Құранмен саяхат
3.86K subscribers
10 photos
18 videos
2 files
6 links
Құран жаттау әдістері, пайдалары, артықшылығы, үкімдері және т.б.
Download Telegram
Forwarded from Sakenkyzy
Қызымыздың оқуында балаларды тасымалдаушы жеңіл көлік бар. Мәриям да сол көлікпен барып келеді. Жүргізуші ағай барар қайтар жолда бос отырмай, көлікте балаларға “кәһф” сүресін жаттатып жүр екен. Кеше чатқа: күніне бір аяттан жаттатқызып жатырмын. 4 аятын үйде қайталатқызсаңыздар депті.

Енді Мәриямнан: ағай Құран үйретіп жүр ме? Қәні айтшы, не есіңде қалды десек: бір аяттың жартысы ғана есінде екен. Толыққанды жаттамаса да оқылған құран балаға әсер етпей қоймайды. Жүргізуші кісінің осы іс-әрекетіне сондай риза болдық. Уақытты дұрыс пайдаланудың керемет көрінісі.
Құран оқудың артықшылығы мен әдебі. 3 сабақ.
Шейх Муджир әл-Хатыбтың намазда Құран оқуы. Шейхтің оқуында ерекше руханият бар. Тыңдап көріңіздер.
Құранмен саяхат
Voice message
Имамдыққа шыққан кезде кейде осылай басып аламын.
Құран оқудың артықшылығы мен пайдалары. 4 сабақ.
Forwarded from Хадис ізденуші
Ибн Идрис әл-Куфи төсек тартып, өлім аузында жатқан уақытта қызы қайғыдан жылап жібереді.

Сол кездегі ибн Идристің сөзі:

«Қызым, мен үшін жылап қайғырма. Мен бұл бөлмеде 30 жыл бойы құранды бастан аяқ 24 мың мәрте хатым еттім»,-деді.

[Имам ән-Нәуәуи бұл оқиғаны оның ұлы Ибраһимнен жеткізді📝]

Алла оларды рахымын алсын!
Құран оқудың артықшылығы мен пайдалары. 5 сабақ.
Құран оқу артықшылығы сабағының қаншасын тыңдадыңыз?
Anonymous Poll
15%
1
11%
2
11%
3
11%
4
19%
5
33%
Мүлдем тыңдамадым
Құран оқудың артықшылығы мен әдебі. 6 сабақ.
Ассаламу алайкум. Комментари ашылды. Сабақ жайлы пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды жазсаңыздар болады.
Хатымды қазірден бастай беріңіздер. Егер Рамазан айына дейін ең болмағанда 2 айда бір хатмнан бітірсеңіздер Рамазан айында Құран оқу мүлдем жеңіл болады. Себебі сіз оған дейін кемі 2 рет хатым етіп қоясыз.
Шейх Муджир әл-Хатыб حفظه الله.
Ассаламу алайкум. Сабақтарды кім тыңдады? Сіздерге қандай пайдасы тиді сабақтың?
Алла қаласа Құранға қатысты бір жобамыз дайын болайын деп қалды. Күтіңіздер.
Оқы да, жоғарыла!
Хазіреті Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (Алла ол кісіге разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерін бұлжытпай орындаған) адамға: «Құран оқы да, жоғарыла! Дүниеде оны қалай нақышына келтіре, мәнерлеп оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп оқы! Расында, сенің пейіштегі дәрежең, өзің оқыған соңғы аяттың тұсында болады», - деп айтылады», - деген.
Ассаламу алайкум. Ертең ерекше жаңалық күтіңіздер😊
Ассаламу алайкум. Кітапты сатып алғандар бар ма? Пікірлеріңізді жаза кетсеңіздер болады