Q CODE: Программалау мектебі
336 subscribers
43 photos
5 videos
2 files
84 links
Armanyñnan bas tartpa!
Download Telegram
🎉 Әкім Аңсар Ресми Түрде Назарбаев Университеті Магистрі

Осыған дейін НУ кітапханасында отырып та біраз посттар жазушы едім.
Міне, 2 – жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты! Күні кеше оқуға түстім деп қуанышпен бөлісіп отырғандай сезіледі!
Бүгінгі күн НУ дипломды алып магистр атанып жатырмыз!

📌 НУ мен үшін?
Оқу орнынан үйренген дүние көп! Назарбаев Университеті мен үшін “Жоғары сапа”, “Зерттеу дағдысы”, “Рефлексия дағдысы” және “Networking” деп қорытындылауға болады.
📌 Қайта түсер ма едің?
Оқу орнында өткізген әрбір уақыт мен үшін таптырмас тәжірибе болды! Сондықтан бұл саяхатты қайта жүріп шығудан жалықпас ем!
📌 Қиын болды ма?
Әрине! Қиын болмаса қадірі қайдан болсын! Ол қиын болу керекті де! Ең бастысы қиындыққа қарамастан арманына ұмтылған адам жетеді!
📌 Ендігі жоспар?
Ал енді қол босағанның көкесі менде! Ойда бірнеше проект бар! Ол зерттеу, программалау, ұстаздар үшін ағылшын тілі және тағы да басқа!

Ең бастысы
Арманыңнан бас тартпа!
Ізгі ниетпен Әкім Аңсар
🔥6
👨‍🏫 Алгоритмдер тақырыбына арналған видеолар жинағын жалғайық.

✍️ Бүгінгі тақырып
: Енгізу арқылы сұрыптау Insertion sort : //youtu.be/o-ZMryb7IpM

🤝 Келесі тақырып: Іздеу алгоритмдері

Сәлеметсіз бе! Алгоритмдер әлемінің қызығы мен шыжығын бірге үйренейік.
Алгоритмдер тақырыбына арналған видеолар жинағын түсіріп бастадық.
Бұл видео жинақта келесі тақырыптарды қамтимыз:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмді өлшеу. Үлкен О белгісі.
3. Сұрыптау алгоритмдері
Көпіршіктік сұрыптау
* Енгізу арқылы сұрыптау
4. Іздеу алгоритмдері
5. Граф алгоритмдері
Бұл жасалып жатқан видеолар БАРЛЫҒЫ ТЕГІН!
Қазақ тіліндегі контентті дамытуға бағытталған!
Сондықтан, еңбекті бағалау үшін не істеу керек екенін білетін шығарсыз!
💯6
*Информатика Ауыл мектептерiнiң олимпиадасы облыстық кезеңi I тур*
Арғы жылғы келген есептерді талдауын ұсынамын, осы жылы қатысатын оқушыларға пайдалы болар:
Талдау: https://youtu.be/2GYw7a5PGOw?si=3Fl-zmNXo69JCIwZ

I тур Оқушы не білуі керек:
Python Шарт, For, while, тізімдер, оларға пайдаланатын қарапайым функциялар sort(), len()
мәліметті дұрыс қабылдау split(), типтермен жұмыс
Негізі біздің Stepik Python курспен дайындалса оңай болады екен облыс деңгейі✊🏻
👍4❤1
*Информатика Ауыл мектептерiнiң олимпиадасы облыстық кезеңi II тур*
Арғы жылғы келген есептерді талдауын ұсынамын, осы жылы қатысатын оқушыларға пайдалы болар:
Талдау: https://youtu.be/fa7Bkz2Md3M

II тур Оқушы не білуі керек:
қарапайым abs(), int(), split() функциялары
құрылымдар: тізім, сөздік, жиын және олардың функциялары

Әрине бұл жарысқа оқушы барынша программалау негіздерін білуі қажет!
Сонымен қатар бұл арғы жыл тапсырмалары екенін ескеріңіз!
Іске сәт,
Сұрақтар болса жекеге жаза беріңіздер
Ізгі ниетпен,
🔥3❤2
Forwarded from Тегін мастер класс - Аңсар ағай
❤2
💼 Бұл Мастер класста мен сіздермен менің оқушы/ұстаз/студент ретінде өз практикамда кез келген емтиханда жоғары нәтижеге жеткізген әдіс тәсілдермен бөлісетін боламын!
🎯Мастер класс үлкен рефлексиялық жұмыс, емтиханға дайындық практикасында көптеп қателіктерді анализ жасау нәтижесі!

🙌 Сондықтан баршаңызға Мастер класс ақпараты пайдалы болады деп сенемін!

Күндеріңіз сәтті өтсін
Ізгі ниетпен,
Әкім Аңсар
Мастер класс қызықты болса
👉 https://t.me/+PhBkE7dGugI5ZmUy
*Барлықтарыңызға сәлем!*

Әкім Аңсар Бүркітбекұлы байланыста! 👋

Көптен күткен *Brand: Web - жобалау HTML және CSS 1.0* курсы дайын! 🎉
👉 Курсқа сілтеме https://stepik.org/course/224066/syllabus

Бұл курста бізге қажетті HTML және CSS тақырыптарының барлығы қарастырылған!

Курста:
50+ теориялық материал
150+ тест тапсырмалары
HTML мен CSS кодтарын жазу тапсырмалары жинақталған

💬 Бұл курстың бірінші нұсқасы, сондықтан курс сапасын жақсарту үшін әрбір кері байланыс біз үшін өте маңызды! Қазақша контент сапасын бірге жоғарлатайық!

Сонымен қатар, тағы бір қуанышты жаңалық:
👉 Python тілі. Қазақ тіліндегі алғашқы интерактивті курс 2.0 https://stepik.org/course/125421/syllabus
Қолданушылары 2100 оқушыға жетті!

--------------------------------------

Барлық курстар тегін, Stepik сайтына тіркеліп пайдалана берсеңіз болады!

🎯 *Басты мақсат: қазақ баласының бағдарламалау саласына деген қызығушылығын арттыру және олардың осы салада жетістіктерге жетуіне көмек көрсету!*

Сұрақтар мен ұсыныстар болса, жекеге шыға беріңіздер! 💌
👍9❤4
🥳 Көптен күткен ЖИ курсы:
Тегін 💥 https://youtu.be/lJhu9kb2a9c?si=ohS2fl0ETealkWCf
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥 ЖИ көмегімен — 1 сағатта дайын ролик!

Жоспар → кадрларды жасату → монтаж → нәтиже 🎬

Ал мұның бәрін өзіңіз істесеңіз — айлар кетері анық.

🤖 Жасанды интеллект бізге уақыт пен күш үнемдеудің жаңа деңгейін ұсынады.

Сұрақ — сіз бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланып жүрсіз бе? 🚀
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
TXT - IMG фаворит - midjourney ai - тегін қолдануға болады.
Үйренуге нағыз мүмкіндік 🤩
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Вайбкодинг арқылы енді - Кез келген адам кез келген проект жасай алады ма?!

Вайбкодинг арқылы жасалған проект келесі сілтеме арқылы байқап көрсеңіздер болады https://logic-ansarakim.vercel.app
👍3
Қайырлы күн, қалайсыздар?

ЖИ курсы ustaz365.kz сайтына толықтай салынды, ұстаздарға доступ тегін ❤️

кіріспе сабағы: https://youtu.be/8TLr61G5Cag

Толық курсқа тегін доступ алу үшін, ustaz365.kz сайтына тіркеліңіз болғаны 🤝
❤1👍1👏1