Kazakhstan Taekwondo WT
2.5K subscribers
2.44K photos
161 videos
73 files
77 links
Қазақстандық таеквондо WT федерациясының ресми арнасы
Download Telegram
Жасөспірімдер
4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлем чемпионатына дайындық жалғасуда 💪

Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшылары Air Bike жаттығу құрылғысында күш пен төзімділікке арналған сынақтан өтуде ⚡️

#QazTkd #TkdWorlds

Тест перед чемпионатом мира 💪
Спортсмены сборной Казахстана по таеквондо проходят интенсивные испытания на силу и выносливость на Air Bike.

📍Подготовка к чемпионату мира продолжается.
🔥43
#QazTkdWorlds

24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді.

Дүниежүзілік біріншілікке әлемнің 179 елінен 991 спортшы тіркелген.

Жылдың ең басты додасында Қазақстан намысын 16 таеквондошы қорғайды.

#QazTkd

24 по 30 октября в китайском городе Уси пройдет Чемпионатмира по таеквондо (WT) среди взрослых – одно из главных событий международного календаря World Taekwondo.

В этом году участие в мировом первенстве подтвердил 991 спортсмен из 179 странмира. Казахстан представят 16 таеквондистов: по восемь мужчин и женщин в каждойвесовой категории.

Состав Национальной сборнойкоманды РеспубликиКазахстан на Чемпионатмира по таеквондо (WT) в г.Уси, Китай:

Мужчины:
-54 кг:Бекзод Кадиркулов
-58 кг: Тамирлан Тлеулес
-63 кг: Самирхон Абабакиров
-68 кг: Дамир Шуленов
-74 кг: Бекасыл Ергеш
-80 кг: Батырхан Толеугали
-87 кг: Нурлан Мырзабаев
+87 кг: Бейбарыс Каблан

Женщины:
-46 кг:Айдана Кумартаева
-49 кг: Нодира Ахмедова
-53 кг: Азиза Каражанова
-57 кг: Мария Севостьянова
-62 кг: Айша Адильбеккызы
-67 кг: Нурай Хусайнова
-73 кг: Назым Махмутова
+73 кг: Евгения Каимова
14🔥6👍4😍2
Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ) өтіп жатыр.
Спортшыларымыз Қытайдың Уси қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде 🇨🇳🇰🇿

Жаттығулар жоғары қарқынмен өтуде - команда техникасын, физикалық дайындығын және рухын шыңдап жатыр 💪
📌БАСЫМДЫҚ НӘТИЖЕГЕ БЕРІЛЕДІ: ЕЛІМІЗДЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді.

Аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады.

➡️65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарап жасалды.

Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады. Жергілікті атқарушы органдар спортшылардың ел чемпионаттары мен кешенді жарыстарға қатысуын қаржыландырады. Ал халықаралық жарыстарға бюджет есебінен қатыса алмайды. Тек демеушілердің немесе өзге де қаражат есебінен қатысуына болады.

✔️Тізім жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спорт түрлерін қосуға мүмкіндік береді.

Заң жобасына енгізілген түзетулер қоғам өкілдері, депутаттар, спорт саласының мамандары, федерациялар, бапкерлер, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірін ескере отырып дайындалғанын ерекше атап өткен жөн.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде спорт саласына кешенді реформа жүргізілуде. Министрлік дене шынықтыру және спорт саласын жүйелі реформалауға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын әзірледі.

💻Заң жобасындағы бірқатар маңызды өзгерістер:

- спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби клубтарды күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит енгізу;

- Қазақстан Республикасының азаматы емес спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу;

- «басым спорт түрлері» ұғымын нақтылау және олардың өңірлік тізімін бекіту;

- аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндетін жүктеу;

- спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын күшейту;

- «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларын ротациялау тетігін енгізу;

- «спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары» ұғымын бекіту.

Министрлік елімізде спорттың тұрақты дамуына жағдай жасап келеді. Ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебе беріліп, вертикалды басқару жүйесі қалыптастырылады. Сондай-ақ бюджет қаражаты әлдеқайда тиімді жұмсалмақ.
👍21
11–12 қазан күндері Черногория астанасы Подгорица қаласында таеквондодан (WT) G-1 санатындағы “Montenegro Podgorica Open 2025” халықаралық турнирі өтті. Аталған жарыста қазақстандық Мақсат Орынбасар мен Әзірет Дүйсербек көзге түсті.

Мақсат Орынбасар 74 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол жартылай финалда Германия, ал финалда Косово спортшысынан басым түсті.
Ал Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Айта кетерлігі, халықаралық ашық турнирге әлемнің 24 елінен барлығы 333 таеквондошы қатысты.

#QazTkd

11–12 октября в столице Черногории - Подгорице состоялся международный турнир по таеквондо (WT) «Montenegro Podgorica Open 2025» категории G-1. Казахстанские спортсмены Максат Орынбасар и Азрет Дуйсенбек успешно выступили на соревнованиях.

Максат Орынбасар завоевал золотую медаль в весовой категории до 74 кг, одержав победу над соперниками из Германии и Косово в полуфинале и финале соответственно.
Азрет Дуйсенбек стал бронзовым призёром в категории до 58 кг.

Всего в турнире приняли участие 333 спортсмена из 24 стран мира.
🔥8👍2
Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) президенті келді

Бүгін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька бастаған делегация Астанаға келді. Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесу өткізіп, елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясат мәселелерін талқылау.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) — спорттағы допингке қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен құрылған.

WADA-ның негізгі құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және оған қосымша сегіз халықаралық стандарт. Агенттіктің басты міндеті – допингке қарсы күресті насихаттау, үйлестіру және бақылау. Ұйым өз қызметін аймақтық және ұлттық допингке қарсы орталықтар арқылы жүзеге асырады және бұл орталықтар Кодекс талаптарын сақтауға міндетті. Сонымен қатар WADA зертханаларды аккредиттеп, допинг-бақылауға арналған ғылыми талдаулардың сапалы болуын қамтамасыз етеді.