112 KZ
26.8K subscribers
12.9K photos
7.28K videos
7 files
10.4K links
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.youtube.com/@emergencykz

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs
Download Telegram
"Құтқарушы" спорт кешенінде көктемгі күн мен түннің теңесуі және табиғаттың жаңаруын білдіретін Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Көктемгі Наурыз мерекесіне Министр Юрий Ильин, қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, АҚО ардагерлері, басшылық, жеке құрам және олардың отбасылары қатысты.
Іс-шара ұлттық киімдегі Қыдыр атаның (АҚО ардагері) бата беруінен, министрдің құттықтау сөзімен басталып, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшылығы ұйымдастырған концертпен жалғасты.
Ақтөбе облысының ТЖД Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті.

Мерекелік іс-шараға ТЖ саласының ардагерлері мен жеке құрамы, облыстың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Шарада Департамент бастығы М.Т. Аманбаев жеке құрам мен қонақтарға ТЖ Министрі Ю.В. Ильиннің Наурыз мейрамымен құттықтауын жеткізіп, өз атынан да жылы лебізін білдірді.

Киіз үйлер тігіліп, қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татты.
Халқымыздың ұлттық тағамы - ет асылды және ұлыс дәмі - Наурыз көже дайындалды. Әз Наурыз мейрамының құрметіне жеке құрам арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

Ептілігін көрсеткен жігіттерге жиналған қауым қолдау көрсетіп отырды.
Сондай-ақ, жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында “Тұсау кесу” рәсімі ұйымдастырылды.

Шара соңында Департамент бастығы полковник Марғұлан Аманбаев ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыс жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
Ұлттық киімді ұлықтайық!


"Сыр - алаштың анасы" атанған Қызылорда өңірі ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін киелі мекен. Наурыз - Ұлыстың ұлы күні ретінде әрбір шаңырақтың асыға күтетін мейрамы. Осы ретте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Ұлттық киімді ұлықтайық!" челендж-эстафетасын қабылдай отырып, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің" ұжымына жолдайды.
Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын!
Ырыс, береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын халайық!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Наурыз бақ-берекесімен келсін елімізге!

#наурыз2022 #ұлттық киімді ұлықтайық!
@turkistan_tjd @atyrau_tjd
🔆Батыс Қазақстан
Наурыз мейрамымен құттықтайды

Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!
Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды және эвакуацияланды
 
Өткен тәулікте ауа райы нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автожолдардың 21 учаскесінде, оның ішінде 11 республикалық (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары) және 10 облыстық маңызы бар автожол учаскелерінде (Ақмола, Алматы, Қостанай облыстары) жол жабық.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында қар құрсауынан 687 адам, оның ішінде 114 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 36 бірлік техника мен 1 автобус қар құрсауынан сүйреп шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы ТЖМ, ІІМ, ЖАО, жол қызметтерінің 578 адам мен 373 техникасы жұмылдырылды.
Мәселен, 23 наурызда сағат 13.00-20.00 аралығында Ақмола облысының үш ауданында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 80 адамды, оның ішінде 22 баланы құтқарып, жақын жердегі елді мекенге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 15 құтқарушысы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сағат 14.00-22.30 аралығында Ақмола облысының төрт ауданында ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 99 адамды, оның ішінде 22 баланы құтұқарып, жақын жердегі елді мекенге жеткізді.  Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД 18 құтқарушысы мен 5 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 3 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сағат 21.40-23.00 аралағында Әйтеке би ауданында Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 10 жеңіл автомобильді автожолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Автокөлікте 32 адам, оның ішінде 3 бала болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 4 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сағат 10.00-22.30 аралығында ТЖД құтқарушылары Қарағанды облысының бес ауданында 33 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. 50 адамды, оның ішінде 4 баланы жақын жердегі елді мекенге эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 16 құтқарушысы мен 10 бірлік техникасы, жергілікті полиция қызметінің 54 қызметкері мен 27 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 78 қызметкері мен 50 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сағат 13.30-23.45 аралығында Қостанай облысының үш ауданында ТЖД құтқарушылары ұар құрсауынан 70 адамды, оның ішінде 19 баланы құтқарып, жақын жердегі елді мекенге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД 8 құтқарушысы мен 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Халыққа алдын ала ескерту мақсатында ауа райының нашарлайтыны туралы 118 СМС-хабарлама және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 48 хабарлама таратылды.
ТЖМ азаматтарға ауа райы болжамымен танысып, аса қажет болмаса елді мекеннен шықпауға кеңес береді. Ауа райы нашарлап, жолда қалып қойсаңыз 112 құтқару қызметінің бірыңғай телефон номеріне хабарласыңыз.
 
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
 
 
За прошедшие сутки из снежного заноса спасено и эвакуировано
687 человек
 
В настоящее время в связи с ухудшением погодных условий (метель, плохая видимость) закрыто движение на 21 участках автодорог, из них 11 республиканского (г. Нур-Султан, Акмолинская, Восточно-Казахстанская, Карагандинская, Костанайская и Павлодарская области) и 10 областного значения (Акмолинская, Алматинская, Костанайская области).
За прошедшие сутки в г. Нур-Султан, Акмолинской, Актюбинской, Павлодарской, Карагандинской, Костанайской областях из снежного заноса спасено и эвакуирован 687 человек, в том числе 114 детей. В г. Нур-Султан, Актюбинской, Карагандинской областях из снежного плена вызволено и отбуксировано 39 единиц легковой техники и 1 автобус. В аварийно-спасательных работах были задействованы всего 578 человек и 373 единиц техники МЧС, МВД, МИО и дорожных служб.
Так, 23 марта в период с 13-00 по 20-00 часов в трех районах Акмолинской области силами ДЧС г.Нур-Султан из снежного заноса спасены и доставлены в ближайшие населенные пункты 80 человек, из них 22 детей. Спасенные в медицинской помощи не нуждались. В аварийно-спасательной работе были задействованы 15 сотрудников и 3 ед.техники ДЧС г. Нур-Султан.
В период с 14-00 до 22-30 часов в четырёх районах Акмолинской области силами ДЧС из снежного заноса спасены и доставлены в ближайшие населенные пункты 99 человек из них 22 детей. Спасенные в медицинской помощи не нуждались. В аварийно-спасательной работе были задействованы18 сотрудников и 5 ед. техники ДЧС и 3 работника и 3 ед. техники местных исполнительных органов.
В период с 21-40 по 23-00 часов в Айтекебийском районе спасателями ДЧС Актюбинской области из снежного заноса отбуксировано на очищенный участок автодороги 10 легковых автомобиля, в которых находилось 32 человека, из них 3 детей. В медицинской помощи не нуждались. В аварийно-спасательной работе были задействованы 4 сотрудника и 2 ед.техники ДЧС, 1 работник и 1 ед.техники местных исполнительных органов
В период с 10-00 по 22-30 часов спасателями ДЧС в пяти районах Карагандинской области спасены 33 человека, из них 6 детей и эвакуированы 50 человек, из них 4 детей в ближайшие населенные пункты. В медицинской помощи не нуждались. В аварийно-спасательной работе были задействованы 16 сотрудников и 10 ед. техники ДЧС, 54 сотрудника и 27 ед. техники местной полицейской службы, 78 работников и 50 ед. техники местных исполнительных органов.
В период с 13-30 по 23-45 часов в трех районах Костанайской области спасателями ДЧС из снежных заносов спасены и доставлены в ближайшие населенные пункты 70 человек, из них 19 детей. Спасенные в медицинской помощи не нуждались. В аварийно-спасательной работе были задействованы 8 сотрудников и 3 ед. техники ДЧС, 1 работник и 1 ед.техники местных исполнительных органов.
В целях предупреждения населения осуществлена рассылка 118 СМС-сообщений об ухудшении погодных условий и посредством мобильного приложения «Дармен» направлено 48 уведомлений.
МЧС рекомендует следить за погодными условиями и без острой надобности не выезжать за пределы населенных пунктов. В случае нахождения на дорогах в сложных погодных условиях звонить по номеру службы спасения «112».  
Мемлекет басшысының тапсырмасымен
Қазақстаннан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді

2022 жылғы 28 наурызда Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтарына гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізу үшін арнайы рейсті ұйымдастырды.

Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келу жоспарлануда.

По поручению Главы государства новая партия гуманитарной помощи нуждающимся гражданам Украины отправлена из Казахстана

28 марта 2022 года Министерством по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан был организован специальный рейс, доставивший из г. Алматы в польский город Катовице очередную партию гуманитарной помощи для граждан Украины.

Груз, общим весом 17,5 тонн, включает в себя предметы первой необходимости, такие как постельные принадлежности и продукты питания. Ранее Казахстан отправил гуманитарную помощь общим весом 28,2 тонны в виде 17 наименований лекарств – антибиотики, противовоспалительные, противокашлевые и антигипертензивные препараты. Указанная помощь была предоставлена согласно данному ранее поручению Главы государства на основании обращения украинской стороны.

Планируется, что на обратном пути доставивший груз самолет Ил-76 государственной авиакомпании «Беркут» вывезет и несколько десятков граждан РК и членов их семей, прибывших из Украины в Польшу при содействии казахстанских дипломатов.