🇰🇿HISTORY🇰🇿
567 subscribers
2.31K photos
126 videos
480 files
547 links
Qazaq history+World history+Music+News
Download Telegram
Соңыра, ерініп қалмасам, қазіргі заманның 2 оқулығы бойынша жасалған quizдерді саламын
1865 жылдың 9 мамырында генерал Черняев басқарған патша әскері Қоқан хандығының қолын талқандаған.Қоқан қолын ұлты қазақ Әлімқұл басқарып осы ұрыста қаза болған.Ташкент түбіндегі келесі ұрыста Қоқан әскерін Кенесарының ұлы Сыздық /суретте/ төре бастап шыққан.
Сол жақта Әлия Молдағұлованың оригинал (өз) фотосы.Оң жақта Әлияның рөлін сомдаған актрисаның фотосы.Көп жерде оң жақта тұрған фото жүреді, шындығында, ол Әлияның фотосы емес.
1933 жылдың 10 мамырында Берлиндегі Опера алаңында нацистер "арийлік рухқа жат" 20 мыңдай кітапты отқа өртеген.
1949 жылдың 11 мамырынан бастап Сиам корольдігі Тайланд атала бастады.
ДЖТ тұлғалар тарихы.pdf
92.8 KB
Quiz.Тұлғалар.Deadline 14.05
Forwarded from 🇰🇿HISTORY🇰🇿 (Yerzhan Urazov)
1879 жылдың 12 мамырында қазақтың ардақты перзенті, көрнекті қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев дүниеге келді.Мемлекеттік Думаның /1907/ депутаты.1918 жылы Қоқан автономиясының Премьер-министрі болып сайланған.Темір жол инженері ретінде Түрксіб құрылысына сіңірген еңбегі зор.
Үндістан аумағындағы тілдер (диалектілер)
1930 жылдың 13 мамырында Арктиканы зерттеген көрнекті норвег ғалымы Фритьоф Нансен дүниеден өткен.1893-1895 жылдарда "Фрам" кемесімен Солтүстік полюске сапар шеккен.Нансеннің 1921 жылы Еділ бойындағы аштыққа ұшырағандарға көмекті ұйымдастырған еңбегі де бар.Ұлттар Лигасының соғыс тұтқындары жөніндегі жоғарғы комиссары болған.1922 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған.
1955 жылдың 14 мамырында жаңа саяси-әскери одақ - Варшава шарты ұйымы құрылған.Оған Албания, Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы, Польша, КСРО мен Чехословакия кірді.Мұның алдында Германия Федеративті Республикасы /ГФР/ НАТО құрамына қабылданған.1962 жылдан бастап Албания ұйым жұмысына қатыспай қойды, 1968 жылы біржола шығып кетті.