Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Қайырлы түн! 1) Неге төрешілік деңгей төмен болды, неге жб лар төреші болды? Мен БТ ретінде әр 2 фракцияға 1 төреші тіркеуге міндеттедік, және кемі 3 жыл тәжіребиесі болу қажет. Алайда бір студ лига ға қарайтын 10 фракция 1 төреші әкелед. Осы кезде саясат…
Соңғы кездері турнирдегі әділетсіздік, келісіп алу, кубок алмасу деген сөздерді жиі естіп, оқып жүрмін...

Бір айтарым ондай жаман ойдан, жаман сөзден аулақ болыңыздар.

Тіпті ол туралы әзілдеп те керек емес. Себебі сондай әзілдер естіген, оқыған адамдардың, әсіресе, жас буынның ішкі күмәнін одан сайын күшейтіп жібереді.

Төрешілер қателесуі мүмкін, бірақ өзіңіз сияқты басқа пікірсайысшылар туралы жаман ойлап керек емес.

Оның орнына жақсы ойлаңыздар, жақсылыққа сеніңіздер, өздеріңіздің қабылеттеріңізді дамытуға көңіл бөліңіздер, жақсы жағынан үлгі болыңыздар, көрсетіңіздер😊
#Дебатқызықмолжылдар
Forwarded from Qazaq Debate🇰🇿
Құрметті пікірсайысшылар

30-наурыз АЗАМАТ жобасының авторы, QAZAQ DEBATE қозғалысының құрылтайшысы Ерболат Мұхаммеджан мырзамен кездесу жоспарлануда.

⚜️ Шара аясында АЗАМАТ 2025 түсірілім қорытындысы, келесі маусым жоспарлары және т.б. қозғалыс аясындағы идеялар талқыланбақ.

📆 Күні: сәрсенбі 30.04.2025
Сағат: 18:30
📌 Локация: Alatau creative hub https://2gis.kz/almaty/geo/70000001047455043

_Барлық 1-2-3-4 курс буын өкілдері мен майталмандарына есік ашық екенін хабарлаймыз._

📞 Сұрақтар мен байланысу үшін: +7 707 207 2205 Жалғас мырза
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Сұлтанмахмұт Торайғыров #qazaq
Қайырлы таң, халқымыздың бірлігі күні құтты болсын❤️‍🔥🇰🇿

Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

Ахмет Байтұрсынұлы
#qazaq
Құрметті оқушылар🇰🇿

Сіздерді дәстүрлі  AQIQAT CUP XIV дәстүрлі республикалық ректор грантына арналған турнирге шақырамыз🔥

~ 32 фракция
~ 2 ректор гранты

Бұл – жай жарыс емес. Бұл – ой мен логиканың майданы.
Мұнда тек білім емес, дәлел мен шешендік жеңеді.
Әр раунд – сынақ. Әр аргумент – қару.

🔗Тіркелу сілтемесі
🗓️Тіркелу дедлайны: 12.05
#Күнтізбе
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Құрметті оқушылар🇰🇿 Сіздерді дәстүрлі  AQIQAT CUP XIV дәстүрлі республикалық ректор грантына арналған турнирге шақырамыз🔥 ~ 32 фракция ~ 2 ректор гранты Бұл – жай жарыс емес. Бұл – ой мен логиканың майданы. Мұнда тек білім емес, дәлел мен шешендік жеңеді.…
🙋‍♀Что: Дебатный турнир для новичков (БПФ)

💁‍♂Где: г. Ташкент
🤷Когда: 8-9 июня
🗣Язык: английский 

🙆‍♀Для кого: Старшеклассники (10-11 классы) и студенты университетов из стран Центральной Азии и Афганистана

💰Организаторы покрывают расходы на проезд и проживание

🙇‍♂Заявки принимаются от команд из 2-х человек 

Дедлайн: 24 мая

💠Регистрация: здесь
#Күнтізбе
Forwarded from IELTS 7.5 in 7 days?
Hi all!👋🏻

My name is Kuralay, and I am a soon-to-be alumna of Nazarbayev University!

In this channel, I will be sharing tips and materials for IELTS prep and try to help you with everything I can🫶🏻

A little about me:
- I'm a 4th year student at NU, majoring in Politics (though my interest is purely academic)
- Over the past 6 years, I’ve taught English to 100+ students- a truly rewarding experience!
- In 2020, I got 8.0 on the IELTS exam
- During the quarantine, I organized an online speaking club for hundreds of students from Kazakhstan and Kyrgyzstan
- Thanks to English, I've achieved great milestones in debating and was selected to present Kz at Oxford University in 2023! That same year, I received a job offer from one of Kz's leading IT startups.
Now, I help others succeed academically and professionally, with English playing a key role📌

I’ll soon be sharing valuable content, so stay tuned! For now, let me know what you’d like to see on this channel!
⚡️Семей қаласы әкімінің кубогына арналған дәстүрлі Semey open 2025 республикалық пікірсайыс турниріне шақырамыз🏆

Турнир мамыр айының 10-11 күндері, Семей қаласында өтеді.

Тіркелу сілтемесі ашық деп жариялаймыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfm3fsN9lZ9gHtvg8hFlrCzBMIIiUzk6xEzp-2LroEr1kkFSA/viewform?usp=header

📌Турнир форматы:
• Британ парламенттік форматы (БПФ)
• Линкольн-Дуглас форматы (ЛД)
• Плэй-офф кезеңдері: БПФ және ЛД
• Жалпы ТЭБ – 32 фракция

Жүлде қоры:
Жеңімпаздарға - 250 мың теңге
Финалистерге - 100 мың теңгеден

Үздік спикерге - 50 мың теңге

🥇Республикалық турнирге қатысып,өз бағынды сына. Жаңа пікірсайысшыларды бірге тамашалайық.

Қосымша сұрақтар бойынша:
+77077401879
#Күнтізбе
Forwarded from Múmkindik (Алжан Шарипов)
📊 ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ PYTHON – ТЕГІН ОНЛАЙН КУРС!

Astana Hub пен Яндекс Практикум бірлесіп, деректерді талдау мен Python бағдарламалау тілінің негіздерін үйренуге арналған тегін онлайн курсты ұсынады. 

🧠 Курс барысында сіз:
- Деректер аналитикасының негізгі ұғымдарымен танысасыз;
- Python және pandas кітапханасын пайдаланып, деректерді өңдеуді үйренесіз;
- Графиктер құру және оларды талдау дағдыларын меңгересіз;
- Қаржы және инвестиция салаларындағы аналитикаға арналған ЖИ-құралдармен жұмыс істеуді үйренесіз;
- Түрлі салаларға қатысты деректермен жұмыс істеуге арналған 4 практикалық кейсті шешесіз.

📅 Курс форматы:
- Онлайн, өзіңізге ыңғайлы уақытта;
- Қазақ және орыс тілдерінде;
- Қолжетімділік тіркелгеннен кейін бірден ашылады;
- Курс материалдарына шексіз қолжетімділік.

📌 Курс кімге арналған?
- Python тілін алғаш рет үйренгісі келетіндерге;
- Деректермен және жасанды интеллектпен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ, бірақ оны байқап көргісі келетіндерге;
- Қазір басқа салада жұмыс істеп, мамандық ауыстыруды жоспарлап жүргендерге;
- Деректерді талдаудың негіздерімен жүйелі түрде танысқысы келетіндерге.

🎓 Курсқа тіркелу: astana.hub

@mumkindik
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
⚡️Семей қаласы әкімінің кубогына арналған дәстүрлі Semey open 2025 республикалық пікірсайыс турниріне шақырамыз🏆 Турнир мамыр айының 10-11 күндері, Семей қаласында өтеді. Тіркелу сілтемесі ашық деп жариялаймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQ…
📌Шектеулі турнирден шаршаған боларсыз?!🤯
Жас буындардың арасында “Шал кет!”👨🏿‍🦳, “Динозаврлар” 🦖деген сөздерді көп естіп, бірақ өзіңіздің кім екеніңізді көрсеткіңіз келіп жүр ме?
📌Олай болса біз сізді Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің “Күлтөбе” ИПК ұйымдастыруымен өтетін Ұлы жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Ұрпақтар сабақтастығы идеясы аясындағы дәстүрлі Дүлдүлдер Додасы VIII атты облыстық пікірсайыс турниріне шақырамыз!

Қашан? 11.05.2025, 08.00
📍Қай жерде?: Ш.Мұртаза атындағы ХТУ, Желтоқсан 69Б
🎭Не киеміз? Классикалық стиль
🎤Не ойнаймыз? АПФ, БПФ, ЛД, ПДФ

📌Турнир жарнасы:
Түлектер, тәжіриебесі 4жылдан көп пікірсайысшылар 10.000теңге
Қалғандары 5.000теңге

Тіркелу: https://t.me/itu_DD_VIII/95

📲Турнир бойынша сұрақтар: 87075969136
#Күнтізбе
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Қайырлы таң, халқымыздың бірлігі күні құтты болсын❤️‍🔥🇰🇿 Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. Ахмет Байтұрсынұлы…
Қайырлы таң, Отан қорғаушылар күні құтты болсын❤️‍🔥🇰🇿

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Мұқағали Мақатаев
#qazaq
Forwarded from Шимай дәптер;
7 мамыр – нағыз ерліктің, төзім мен жауапкершіліктің күні.

Бүгін — Отан қорғаушылар күні. Иә, бұл күн ресми түрде әскерде болған азаматтарды еске салатын күн. Бірақ біз қателеспеуіміз керек: нағыз отан қорғау — тек қару ұстап, шекара күзетумен шектелмейді.

Кей ер азамат таңмен таласа тұрып, отбасын асырау үшін бірнеше жұмысты қатар атқарады. Бірі өмірдің ауыр салмағына мойымай, балаларына әке болуға, еліне адал болуға тырысады. Бірі қоғамның әділетсіздігімен күресіп жүр, бірі жай ғана тыныш өмір үшін жүгін өзі көтеріп келеді. Қазіргі қоғамда еркек болу — ауыр, бірақ арлы міндет.

Сондықтан, бұл күн тек сарбаздарға емес, жанын салып күресіп жүрген әр ер-азаматқа арналуы керек. Мейлі ол әскерде болмасын, мейлі ол соғыс көрмеген болсын — бірақ әр күнін ар-намыс, жауапкершілік және төзіммен өткізіп жүрсе, ол — нағыз қорған.

Қиын заманда ер болып қалу — батырлық.
Қысым мен күйзелісте де сабыр сақтау — ерлік.
Үнсіз күресіп, сыр бермеу — бұл да отан алдындағы борыш.

Сол үшінде барлық ер азаматтарға алғыс айтамын.
Жүрегі мықты, жаны таза, еңсесі биік қазақ ерлері, мерекелеріңізбен!