.
Только в период с сентября по декабрь 2020 года на этом телеканале вышли 8 сюжетов про Кульгинова. Каждая минута сюжета обошлась налогоплательщикам в 210 тыс.тенге.

Наряду с пиаром Кульгинова в сюжетах "Мира" можно увидеть и пропаганду Nur Otanа.
К примеру, сюжет Аким столицы принял участие в голосовании праймериз партии Nur Otan. Здесь наши деньги отдали за то, чтобы показать, что Алтай Кульгинов проголосовал на избирательном участке. В сюжете аким говорит, что праймериз открыл новых лиц, была конкуренция. Журналист в закадром тексте добавил, что выигравшие гонку могут стать депутатами.

Но о том, что праймериз также сопровождался скандалами и включался “адмресурс”, когда людям давали установки, за кого голосовать, конечно же, ни слова. Поэтому такие сюжеты нельзя назвать объективными.

Платным для астанчан оказался сюжет о том, что в столице выбрали кандидатов на выборы в мажилис от партии "Нур Отан". И в этом сюжете показывал активность Кульгинова.

Даже в сюжет о том, что в столице медикам и полицейским вручили новые служебные авто запихнули заявление Кульгинова о том, что выполнили поручение Токаева.

Аким столицы показан и в сюжете про открытие игровой зоны досуга под мостом. При этом свободные места на пересечении улиц Қабанбай батыра и Сығанақ отдали BI Group, чем вызвали недовольство жителей того района, которые просили школу, а не очередные высотные дома.

В сюжетах “Мира” по госзаказу от столичного акимата можно увидеть пиар не только Кульгинова и Nur Otanа, но и других акимов. Например, в сюжете про ярмарку показывают, как Кульгинов хвалит Шукеева и Батталова за привезенные овощи.

С начала пандемии с “Миром” заключил договор и акимат Костанайской области - на 12,9 млн.тенге. На эти деньги телеканал 3,25 минут показывал доклад акима региона Архимеда Мухамбетова в службе центральных коммуникаций. За отчет акима перед жителями заплатили 600 тысяч тенге из денег жителей.
Также акимат заплатил за то, чтобы телеканал показал открытие школы бокса, во время которого Мухамбетов выступил с речью перед спортсменами.
Также аким области открывал термопарк на крыше ТРЦ с 12 бассейнами и 20 банями и саунами. Каждый сюжет обошелся в 600 тыс.тенге.

Еще на 4,6 млн.тенге телеканалу “Мир” дал акимат ВКО, который возглавляет Даниал Ахметов. Таким образом, казахстанцы платят не только казахстанским СМИ за пиар акимов, но и филиалу телекорпорации, базирующейся в Москве.
Кстати, о тратах на пиар в Восточном Казахстане расскажем в следующем материале.

Посты о тратах акиматов также на Ras aitamyn в Instagram.
Көлгінов пен Nur Otan насихаты үшін "Мир" телеарнасына қанша ақша төленді?

Әкімдіктер мемлекеттік және жекеменшік ақпарат құралдарынан бөлек, мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының Қазақстандағы филиалына да пропагандаға бюджеттен ақша бөледі.
Мемлекетаралық “Мир” телерадиокомпаниясының құрылтайшылары - ТМД-ға кіретін он ел. "Мирдің" бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан. "Мир" телерадиокомпаниясының Қазақстандағы филиалына кей әкімдіктер жыл сайын тендер береді.

Пандемия басталғалы бері Қостанай облысының әкімдігі "Мир" телеарнасының Қазақстандағы филиалымен 12,9 млн теңгеге, ал Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 4,6 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Алайда 2020 жылы "Мир" телеарнасына ең көп тендерді астана қаласының әкімдігі берген. Көлгінов басқаратын әкімдік пен "Мир" телеарнасының Қазақстандағы филиалы 15,5 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Есесіне, телеарна астана әкімі Алтай Көлгіновтің жұмысын көп насихаттаған. Тендер есебінен қыркүйек-желтоқсан аралығында шыққан 18 сюжеттің 8-інде Көлгінов көрсетіледі. Телеарнадағы сюжеттің бір минутына 210 мың теңге төленді.

"Мир" телеарнасы кей сюжеттерде Көлгіновпен қоса биліктің Nur Otan партиясын да насихаттайды. Мысалы, "Астана әкімі Nur Otan праймеризінде дауыс берді" деген сюжеттің бел ортасында учаскеге барып дауыс берген Алтай Көлгінов жүр. Әкім праймериз бәсекеге толы, жаңа адамдар шығып жатқанын айтса, тілші "партия ішіндегі сайлау мәжіліс пен мәслихатқа депутат болуға мүмкіндік береді" деп тұздықтай түседі.

"Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясынан мәжіліске кандидаттар таңдалды" деген сюжетке де бюджет ақшасы жұмсалды. "Мир" бұл сюжетте тағы да Көлгіновті сөйлетіп, Nur Otan мен партиялық тізімге әйелдер мен жастарды қосқан президенттің "реформасын" насихаттайды.

Астана әкімдігінің жедел жәрдем мен полицейлерге көліктер әпергенін көрсеткен сюжетте де Көлгінов ковидпен ауыратындарды көбеюіне дайын болу жөніндегі президент тапсырмасын орындағанын жеткізеді. Осылайша жедел жәрдем мен полицейлерге көліктер әперуге бюджеттен қаржы бір жұмсалса, оны "Мир" телеарнасында көрсету үшін тағы да салық төлеушілер ақшасы төленді.

Астанадағы көпір астындағы бос аумақтың спорт, балалар ойнайтын алаңға айналғаны туралы сюжетте тағы да Алтай Көлгінов бой көрсетеді. Қала әкімі "жастар мен спортсүйер қауымның өтінішімен спорт алаңдарын көбейткенін" жеткізеді. Алайда әкімдік көпір астындағы аумақты бір қолмен балалар алаңына айналдырса, екінші қолмен Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелері қиылысындағы бос жерді BI құрылыс компаниясына бере салған. Сол аумақтағы тұрғындар Конституциямен берілген қолайлы қоршаған ортаға құқығымыз бұзылды, үшауысымды мектептің мәселесі шешілмеді деп шу көтерген.

"Мирдегі" сюжеттерге қарағанда, Көлгінов Nur Otan праймеризі, нысандарды ашу ғана емес, қалаға сырттан келген жәрмеңкені аралау сияқты ұсақ-түйек шаруаның басы-қасында да жүреді. Астанаға Түркістан мен Алматы облыстарынан келген жәрмеңкені көрсеткен сюжетте көрермен алдына шыққан Көлгінов облыс әкімдері – Шүкеев пен Баталовқа алғыс айтады.

Былтыр Қостанай облысының әкімдігінен 6,4 млн теңге тендер алған "Мир" арнасы әкім Архимед Мұхамбетовтің қызметін де көрсетті. Әкімнің Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аймақ жетістіктерін тізген баяндамасынан 3,25 минуттық репортаж дайындаған. Бұл репортажға 600 мың теңге төленді.

Телеарна дәл Алтай Көлгінов сияқты Архимед Мұхамбетовтің барған-жүрген жерлерін көрсеткен. Мұхамбетов Қостанайда бокс мектебін ашып, спортсмендер мен жаттықтырушыларға арнап сөз сөйлеген сюжет үшін 600 мың теңге төленді. Әкімнің сауда үйінің төбесінде, ашық аспан астында 12 бассейн, 20 монша мен саунасы бар термопаркті салтанатты түрде ашқанын көрсеткен сюжетке де 600 мың теңге жұмсалған.

Осылайша астана мен Қостанай облыстарының әкімдіктері қарамағындағы ақпарат құралдарын былай қойып, "Мир" телеарнасы эфирінде қызметін көрсету үшін бюджет ақшасын жұмсайды.

Әкімдіктердің пропагандасы туралы посттарды Instagram-парақшамыздан көре аласыздар.
Как в Восточном Казахстане пиарят Даниала Ахметова в СМИ на деньги жителей

Сегодня Ras аitamyn расскажет о тратах акимата Восточно-Казахстанской области на пиар акима Даниала Ахметова в популярных СМИ республики.

Nur.kz

По договору на 10 млн тенге Nur.kz начал активно пиарить акима ВКО. Например, во время пика эпидемии ковида аким провел встречу с врачами из Татарстана. Даниал Ахметов, оказывается, шарит в медицине. Вот, к примеру, он поручил главврачам разработать памятку, как лечить коронавирус дома.

Еще он провел встречу с предпринимателями Семея, и по ее итогам бизнесмены поддержали ограничительные меры из-за вспышки коронавируса. Судя по новостям Nur.kz, аким ВКО знает толк не только в медицине и эпидемиологии, но и в нюансах отдыха. К примеру, владельцы баз отдыха в ВКО поддержали его предложение по заполняемости баз отдыха на Алаколе. Кстати, когда Даниал Ахметов бывал на Алаколе, сделал серьезное замечание по застройке главной улицы побережья, на благоустройство которого выделили почти 4 млрд тенге.

За каждую новость о том, что аким ВКО что-то поручил или его предложения поддержали, восточноказахстанцы заплатили 434 тысяч тенге. Столько же заплатили и за позитивные воспоминания о первом президенте.

Tengrinews.kz

По договору на 8,9 млн.тенге выходили материалы, которые косвенно пиарят работу акима ВКО. Например, Даниал Ахметов рассказал о развитии приграничных территорий и об инновационных проектах в регионе. Эти новости обошлись бюджету почти в 800 тысяч тенге.
Также вышла платная новость о том, что Даниал Ахметов в Семее вручил награды родственникам медиков, умерших от COVID-19. А в Усть-Каменогорске аким ВКО вручил ключи от долгожданных квартир многодетным семьям.
Перед 9 мая Ахметов посетил ветеранов, поздравил их и вручил подарки, а еще вернул боевую награду семье погибшего во время войны бойца.

Также акимат ВКО заплатил за новость о том, что в области усилена социальная поддержка и защита уязвимых категорий граждан (отчет акима области о развитии региона). Еще из бюджета ушли деньги на новость о том, что министр Бейбут Атамкулов похвалил ремонт дорог в региона, заявив перед Ахметовым, что ВКО - чемпион по реконструкции дорог.

Акимат также отдал деньги жителей на пропаганду Nur Otana. Свидетельство этого - новость, в тексте которой Даниал Ахметов похвалил праймериз. Стоимость каждой такой новости - 399 тысяч тенге.

Zakon.kz

По договору на 10 млн тенге Zakon опубликовал много новостей о рабочих визитах Ахметова и о совещаниях с его участием. Например, Даниал Ахметов посетил объекты благоустройства Семея.
Цена одной заметки -192 307 тенге. В итоге поздравления акима ветеранов ВОВ, а также школьников с началом учебного года обошлись в 394 тыс.тенге.

Восточноказахстанцы еще заплатили Zakon.kz за то, что Даниал Ахметов снова продемонстрировал свои познания в медицине. На этот раз он поручил врачам лечить больных, не дожидаясь результатов ПЦР-теста на ковид.
Их деньги ушли и на то, чтобы аким ВКО поставил задачу объединить промышленный и научный потенциалы и предложил бизнесменам новые условия по заполнению баз отдыха Алаколя (кстати, эта новость за плату выходила и на Nur и Tengri).

За одну новость платили трижды

Нередко акиматы регионов за одну и ту же “позитивную” новость платили частным СМИ дважды. В случае с ВКО бывало и трижды.
Вот, к примеру, восхищения легкоатлетки экс-президентом обошлись в миллион тенге:
Nur.kz: Ольга Рыпакова рассказала о встрече с Елбасы (434 тыс.тенге)
Tengrinews.kz: Ольга Рыпакова о встрече с Елбасы: Крайне доброжелателен,спокоен (399 тыс.)
Zakon.kz: Ольга Рыпакова о встрече с Нурсултаном Назарбаевым (192 тыс.тенге).

Еще один миллион жители региона заплатили за новость о том, под председательством акима ВКО обсудили антикоррупционные меры.

Nur.kz: В ВКО обсудили антикоррупционные меры при реализацииДорожной карты занятости
Tengrinews.kz: В ВКО обсудили антикоррупционные меры при реализации"Дорожной карты занятости"
Zakon.kz: В ВКО обсудили антикоррупционные меры по реализации "Дорожной карты занятости"

Посты о тратах акиматов также на Ras aitamyn в Instagram.
Даниал Ахметовтің пиары қанша тұрады?

Ras Aitamyn Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ақпараттық порталдардағы пропагандаға қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Nur.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі былтыр сәуірде Nur.kz порталымен 10 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Портал тендер есебінен жазған материалдарда әкім қызметін белсенді түрде насихаттаған. Әр ақпаратқа 434 782 теңге төленді.

Мысалы, коронавирус өршіп тұрған шақта әкім Татарстаннан келген дәрігерлермен кездессе, енді бірде облыстағы ауруханалардың бас дәрігерлеріне коронавирусты үйде қалай емдеу туралы нұсқаулық дайындауды тапсырған.

Портал тіпті Алакөлдегі демалыс базалары туралы ақпаратта Ахметовтің демалыс орындарының иелері мониторинг топтарына қосылсын деген бастамасын сөз еткен.

Ал әкімнің Алакөлге жасаған сапарынан жазылған ақпаратта Ахметов жағажайдың бас көшесін аралап, ескерту жасап, Алакөлдегі кәсіпкерлерді түріктермен бәсекеге қабілетті болуға шақырады.

Tengrinews.kz

ШҚО әкімдігі Tengrinews порталының меншік иесімен былтыр сәуірде 8,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Tengrinews те Даниал Ахметовтің жұмысын қызу насихаттады. Ахметовтің Орталық коммуникациялар қызметінде шекаралық аудандардың дамуы туралы айтқан мәлімдемесі мен медициналық импланттар өндірісін іске қосқаны туралы ақпарат үшін салық төлеушілер 800 мыңға жуық теңге төледі.

Порталда шыққан әр ақпаратқа 399 мың теңге берілген.

Tengrinews әкіммен қоса Nur Otan партиясының да праймеризін насихаттады. Облыста праймериз қорытындысы шыққаны туралы ақпаратта Ахметовтің праймеризді мақтаған мәлімдемесі қоса беріледі.
Сондай-ақ министр Бейбіт Атамқұловтың облысқа ісспармен келіп, Ахметовті аудандарда жөнделіп жатқан жол үшін мақтаған ақпаратқа ақша төленді.

Zakon.kz

ШҚО әкімдігі былтыр сәуірде Zakon порталының меншік иесімен 10 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Zakon Ахметовтің барған-жүрген жерлері мен онлайн жиналыстары туралы көп ақпарат жариялаған. Әр ақпарат үшін әкімдік 192 307 теңге төлеген. Мысалы:

Даниал Ахметов посетил важнейшие объекты благоустройства Семея

Аким ВКО: Необходимо объединить промышленный и научный потенциалы

Аким ВКО предложил бизнесменам новые условия по заполнению баз отдыха Алаколя

ШҚО тұрғындары әкімнің құттықтауларына да ақша төлеген. Әкімнің соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен, ал оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтауына бюджеттен 394 мың теңге жұмсалды.

Әкімнің індет өршіп тұрған шақта дәрігерлерге ковид белгілері бар науқастарды ПТР тест нәтижесін күтпей-ақ, емдей беруге шақырған ақыл-кеңесі де ақылы болып шықты.

Бірнеше порталға шыққан бір ақпаратқа ақша төленді

Әкімдік кейде біп-бірдей бір ақпарат үшін бірнеше порталға ақша төлеген. Әсіресе, былтыр бұрынғы президентті туған күнмен құттықтаған ақпараттар бірнеше порталға қатар шыққан. Мысалы, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың әлемжелідегі постын үш портал айна-қатесіз көшіріліп басқаны үшін бюджеттен 1 миллионнан астам теңге төленді:

Nur.kz: Ольга Рыпакова рассказала о встрече с Елбасы (434 мың теңге)

Tengrinews.kz: Ольга Рыпакова о встрече с Елбасы: Крайне доброжелателен,спокоен (399 мың теңге)

Zakon.kz: Ольга Рыпакова о встрече с Нурсултаном Назарбаевым (192 мың теңге)

Даниал Ахметовтің экс-президенттің туған күнінде ол туралы айтқан жылы лебізі екі порталда жарық көрді:

Nur.kz Даниал Ахметов рассказал в интервью о Первом Президентестраны Нурсултане Назарбаеве (434 мың теңге)

Zakon.kz: Аким ВКО Даниал Ахметов рассказал в интервью о Нурсултане Назарбаеве (192 мың теңге)

Ахметовтің жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесіп өткізген селекторлық жиынынан жазылған мына ақпараттың тақырыбы ғана емес, іші де біп-бірдей:

Nur.kz: В ВКО обсудили антикоррупционные меры при реализации "Дорожной карты занятости"

Tengrinews.kz: В ВКО обсудили антикоррупционные меры при реализации"Дорожной карты занятости"

Zakon.kz: В ВКО обсудили антикоррупционные меры по реализации "Дорожной карты занятости"

Әкімдіктердің пропагандасы туралы посттарды Instagram-парақшамыздан көре аласыздар.
Новый ректор КазНУ Туймебаев ищет “позитив” и “негатив” в СМИ за бюджетные деньги

Зимой один из главных вузов республики КазНУ имени Аль-Фараби возглавил экс-глава Ассамблеи народов Казахстана Жансеит Туймебаев. Этому назначению предшествовал так называемый “земельный конфликт”, когда выяснилось, что 0,8 га земли университета передали частным компаниям. Ras aitamyn первым написал о том, что за этими компаниями стоит зять экс-президента Нурсултана Назарбаева Тимур Кулибаев.

И вот с приходом Туймебаева в КазНУ стали активнее мониторить СМИ и соцсети. И не пожалели на это денег. Из бюджета, конечно.

К примеру, в апреле этого года КазНУ договорился с Infinity Enterprises на “информационный мониторинг СМИ и социальных сетей”. Первым об этом написала наша коллега Карина Шайих-Закарина.

Получатель тендера должен для КазНУ делать персональный обзор. Туда нужно включить комментарий и материалы в соцсетях, статьи СМИ (газет, ТВ, инет-сайтов) на двух языках с ключевыми словами. Эти ключевые слова определяет КазНУ.

Мониторить нужно не менее 280 газет и журналов, 15 телеканалов, 65 интернет-сайтов, 8 информагентств и 25 зарубежных СМИ.

По всем этим СМИ поставщик должен делать обзор соцсетей и всех СМИ ежедневно утром до 9:00 вечером до 17:00. Материалы нужно собрать в общем файле с указанием на первой странице количества всех вышедших статей и сюжетов – с последующими дайджестами с указаниями полных текстов в СМИ.

Поставщик, по договору с КазНУ, обязан мониторить СМИ и соцсети круглосуточно (24/7). В мониторинге должны быть задействованы средства автоматического отслеживания публикаций.

Вот параметры, по которым должны вести мониторинг по заказу КазНУ:
- упоминание имени КазНУ;
- упоминание определенных персон КазНУ;
- упоминание ключевых событий;
- упоминание факультетов, кафедр и институтов КазНУ;
- иные упоминания в СМИ о КазНУ.

Теперь о результатах мониторинга. Там должно быть вот что:
- общая динамика упоминаний бренда КазНУ и имени в цифрах по дням
- общее количество вышедших материалов в СМИ.
- динамика упоминаний отдельно по негативным, позитивным, нейтральным упоминаниям.

Каждый отчет о мониторинге СМИ нужно предоставить КазНУ на DVD-дисках или флэшке. Обзоры должны направлять заказчику во все дни, кроме выходных и праздничных. И так до 31 декабря 2021 года.
Түймебаев ҚазҰУ туралы БАҚ-та шыққан “жағымды-жағымсыз” ақпараттарды бюджет есебінен бақылайды

Қыста елдегі ең ірі университеттердің бірі - ҚазҰУ-дың басшылығына Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев тағайындалған еді. Бұған дейін ҚазҰУ-да “жер дауы” шығып, универсиеттің 0,8 гектар жері жекеменшік компанияға өтіп кеткені айтылды. Ras Aitamyn ҚазҰУ жері өтіп кеткен компанияның артында экс-президент Н.Назарбаевтың күйеубаласы, олигарх Тимур Құлыбаев тұрғанын алғашқы болып жазған.

Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ректор болып барған соң, оқу орны ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді белсенді бақылап, шолу жасай бастады. Ақпарат құралдары мен әлемжеліні сүзіп отыруға, әлбетте, бюджет ақшасы жұмсалады.

Мысалы, биыл сәуірде ҚазҰУ Infinity Enterprises компаниясымен “ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің ақпараттық мониторингі” қызметі үшін келісімшарт жасасты. Бұл ақпаратты алғашқы болып әріптесіміз Карина Закарина байқады.

Тендерді алушы компания ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен ТВ-жаңалықтарда ҚазҰУ айтқан негізгі сөзерді тауып, шолу жасайды. Ақпарат құралдары мен әлемжеліден қандай сөздерді табу керектігін ҚазҰУ анықтайды.

Кемі 280 газет пен журнал, 15 телеарна, 65 интерет-сайт, 8 ақпарат агенттігі мен 25 шетелдік ақпарат құралына шолу жасалуы керек.

Келісімшарт бойынша, өнім беруші мониторингті тәулік бойы жүргізеді. Шолу нәтижесін күн сайын таңғы сағат тоғызға дейін және кешкі беске дейін жасап, материалдарды ортақ файлға топтап жібереді. Файлдың алғашқы бетінде барлық мақала мен сюжеттің тақырыптары көрсетілсе, ары қарай жарыққа шыққан мақала мәтіні толық берілуі тиіс.

Мониторингте белгілі бір сөздерді автоматты түрде табатын құрал-жабдықтар қолданылуы керек.

Ақпараттық мониторинг мынандай белгілер бойынша жасалады:
- ҚазҰУ атының аталуы;
- ҚазҰУ белгілі тұлғаларының аталуы;
- ҚазҰУ-да өткен шаралар мен маңызды оқиғалардың аталуы;
- ҚазҰУ факультеттері мен кафедралардың және т. б. институттары туралы ақпарат.
Ал мониторинг нәтижесі мынаны қамтуы тиіс:
Күнделікті шығатын материалдарда ҚазҰУ атауы мен бренді қанша рет аталғанын көрсету;
ҚазҰУ туралы шыққан жалпы материалдардың санын көрсету
ҚазҰУ туралы шыққан жағымды не жағымсыз, бейтарап ақпараттарды жеке-жеке көрсету.

Мониторинг туралы есепті ҚазҰУ-ға DVD-диск немесе флэшкамен жөнелту керек. Шолу нәтижесі де университетке демалыс пен мерекені есепке алмағанда күнде жолдануы шарт. Өнім беруші мониторингті осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізеді.
Балаева обещает “прикрыть лавочку” для пиара акимов. Можно ли верить?

Как вы уже заметили, с марта мы пишем о том, как акимы тратят наши с вами деньги на собственный пиар в СМИ (за какие именно статьи). Хотя, мы уверены, полезнее было бы эти миллионы из бюджета направить на решение конкретных социальных проблем: построить школу, больницу, дороги, обеспечить малоимущие семьи продуктами, а их детей - школьными наборами. И тогда у жителей автоматически появился бы повод благодарить акимов.

Но этого не происходит, и акимы продолжают тратить наши деньги на свой пиар в СМИ. При этом и акимы, и СМИ хотят, чтобы об этом никто не узнал. Но мы пишем и продолжим рассказывать об этом, чтобы каждый житель мог знать, сколько из его налогов на свой пиар тратит аким. И на какие материалы.

Больше недели назад журналисты обратили внимание министра информации и общественного развития Аиды Балаевой на пиар акимов. Балаева, отвечая на этот вопрос на брифинге в СЦК, пообещала, что с 1 июля 2021 года все СМИ, которые берут у акиматов деньги, должны маркировать пиар-статьи о них соответствующей пометкой "госзаказ". Ras aitamyn ранее не раз указывал на то, что многие СМИ берут деньги у акимата и не отмечают пиар-материалы про акимов, что это госзаказ, тем самым вводят в заблуждение читателей. Мы теперь, как говорится, ловим на слове, и с 1 июля ждем появления маркировки “госзаказ” в имиджевых статьях про деятельность акиматов.

И любопытным стало то, что буквально вчера Sputnik.kz опубликовал интервью с Балаевой, в котором она говорит, что “акимы теперь не будут иметь возможности объявлять конкурсы на тему пиара их личного и их региона. Или, например, снизятся возможности для коррупции – в регионах не смогут выставлять на ГИЗ (госинформзаказ) аффилированные компании”.

Мы не можем утверждать, что после постов Ras aitamyn министр информации обратила внимание на “пиар акимов”, хотя есть совпадение. Зато анонимный канал “Лысина Абаева”, который систематически ворует с нашего канала материалы про пиар акимов, как раз таки утверждает, что именно после их постов Аида Балаева, “ознакомившись с этой темой поближе, в качестве главного информационщика страны решила прикрыть эту подозрительную лавочку”.

Во-первых, уж точно не после украденных у нас постов Балаева обратила на это внимание. Во-вторых, мы все еще сомневаемся, что лавочка для акимов будет прикрыта. Есть инсайд, по которому теперь результаты тендеров на пиар акимов будут разглашать через конверты - будут знать только члены комиссии, акиматы и СМИ, получившие деньги на пиар (в открытом доступе публиковать не планируют).

Кстати, хотелось бы узнать ваше мнение в комментах, дорогие читатели. Ответ также можно дать в сторисе Ras aitamyn в Instagram.

Верите ли министру информации? И готовы ли платить за то, чтобы прочитать новость в СМИ о том, что аким вашего города что-то сказал или что-то поручил сделать.
Балаева әкімдер пиарына тосқауыл қоймақ. Министрге сенесіз бе?

Наурыз айынан бері әкімдер біздің ақшаны ақпарат құралдарындағы пиарға қалай жұмсайтынын жазып жүрміз. Әлбетте, бюджеттің миллиондарын пропагандадан гөрі мектеп, аурухана салу, жол жөндеу, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсаған әлдеқайда тиімді болар еді. Сонда тұрғындар әкімдерге шын мәнінде алғыс айтар еді.

Алайда іс жүзінде бұлай болмай тұр, ал әкімдер бюджет ақшасын ақпарат құралдарындағы пиарға жұмсап жүр. Қызығы, пиарға ақша шашып отырған әкімдер де, ол ақшаны алатын ақпарат құралдары да қалың көпшілік бұл туралы білмесе, естімесе дейді. Алайда жұрт әр әкім өз пиарына қанша ақша жұмсайтынын білу үшін ол туралы жаза бермекпіз.

Жақында журналистер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның назарын әкімдер пиарына аударған. Бұл сұраққа жауап берген Балаева 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімдіктерден тендер алатын барлық ақпарат құралдары пиар-мақалаларға "мемлекеттік тапсырыс" деген белгі қоятынын мәлімдеген. Ras Aitamyn бұған дейін тендер алған ақпарат құралдары пропаганда материалдарына ешқандай белгі қоймайтынын, осылайша оқырманды адастыратынын жазған. Енді Балаева сөзінде тұрып, БАҚ 1 шілдеден бастап әкімдер мен әкімдіктер туралы тендер материалдарына белгі қоятынын-қоймайтынын бақылайтын боламыз.

Қызығы, кеше Sputnik.kz басылымында шыққан сұхбатта Балаева: "әкімдер енді өз пиары үшін конкурс жариялау мүмкіндігінен айырылады. Немесе, мысалы, сыбайлас жемқорлыққа мейлінше тосқауыл қойылады", - деді.

Министр Ras Aitamyn-ның пропаганда жайлы материалдарынан кейін "әкімдер пиарына" назар аударды деп біржолата кесіп айта алмаймыз. Бірақ бізден әкімдер пропагандасы туралы материалдарды ұялмай-қызармай тұрақты түрде ұрлайтын "Лысина Абаева" атты аноним арна Аида Балаева олар шығарған посттардан кейін осы тақырыппен танысып, әкімдер пиарына тосқауыл қоймақ деп көлгірсіді.

Біріншіден, Балаева бұл мәселеге бізден пост ұрлайтын каналдағы жазбалардан кейін назар аудармағаны түсінікті. Екіншіден, әкімдердің майлы шелпегіне тосқауыл қойылады дегенге күмән бар. Бізге жеткен ақпарат бойынша, әкімдіктердің пропагандаға тендері келесі жылдан бастап тек конвертпен жария етіледі. Яғни мемлекеттік сатып алулар сайтында жария етілмейді, тендерді кім ұтқанын комиссия мүшелері, әкімдіктер мен пиарға ақша алған БАҚ білетін болады.

Ал сіз ақпарат министріне сенесіз бе? Сіз тұратын жердің әкімі қандай бір тапсырма берді немесе мәлімдеме жасады деген ақпаратты оқу үшін БАҚ-қа ақша төлеуге дайынсыз ба?
Вакцина салдырған әкім және Nur Otan праймеризі. Атырау облысының әкімі Досмұхамбетовтің пиарына қанша ақша жұмсалды?

Ras Aitamyn Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметовтің қызметін ақпарат құралдарында насихаттауға бюджеттен қанша ақша жұмсалатынына үңілді.

Атырау облысының әкімдігі пропагандаға ақша бөлген бүкіл ақпарат құралын бір мақалада қамту мүмкін емес, оның үстіне оқырман уақытын сарп еткіміз келмейді. Сондықтан әдеттегідей ірі ақпарат құралдарына ғана тоқталамыз.

2020 жылы пандемия басталғалы бері Атырау облысы әкімдігі Nur.kz порталымен 25 млн теңгеге екі келісімшарт жасасты. 14,9 млн теңгеге жасасқан бірінші келісімшарт бойынша, Nur порталы “Ұран” қоғамдық бірлестігінің мүшелері Атырау билігіне алғыс айтқанын жазған. Қызығы, тақырыпта бірлестік аты URAN деп жазылыпты. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Грузиядан келген дәрігерлермен кездесті, Жайық өзенінің жағалауын белсенділермен бірге аралады деген ақпаратқа да ақша төленді.

Махамбет Досмұхамбетов анда-мында барды, ананы, мынаны қарады деген әр ақпарат үшін Nur порталына 375 мың теңге төленді. Мысалы, Махамбет Досмұхамбетов праймеризге қатысушылардың дебатына барды деген бір ақпарат әкімді де, Nur Otan партиясын да насихаттаған. Мына ақпараттар да Досмұхамбетовтің пиары:

Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесті
Атырау облысының әкімі дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорының қоймасына барды
Махамбет Досмұхамбетов Азғыр аймағының мәселелерімен танысты

Аймақтарды аралап, мәселелермен танысып, оларды шешу - әкімнің тікелей міндеті. Сол тікелей міндетін атқарғаны үшін оған бюджеттен ақша төленеді. Одан кейін әкім жұмысын атқарып жатыр деген БАҚ-тағы ақпарат үшін бюджеттен тағы ақша төленеді. Салыстырар болсақ, айталық, сіз тіс дәрігеріне қаралып, тісіңізді емдедіңіз. Ол қызметке ақша төледіңіз. Артынша тіс дәрігері тісіңізді емдеді деген ақпарат үшін сізден тағы ақша алынды. Әкімдіктердің пропагандасы да тура сол сияқты дүние. Ал енді әкімнің істеген жұмысы туралы БАҚ-та шығатын ақпаратқа ақша төлеу қаншалықты қисынды?

Атырау әкімдігі биыл Nur порталымен 9,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Досмұхамбетовтің қызметін көрсеткен ақпараттардың қатарында мыналар бар:

Атырау облысының әкімі ардагерлерді құттықтады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Тіпті әкім Досмұхамбетов коронавирусқа қарсы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын салдырды деген ақпарат үшін де бюджет ақшасы төленді. Сонымен қатар әкімнің “вакцина қауіпті инфекцияны жеңудің жалғыз жолы деген мәлімдемесі үшін де салық төлеушілердің ақшасы төленді.

Nur.kz порталынан бөлек Атырау облысының әкімдігі Zakon порталына әкім қызметін көрсету үшін 13,3 млн теңгенің тендерін берді. Дәл осы мақсатта Tengrinews порталының меншік иесімен 29 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Осы екі сайтта тендер есебінен шыққан ақпараттар Nur.kz-те жарияланған ақпараттарды қайталайды. Кейде тіпті тақырыптар да айна-қатесіз қайталанады. Мысалы, әкім еріктілерге награда табыстағаны туралы мына ақпараттар:

Zakon.kz: В Атырау наградили волонтеров
Nur.kz: В Атырау наградили волонтеров

Немесе әкім Досмұхамбетов модульді инфекциялық ауруханаға барғаны туралы мына ақпараттар:

Tengrinews.kz: В Атырау сдали в эксплуатацию модульную инфекционную больницу на 200 мест
Nur.kz: В Атырау сдали в эксплуатацию модульную инфекционную больницу на 200 мест

Осы материалда аталған үш ақпарат құралымен Атырау облысының әкімдігі барлығы 67 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл порталдар сол ақшаның есебінен әкімдік пен әкім қызметін белсенді көрсетті.
Cколько заплатили жители Атырауской области за вакцинацию акима Досмухамбетова

Сегодня телеграм-канал Ras aitamyn рассказывает о том, сколько тратят на пиар деятельности акима Атырауской области Махамбета Досмухамбетова с начала пандемии.

Если взять все СМИ, то у нас не хватит страниц для описания, а у вас времени и терпения. Поэтому по традиции берем самые крупные республиканские СМИ.

С 2020 года, когда началась пандемия, атырауский облакимат заплатил порталу Nur за пиар деятельности главы региона около 25 млн.тенге. Это два тендера. По первому договору с акиматом на 14,9 млн.тенге Internet Portal Nur написал о том, что члены общественного объединения «Ұран» поблагодарили властей Атырау, притом в заголовке написали URAN. Проплаченными оказались новости о том, что аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов встретился с врачами из Грузии и осмотрел набережную реки Урал.

За каждую новость о том, что Махамбет Досмухамбетов куда-то сходил, что-то осмотрел, местные жители платят 375 тысяч тенге. А проплаченная новость Махамбет Досмухамбетов посетил дебаты участников праймериз пропиарила и акима, и Nur Otan. Пропиарила за деньги жителей Атырауской области.

А вот еще:
Махамбет Досмухамбетов встретился с представителями неправительственных организаций
Аким Атырауской области посетил склад стабилизационного фонда лекарств
Махамбет Досмухамбетов ознакомился с проблемными вопросами Азгирского региона

Как вы знаете, не только ознакамливаться, но и решать проблемные вопросы жителей - обязанность акима области и его подчиненных. Представьте, что вы сходили на прием к стоматологу, и, помимо оплату за услуги, с вас возьмут деньги еще за то, что в СМИ выйдет новость о том, что стоматолог отбелил вам зубы. Готовы за это платить?

В этом году по второму договору на 9,9 млн.тенге. Среди материалов, пиаривших работу Досмухамбетова были такие:
Аким Атырауской области поздравил ветеранов
Аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил с праздником 8 Марта

Жителям Атырауской области пришлось заплатить, чтобы на Nur.kz вышла новость о том, что Досмухамбетов привился от коронавируса российским препаратом "Спутник V". Также дополнительно заплатили за цитату акима о том, что вакцина – единственный способ победить опасную инфекцию.

Кроме Nur.kz, атырауские чиновники договорились с порталом Zakon.kz об освещении деятельности акимата на 13,3 млн.тенге, с собственником портала Tengrinews.kz на 29 млн.тенге.

Во многом новости, выходившие на этих двух сайтах повторяются с теми, что выходили на Nur.kz. Иногда даже заголовки. К примеру:

Zakon.kz: В Атырау наградили волонтеров (речь о том, что аким области наградил их)
Nur.kz: В Атырау наградили волонтеров (речь о том, что аким области наградил их)

Tengrinews.kz: В Атырау сдали в эксплуатацию модульную инфекционную больницу на 200 мест (речь о том, что аким области Махамбет Досмухамбетов посетил этот объект)
Nur.kz: В Атырау сдали в эксплуатацию модульную инфекционную больницу на 200 мест (речь о том, что аким области Махамбет Досмухамбетов посетил этот объект)

Всего только тремя республиканскими СМИ акимат Атырауской области подписал соглашение на 67 млн.тенге из бюджета, на которые, как вы увидели, выходили пиар-статьи о том, какой хороший аким области.

Посты о тратах акима на свой пиар в СМИ в Instagram`e Ras aitamyn.
Сапарбаевтың пиары және “Қордайдағы бейбітшілік пен келісім” туралы ақпараттарға қанша ақша төленді?

Жақында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметінде есеп берді. Бәлкім, сол есеп беру жиынындағы Сапарбаевтың мәлімдемелерін жарыса жазған ақпарат құралдарына ақша төленгенін жыл аяғына қарай білетін шығармыз. Өйткені былтыр орталық коммуникациялар қызметінде өткен Сапарбаевтың брифингінен ақпарат жазған Zakon порталына әкімдік 600 мың теңге төлеген. Zakon Сапарбаевтың газ бен су мәселесін шешуге уәде бергенін, 45 миллиард теңге әлеуметтік көмек қалай жұмсалғаны жайлы есеп беріп, электр энергиясының үштен бірін “жасыл” электр стансалары береді деп мақтанғанын, 10 айдың ішінде облыста 332,6 миллиард теңгеге өнім өндірілді деген мәлімдемесін жазған. Бірақ бұл көрсеткіштер халық тұрмысына қалай әсер ететіні ашылып айтылмады. Сапарбаевтың вакцина өндіретін зауыт қашан ашылатынын айтқан мәлімдемесіне де ақша төленді.

Осылайша әкімдік салық төлеушілердің ақшасын Zakon.kz порталына береді, ал портал Сапарбаевты сүйкімді етіп көрсететін, әкімдікпен алдын ала келісілген жағымды материалдарды жариялайды. Мысалы:

Сапарбаев дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен қатысты тапсырмалардың орындалуын тексерді
Жамбылдықтардың медқызметкерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шағымы бойынша жиналыс өткізді
Шу ауданының ауылдарын аралады
Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады
Өнеркәсіп және кәсіпкерлік нысандарын аралады

Пандемия басталғалы әкімдік Zakon.kz порталымен 27,8 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Ал тағы бір ірі портал Tengrinews.kz-пен Жамбыл облысының әкімдігі пандемия басталғалы 15,8 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Сапарбаев интеллигенция өкілдерімен кездесті, жастарды әртүрлі саладағы жетістіктері үшін марапаттады, Таразда баспана кезегінде тұрғандарға пәтер кілтін табыс етті, Biz birgemiz монументі мен ауылдарда ойын алаңдарын ашты, сонымен қатар Талас ауданындағы Қасқабұлақ ауылына барды деген материалдар үшін Tengrinews-ке салық төлеушілердің ақшасы төленді.

Облыс әкімі қызметін насихаттайтын материалдар ақпарат құралында әр айда бірнеше мәрте жарық көрген. Мысалы, тамыз айында Сапарбаевтың бастама көтерген соң үй құрылысын асарлатып жүргізу дәстүрі жалғасын тапты деген ақпарат шықса, одан бұрынырақ, шілде айында облыс басшысы COVID-19-бен ауырғандарға арналған реабилитация орталығына барды және Сапарбаевпен келісім бойынша, Татарстан президенті медицина қызметкерлерінің Қазаннан Таразға көшіп келуін ұйымдастырды

Tengrinews-ке шыққан әр ақпаратқа әкімдік 363 мың теңге төледі.

Пандемия басталғалы Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік органдардың қызметін көрсету үшін Nur.kz порталымен 16 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бірақ материалдарға қарағанда, тағы да Сапарбаевтың пиары көптеп шыққан. Мысалы, “Бизнеске арналған үкімет” фронт-офисі Жамбыл облысында ашылды. Іс-шараға Бердібек Сапарбаев қатысты.

Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасындағы қанды қақтығыстан кейін Жамбыл облысының әкімдігі “Қордайда бәрі тату-тәтті тұрып жатыр, мұның барлығы жергілікті атқарушы органның арқасы” дегендей ақпарат үшін ақша төлеген.


Nur.kz: Ақпан айындағы оқиғадан кейін Қордай ауданындағы өмір қалай өзгерді (12 қараша).
Tengrinews.kz: Ақпан айындағы оқиғадан кейін Қордай ауданындағы өмір қалай өзгерді (12 қараша)


Zakon.kz: Ақпан айындағы оқиғадан кейін Қордайдағы өмір қалай өзгерді (12 қараша)

Zakon порталында тура осы тақырыпта “Бейбітшілік пен келісім болсын - Жамбыл облысында жоба басталды” деген ақпарат жарық көрген.

Мұндай бір ақпарат үшін Nur-ға 166 мың, Tengrinews-ке 363 мың, ал Zakon-ға 100 мың теңге төленді.

“Қордай ауданындағы бейбітшілік пен келісім” және “қордайлықтардың өмірін жақсартатын іс-шаралар” жайлы материалдар үшін әкімдік тек осы үш порталға 3 млн теңгеден астам сома төледі. Ал 2020 жылдан бері осы үш ақпарат құралымен әкімдік 60 млн теңгеге келісімшарт жасасты (биыл 27 млн теңге).
Как жамбылцы платили за пиар Сапарбаева и отчеты акимата “о мире и развитии в Кордайском районе”

Недавно в СЦК отчитывался аким Жамбылской области Бердибек Сапарбаев. Возможно, в конце года узнаем, что каждая цитата акима, растиражированная потом в СМИ, стоила жамбылцам денег. Так было в конце прошлого года. Тогда акимат заплатил только одному Zakon.kz 600 тысяч тенге за выступление Сапарбаева в СЦК, где он обещал жителям решить проблемы газа, воды, отчитался, что направили на соцпомощь 45 млрд.тенге и похвастался, что треть электроэнергии теперь будут давать "зеленые" электростанции, а за 10 месяцев в области произвели продукции на сумму 332,6 млрд. тенге. Правда, что именно жители получили от этих цифр, не уточняется. Платным оказалось и сообщение Сапарбаева о том, когда откроют завод по изготовлению вакцин.

Выглядит все просто: акимат отдает деньги жителей Zakon.kz, а тот в свою очередь публикует согласованные тексты, показывающие Бердибека Сапарбаева в положительном ключе. К примеру, Сапарбаев отреагировал на жалобу родителей, вручил ключи от квартир 80 очередникам, обсуждал с послом Нидерландов вопрос строительства завода по производству картофеля фри.

За какие еще действия Сапарбаева акимат платил Zakon.kz:
- провел совещание по жалобам жамбылцев на медиков и дефицит лекарств
- посетил аулы Чуйского района
- поздравил воспитанников детского дома
- посетил промышленные объекты и предприятия

Всего с начала пандемии с Zakon.kz акимат заключил соглашение на 27,8 млн.тенге на освещение подобных новостей.

С еще одним крупнейшим республиканским порталом Tengrinews.kz жамбылские чиновники заключили договоры на 15,8 млн.тенге с начала пандемии.

С налогов жамбылцев акимат заплатил за новости о том, что Бердибек Сапарбаев встретился с представителями творческой интеллигенции, наградил молодежь за успехи в разных сферах, а также вручил в Таразе очередникам ключи от новых квартир, открывал монумент Biz birgemiz и игровые площадки в селах, а также с рабочим визитом посетил село Каскабулак Таласского района.

Материалы, которые пиарят работу акима области, выходили в СМИ каждый месяц. К примеру, в августе по призыву Сапарбаева в Жамбылской области нашла свое продолжение древняя традиция асар для строительства домов. А чуть ранее, в июле, глава региона посетил новый центр реабилитации для переболевших COVID-19 и по договоренности Сапарбаева с президентом Татарстана организован приезд медиков из Казани в Тараз.

"Жамбылские предприниматели собрали 338 миллионов тенге”, чтобы помощь в лечении заразившихся ковидом. Судя по тексту, это оказалось возможным благодаря инициативе акима Сапарбаева.

Облакимат платил также за сообщение о визите Аскара Мамина в регион, в котором говорится, что “за 5 месяцев 2020 года экономика региона Жамбылской области демонстрирует стабильный рост”.

С начала пандемии акимат договорился и с порталом Nur.kz на 16 млн.тенге на размещение информационных материалов о деятельности госорганов. Но по факту, судя по опубликованным материалам - снова вышел пиар Сапарбаева.
Пример такой новости: Фронт-офис “Правительство для бизнеса” открылся в Жамбылской области. Мероприятие прошло с участием главы региона Бердибека Сапарбаева.

После кровавого конфликта между казахами и дунганами жамбылский облакимат платил нескольким СМИ за новости о том, что в Кордайском районе “все живут в мире и согласии” и что все это “благодаря местным исполнительным органам”.

Таких новостей у трех СМИ немало:

Nur.kz: Как изменилась жизнь в Кордайском районе после февральских событий (12 ноября).
Tengrinews.kz: Как изменилась жизнь в Кордайском районе после февральских событий (12 ноября)

Стоимость такой новости у Nur.kz 166 К, у Тенгри - 363 К, у Zakon.kz - 100 К.
За все эти материалы про “мир и согласие в Кордайском районе” и о “мероприятиях по улучшению жизни кордайцев” в 2020 году акимат заплатил более 3 млн.тенге. Только трем СМИ. С этими СМИ с 2020 года акимат заключил договоры на 60 млн.тенге.
Шөкеевтің пиары мен Назарбаевтың қола ескерткіші туралы ақпаратқа қанша ақша төленді?

Ras Aitamyn бұл жолы Түркістан облысы әкімдігінің пропагандасына үңілді.

Былтыр пандемия басталғанда Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы Tengrinews порталымен 12,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Tengrinews бұл тендер есебінен былтыр сәуірде облыс әкімдігі індетке дайындалып, аудандық, қалалық ауруханаларға ИВЛ аппараттары сатып алынғанын жазды. Бірақ індет өршігенде облыс ауруханаларындағы ИВЛ сапасыз болып шықты, науқастардың туыстары сапалы ИВЛ іздеп кеткенін тәуелсіз ақпарат құралдары жазды.

Ал індеттің шарықтау шегінде дәрі-дәрмек тапшы болғанда Tengrinews Шөкеевтің Өзбекстаннан 500 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды деген мәлімдемесін берді.

Түркістан облысындағы коронавирус құрбандарын аза тұту күнін де портал Шөкеевтің пиарына айналдырып жіберген. Tengrinews Шөкеев пен шенеуніктердің облыс әкімдігі алдында коронавирус құрбандарын аза тұтып, бір минут үнсіздік жариялаған іс-шарасы туралы жазды.

Дәл осы күні Түркістан облысы тубдиспансерінің дәрігерлері көшеде қаз-қатар тізіліп, еске алу акциясын өткізгені естеріңізде ме? Мұның арты дауға айналып, әлемжелідегі жұрт жұмыста жүрген дәрігерлерді көшеге тізіп қойғандарды сынаған. Tengrinews сол күні облыстық тубдиспансер бас дәрігерінің “пандемиядан көз жұмған дәрігерлердің рухына тағзым ету - әріптестік парызымыз” деп ақталған мәлімдемесін берді. Tengrinews-те шыққан әр ақпаратқа 393 мың теңге төленді.

Пандемия басталғалы Түркістан облысы әкімдігі Tengrinews-тің меншік иесімен 51,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Биыл наурызда Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен 15 млн теңгеге келісімшарт жасасқан Zakon.kz порталы Шөкеевтің мәлімдемелері мен қызметін белсенді көрсетіп жатыр. Мысалы, Шөкеев Түркістанның қандай бағытта дамып жатқанын айтқан ақпаратқа 126 мың теңге төленді. Ал қаңтар айында жасасқан 2,6 млн теңгенің келісімшарты бойынша, Zakon порталында шыққан екі ақпараттың бірі Шөкеевті насихаттайды. Әр ақпаратқа 100 мың теңге төленді.

Шөкеев бірқатар аудан әкімінің жұмысын сынады
Шөкеев кәсіпкерлерге кепілсіз несиені қалай алуға болатынын айтты
Шөкеев: Жол картасы ең өзекті мәселелерді шешеді
Шөкеев Түркістандағы құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды

Zakon.kz 39 миллион еуроға салынған “Түркістан-арена” стадионы UEFA талаптарына сай сертификациядан өтті деп стадионның жарысқа дайын екенін жазған. Бірақ арада бір айдан соң ел чемпионатының алғашқы ойынында жауған нөсер жаңбырдан стадион шалшыққа айналып, футболшылар су кешіп жүрді.

Шөкеевтің халыққа есеп беру жиынынан портал әкімнің бірнеше мәлімдемесін беріп, онлайн есеп беруді 50 мың адам тамашалағанын жазған. Осылайша, түркістандықтар әкімнің есеп беру жиыны туралы ақпараттар үшін Zakon порталына 400 мың теңге төледі.

Пандемия басталғалы Түркістан облысы әкімдігі Zakon порталымен 24,7 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Ал Nur.kz порталымен әкімдік пандемия басынан бері 15,6 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Былтыр пандемия кезінде берілген 5,7 млн теңгенің тендері бойынша Nur.kz облыстың пандемияға дайындығын белсенді көрсетті. Әлбетте, ақпараттың бел ортасында Шөкеев жүрді. Мысалы, Шөкеев пандемиямен күреске 2,5 миллиард теңге бөлінгенін айтса, індет өршігенде дәрі-дәрмек сатып алынғанын мәлімдеген. Тіпті коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына өтемақы беріледі деген әкімнің мәлімдемесі үшін порталға ақша төленді. Әр ақпарат үшін порталға 190 мың теңге берілген.

Жақында Түркістанда Назарбаевқа ескерткіш қою бастамасы көтеріліп, желіде мүсіннің суреті тараған. Осы шу көтеріліп жатқан кезде Informburo.kz порталы сол суреттегі елбасына мүсінді қоладан дайындатқан кәсіпкер Болатбек Әлиевтің пікірін берген. Мүсін қазір дайын екенін айтқан кәсіпкер қоғам мен әкімнен оны тұрғызуға рұқсат сұрады. Осы ақпарат үшін Түркістан облысы әкімдігі Informburo порталына 156 мың теңге төледі. Сарапшылар елбасының ескерткіші Түркістанда 6 шілде күні ашылады деп жатыр. Пандемия басталғалы Informburo порталының меншік иесімен әкімдік 15,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты.
Сколько стоит пиар Шукеева и инфа о памятнике Назарбаеву

Ras Aitamyn в этот раз изучил траты акимата Түркестанской области на пропаганду во время пандемии.

Туркестанские чиновники заплатили за новости о готовности региона против коронавируса, отметив, что в районные и городские больницы закуплены аппараты ИВЛ, по договору на 12,9 млн тенге с порталом Tengrinews.kz. Однако во время пика эпидемии летом туркестанские пациенты сетовали, что ИВЛ оказались некачественными и "сами привезли качественный аппарат".

В июле, в самый пик эпидемии туркестанский облакимат заплатил не только за покупку лекарств в Узбекистане, но и за публикацию новости об этой покупке.

Даже траурное мероприятие с почтением памяти жертв ковида, в Туркестанской области превратился пиар акима области Умирзака Шукеева.

Помните прошлым летом врачи в Туркестане выстроились вдоль дороги, чтобы почтить память погибших коллег? Этот флешмоб в обществе посчитали неуместным, так как врачей отвлекали от работы в столь тяжёлое время. Это были врачи областного тубдиспансера
В тот же день Tengrinews опубликовал объяснение главврача тубдиспансера о том, что “это был долг перед коллегами”. За это объяснение акимат заплатил 393 тыс.тенге.

Всего с начала пандемии акимат Түркестанской области заключил соглашения с собственником Tengrinews на 51,9 млн тенге.

А в этом году в марте облакимат договорился с порталом Zakon.kz на 15 млн тенге об освещении деятельности акимата. Платить эти 15 млн, как вы поняли, придется жителям. За информацию о том, чтО сказал Шукеев про развитие региона, выплатили 126 тысяч тенге.

Кроме этого, за деньги жителей на Zakon.kz с пиаром акима области.

Шукеев подверг критике работу акимов ряда районов
Шукеев рассказал предпринимателям, как получить беззалоговый кредит
Шукеев: Дорожная карта решит самые актуальные проблемы
Шукеев поручил усилить темпы строительства в Туркестане

Также Zakon.kz опубликовал новость (позже выяснилось, что платную) о том, что “Түркістан-арена” соответствует нормам UEFA и прошел сертификацию. Однако вся страна смеялась, когда матч первого тура чемпионата Казахстана между местным “Тураном” и столичной “Астаной поле превратился в водное поло.

Кроме того, туркестанским налогоплательщикам пришлось заплатить около 400 тысяч тенге, чтобы СМИ опубликовали выступление акима в СЦК. Среди проплаченных новостей сообщение о том, что "Онлайн-встречу Шуеева в прямом эфире посмотрели около 50 тыс.человек". Всего с начала пандемии акимат Туркестанской области заключил с собственником Zakon.kz договоры на 24,7 млн тенге.

Также с начала пандемии у туркестанского облакимата договоры c Nur.kz на 15,6 млн тенге. Не обошлось и без пиара Шукеева. Например, платные для бюджета цитаты Шукеева о выделении 2,5 млрд тенге на борьбу с пандемией и о закупке лекарств.

Акимат заплатил даже за цитату акима о том, что выплатят компенсации родственникам медиков, умерших при выполнении своего долга.
Каждая такая новость - 190 тыс.тенге.

Недавно в соцсетях активно обсуждали инициативу установить скульптуру из бронзы экс-президенту Назарбаеву в Туркестане. Портал Informburo.kz приводил мнение предпринимателя Болатбека Алиева, заказчика этой скульптуры. Предприниматель заявил, что скульптура готова и попросил разрешения у общества и акима на ее возведение. За эту новость Туркестанский облакимат заплатил Informburo 156 тыс. тенге. А с начала пандемии у акимата договоры с Informburo на 15,9 млн тенге.
Қазақстандағы Ресей басылымына берілген тендер және Амандық Баталовқа жасалған пиар

Бүгін Ras Aitamyn Алматы облысының әкімдігі әкім Амандық Баталовтың пиарына қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Әрбір әкімдік ең көп сомадағы тендерді өзіне қарасты ақпарат құралына беретіні белгілі. Алматы облысының әкімдігі де ең көп сомадағы тендерді облыстық “Жетісу” арнасына берген. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы 2020 жылдан бері “Жетісу” телеарнасымен 1 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасты.

Әкімдік республикалық басылымдарға да үлкен сомадағы тендерлерді береді. Мысалы, биыл наурызда “Время” басылымымен 20 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаға жазылған материалдардың арасында облыс әкімі Амандық Баталовтың қызметін насихаттайтын мақалалар бар.

Мысалы, Баталов Жеңіс күні Талдықорғандағы ардагерлерді құттықтап, оларға сыйлықтар тапсырғаны туралы материалға 330 мың теңге төленді. Алматы облысында екі қант жұмысының зауытын қалпына келтіру туралы Баталовтың мәлімдемесі бір жағынан әкімді, екінші жағынан Nur Otan бағдарламасын насихаттайды (170 мың теңге). Талдықорғанда көпбалалы аналар жұмыс істейтін тігін цехы ашылғаны туралы материалдың (160 мың теңге) ішіне де Баталовты қыстырып жіберген. “Время” басылымы “митингілер мен наразылыққа былтыр шыққан көпбалалы аналар жұмыс орындарын ашуды сұрады, Баталов тапсырмасымен тігін цехы ашылды” дейді.

Былтыр қарашада әкімдік Nur.kz порталымен 12,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Портал Баталов пен жергілікті шенеуніктердің жұмысын белсенді насихаттады. Nur.kz тіпті Баталовтың құттықтаулары мен марапат тапсыруын үзбей беріп отырған. Мысалы, Баталовты жетісулықтарды бірінші президент күнімен құттықтағаны үшін салық төлеушілер 400 мың теңге төлесе, бірінші президент күніне орай өткен іс-шарада жастарды құттықтап, “Көшбасшы-2020” сыйлығын табыстағаны туралы ақпаратқа 652 мың теңге төленді.

Ал тәуелсіздік күніне орай облыс әкімінің салтанатты шарада 70 жетісулыққа мемлекеттік награда тапсырғаны жайлы ақпаратқа облыс тұрғындары 388 мың теңге төлеген.

Баталов анда-мында барды, мынаумен кездесті, түген нысанды ашты деген ақпараттарға да ақша төленді. Мысалы:

Әкім әртүрлі саладағы еңбек сіңірген қайраткерлермен кездесті (400 мың теңге)
Әкім екі жатақхананы ашты (589 мың теңге)
Баталов 100 төсек орны бар перзентхананы ашты (348 мың теңге)
Баталов екі автомобиль көпірін ашты (338 мың теңге)

Nur.kz порталы Баталовтың орынбасары Рустам Әлиді де белсенді насихаттаған. Мысалы, Рустам Әли «Jer Jannaty Jetisy» байқауының жеңімпаздарына 500 мың теңге табыстағаны туралы ақпарат үшін 405 мың теңге төленді.

Р.Әли Алматы облысындағы визит-орталықтың ашылу салтанатына қатысып сөз сөйлегені туралы ақпаратқа да ақша төленді (323 мың теңге).

Алматы облысының шенеуніктері түрлі марапат тапсырып, жұртты құттықтағанды жақсы көретіндей. Рустам Әлидің журналистерге облыс әкімінің “Самғау 2020” сыйлығын тапсырғанын білу үшін тұрғындар 541 мың теңге төлеген.

Пандемия басталғалы Алматы облысының әкімдігі Nur.kz порталымен 39,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Қызығы, Алматы облысының әкімдігі жергілікті және республикалық БАҚ-қа ғана емес, Қазақстандағы ресейлік “Комсомольская правда в Казахстане” басылымына да тендер берген. Былтыр әкімдік пен бұл басылым 2 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаның есебінен “Комсомольская правда в Казахстане” еріктілер, облыстағы ардагерлер ұйымы, облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы туралы жазған.

Алматы облысының әкімдігі өз қызметін республикалық арналарда көрсету үшін “Хабар” агенттігімен биыл сәуірде 10,8 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Баталов орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингтен 1,5 минуттық орысша және 1,5 минуттық қазақша сюжет үшін “Хабарға” 900 мың теңге төленді. 9 мамыр күні Баталовтың ардагерлермен кездескені туралы 3 минуттық орысша-қазақша сюжет пен әкім бастамасымен көпбалалы әйелдерге арналған тігін цехының ашылғаны туралы сюжеттерге де тура сонша ақша берілді.

Пандемия басталғалы облыс әкімдігі “Хабар” арнасымен 15,8 миллион теңгеге келісімшарт жасасты.
“Получите что хотели” Как пиарят Амандыка Баталова в Алматинской области

Исследуя траты чиновников на госзакупки, Ras Aitamyn пришел к выводу, что каждый акимат самый большой по сумме тендер дает подотчетному себе СМИ.
Акимат Алматинской области исключением не стал. Самый большой кусок тендерного пирога отдали областному телеканалу “Жетысу”. Достаточно взять один только промежуток времени - с февраля 2020 года и увидим, что облакимат заключил договоры с “Жетысу” более, чем на 1 миллиард теңге.

Акимат отдал тендер на крупные суммы и республиканским СМИ. К примеру, в марте этого года с газетой “Время” заключил договор на 20 млн.тенге. На эти деньги на страницах газеты выходили статьи, показывающие работу акима Алматинской области Амандыка Баталова в позитивном ключе. Например, за 330 тысяч тенге газета написала, что Баталов поздравил ветеранов ВОВ и вручил им подарки.

Новость за 170 тысяч тенге о планах возродить два сахарных завода пропиарила Баталова и программу Nur Otanа. Баталова пропиарили даже в материале об открытии швейного цеха для многодетных матерей (160 тыс.тенге). Запуск нового предприятия стал наглядным результатом встречи акима Алматинской области Амандыка Баталова с представителями самого уязвимого слоя общества, говорится в статье с заголовком “Получите что хотели”. Также в тексте говорится, что “в прошлом году многодетные матери неоднократно были участниками митингов и протестов”.

Хорошо писали про Баталова и интернет-порталы, получающие госзаказ. Вот Nur.kz, с которым у облакимата договор на 12,9 млн тенге, написал (за 357 тыс.тенге), что при поддержке акима Алматинской области наградили победителей конкурса среди Домов культур, музеев и библиотек «Ауылым-алтын бесігім».
Новость о том, что Баталов поздравил жителей региона с днем первого президента обошлась этим самым жителям в 400 тысяч тенге. К слову, такая же новость с таким же текстом выходила в тот день выходила и на Тенгри, Законе.

На этом платные поздравления не заканчиваются. Новость о том, что молодежь Алматинской области поздравила первого президента, а Баталов вручил ежегодную молодежную премию акима области «Көшбасшы — 2020» обошлась бюджету в 652 тысяч тенге.
Таким образом только одному Nur.kz, чтобы поздравить экс-президента Казахстана облакимату пришлось заплатить больше миллиона тенге.


В канун Дня Независимости Баталов вручил 70 семиреченцам госнаграду. Эта новость обошлась жителям в 388 тыс.тенге.

Вот за что еще акимат Алматинской области платил за новости про Баталова:

Аким встретился с заслуженными деятелями разных сфер (400 К тенге)
Аким области открыл 2 общежития (589 К)
Баталов открыл роддом в селе Узынагаш (348 К)
Баталов открыл два автомобильных моста (338 К)

Nur.kz активно пиарил и заместителя Баталова Рустама Али. Например, за информацию о том, что Рустам Али вручил 500 тысяч тенге победителям конкурса Jer Jannaty Jetisy акимат заплатил 405 тыс. тенге.

С начала пандемии акимат Алматинской области заключил с Nur.kz договор на 39,9 млн.тенге.

Акимат Алматы области давал тендер и филиалу российского СМИ, газете “Комсомольская правда в Казахстане” на 2 млн.тенге.

Намного больше акимат готов заплатить “Хабару” - 10,8 млн.тенге. Трехминутный сюжет о выступлении Баталова в службе центральных коммуникаций (где дают брифинги министры, акимы) обошелся налогоплательщикам в 900 тыс.тенге. Такую же сумму “Хабару” заплатили за сюжет о встрече 9 мая Баталова с ветеранами ВОВ и другие инфоповоды, за которые, к слову, платили газете “Время” (в тексте выше).

Всего с начала пандемии у акимата области и “Хабара” контракты на 15,8 млн.тенге.

Посты о тратах акиматов также на Ras aitamyn в Instagram.
Журналист пен құқық қорғаушы билік телефондарын аңдығанына таңғалмайды

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP – Organized crime and corruption reporting project – Босния астанасы Сараево қаласында орналасқан зерттеуші журналистер мен медиа орталықтардың халықаралық желісі) Қазақстан билігі Израильдегі NSO Group компаниясы жасап шығарған Pegasus бағдарламасының көмегімен аңдыған журналистер мен белсенділердің тізімін жария етті.

OCCRP-дің жазуынша, Қазақстан билігі осы бағдарлама арқылы ұзын саны 2 мыңға жуық телефон нөмірін аңдыған, олардың басым көпшілігі Қазақстандағы бизнес және саяси элита өкілдері. "Олардың арасында Назарбаевтың ықтимал серіктері мен қарсыластары бар", - дейді OCCRP.

Ашық деректерге қарағанда, Pegasus бір мезетте 50 телефон аңди алады. Pegasus лицензиясы жылына 7-8 миллион доллар тұрады. 2016 жылы NSO Group бір клиенттен 10 құрылғыға вирус жіберу үшін 650 мың доллар, ал бағдарламаны орнату үшін 500 мың доллар сұратқан деген дерек бар.

Әзірге OCCRP Pegasus бағдарламасы арқылы Қазақстан билігі аңдыған бес адамның тізімін жариялады. Олар:

Серікжан Мәулетбай – Informburo ақпараттық порталының тілшісі, "БЕСсимптомно" Telegram-арнасының авторы;

Бигелді Ғабдуллин – ПЕН-клубтың басшысы, Central Asia Monitor басылымының бұрынғы бас редакторы, 2017 жылы "бопсалау" бабымен сотталған;

Бақытжан Төреғожина – "Ар.Рух.Хақ" құқық қорғау ұйымының жетекшісі.

Тізімде бұдан бөлек Квентин Гиймен мен Мартин Уиллоумның аттары аталады. Екеуінің де қашқындағы банкир Әблязовке қатысы бар. Квентин Гиймен Латын Америкасына көмек көрсететін ұйым қызметкері. Ал Мартин Уиллоум Франциядағы Génération Ecologie саяси партиясының вице-президенті.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қазақстан билігі Pegasus арқылы аңдитын тізімге енгеніне еш таңғалмағанын, телефоны тыңдалып, әлеуметтік желідегі аккаунттары бақыланатынын бұрыннан сезетінін айтты.

"Бірақ мені Pegasus пен өзге шетелдік компаниялардың қосымшалары арқылы тыңдайды деп ойламадым. Дегенмен тыңдайтынын білдім. Өйткені телефоным қызып кетеді, телефонмен сөйлесіп жатқанда, қоңырау аяқтасты үзіліп кетеді, бірде дауыс естілмей қалады", - дейді Төреғожина.

Бақытжан Төреғожина саяси тұтқындарға қолдау көрсетіп, бейбіт жиындар өткізу құқығын қорғаумен айналысады.

"Бәлкім, біздің қандай саяси-азаматтық істерді жүргізіп жатқанымызды білгісі келетін шығар. Бірақ оның бәрі ашық, өзім жүргізетін істердің бәрін әлеуметтік желіде ашық жариялаймын", - дейді Төреғожина.

Журналист Серікжан Мәулетбай да билік Pegasus арқылы аңдитын тізімге енгені күтпеген оқиға болмағанын, телефоны тыңдалатынын бұған дейін топшылағанын жеткізді. Серікжан Мәулетбай түрлі сот процестерінен репортаждар жазады, ал ол жүргізетін"БЕСсимптомно" Telegram-арнасы елдегі саяси-әлеуметтік оқиғалар, оның ішінде митинг пен наразылық акцилары жайлы хабар таратады.

"Мұндай деңгейдегі зерттеудің жарияланғаны Қазақстан билігі халықаралық келісімдер мен адам құқықтарын бұзатынын дәлелдейді. Сот процестерінен белсенді түрде мақалалар жазатындықтан, соттар мән бере бермейтін ел ішіндегі заңдар жиі бұзылатынын байқаймын. Сондықтан таңғалмаймын (Pegasus арқылы аңдитын тізімге кіргеніне). Жасыратын түгім жоқ, заңға қарсы ешқандай әрекет жасап жатқаным жоқ", - дейді Серікжан Мәулетбай.

Серікжан Мәулетбай биыл өткен парламент сайлауынан хабар таратып, орталық сайлау комиссиясының бақылаушылар жұмысын шектегенін сынап жазған, ол шенеуніктердің қолайына жақпайтын сұрақтарды жиі қояды.

Журналист телефон нөмірін де, ұялы телефон құрылғысын да ауыстырмайтынын, өйткені жоғары жақ қаласа, жаңа смартфон мен нөмірге тыңдау құрылғысын орната алатынын айтты.

Серікжан Мәулетбай журналистік қоғам тілшілердің ізін аңду туралы ақпаратқа реакция танытып, биліктен журналистерді не себепті аңдитыны жайлы жауапты талап етуі керек дейді. Журналистің өзі ертең үкімет пен Ақордаға ресми сауал жолдап, бұл жағдайды түсіндіруді талап ететінін жеткізді.
Выяснить, кто прослушивал. Что намерены делать журналист и правозащитник, оказавшиеся в списке Pegasus

Центр по исследованию коррупции и организованной преступности (OCCRP) опубликовал имена некоторых журналистов и общественников, чьи телефоны могли быть взломаны с помощью шпионской программы Pegasus, которая может вторгаться в телефоны через обычные сообщения и обновления программного обеспечения, после чего получает доступ к личным данным, в том числе и к перепискам.

К этому дню OCCRP обнародовал 5 имен. Среди них журналист портала Информбюро, автор телеграм-канала “БЕСсимптомно” Серикжан Маулетбай. В комментарии Ras aitamyn он отметил, что для него “эта новость не стала неожиданностью”.

“Я предполагал, что меня прослушивают. И появление расследования на таком уровне доказывает тот факт, что власти Казахстана всячески нарушают международные договоренности, права человека. Я активно пишу статьи с судебных процессов и вижу постоянные нарушения даже внутренних законов, на которые суды не реагируют. Поэтому я не удивлён. Мне скрывать нечего, я ничего противозаконного не делаю”, - говорит Маулетбай.

Серикжан Маулетбай - один из немногих журналистов, которые освещали прошедшие в январе этого года парламентские выборы. В своих статьях подчеркивал о незаконности постановления ЦИКа об ограничении работы наблюдателей. Взамен председатель ЦИКа Берик Имашев, о котором Ras aitamyn писал тогда, посвятил Маулетбаю 20-минутную речь о том, что он якобы не прав в своих статьях.

Серикжан задавал неудобные вопросы чиновникам и активно выступал за изменения законов, регулирующие работу журналистов, чтобы госорганы стали более открытыми.

“Я не раз слышал, как я неудобен многим госорганам. Телефон не планирую менять: ни номер, ни сам аппарат. Не вижу смысла. Если я им интересен, они поставят прослушку и на новый номер и смартфон. Да, я часто замечаю, что телефон садится быстро. Но утверждать, что это из-за слежки не могу. Я считаю, что журналистское сообщество должно отреагировать на сообщения о слежке и требовать ответа от властей почему они шпионят за нами. Завтра я напишу запрос в правительство и в Акорду и потребую объяснений”, - заявляет журналист.

В свою очередь правозащитница Бахытжан Торегожина говорит, что “не думала, что Pegasus или другие иностранные компании прослушивают”, но подчеркивает, что “всегда знала, что прослушивают” её.

“У меня без конца прерывается связь. То слышно, то не слышно. Нагревается телефоны. И это продолжается уже 20 лет. И я всегда знала, что меня прослушивают, прослеживают, потом я находила у себя в офисе два раза прослушивающее устройство. Потом мы находили прослушки, когда мы работали с делом Искандера Еримбетова. И поэтому то, что мой телефон прослушивается, это для меня совершенно не секрет. Я в этом несколько раз убеждалась, потому что я раньше сильно занималась активизмом. И когда телефон был со мной, и буквально через минуту-две за мной приезжала полиция, и было понятно, что меня отслеживают по телефону, - вспоминает Торегожина.
Торегожина связывает возможную прослушку ее телефона со своей правозащитной деятельностью. Она продвигает право на мирное собрание и оказывает поддержку политическим заключенным.

Правозащитница добавила, что пока не думала о своих дальнейших действиях после обнаружения себя в списке Pegasus, но “прочитала, что Вячеслав Абрамов (создатель издания Vlast.kz и Тамара Калеева (глава Adilsoz), так как они прессозащитники, с их стороны будут какие-то инициативы продвигать эти кейсы”.

“Я не против этого. Выяснить, кто прослушивал, на каком основании, есть ли судебное разрешение, есть ли постановление КНБ. То есть если они будут продвигать, я согласна, чтобы они продвигали и мой кейс. С моей стороны, я еще не думала, буду я заниматься этим или нет. Но с другой стороны, конечно, я бы хотела избавиться от этого вируса, если это как вирус действует. Я уже поспрашивала, возможно, новый телефон, либо новый номер надо купить, либо перезагрузить всю систему в телефоне, - размышляет Торегожина.

Правозащитница полагает, что “прослушивают только телефон
Сколько платил акимат Даниала Ахметова ZTB и другим пабликам за опровержения

Ras aitamyn все это время рассказывал, каким СМИ, сколько и за что платят акиматы, чтобы пропиарить главу региона. Сегодня расскажем, сколько акимат ВКО потратил известным пабликам в Instagram за посты.

К примеру, недавно акимат ВКО заключил с подотчетным "Шығыс ақпарат" контракт на 60 млн.тенге, чтобы показать свою деятельность в соцсетях.

"Шығыс ақпарату" подчиняются областные газеты “Дидар”, Рудный Алтай”, типография, а также региональная служба коммуникаций, где проходят брифинги.

К этому дню из 60 млн.тенге "Шығыс ақпарат" освоил 27,8 млн.тенге.

На эти деньги опубликованы 4 поста в крупнейшем паблике ZTB Qazaqstan в Vkontakte с миллионной аудиторией. В двух постах позитивно рассказывается о работе акима ВКО Даниала Ахметова. Например, в первом посте говорится, как Ахметов посетил открытие центра ядерной медицины и онкологии в Семее. А во втором посте рассказывается, как Ахметов провел совещание по развитию туризма и сообщил, что в Алаколь будут летать большие самолеты Embraer.

Также на эти деньги акимат ВКО разместил 10 видеороликов в инстапаблике Kazakh Inform с аудиторий в 979 тысяч подписчиков. За каждый пост платили по 45 тысяч тенге. Некоторые посты пиарили деятельность Даниала Ахметова. Были и посты, которые опровергали заявления соучредителя Semey Bus Серикжана Айкельева, заявившего, что со стороны местных властей оказывается давление.


Если помните, Айкельев обвинил акимат области в отказе давать субсидии. В свою очередь акимат заявил, что “руководство компании управляет неэффективно”. 51 процент доли Semey bus принадлежит предпринимателю Айкельеву, 49 - акимату.
18 июня состоялся суд, на котором принято решение о том, что Фонд развития промышленности изымает 170 автобусов у автопарка. 22 июня, водители Semey Bus в очередной раз не вышли на маршрутную линию и устроили крупную забастовку. Они продолжили требовать от властей перечисления пенсионных взносов и попытались привлечь внимание общественности к проблемам предприятия, требуя субсидий. Создался коллапс. В итоге акимат расторг договор с компанией Semey bus и заключил с другой компанией.

Акимат ВКО на странице Kazak_inform разместил видеосюжет, в котором говорится, что из-за того, что водители автобусов не вышли на работу “заложниками ситуации оказались обычные граждане”. Также рассказывается о том, что на смену Semey bus пришли старые автобусы "Семавтопарк", и водители Semey bus могут перейти в эту компанию, заверив, что “никто не останется без работы”. За видеосюжет о том, что заработали автобусы "Семавтопарка" вместо Semey bus`a, подвергшемуся дефолту.

Серикжан Айкельев арендовал зал и хотел показать фильм, “разоблачающий приближенную к акиму касту бизнесменов”. Но перед самым показом в зал ворвались герои фильма и произошел скандал, в результате чего показ фильма сорвался. За сюжет об этом инциденте акимат заплатил Kazak_inform. В сюжете нет позиции второй
стороны.

Акимат ВКО заплатил 45 тысяч тенге паблику Kazak_inform за еще один сюжет - о пресс-конференции директора компании “Фирма Азии”, который опровергает обвинения, прозвучавшего в том фильме, показ которого не состоялся.

Некоторые предприниматели даже приехали в Алматы, чтобы опровергнуть обвинения Айкельева и провели пресс-конференцию об “информационной войне”. В паблике Kazak_inform появилось видео и об этой пресс-конференции. За это акимат ВКО также заплатил.

На эти и подобные посты акимат ВКО заплатил и другим пабликам в Instagram. Среди них: oskemen_online, Go_Oskemen, oskemen24, semey_life, semey_city_, город F - это Семей, semey24, typicalsemey, semey_news16, oskemen_online. Всего вышло 126 постов за 693 тысяч тенге.
Даниал Ахметовтің әкімдігі ZTB мен Instagram-дағы танымал пабликтерге қанша ақша төледі?

Әкімдіктер өз қызметін тек ақпарат құралдарында ғана емес, әлеуметтік желіде де насихаттайды. Ал кей әкімдіктер танымал пабликтерге посттар үшін ақша төлейді. Әрине, оған бюджет ақшасын жұмсайды.

Мысалы, Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жақында қызметін әлемжеліде көрсету үшін өзіне қарасты "Шығыс ақпарат" ЖШС-мен 60 миллион теңгеге келісімшарт жасасты.

"Шығыс ақпарат" ЖШС-ға облыстық "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттері, баспахана және ШҚО-ның өңірлік коммуникациялар қызметі кіреді.

"Шығыс ақпарат" ЖШС 60 миллион теңге келісімшарттың 27,8 миллион теңгесін игеріп, есебін беріп қойған.

Есепке қарағанда, осы тендер есебінен “Шығыс ақпарат” ВКонтакте желісінде 1 миллионнан астам жазылушысы бар ZTB Qazaqstan паблигіне 4 пост жариялаған. Оның екеуі Даниал Ахметовтің қызметін насихаттайды. Бір постта Ахметовтің Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының ашылуына қатысқаны айтылса, екінші постта әкімнің туризмді дамыту бойынша жиын өткізіп, Алакөлге Embraer типтес үлкен ұшақтар ұшатыны туралы мәлімдегені жазылған.

Сондай-ақ әкімдік бұл ақшаға Instagram желісінде 979 мыңнан астам жазылушысы бар Kazakh_inform паблигінде видеоролик түрінде 10 пост жариялаған. Әр постқа 45 мың теңге төленді. Кей постар әкім Ахметовтің қызметін насихаттайды. Біраз пост облыс әкіміне қарсы "соғыс ашып", текетіреске барған "Semey Bus" ЖШС-нің иелерінің бірі Серікжан Әйкелевтің мәлімдемелерін жоққа шығаруға және "Semey Bus" проблемаларына арналған.

Естеріңізде болса, Серікжан Әйкелев субсидия беруден бас тартты деп әкімдікті кінәласа, әкімдік "компания басшылары тиімсіз басқарды" деп компанияны айыптайды. Semey bus мемлекет-жеке серіктестік негізінде құрылған компания, оның 49 пайызы әкімдікке, 51 пайызы кәсіпкер Серікжан Әйкеловке тиесілі.
18 маусымда сот "Өнеркәсіпті дамыту қоры" лизингке берген 170 автобусты компаниядан тәркілеу туралы шешім шығарған. Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып, коллапс туды. Әкімдік "Semey bus-тан" өзге компаниямен келісімшарт жасасты.

ШҚО әкімдігі Kazak_inform парақшасында Semey bus жүргізушілері жұмысқа шықпай қалғаннан тұрғындар зардап шекті деген сарында видеосюжет жариялаған. Сюжетте лизингке берілген автобустардан айырылып қалған Semey bus орнына "Семавтопарк" компаниясының ескі автобустары шыққанын, Semey bus қызметкерлері қаласа, осы компанияға жұмысқа ауыса алатыны айтылады.

Дефолтқа ұшыраған Semey bus орнына Семейде "Семавтопарк" автобустары жүріп тұр деген видеосюжетке де әкімдік ақша төледі.

Серікжан Әйкелов облыс әкімдігі мен "әкімге жақын кәсіпкерлер кастасын" әшкерейтін фильм презентациясын өткізбек болған. Фильмде аты аталатын кәсіпкерлер Әйкелов жалдаған залға жетіп барып, шу шығарып, фильм көрсетілмей қалды. Облыс әкімдігі бұл сюжет үшін де Kazak_inform- ға ақша төледі. Видеосюжетте Әйкеловтің айыптауларымен келіспейтін кәсіпкерлердің сөздері мен олардың Әйкеловпен диалогынан үзінді беріледі. Бірақ Әйкеловтің комментарийі жоқ.

Әйкеловтің фильмінде аты аталатын "Фирма Азия" ЖШС директорының баспасөз мәслихатын беріп, фильмдегі айыптауларды жоққа шығарған сюжет үшін де пабликке 45 мың теңге төленді.

Әйкеловтің "мемлекеттік бюджетті сорып отырған облыс жетекшілігіне жақын каста" деген айыптауына ашынған бір топ шығысқазақстандық кәсіпкер тіпті Алматыға келіп, "ақпараттық соғыс" туралы баспасөз мәслихатын өткізген. Паблик бұл туралы да видео жариялап, "ақпараттық шабуыл құрбанына айналдық" деген кәсіпкерлердің сөздерін берген. Бұған да әкімдік ақша төледі.

Дәл осы және басқа да посттар үшін Instagram-да oskemen_online, Go_Oskemen, oskemen24, semey_life, semey_city_, город F - это Семей, semey24, typicalsemey, semey_news16, oskemen_online пабликтеріне шыққан 126 постқа 693 мың теңге төледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі әкім Есқалиевтің пиарына қанша ақша жұмсайды?

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің жұмысын орыстілді ақпарат құралдары ғана емес, қазақтілді БАҚ та насихаттайды. Қызығы, кейбір қазақтілді БАҚ бұл материалдарды орыс тілінде жариялайды.

Мысалы, облыстың ішкі саясат басқармасы “өңірдегі негізгі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар мен БҚО жөнінде жағымды материалдар жариялау” үшін Qamshy.kz порталымен 4,2 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Qamshy порталы осы күнге дейін бұл соманың 1,5 млн теңгесін игеріп үлгерді. Осы соманың есебінен аймақтағы маңызды оқиғалар ғана емес, облыс әкімінің қызметі туралы да жағымды материалдар жариялаған. Басылым материалдарына қарағанда, Есқалиевтің арқасында облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен 281 гектар индустриалды аймақ салынып жатыр, түрлі көлікке арналған стартер аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт ашылмақ, ал облыс орталығы Оралда 20 автобус көлігі жолға шықты.

“БҚО әкімі Ғали Есқалиев аймақтағы құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығын тексерді” деген ақпарат та ақылы болып шықты.

Тағы бір қазақтілді портал - Baribar.kz те Есқалиевтің жұмысы туралы жағымды материалдарды орыс тілінде жариялады. Әкімдік бұл порталдың меншік иесімен 6,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл сомаға Ғали Есқалиевтің аты аталатын көптеген ақпарат шықты. Тіпті тақырыпқа бір қарағанда, мүлде әкімге қатысы жоқ болып көрінетін материалдың ішінде Есқалиев жүр:

В ЗКО усиливають контроль за соблюдением карантина (орфография сақталды)

Строить школы за счет частных инвесторов предлагают в ЗКО

В ЗКО спустили на воду два катера проекта “Кайсар”

Әр ақпаратқа 188 918 теңге төленді. Qamshy порталындағы әр ақпаратқа төленген сома бұдан аз - 15 049 теңге.

Ғали Есқалиевтің Шыңғырлау және Бөрлі аудандарына жұмыс сапары жайлы Baribar.kz-те жазылған ақпаратқа да бюджет ақшасы төленді. “В ЗКО заложили фундамент новой мечети”, “В село Бостандык ЗКО открылся зал бокса”, “В ЗКО отметили труд ученых” деген ақпараттың ішіне де әкімді қыстырып жіберген.

Сонымен қатар БҚО әкімдігі “Жас Алаш” басылымымен “облыстағы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысты көрсету үшін” 5 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Пандемия басталғалы бері БҚО әкімдігі әртүрлі ақпарат құралдарының меншік иелерімен 710 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасты. Бұл соманың басым бөлігі жергілікті билікке қарасты мемлекеттік ақпарат құралдарына берілді. Мысалы, “Жайық пресс” холдингімен (“Приуралье”, “Орал өңірі” газеттері) 281 миллион теңгеге келісімшарт жасалған.

Сондай-ақ ірі республикалық басылымдармен де келісімшарттар баршылық. Мысалы, пандемия басталғалы әкімдік Tengrinews порталының меншік иесімен 21,9 млн теңгеге, ал Nur.kz порталының меншік есімен 19,9 миллион теңгеге келісімшартқа отырған.

Nur порталына шыққан әр ақпаратқа әкімдік 270 270 теңге төлеген. Мысалы, Ғали Есқалиев облыс халқын Наурызбен құттықтады деген ақпаратқа 270 мың теңге төленді. Ал Tengrinews-ке шыққан ақпаратқа қанша төленгені белгісіз, өйткені есеп тіркелмеген.

Бұдан бөлек әкімдік Zakon.kz порталының меншік иесімен 13,3 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Ал жергілікті ТДК-42 арнасымен 9,9 млн теңгеге келісімшартқа отырған.