112 KZ
26.7K subscribers
13.5K photos
7.56K videos
7 files
10.9K links
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.youtube.com/@emergencykz

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
112 KZ
Ұшақ 19 жолаушыны немесе 1800 кг-ға дейін жүкті көтереді, дайын емес алаңдарда қонуға қабілетті және -50-ден +50 °C-қа дейінгі температураның кең диапазонында жұмыс істейді.

Модель санитарлық авиацияға да бейімделген. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жүйелер орнатылған. Қажет болса, ұшақ ұшу кезінде өмірлік маңызды функцияларды ұстауға арналған медициналық техникамен қосымша жабдықталуы мүмкін. Барлық қажетті жабдықтар ТЖМ қарамағына берілді.

Екінші ұшақты сатып алу ТЖМ техникалық жаңарту бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай жәрдемдесуімен мүмкін болды. Жақын арада Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұшақты орналастыру және оған техникалық қызмет көрсету үшін ангар құрылысы басталады. Өңір экипажды жұмыс және демалыс үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге де қатысады.

Пайдалануға берілгенге дейін экипаж Чехияда — ұшақ өндірушісі, Omnipol жанындағы оқу орталығында оқудан өтті. Дайындық бағдарламасы ұшу бөлігін де, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді де қамтыды.

Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыздар.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТЖМ құтқарушылары жол бойындағы көлік өртіне жедел әрекет етті

Бүгін, Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 798-шақырымында «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды.

👩‍🚒Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде жалын толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

📣 ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Огнеборцы МЧС оперативно ликвидировали возгорание автомобиля на трассе

🔥Сегодня в Хромтауском районе Актюбинской области на 798-м километре автодороги «Граница РФ – Актобе – Кызылорда – Алматы – граница КНР» произошло возгорание автомобиля марки «ГАЗель».

👩‍🚒Прибывшие спасатели оперативно ликвидировали пожар. Пострадавших нет, причина устанавливается.

📣 МЧС призывает соблюдать правила пожарной безопасности на автотранспорте.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube