ҚТЖ PRESS
4.88K subscribers
5.71K photos
478 videos
18 files
1.1K links
Download Telegram
ҚТЖ PRESS
Photo
🚆2022 жылғы 5 желтоқсан сағат 11 - ден 17 минут өткенде Қарағанды-Жезқазған аралығында «Астана – Жезқазған» қатынасындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті.

🔹Жұбайымен бірге Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан жүкті жолаушының толғағы басталды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

🔹Пойыз бастығы Индира Кұлмаханованың айтуынша, пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен, пойыз жүргізушісіне хабарлап, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылған.

🔹Индира Құлмаханова теміржолда 17 жыл жұмыс істейді, оның 9 жылын Тальго жолаушылар пойыздарында атқарып келеді. «Стандартты емес жағдайларда қалай әрекет ету керектігін компанияда үйретеді. Біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз», - деді ол.

🔹Жезқазған станциясына келген соң жолсеріктер анасын қызымен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

🔹Жас ата-ана жаңа туған нәрестенің есімін Арай деп қойды.

🔹«Бұндай жағдайда бізді жалғыз қалдырмай, көмек көрсеткен пойыздың барлық қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. Бәріміз абдырап қалдық, ал Индира табандылық пен кәсібилік көрсетті, отбасымыз оған қызымыз үшін әрқашан риза болады», - деді бақытты әке.



🚆5 декабря 2022 года в 11 час. 17 мин. на перегоне Караганда-Жезказган работники поездной бригады пассажирского поезда №66 сообщением «Астана - Жезказган» помогли появиться на свет ребенку.

🔹У беременной пассажирки, которая вместе с супругом ехала из Караганды в Жезказган, в пути начались схватки. Для оказания помощи роженице в вагоне были созданы все необходимые условия.

🔹По словам начальника поезда Индиры Кульмахановой, поездная бригада действовала согласно инструкции, проинформировала машиниста поезда, на ближайшую станцию была вызвана скорая помощь.

🔹Индира Кульмаханова работает на железной дороге 17 лет, из них уже 9 лет в пассажирских поездах Тальго. «Как действовать в нестандартных ситуациях, нас учат в компании. И мы готовы всегда оказывать помощь нашим пассажирам», - отметила она.

🔹По прибытию состава на станцию Жезказган маму с дочерью проводники передали работникам скорой помощи.

🔹Молодые родители назвали новорожденную Арай.

🔹«Огромная благодарность всем сотрудникам поезда, которые помогли нам в такой ситуации, не оставили нас одних. Мы все растерялись, а Индира показала решительность и профессионализм, наша семья будет ей всегда благодарна за нашу девочку», - сказал счастливый отец.
ҚТЖ PRESS
Photo
👷Семейлік теміржолшылар Түкібаевтар отбасы жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

🔹Конкурсты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтау мақсатында өткізеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордада болып өтті. Теміржолшылар әулетіне құрметті атақ айтарлықтай жалпы еңбек өтілі мен таңдалған мамандыққа деген адалдықтары үшін беріліп отыр.

🔹Салтанатты рәсімнен кейін еңбек әулетінің өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы басшылығымен кездесті. Әңгімелесу барысында темір жолдың еңбек әулеттері жастардың еңбекке деген құрметін, өз кәсібіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ететіндігі, оларды жаңа тәжірибемен байыта отырып, үздік білім беретіндігі атап өтілді.

🔹Әр уақытта теміржолда Түкібаевтар отбасының 35 өкілі жұмыс істеп, жұмысын жалғастыруда. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 580 жылдан асады. Әулеттің негізін қалаушылар – ағайынды үшеу – Маукен, Ілияс және Сыдық. Олар темір жолдағы еңбек жолын 30-шы жылдары бастап, Түркістан-Сібір темір жолының құрылысына қатысқан.

🔹Маукен Түкібаев пойыз кондукторы, содан кейін станция бойынша кезекші болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеп, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге үлес қосты. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар жол аралықтарында жұмыс атқарды.

🔹Балалары Маликриян Маукенович, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы және Зулкумар Сыдықұлы әкелерінің даңқты және ерен еңбегін абыроймен жалғастыруда.

🔹Бүгінде темір жолда Түкібаевтар әулеті негізін қалаушылардың немерелері мен шөберелері жұмыс істеуде.



👷Семья железнодорожников Тукубаевых из Семея стала победителем в номинации «Лучшая трудовая династия» ежегодного республиканского конкурса «Еңбек жолы».

🔹Конкурс проводится Министерством труда и социальной защиты с целью выявления лучших трудовых династий и работников производства. Торжественная церемония награждения победителей состоялась в столице. Почётное звание потомственным железнодорожникам присуждено за значительный общий трудовой стаж и преданность выбранной профессии.

🔹После церемонии представители трудовой династии встретились с руководством филиала АО «НК «ҚТЖ»- «Дирекция магистральной сети». В ходе беседы отмечалось, что трудовые династий железной дороги способствуют воспитанию у молодежи уважения к труду, чувства гордости за свою профессию, передают лучшие знания, обогатив их новым опытом.

🔹В разное время на железной дороге работали и продолжают работать 35 представителей семьи Тукубаевых. Общий трудовой стаж династии насчитывает свыше 580 лет. Основателями династии являются три брата – Маукен, Ильяс и Сыдык. Трудовую деятельность на железной дороге братья начали в 30-х годах, участвовали в строительстве Туркестано-Сибирской железной магистрали.

🔹Тукубаев Маукен был кондуктором поезда, затем – дежурным по станции. В годы Великой Отечественной войны работал начальником станции, вносил вклад в обеспечение
бесперебойной и безопасной доставки военных боеприпасов и продуктов питания на фронт. Его братья Ильяс и Сыдык Тукубаевы работали в дистанции пути.

🔹Славный и доблестный труд своих отцов достойно продолжили дети Маликриян Маукенович, Сериккан Ильясович, Гали Сыдыкович и Зулкумар Сыдыкович.

🔹Сегодня на железной дороге трудятся уже внуки и правнуки основателей династии Тукубаевых.
🔀Алматы - 2-Петропавл» жолаушылар пойызының бағытын өзгерту туралы

🔕Ұлттық тасымалдаушы «Алматы-2 – Петропавл қатынасындағы №105 Тальго жолаушылар пойызының жүрісін келесідей даталар бойынша тоқтатады:

- Ағымдағы жылдың 8, 10, 12, 14 желтоқсанында Алматыдан жөнелту арқылы,
- Петропавлдан 9, 11, 13, 15 желтоқсанда келу / жөнелту.

🧾Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін өзгерту туралы ақпаратты «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы ала алады.



🔀Об изменении курсирования пассажирского поезда «Алматы-2 – Петропавловск»

🔕Национальный перевозчик отменяет курсирование пассажирского поезда Тальго №105 сообщением «Алматы-2 – Петропавловск» по следующим датам:

- отправлением 8, 10, 12, 14 декабря т.г. из Алматы,
- прибытием/отправлением 9, 11, 13, 15 декабря из Петропавловска.

🧾Пассажирам будет произведён полный возврат стоимости билета.

АО «Пассажирские перевозки» приносит пассажирам извинения за доставленные неудобства.

Информацию по изменению графика движения поездов пассажиры могут получить через Единую телефонную справочную службу «1433».
ҚТЖ PRESS
Photo
❗️ Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана – Шымкент" қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруін 1 рейске тоқтатады:

- 2022 жылғы 8 желтоқсанда Астанадан,
- Шымкенттен а. ж. 9 желтоқсаны.

Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы тағайындалады.

🧾Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.



❗️АО «Пассажирские перевозки» отменяет на 1 рейс курсирование пассажирского поезда вагонами Тальго №86/85 сообщением «Астана – Шымкент» отправлением:

- из Астаны 8 декабря 2022 г.,
- из Шымкента 9 декабря т.г.

Вместо отмененного поезда назначается разовый поезд №511/512 из стандартных вагонов.

🧾Пассажирам, отказавшимся от поездки, будет произведен полный возврат стоимости проезда. Пассажирам, проследовавшим в поезде из стандартных вагонов, будет произведена выплата разницы стоимости проезда.

Национальный перевозчик приносит пассажирам извинения за доставленные неудобства.
🧾ҚХР-дан үшінші шекаралық теміржол өткелінің ТЭН әзірлеушісі анықталды

🔹Көлік және логистика академиясы «Семей-Ақтоғай теміржол учаскесіне шығатын қазақстан-қытай шекарасындағы үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуші болды.

🔹Жобалаушылар Семей өңіріне келіп, онда құрылыс орнын анықтап, Бақты халықаралық шекара өткелінің инфрақұрылымын жоспарлауға кірісуі керек.

🔹Жұмысқа шекара және кеден қызметтерінің, СЭС және өңірлік экология департаментінің өкілдері қатысуда.

🔹Техникалық-экономикалық есептеулер негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), жұмыс істеу (пайдалану), санаттау, сыныптау, жайластыру қағидаларының талаптарына, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкес жаңа мемлекетаралық темір жол өткізу пунктінің құрылысы көзделетін болады.

🔹Ұзынқұрамды пойыздардың тоқтаусыз өтуін ұйымдастыру үшін қабылдау-жөнелту жолдары мен құрылғылары бар бөлек пункттер жобаланған.

🔹Сондай-ақ, қолданыстағы темір жол желілерін жаңғырту, Аягөз, Шар, Жырғалы станцияларын және Ақтоғай-Аягөз темір жол учаскесінде орналасқан бірқатар разъездерді дамыту көзделіп отыр.



🧾Определен разработчик ТЭО третьего пограничного железнодорожного перехода с КНР

🔹Разработчиком технико-экономического обоснования (ТЭО) проекта «Строительство третьего пограничного железнодорожного перехода на казахстанско-китайской границе с выходом на железнодорожный участок Семей-Актогай» стала Академия транспорта и логистики.

🔹Проектировщики прибыли в Семейский регион, где должны определиться с местом строительства и приступить к планированию инфраструктуры международного пограничного перехода Бахты.

🔹В работе принимают участие представители пограничных и таможенных служб, СЭС и регионального департамента экологии.

🔹На основании технико-экономических расчетов будет предусмотрено строительство нового межгосударственного железнодорожного пункта пропуска в соответствии с требованиями Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан.

🔹Запроектированы раздельные пункты с приемоотправочными путями и устройствами для организации безостановочного пропуска длиносоставных поездов.

🔹Также предполагается модернизация существующих железнодорожных линий, развитие станций Аягоз, Шар, Жыргалы и ряда разъездов, расположенных на железнодорожном участке Актогай-Аягоз.
ҚТЖ PRESS
Photo
❗️«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2022 жылғы 8 желтоқсанда Тальго вагондарынан құрылған «Алматы-2 – Орал» қатынасындағы №51 жолаушылар пойызының жүруін Ақтөбеге дейін қысқарту туралы хабарлайды.

Ақтөбе – Орал бағыты бойынша ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Ақтөбе мен Орал қалаларынан жөнелту арқылы стандартты вагондардан қалыптастырылған №505/506 біржолғы пойыз тағайындалады.

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан құрылған пойызбен сапарлаған жолаушыларға билет құнының айырмасы төленетін болады.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.



❗️АО «Пассажирские перевозки» в связи с погодными условиями информирует о сокращении курсирования пассажирского поезда вагонами Тальго №51 сообщением «Алматы-2 – Уральск» до Актобе на 8 декабря 2022г.

По маршруту Актобе – Уральск назначается разовый поезд №505/506, сформированный из стандартных вагонов, отправлением 8 декабря т.г. из Актобе и Уральска.

Пассажирам, отказавшимся от поездки, будет произведен полный возврат стоимости проезда. Пассажирам, проследовавшим в поезде из стандартных вагонов, будет произведена выплата разницы стоимости билета.

Национальный перевозчик приносит пассажирам извинения за доставленные неудобства.
👨‍🏭250 теміржолшы ХІ республикалық жастар форумына қатысады

🔹Ағымдағы жылдың 11-14 желтоқсан аралығында елордада «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ХІ республикалық жастар форумы өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен белсенді, жауапты, талантты және идеялық шындалған теміржолшылар – 250 қатысушы қатысады.

🔹Іс-шара мақсаты – жас қызметкерлер қабілеттерін барынша ашу, олардың жобалық бастамаларын іске асыру есебінен мансаптық өсу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ коммуникацияларды дамыту, мәдениет, үнемді өндіріс қағидаттарын тарату және тиімділікті арттыру.

🔹Жастар форумдарын өткізудің 10 жылдан астам тарихында қатысушылар ұсынған үздік жобалар енгізілңп, ҚТЖ қызметінің барлық салаларында жоғары білікті мамандар даярланды.

🔹Қазіргі форум жұмысының негізгі форматы компания стратегиясын, жетекші сарапшылардың мастер-кластарын, панельдік пікірталастарды, мәдениетаралық коммуникацияларды дамыту бойынша тренингтерді, бизнесті ынталандыруды, зияткерлік ойындарды, команда құру іс-шараларын бірлесіп талқылау болады. Форум аясында қатысушылар өз жобаларын ұсынатын компанияның топ-менеджерлерімен кездеседі.

🔹Сонымен қатар, форум бағдарламасына флешмоб, қазақстандық продюсер Азат Әбікенмен кездесу, «Қауіпті қалдықтар» тақырыбындағы сессия, сарапшы Лариса Чистоедованың «Ресурстарды басқару» шеберлік сыныбы, «Тиімді коммуникациялар», «Жанжалдарды басқару», «Стресске төзімділік», «Көшбасшылық» тақырыптарында ішкі жаттықтырушылармен тренингтер желісі, «Клиентке бағдарлану» және кейстер чемпионаты кіреді.



👨‍🏭250 железнодорожников примут участие в ХI Республиканском форуме молодежи

🔹С 11 по 14 декабря текущего года в столице состоится ХI Республиканский форум молодежи АО «НК «ҚТЖ», на который съедутся 250 участников – активных, ответственных, талантливых и идейных железнодорожников из всех регионов страны.

🔹Цель мероприятия - максимальное раскрытие способностей молодых работников, создание возможности карьерного роста за счет реализации их проектных инициатив, а также развитие коммуникаций, распространение принципов культуры, бережливого производства и повышения эффективности.

🔹За более 10-летнюю историю проведения молодежных форумов внедрены лучшие проекты, предложенные участниками, подготовлена плеяда высококвалифицированных специалистов во всех сферах деятельности ҚТЖ.

🔹Основным форматом работы нынешнего форума будет совместное обсуждение стратегии компании, мастер-классы от ведущих экспертов, панельные дискуссии, тренинги по развитию кросскультурных коммуникаций, бизнессимуляции, интеллектуальные игры, командообразующие мероприятия. В рамках форума участники встретятся с топ-менеджерами компании, которым презентуют свои проекты.

🔹Помимо прочего, программа форума включает в себя флешмоб, встречу с казахстанским продюсером Азатом Абыкен, сессию на тему «Опасные отходы», мастер-класс от эксперта Ларисы Чистоедовой «Управление ресурсностью», линейку тренингов с внутренними тренерами на темы «Эффективные коммуникации», «Управление конфликтами», «Стрессоустойчивость», «Лидерство», «Клиентоориентированность» и чемпионат кейсов.
ҚТЖ PRESS
Photo
🏗«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де маршруттармен және топтармен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кеңеске көмір разрездерінің, мұнай өңдеу, цемент зауыттарының өкілдері, өтінімдері тасымалдау жоспарының негізгі бөлігін құрайтын ірі жүк жөнелтушілер қатысты.

🔹ҚТЖ желісінде тәуліктік тиеу 700 мың тоннаны немесе 11 мың вагонды құрайды. Бұл көлемнің 65% ұйымдастырылған маршруттармен жеткізіледі, өйткені пойыздар станциядан станцияға дейін жолда қайта өңдеусіз өтеді. Қазіргі уақытта шамамен 125 маршрут бар.

🔹Тәулігіне 4 мыңнан астам вагон – бұл клиент екі немесе үш вагон жіберетін жалғыз жөнелтілімдер. Жеке жөнелтілімдерден тәулігіне 800 бөлшек пойызы құрылады. Бір құрамды өңдеуге әр сұрыптау станциясында бір тәуліктен астам уақыт жұмсалады, бұл станциялардың жеткізу мерзіміне, өткізу және өңдеу қабілетіне әсер етеді.

🔹«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Нұржан Келбуғанов жүк вагондарын маршруттармен және топтармен жөнелту жылжымалы құрамның айналымын жеделдететінін және жүктерді жеткізу уақытын қысқартатынын атап өтті.

🔹«Біз тасымалдарды талдадық және тасымалдауды маршруттауды ұлғайту әлеуетін көрдік. Бір жүк жөнелтушіден келетін вагондардың ең аз саны тәулігіне 10 бірлікті құрауы тиіс», - деп атап өтті ол.

🔹Кеңеске қатысушылар, жүк жөнелтушілер ұсынысты қолдады. Өз кезегінде, теміржол маршруттық жөнелтілімдерді тезірек өткізіп жіберуге және бос вагондардың қайтарылуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды, бұл жүк айналымының артуына әкеледі.



🏗Вопросы организации грузовых перевозок маршрутами и группами обсудили в ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки». В совещании участвовали представители угольных разрезов, нефтеперерабатывающих, цементных заводов, крупные грузоотправители, заявки которых формируют основную часть плана перевозок.

🔹Ежесуточная погрузка на сети ҚТЖ составляет 700 тыс. тонн или 11 тыс. вагонов. 65% этого объема доставляется организованными маршрутами, когда поезда проходит путь от станции до станции без переработки в пути. В данный момент насчитывается порядка 125 маршрутов.

🔹Более 4 тыс. вагонов в сутки – это одиночные отправки, когда клиент отправляет два или три вагона. Из одиночных отправок формируют 800 разборочных поездов в сутки. На переработку одного состава затрачивается более суток на каждой сортировочной станции, что оказывает влияние на срок доставки, пропускную и перерабатывающую способность станций.

🔹Заместитель генерального директора ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» Нуржан Кельбуганов отметил, что отправка грузовых вагонов маршрутами и группами ускорит оборот подвижного состава и сократит время доставки грузов.

🔹«Мы проанализировали перевозки и увидели потенциал для увеличения маршрутизации перевозок. Минимальное количество вагонов от одного грузоотправителя должно составить 10 единиц в сутки», - отметил он.

🔹Участники совещания, грузоотправители поддержали предложение. В свою очередь, железная дорога создаст условия для скорейшего пропуска маршрутных отправок и обеспечения возвратности порожних вагонов, что приведет к увеличению грузооборота.
ҚТЖ PRESS
Photo
⚠️Екібастұз қаласында орналасқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының барлық қызметкерлері және басқа өңірлерден көмекке жіберілген және жылу желілеріндегі апатты жоюға белсенді қатысқан компанияның еншілес ұйымдар қызметкерлері ынталандырылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның сыйақысымен 2600 жуық қызметкер қамтылды.

🔹Теміржол магистралінің қызметкерлерімен өте қиын жағдайда жылумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Теміржол саласындағы 37 нысанның 14-і шұғыл жөндеуді қажет етті. ҚТЖ мамандарынан құралған 12 апаттық бригада - еліміздің әр өңірінен келген слесарлар мен дәнекерлеушілер апат салдарын жою үшін Екібастұз қаласына жіберілді. Олар қала тұрғындарына пәтерлерінде, сондай-ақ әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарында жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге көмек көрсетеді. Бригадалар қажетті құрал-саймандармен және құралдармен жабдықталды және де екі ауысымда – күндіз-түні жұмыс істеді.

🔹Теміржолшылар стратегиялық нысандарды жұмыс режимінде сақтай алды. Олардың ішінде локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункті, жетекші доңғалақ жұптарының тайғанауын жою немесе азайту үшін локомотивке сапарға қажетті құм дайындалатын, сақталатын және кептірілетін құм кептіргіш те бар.

🔹Станция, депо, техкеңсе, билет кассалары бөлмелеріндегі температура 5-тен 12 градусқа дейін өзгеріп отырды, қызметкерлер сыртқы киіммен жұмыс істеуіне тура келді. Теміржолшылардың үйлері мен жұмыс орындарын жылыту үшін аймақ кәсіподағы жүздеген жылытқыштар сатып алды.

🔹Екібастұз станциясындағы үйлерді жылумен жабдықтауды қалпына келтіру кезінде жақын жерде тұратын тұрғындарды, қалпына келтіру бригадаларының қызметкерлерін, теміржолшылар мен полицейлерді жылытуға төрт жылы вагон орнатылды.

🔹Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚТЖ қызметкерлерінің пәтерлері мен үйлерінде жылыту жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды, қалғандары жақын арада қалпына келтіріледі. Сондай-ақ ҚТЖ жұмысшылар бригадалары Екібастұздың тұрғын үй объектілерінде пәтер ішіндегі жылыту жүйелерін қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастыруда. НОД штабының жұмысы Екібастұз қаласының әкімдігімен және ЖЭО басшылығымен үйлестіре жүргізілуде.
ҚТЖ PRESS
Photo
⚠️Все работники филиалов и дочерних организаций АО «НК «ҚТЖ», дислоцированные в городе Экибастуз и работники дочерних организаций компании, которые были отправлены на помощь из других регионов, и принимали активное участи в устранении аварии на тепловых сетях, поощрены. Всего премированием АО «НК «ҚТЖ» охвачено порядка 2600 работников.

🔹Сотрудниками железнодорожной магистрали проведена большая работа по восстановлению систем теплоснабжения в очень жестких условиях. Из 37 объектов железнодорожной отрасли 14 требовали срочного ремонта. Из специалистов ҚТЖ 12 аварийных бригад - слесари и сварщики из разных регионов страны были направлены в г. Экибастуз для ликвидации последствий аварий. Они оказывают помощь жителям города в восстановлении систем теплоснабжения в их квартирах, а также на объектах соцкультбыта. Бригады оснащены необходимым инвентарем и инструментами, работают в две смены - днем и ночью.

🔹Железнодорожникам удалось сохранять в рабочем режиме стратегические объекты. Среди них пункт техобслуживания локомотивов, пескосушилка, где заготовляется, хранится и сушится песок, необходимый локомотиву в поездке для устранения или уменьшения боксования ведущих колесных пар.

🔹Температура в помещениях станции, депо, техконторы, билетных касс варьировалась от 5 до 12 градусов, сотрудники работали в верхней одежде. Чтобы отогреть дома железнодорожников и рабочие помещения, профсоюз региона закупил сотни обогревателей.

🔹На время восстановления теплоснабжения домов на станции Экибастуз было установлено четыре теплых вагона для обогрева живущих рядом жителей, работников восстановительных бригад, железнодорожников и полицейских.

🔹По состоянию на 9 декабря текущего года работы по восстановлению систем отопления в квартирах и домах работников ҚТЖ по большей части завершены, остальные будут закончены в ближайшее время. Также бригады рабочих ҚТЖ продолжают оказывать помощь в восстановлении внутриквартирных систем отопления в жилых объектах Экибастуза. Работа Штаба НОД ведется в координации с акиматом г. Экибастуз и руководством ТЭЦ.
📌 ҚТЖ апта ішінде
3.12.2022 ж. бастап 9.12.2022 ж. дейін

🔸«Қонаев-Алматы» қаламаңы пойызының маршрутын ұзарту туралы

🔸«ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ақтөбе облысы әкімдігі және «ПЗТМ LTD» ЖШС арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

🔸Теміржолшылар отбасы Қазақстанның үздік еңбек әулеті деп танылды

🔸ҚХР-дан үшінші шекаралық теміржол өткелінің ТЭН әзірлеушісі анықталды

🔸250 теміржолшы ХІ республикалық жастар форумына қатысады
📌ҚТЖ за неделю
с 3.12.2022г. по 9.12.2022г.

🔸О продлении маршрута пригородного поезда «Конаев-Алматы»

🔸Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве подписан между АО «НК «ҚТЖ», акиматом Актюбинской области и ТОО «ПЗТМ LTD»

🔸Семья железнодорожников признана лучшей трудовой династией Казахстана

🔸Определен разработчик ТЭО третьего пограничного железнодорожного перехода с КНР

🔸250 железнодорожников примут участие в ХI Республиканском форуме молодежи
ҚТЖ PRESS
Photo
📅2022 жылғы 11 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 00.00-де «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздары қозғалысының 2022-2023 жылдарға арналған жаңа нормативтік кестесін енгізеді.

Кестеде өзгерістер қарастырылған:

1️⃣ пойыздардың жүру маршруттары:
– № 45/46 Павлодар-Түркістан, Павлодар-Шымкент орнына;
– №613/614 Орал – Бейнеу, Орал-Құлсары орнына.

2️⃣ аралық станциялар:
– №83/84 Қарағанды-Самара Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына;
- 145/146 Қарағанды-Омбы Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына;
- №113/114 Алматы-2-Қазан Нұрлы жол арқылы, Нұр-Сұлтан – 1 орнына.

3️⃣ пойыздарды нөмірлеу:
- №5/6 орнына № 305/306 «Ташкент-Самара»;
- №17/18 орнына №317/318 «Бішкек-Самара»;
- №137/138 орнына № 337/338 «Алматы–2 – Достық»;
- №149/150 орнына № 449/450 «Ташкент–Астрахань»;
- №323/324 орнына №123/124 «Ташкент-Волгоград»;
–№315/316 орнына №143/144 «Ташкент-Қазан»;
- №333/334 орнына № 115/116 «Ташкент-Саратов»;
- №349/350 орнына № 149/150 «Ташкент–Астрахань»;
- №305/306 орнына №405/406 «Бішкек–Шу–Қазан».

Пойыздардың жүру кестесі жыл бойына созылады.



📅11 декабря 2022 года в 00.00 часов по времени Астаны АО «Пассажирские перевозки» вводит новый нормативный график движения пассажирских поездов на 2022-2023 годы.

График предусматривает изменения:

1️⃣ маршрута следования поездов:
- №45/46 Павлодар – Туркестан, вместо Павлодар – Шымкент;
- №613/614 Уральск – Бейнеу, вместо Уральск – Кульсары.

2️⃣ промежуточной станции:

- №83/84 Караганда – Самара через Нурлы жол, вместо Нур-Султан-1;
- 145/146 Караганда – Омск через Нурлы жол, вместо Нур-Султан-1;
- №113/114 Алматы-2 – Казань через Нурлы жол, вместо Нур-Султан-1.

3️⃣ нумерации поездов:
- №5/6 на №305/306 «Ташкент–Самара»;
- №17/18 на №317/318 «Бишкек–Самара»;
- №137/138 на №337/338 «Алматы-2–Достык»;
- №149/150 на №449/450 «Ташкент–Астрахань»;
- №323/324 на №123/124 «Ташкент-Волгоград»;
- №315/316 на №143/144 «Ташкент–Казань»;
- №333/334 на №115/116 «Ташкент–Саратов»;
- №349/350 на №149/150 «Ташкент–Астрахань»;
- №305/306 на №405/406 «Бишкек–Шу–Казань».

График движения поездов будет действовать в течение года.