Айтқан сөзге тұрмаған- жаман емей немене,
Сұрағанды бермеген - сараң емей немене.
Кісі ақысын көп жеген- арам емей немене,
Ынжық ерге біткен мал- бекер емей немене?!
Бұқар жырау рухы шад болғай...

Қайтсек мақсат- мұратымызға жетпекпіз?...
“ Уа, иман келтіргендер! Рүкуғ жасаңдар, сәждеге бас қойыңдар, (сонымен қатар, басқа да құлшылықтарды атқарып) Раббыларыңа толыққанды құлшылық етіңдер және барлығы бастан-аяқ қайырлы болған діндеріңнің өзге үкімдерін де бұлжытпай орындаңдар! Міне, сонда мақсат-мұраттарыңа жетерсіңдер!
(«Хаж» сүресі 22:77)
#меніңкітабымқұран

"ҚҰРЫЛТАЙ"- деген сөздің мағынасы не?
Ескендүр Зұлқарнайын елге шапқанда, халықтың оңтүстік елді мекені шегінуіне тура келеді.
Осылай ел еңіреп шегініп келе жатқанда Амур Дария Забур патша сол шегініп келе жатқандардың алдынан шығып тоқтатып, талда салбырап тұрған Құрқылтайдың ұясын көрсетіп;
-- Кішкентай құста қорғана біледі жəне бұл құс ешқашанда балапанын жыланға алдыртпайды, жұтта да осылай өмір сүреді, басқа құстар ауа көшкенде бұл құс ешқашанда өскен жерін тастап ұшып кетпейді, міне осы құстай қорғана білейік,- деп Келес өзенінің бойында Құрылтай мəссағатын құрып, Зұлқарнайынға қарсы елді көтеріп, "Құрылтай" соғысын жариялайды.
"Құсілім"- заманында ел басылар ғана сөйлесетін жиынды "Құрылтай"- деп атаған. Ал Елбасы уəзір, билерімен кеңесетін жиынды "Себет"- деп атаған.
Халықтың басын құрап, сауал тастап, сөз талқысына салу жиынын "Мəссағат" - деп атаған.
Ақпантай Байғұтов
Асан Тұрабаев

Оқығанды қалай тез есте сақтауға болады?
"Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады" (М.Әуезов). Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақыл, парасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.
Егер алынған ақпарат жадта сақталса және іс жүзінде кәдеге жараса ол екі есе пайдалы болмақ. Кітапты оқу бір бөлек те ондағы мәліметтерді, оқиғаларды есте сақтау бір бөлек. Көбіне біз оқыған кітаптағы оқиғаларды, мәліметтерді ұмытып қалып жатамыз. Бұл – табиғи процесс. Оқыған кітабіңізді есте сақтаудың бірнеше әдісі бар. Соның біріне тоқталайық.
Кітап оқудың алғашқы күні
Кітап оқу кезінде әр 20 минут сайын "Мен не оқып жатырмын? Не түсіндім?" деген сынды сұрақтарға жауап беру керек. Ең маңызды оқиғаларды көзге елестетіп, ұмытып қаламын деген жерлерін сызып қойыңыз.
Неліктен 20 минут?
Неміс психологы Герман Эббингауз адам жадында деректерді сақтау процесін зерттеген. Зерттеулерге сәйкес, адам алғашқы 20 минутта алған ақпараттың 40 пайызын, ал 1 сағат ішінде 60 пайызын ұмытып қалады екен. Ал бір күннен кейін деректердің тек 33-35 пайызы ғана сақталып қалады.
Егер алынған мәліметті әр 20 минутта өңдеп отырмасақ, бұл ақпараттар жадта сақталмай өшіп кетеді.
Зерттеулер жадта ақпаратты жақсы сақтау үшін қайталап оқудан гөрі оны біреуге (немесе өзіңізге) баяндап берген тиімді екенін көрсеткен. Себебі сөйлеу кезінде ми ақпаратты басқа деректермен байланыстыруға тырысады. Бұл әдіс мидың мәліметті қабылдап қана қоймай, қайта өңдеуге септігін тигізеді.
Оқудың бірінші күнінің соңында оқыған ақпаратыңыздың маңызды тұстарын жазып алыңыз. Жазу әдісіңіз жәй жазу емес, интеллектуал карта түрінде болса, ыңғайлы және қызық болады.
Сондай-ақ, түнде ұйықтамас бұрын жадта сақталуы керек ақпаратты қайталау пайдалы. Ми ұйқыға дейін алынған ақпаратты жақсы есте сақтайды.
Оқудың келесі күні
Мұны сериалдарда қолданылатын алгоритм көмегімен жасауға болады. Әдетте сериалдың келесі бөлімі басталмай тұрып, алдыңғысындағы оқиғалар үзік-үзік көрсетіледі. Сол сияқты кітапты жалғастырып оқымас бұрын, алдыңғы оқығандарыңызды бір қайталап алған жөн.
Кітапты оқып болған соң
Алынған ақпаратты мүмкіндігінше тезірек тәжірибеде қолдануға кірісу керек. Оларды іс жүзінде қолдану керек болмай, бірақ оқығаныңызды есте сақтағыңыз келсе, жиі-жиі кітапты қайта парақтап тұрған тиімді.
Тұрсынбек Раушанұлы

Сапақ биден жанындағы жолдастары бірде, ---Сапеке осы өмірде не қызық? . Үй толы "бала" қызық па?, қора толған "мал" қызық па?, басқа қонған "бақ" қызық па?, көргенің көп қой, - Сапеке осыған не дер едіңіз, дегенде -Сапақ би үйің толы балаңды, баға алмасаң "құл" емес пе, қораң толған малыңды баға алмасаң "тұл" емес пе, басқа қонған бақ ұшып кететін "құс" емес пе.
Өмірдің қызығы аман -есен кездесіп, дидарласып отырған сіз бен біз емес пе, -деген екен.
#ұлттықұстаным

https://stan.kz/zaure-bataeva-abay-zhymbagi-turali-336710/#.X1sd41nF3dQ.telegram
"Абай шығармалары Әлихан Бөкейхановтікі болуы мүмкін": Зәуре Батаева ұлы ақынның жұмбағы туралы айтты - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Stan.kz - бүгінгі жаңалықтар, соңғы жаңалықтар
"Абай шығармалары Әлихан Бөкейхановтікі болуы мүмкін": Зәуре Батаева ұлы ақынның жұмбағы туралы айтты
Отандық басылымдардың бірінде филолог Зәуре Батаеваның "Абай жұмбағы: Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны" атты көлемді мақаласы жарық көрген еді. Ғылыми ізденістің шыққаны сол, автордың басы дау астында қалды. Тіпті, авторға "опасыз" деген сөздер айтылды
Тарихымызды...әсіресе тарихи тұлғаларды... ұлттық ұстаным мен қазақы таным- түсінігімізді сәбеттік- кәмәнәстік ойлау жүйесінен ада, тарапсыз, тәуелді, еркін сараптай білетін ұрпақтың келетініне сенімім мол. Тек сол ұрпақ тезірек келіп қуантса екен, маңдайы бес елі сордан айрылмаған әзиз халқымызды. Сұрақ сұрау керек стандартты тарихты оқығанда.
“ Сұрақ- ілімнің кілті” - деп бекер айтпаған әз Пайғамбар саллаллаһу аләйһи уә сәлләм.
Жоғарыдағы мақаланы айызым қанып, қуанып оқып шықтым. Өткір де батыл сұрақ қоя білетін және сол сұрақтарға ғылыми тұрғыда жауап беретін болашақ іні- қарындастарға сәлем жолдаймын.
Жолың ашық болғай Жан Бауырлар...

Қонақтың несібесі.
Қонақжай бір кісі болған екен. Әйелі болса жолдасының күнде бір кісілерді ертіп келетініне ашуы келетін. Бірнеше рет жолдасына:
— Күніге бір қонақты ертіп келесің, қонақтарың болса балаларымыздың несібесін жеп кетеді. – десе де, жолдасы сонда да үйге қонақ шақырмай тұрмайтын.
Бір күні әйелінің шыдамы таусып, ғұламаның қасына ақыл сұрап барады.
— Жолдасым қонақ шақырмаған күн жоқ. Балаларымыз өсіп келе жатыр, олардың сабағына біріктірген ешқандай ақшамыз жоқ. Тапқан ақшамыздың бәрі сол қонақтарды күтіп, оларды тойдыруға жаратылып жатыр.
Ғұлама әйелдің күйеуін де қасына шақырып, неге олай істейтінің сұрайды
— Қонақ шақырмай тұра алмаймын! Асымызды қонақпен бөліссек үйге береке кіреді- дейді.
Ғұлама екі жақты да тыңдап, әйелден күнде үш-төрт емес бір ғана қонақ келсе наразылығы болып болмайтынын сұрайды. Әйел оған да риза емес:
— Мен балаларымның несібесін басқасына жегізе алмаймын, деп тұрып алады.
Күйеуі ең болмаса күнде бір қонақ келсінші деп сұрайды. Ақыры әйел көнеді. Алайда ертеңіне жолдасы қайта екі қонақ ертіп келгенін көреді. Әйел ашуланса да, ашуын сыртқа көрсетпей ас үйге кіріп үш кісілік ас дайындайды. Қонақтар кетіп қараса жасалынған тамақ бір кісілік артылып қалады.
Әйел жолдасына:
— Қонақтың біреуі неге тамақ ішпей кетті? деп сұрайды. Жолдасы аң-таң:
— Қай қонақты айтасың? Мен бір-ақ қонақпен келдім ғой. Бірақ әйел бір емес екі қонақтың келгенін нақты көргенің айтады. Анығын білу үшін олар қайта ғұламаның алдына барады. Ғұлама болған жағдайды тыңдап:
— Жұбайыңыз рас айтады! Үйге екі қонақ кірген. Бірақ екінші қонақ,адам емес, адам кепіліндегі несібе болатын. Қарсы болсаңыз да дастархан жайып қонақты жылы қарсы алғаныңыз үшін несібе азаймады. Өйткені әр қонақ өз несібесімен келеді, тіптен несібесі өзінен 40 күн бұрын келеді. Яғни, ешкім ешкімнің несібесін жей алмайды, несібе де азаймайды, керісінше, қонақ шақырған үйдің несібесі артады.

Ардақты Пайғамбарымызға жанында қарт кісісі бар бір адам келген болатын.
Пайғамбарымыз ﷺ:
⁃ Қасыңдағы қарт кісі кім?- деп сұрады.
⁃ Әкем ғой- деп жауап берді келген кісі. Сол кезде Пайғамбарымыз жаңағы кісіге мыналарды қатты ескертті.
⁃ Жүргенде оның алдына түспе, бұл кісіден бұрын отырма, атын атап шақырма және әкеңді боқтаттырма...
( Хәйсәми, VII, 137 )

Өткенде үлкен ұл сұрайды "Өз еліңнің патриоты болу үшін не істеу керек?" деп. Кешкі ас үсті болатын. Ол өзі ыдысының түбінде екі қасық ас қалдырып қоятын жаман. Осыны пайдаланып, "өз еліңнің патриоты болу үшін ең алдымен тамағыңды тауысып жеу керек. Ысырап жасамау керек, әрі өзіңнің де денсаулығың" деп айтып алдым. "Содан кейін шешеңді, ата-апаларыңды, аға-апайларыңды құрметтеу керек, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық таныту керек. Қыз сияқты сықсыңдап жылағанды қою керек. Жақсы оқып білім алу керек" дедім. Ал "орысша сөйлегендермен қырылысу, гейлерді боқтау, шетелдіктерге тиген қазақ қыздарды қарғау" сияқтыларды айтқан жоқпын. Патриот болып көрінудің жолдарын өмір өзі-ақ көрсетеді.
Назгүл Қожабек
Назгүл Қожабек
Орыс тілінен еніп, типа қазақтікі болып кеткен, бірақ орысша екені анадайдан менмұндалап көрініп тұратын сөз бар. Ол - біреуге "сәттілік" тілеу. Орысша "Желаю удачи" қысқарып, "удачи" болған соң, біздікілер де "Сәттілік!" дей салады.
Қазақ жаңа басталып жатқан шаруаға "Іске сәт!", жолға шыққан адамға "Сәт сапар!" дейді.
Сәттілік дегеннің өзі - жасанды сөз.
#қазақТЫҚтіл

Ғұламадан бір адам:
- Сіз ғұлама атанғанша немен айналысатын едіңіз?- деп сұрапты.
Ғұлама:
- Отын дайындайтын едім, су таситын едім,- деп жауап беріпті.
- Ал, қазір немен шұғылданып жүрсіз?
- Отын дайындаймын, су тасимын.
- Не себепті қазір мұндай іспен шұғылданып жүрсіз?
- Өйткені бұл менің міндетім.
- Ал, бұрын ше?
- Бұрын да міндетім еді.
- Сонда айырмашылық жоқ па? Ондай болса, неліктен сіз ғұлама атанып жүрсіз?
- Айырмашылық бар.
- Қандай айырмашылық бар?
- Бұрын мен міндетімді атқарғым келмей, ұнжырғам түсіп, ашуланып атқаратынмын. Қазір қуанып, құлшынып атқарам.
- Неліктен олай? Не өзгерді?
- Мен өзгердім. Бұрын "Күнде осы бітпейтін тірлік. Тезірек бітсе екен. Мұны менен басқа адам атқарса, болмай ма?" деп істейтінмін.
Қазір "Күнде осы тірлік. Бітпесе екен. Мен үшін, әйелім үшін, қартайған әке-шешем үшін, жас балаларым үшін үй жылы болу керек, тамақ пісіруге су керек" деп атқарам.
Бұрын мен міндет атқаруды күйкі тірлік деп ойлайтынмын. Қазір мәңгілік қамқорлықтың нышаны деп білем,- деп жауап беріпті ғұлама.
Болай Бердиева

Еркектер "кіндік балам, кіндік әкесімін" дегенде, сол жігіт біреудің әйелін босандырып, баласының кіндігін кесіп жатқаны елестейді.
Қазақта кіндік шеше ғана бар. "Кіндік бала" деген ұғым мүлде жоқ. "Менің кіндік балам" демейді, "мен кіндік шешесімін" дейді. Ал кіндік шеше мен баланың, ол баланың ата-анасы арасындағы қатынаста ол әйелдің күйеуінің мүлде қатысы жоқ. Ол кіндік әке болмайды.

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.
( Бауыржан Момышұлы )
( Бауыржан Момышұлы )
Мәшһүр- Жүсіптің ,,Сарыарқа кімдікі?" деген кітабынан үзінді.
8- ші том.
Қазақ халқының алғашқы Орыс патшасына қарамақ болған уақыттарында елшілікке Иван Семеныч деген полковник келеді. Онымен таласа Қытайдан да елші келеді. Бұл екеуінен басқа қазақтың өз ішінен Кенесары, Наурызбай шықты. Сонда Кенесары, Наурызбай қазақ халқына айтты: ,,Өз еркіміз өзімізде, жер -суымыз , бас- мал билігіміз өзімізде, басқаға бағынышты болмай, өз алдымызға жеке тәуелсіз табанды еркін ел болайық!"- деп, барлық қазақ халқын үгіттеп, ,,Патша үкіметіне бағынба!"- деп патша үкіметіне қарсы көтеріліске шақырды.
Ол күндегі қазақтың атқамінер арамтамақ қулары өз қарақан бастарының қамын ойлап, көпшілік еңбекшіл қара бұқараның қамын, келешегін ойламай, аз күндікке алданып, аз нәрсеге жалданып, зерлі- шекпен, медальға сатылып патша үкіметінің алдау, арбау айласына еріп, Кенесары , Наурызбайдың тілін алмады. Қазақ халқының ынтымақсыз, алауыз екі жақ болғандығынан Кенесары, Наурызбайдың өрісі ұзай алмады. Оларға бір жақ емес, төрт жағынан жау шықты. Ақыр соңы Аалатаудағы қырғыз Жанқараш, Жантай балаларының қолында өлді. Кенесары, Наурызбайдың қазақ еліне:"Патша үкіметіне бағынба!"- деп айтқан өлең сөздері,,- деп ақын мына сөздерді жазады.
Бағынба, қазақ, орысқа,
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа деген қонысқа!
Береке кетер асыңнан
Билік кетер басыңнан
Неге некен, некен күйерсің!
Күйдіруші табылып,
Көршілес жақын қасыңнан
Қызығып тұрсың байқамай
Күйгеннен зарлап айтам- ай,
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей
Ойлағаны арамдық
Жарадан аққан іріндей.-
Деп патшаның зұлымдығын айтады.
Абақты деген үйі бар.
Қазулы даяр көрі бар,
Қызыл қарын , жас бала
Обалына қаласың.
Кейінгі үрім -бұтақтан
Қарғыс бір нәлет аласың!
Құтқарайын сендерді,
Соңымнан ерші, ерінбей!
Кене хан бұлайша дегенмен, қазақ халқының өлгендегі жауы жуандары, сатынды, арамтамақ қулары бұларға ермеді, тізгінін бермеді. Қайта патша үкіметіне қосылып, Кенесары, Наурызбайға қарсы жау болды.

ЖАЗМЫШ немесе МАМАНДЫҚ
Ертеде дəулеті мен сəулеті сай, бір хан болыпты. Ханның көзінің ағы мен қарасындай бір ұл, бір қызы болыпты. Перзенттері ес жиып балиғатқа толғаннан соң, бас уəзірін шақырып, ұлы мен қызын ғылымның сырлары мен əлемдегі ілімнің негіздерін оқытып, үйретуді тапсырыпты. Жылжып жыл, сырғып айлар өткенде бас уəзір балаларының бар ілімді толық меңгергенін хабар етіпті. Хан, уəзір сөзінің шындығын балаларының ілімін тексеру арқылы анықтамақ болып, қарамағындағы ғалымдарды жиып, екі балаға барлық ғылым салаларынан сұрақтар қойғызып, тексереді. Екі бала барлық жаратылыстану ілімдері, медицина, музыка, философия, мемлекетті басқару ілімі, дін саласынан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, барша ғалымдарды таң қалдырады. Ханда қырық адамның ақылы болмаса, хан болама, алдын ала даярлаған өз тапсырмасын береді. Ұлына өкшесі кеткен етікті, қызына қолтығы сөгілген көйлекті жамап жөндеуді тапсырыпты.
Екі бала ары шұқылап, бері шұқылап тапсырманы орындай алмайды. Сонда Хан қаһарланып, уəзірін жазаламақ болады. Уəзір:
- Хан ием сіздің ата бабаңыздан келе жатқан ен байлық, асыл тас, есепсіз мал дүниеңіз тұрғанда, жыртық киім, сөгілген етікті жөндеу бұл балаларыңызға қанша қажеттілігі бар? - деп безек қағыпты.
Сонда Хан:
- Дүние мүлік - мұз, оқу, білім қолданбаса - тұз, қолдан келер кəсіп - несібе - деп, қайта еңбек дағдысын үйреткен екен.
Күндердің күнінде, Хан бақилық болып, хандық өз ұрпағына бұйырмай, өзге аталасына ауып, екі перзенті несібесін Ұлы- етікші, Қызы- тігіншіліктен тапқан екен деседі.

“Бүгін бәрінен ұят кетті. Ал қазақ тәрбиесіндегі ұят институты бүгіндері „ұятмэн„ болды. Осылай деп әжуалайды оны. Өстіп төмендетеді.
Бір адам емес, кәдімгідей әлеуетті топ. Бәрі ұятмэнді насихаттап әлек.
Желіде ақ тер, көк тер. Кеудесін ашқан, балтырын жалтыратқан, аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан жағалай жұрт. Көкбеттік, бетпақтық, көргенсіздік, тайыздық…
Баяны мен Замирасы бар, Баяндаровасы бар, Байзақовасы тағы бар. Бәрі өзінше бір „қаһарман„. Әйтеуір дәлелдеп жүр. Нені дейсіз бе? Ұяттың жоқ екенін, әрине. Кімде дейсіз бе? Қазақ деген ұлтта…
Бірақ олардың бәрі бір тамаша күнде оңбай жеңіліс тапты. Мұрындарымен тіреле жер иіскеді.
Далбасалаған қыз-қырқын, қатын-қалашты сан соқтырған кім дейсіз бе сонда? Ол — Самал Еслямова!
Баянды қойшы, ол орыстың „мен„ деген кіл мықты актрисаларының алдын орап кетті.
Шолпан Хаматовалардың қолы жетпей жүрген, ұйықтаса үнемі түсінде көретін, өңінде армандаудан бір сәтке жалықпаған кино саласындағы Канн жүлдесін ғайыптан пайда болған қазақ қызы – осы Самал иеленді.
Әрине, орыстың актрисалары шаты айырылып, шат-шәлекей болды (жүлдені Ресейдің атынан алып тұр ғой).
Қолдан келсе, тартып та алар еді ол жүлдені. Бірақ ондай қауқарлары болмай қалды. Халықаралық жүлде өйткені ол. Негізі бұл өз алдына бөлек талқыланар әңгіме…
Ең бастысы..
Ең бастысы, Самал бұл жүлдені ең мықты әйел образы үшін алды. Демек, ең мықты әйел ол төсін ашқан немесе балтырын жалтыратқан емес, әсте. Керісінше, тәрбиесі берік адам.
Осы жағынан алғанда, Франция төрінде Самалмен бірге қазақтың қыз бала тәрбиесі де жеңіске жетті!..
Әрине, бар қазақ қуанды бұған. Қалай қуанбайды мұндайда?..
Самалдың жүлде алып жатқан сәтін бәріміз көрдік, ТМД-ның бәрі шулады. Ішіне қызғаныш құрты түскендер де болды.
Қазақы менталитетті „қақпайтындар„ „чо, то она какая то зашуганная„ деп пікір жазып жатты.
Ал біз одан ондай дәнемені көрмедік, керісінше ибалы, инабатты, ұяты жүзінен нұр боп төгілген таза қазақы тәрбиедегі қарапайым қыз бала тұрды алдымызда. Міне, ол Еуропаны дүркіретіп жүлде алып жатыр.
Негізі дейміз де, мысалы кісі көзіне тік қарамайтын жапондық әйелге „зашуганная она„ деп айтпас еді осы жұрт.
Өйткені олардың менталитеті сондай екенін жақсы біледі. Ұятқа құралғанын мойындайды.
Ал қазақтікі ұятқа құралған дегенді көбісі мойындағысы келмейді. Басқалар емес, сол баяғы өзіміздің қазақтар, идеологиялық мутацияға ұшырап, ұлттық тәрбиесі әбден бұзылғандар.
Өткенде...
Өткенде біздің редакцияға бас сұқты Самал. Көзіме оттай басылды. Қазақшаға судай. Тәрбиесі де өзіміздікі. Ауыл қазағынікі дегенім ғой.
Бірақ Ресейде тұрып жатқаныма 15 жыл болды дейді өзі. Таң қалдым. Өмір бақи Қазақстанда тұрып жатқан кейбір қыз-келіншектердің түрі анау. Ұлттық жөн-жосық тұр ғой, бір қазақша сөзді дұрыстап айта алмайды.
Соған қарамастан ақыл айтып, ел алдында бетке ұстар азамат құсап жүреді. Екеуінің айырмасы жер мен көктей.
Сонда мәселе неде? Осыны білгім келді. Сол себепті Самалға жақындай келе, жауап іздедім.
Сөйтсем Самал Петропавлдың қазағы боп шықты. Ауылда қазақ мектебін бітірген екен. Арғынның қызы. Осылай деп әңгімесін айтып жатқан Самал менен жанарын ала қашты. Беріліп кетсем керек. Бізде кісі көзіне қарамаушы еді ғой деп бұдан соң мен де кәдімгідей ұялып, бүгежеңдеп қалдым.
Дауысы ашық, шіркеудің қоңырауы сияқты даңғырлап жатқан жоқ, керісінше естілер-естілмес. Шолпының сылдырындай сыңғырлап шығады. Бұл да мәдениеттілікке жатады қазақтың жөнін білетін адамға.
Сирек күлімсірейді екен. Ал күлімсірегені құдды түні бойы ұйықтамай әбден күтіп, әрең атқан таңның рауаны секілді. Жылулық сыйлайды бойына. Ұялып, төмен әкеткен ұзын кірпіктерінің әрбірінде ұялшақ періштелер отырған сияқты. Көзі ойлы. Көп оқығаны көрініп тұр.
Ол
„Кандағы жүлдем – үлкен жетістікке жетудегі бір баспалдағым„ – дейді өзі.
Иә, өзін мейілінше қарапайым ұстауға тырысқанмен, мақсаттары әне қандай, өте биік. Димаш та тура осылай деген.
Қытайда алған көп жүлдесінің бірін ұстап тұрып.
„Арық сөйлеп, семіз шық„ деген ғой қазақ. Міне, екеуінің де ұстанған қағидаты осындай, бір-біріне ұқсас. Қазақша ұстаным, қазақша тәрбие, қазақша менталитет.