Kazakhstan Taekwondo WT
2.5K subscribers
2.44K photos
161 videos
73 files
77 links
Қазақстандық таеквондо WT федерациясының ресми арнасы
Download Telegram
Әзірбайжанның Гянджа қаласында III ТМД елдері ойындарының ашылу салтанаты өтті. Биыл ойындар спорттың 18 түрі бойынша өтеді.

Таеквондо жарыстары 29–30 қыркүйек күндері «Кюр» Олимпиадалық орталығында ұйымдастырылады. Алғашқы күні ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
• Бектөре Оралханов (-63 кг)
• Бекасыл Ергеш (-74 кг)
• Аяулым Асқар (-62 кг)
• Айдана Сүндетбай (-53 кг)

#QazTkd

В азербайджанском городе Гянджа состоялась церемония открытия III Игр стран СНГ. В этом году соревнования проходят по 18 видам спорта.

Турнир по таеквондо пройдёт 29–30 сентября в Олимпийском центре «Кюр». В первый день на даянг выйдут:
• Бектөре Оралханов (-63 кг)
• Бекасыл Ергеш (-74 кг)
• Аяулым Асқар (-62 кг)
• Айдана Сүндетбай (-53 кг)
8
Әзірбайжанның Гянджа қаласында өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында қазақстандық таеквондошылар алғашқы жүлделерін жеңіп алды.

53 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдана Сүндетбай жартылай финалда ресейлік Азиза Гузейноваға жол беріп, қола медаль иеленді. Ал 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бекасыл Ергеш жартылай финалда әзірбайжандық Елжан Алиевке есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Жарыстар «Кюр» олимпиадалық спорт кешенінде өтіп жатыр. Биылғы ойындар спорттың 18 түрін қамтиды. Айта кетерлігі, ТМД ойындарында таеквондо бойынша жарыстар ертең де жалғасын табады.

#QazTkd

В Гяндже (Азербайджан) на III Играх стран СНГ казахстанские таеквондисты завоевали первые медали.

В весовой категории до 53 кг Айдана Сундетбай в полуфинале уступила российской спортсменке Азизе Гузейновой и стала бронзовым призёром. В категории до 74 кг среди мужчин Бекасыл Ергеш в полуфинале встретился с азербайджанцем Елжаном Алиевым и также завоевал бронзу.

Соревнования проходят в Олимпийском спортивном комплексе «Кюр». В этом году Игры объединяют 18 видов спорта. Отметим, что турниры по таеквондо (WT) продолжатся и завтра.
7🔥1
Бүгін Әзірбайжанның Гянджа қаласында III ТМД елдері ойындарында таеквондо бойынша екінші жарыс күні басталады.
Жарыстың екінші күнінде ел намысын Джавохирхон Исламов (-58 кг), Ануар Мухаметкарымов (-68 кг), Батырхан Кусетов (80 кг), Бейбарыс Каблан (+87 кг) Альмира Қанат (-57 кг) қорғайды.

Айта кетерлігі, алғашқы жарыс күнінде Айдана Сүндетбай мен Бекасыл Ергеш ел қоржынына қос қола жүлде салған болатын.

#QazTkd

Сегодня в азербайджанском городе Гянджа стартует второй соревновательный день по таеквондо (WT) в рамках III Игр стран СНГ.

Во второй день за честь Казахстана выступят Джавохирхон Исламов (-58 кг), Ануар Мухаметкарымов (-68 кг), Батырхан Кусетов (80 кг), Бейбарыс Каблан (+87 кг) и Альмира Канат (-57 кг).

Напомним, в первый день соревнований Айдана Сундетбай и Бекасыл Ергеш принесли в копилку сборной две бронзовые медали.
🔥31
Қазақстандық таеквондошылар III ТМД елдері ойындарын жеті медальмен аяқтады

Әзірбайжанның Гянджа қаласында өткен III ТМД елдері ойындарында таеквондодан жарыстар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы дүбірлі додада табысты өнер көрсетіп, барлығы жеті медаль жеңіп алды.

Бүгін даянгқа шыққан спортшылар Жавохирхон Исламов (-58 кг) пен Бейбарыс Қабылан (+87 кг) қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, жарыстың жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ Батырхан Кусетов (-80 кг) пен Аяжан Сапархан күміс жүлдеге қол жеткізсе, Ануар Мұхаметкәрімов (-68 кг) қола жүлдегер атанды.

Ал жарыстың алғашқы күнінде Айдана Сүндетбай мен Бекасыл Ергеш те ел қоржынына қола медаль салған болатын.

Осылайша, таеквондодан Қазақстан құрамасы III ТМД елдері ойындарын 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен аяқтап, жалпы командалық қоржынын толықтырды.

#QazTkd

Казахстанские таеквондисты завершили III Игры стран СНГ с семью медалями

В азербайджанском городе Гянджа завершились соревнования по таеквондо в рамках III Игр стран СНГ. Сборная Казахстана успешно выступила на турнире, завоевав в общей сложности семь наград.

Сегодня на даянг вышли Жавохирхон Исламов (-58 кг) и Бейбарыс Кабылан (+87 кг), которые уверенно обыграли соперников и стали победителями соревнований. Серебряные медали в активе Батырхана Кусетова (-80 кг) и Аяжан Сапархан, бронзовую награду завоевал Ануар Мухаметкаримов (-68 кг).

В первый соревновательный день Айдана Сундетбай и Бекасыл Ергеш также принесли сборной Казахстана бронзовые медали.

Таким образом, по итогам турнира казахстанские таеквондоши завершили III Игры стран СНГ с 2 золотыми, 2 серебряными и 3 бронзовыми медалями, пополнив общий медальный зачет национальной команды.
🔥104
📄 Қазақстандық таеквондо жаттықтырушыларының жаңартылған рейтингі (30.09.2025)

#QazTkd

📄 Обновлённый рейтинг казахстанских тренеров по таеквондо (WT) (30.09.2025)
Ересектер