Сәлем, дебатер🇰🇿

2025 жылдың 19 сәуір күні өтетін облыстық “Qostanai Cup I” турниріне тіркелу ашық деп жариялаймыз🏆

Турнирде нағыз мықтыларды анықтаймыз💪🏻

Ойын форматы: БПФ, ЛД форматтарында өткізіледі🤝

Мықты төрешілік, қызу талқыға түсетін қатысушылар бәрі бәрі бізде🔥

Қатысушылар саны 16 фракция
Жарна жоқ❤️‍🔥
Турнирге колледж студенттері мен университеттің бірінші курс
студенттері қатыса алады!

https://t.me/+efuxqTqVPwBkYTVi
#Күнтізбе
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Сәлем, дебатер🇰🇿 2025 жылдың 19 сәуір күні өтетін облыстық “Qostanai Cup I” турниріне тіркелу ашық деп жариялаймыз🏆 Турнирде нағыз мықтыларды анықтаймыз💪🏻 Ойын форматы: БПФ, ЛД форматтарында өткізіледі🤝 Мықты төрешілік, қызу талқыға түсетін қатысушылар…
Сәлем,сәлем🇰🇿

Шымқаланың пікірсайысшылары🙌🏻
Иә,иә сіз бен біз күткен пікірсайыс турнирініңде өз уақыты келіп жетті🥳

Сіздерді  99 мектеп-гимназиясы ұйымдастырып отырған, 142 мектеп базасында өтетін
МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР атты қалалық пікірсайыс турниріне шақырамыз.

• Турнир АПФ,ЛД форматтарында өтеді.
• Өтетін күні: 20.04.2025 жыл
• Турнирге 9-11 сыныптар қатысады
• Квота саны - 40

Бұл турнир әрбір пікірсайысшыны шын ықыласпен күтеді! Себебі:
• Бұрын соңды болмаған шоу,ерекшеліктер🤫🔥
• Мәселе актуалдылығы мен жастардың қызықты ойларын қамтитын от қарарлар❤️‍🔥
• Жүлде қоры🙌🏻🏆
• Ең бастысы нағыз махаббатты тұтатып,жарқырататын көңіл-күй!
• Білікті де , әділетті төрешілік құрам💯

Пікірсайыс пікірсайыс үшін емес , пікірсайыс қоғам үшін деген пікірді жиі естейміз. Ендеше,пікірсайыс арқылы қоғамға беретін махаббатыңды біздің турнирде көрсет😉

Тіркелу дедлайны: 15.04.2025 - 23:59
ТЭБ: 16.04.2025 - 21:00
ҚАРАР: 13.04.2025 - 23:00
Тіркелу: t.me/antinomiyacup/8

Толығырақ: +7-771-144-50-96
(Медина бикеш)
#Күнтізбе
Forwarded from Шимай дәптер;
Қос және Тана атты егіз қыздың тағдыры💔

Егіз қыздарының қарындары аш қалмасын деп күні-түні бір байға жұмыс істеген кедей қазақ болған екен. Бір күні кедей мен бай арасында кедей ие болған алақандай жер үшін дау туады.

Бай өз билігін қолданып, кедейдің жерін тартып алып, қуып жібереді. Кедей қыздарымен бірге Тобыл өзенінің жанына көшіпті. Қысқа заман өтпей, егіз қыздары өмірден өтіпті . Әкелері оларды Тобыл жағасына жерлейді. Моланың жанынан өткен адамдардың барлығы сол жерге тоқтап, тіпті бұл жерді егіз қыздың естелігіне Қостанай атап, мәңгі-бақи тұруға қалыпты.

Қостанай – Ахметтің, Ыбырайдың, Міржақыптың, Бейімбет пен Амангелдінің, ұлт үшін туған ұлылардың отаны. Бірақ бұл топырақта бір ерекшелік бар: қала атауының өзегінде қыз балаға деген құрмет, мейірім мен ізгілік жатыр.
Дебатёр үшін ең үлкен және ең ауыр жеңілістердің бірі ретінде мына дүниені ұсынар едім:
Әр адамның миында бір сұрақ айналып жүреді және сол сұрақтың жауабын табуға адам күндер, жылдар тіпті бүтін ғұмырын арнауы ғажап емес. Ол сұрақтың адам санасын жаулап алғаны соншалық, ол өмірді сол сұрақтың призмасы арқылы көре бастайды.
Ал дебатёрлар сантүрлі адамдардың миына бірден кірген сұрақтарға жауап іздеу арқылы пікірсайысады(бұндай сөз бар жоғы белгісіз). Және осы жерде қырсық басталады.
Дебатёрлар да етпен сүйектен жаратылған адам болғандықтан олардың да көкей тесті сұрақтары болады. Өмір иірімінің қатыгездігіне ілінген дебатёрлар нақ өзі ойлап жүрген сұраққа жауап іздейтін қарарға кезігеді. Өзінің жеке ойларының симпатиясына сай үкімет/оппозиция болады. Өмір мен дебаттың арасын үзіп тұратын шекараны осы жерде жоғалтып алған дебатёр өз идеясына деген махаббаттың құлы болып шындықтан алшақтайды. Есі кіресілі шығасылы болып жүрген бишара нағыз Мәжнүн болып өзінің шындығынан басқа шындық көрместен, альтернатива іздеместен алаңға сол бір шикі дүниені алып шығады. Осы жерде хэппи-энд болып, әлгі дебатёр ұтып, өз өміріндегі басты сұраққа жауап беріп, іштей жан тыныштығын сезінуі керек еді. Бірақ, бір көзқараста ойланатын адам, "өзімнің ғана шындығым" деп шырылдаған адам, ауызынан су көпіріп, ес-түссіз идеясына "ғашық" болған адам ешқашан ұта алмайды. Дебат сонысына дебат-жастарға сыни ойлануды, әртүрлі идеяларды алаңға салуды, бір дүниемен шектелмеуді үйретеді. Осы жерде әлгі Мәжнүн өміріндегі ең үлкен қатыгездікпен жолығып, есін жыйып, дебаттың негізінде өз ойыңды қорғап шығатын эгоизм емес қоғамның ойындағы сұрақтарға жауап іздейтін альтруизм тұрғанын түсініп үлкееен тәжірибе алады. Сосын үйге 5км жаяу жүріп қайтып, қай жерден қате жібердім деп ойланады. Орысша айтқанда "Отрывная точка развития карьеры" болады.
Сооол айтайын дегенім.
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Маған осы UIB клубының турнирлерінің ұнайтын тұсы турнирлеріне дебаттан бөлек те сайыстарды қосып ұйымдастырады. Наурызда өтетін турнирінде қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар болса, тағы бір турнирінде play station ойнатқызады. Жалпы елімізде…
Құрметті пікірсайысшылар, бізде сіздер үшін ерекше жаңалық бар🎉

📢 2025 жылдың 1 мамырында Семей пікірсайыс қауымдастығының ұйымдастыруымен алғашқы рет өтетін Meyirimdi jurek аймақтық қайырымдылық турниріне шақырамыз❤️

Бұл – пікірсайыс әлемінде жаңа кезеңнің бастамасы🇰🇿

📌 Турнир форматы:
• БПФ (Британ Парламенттік Форматы)
• ЛД (Линкольн-Дуглас )
• Плэй-офф кезеңдері – барлығы осы екі форматта өтеді!

Бұл тек пікірсайыс қана емес, сонымен қатар қызықты ойындар, күлкілі резалар мен әрқайсымызға естелік болатын сыйлықтар күтуде. 🎁 Ал ең бастысы – ау-ау-ау! Аукцион болатынын да ұмытпаңыздар! 🤑 Ол жай ғана аукцион емес, бұл – құпия ойындар мен сюрприздер әлемі! 🎲

Тіркелу: https://forms.gle/BXNRgLcPC4pyw2sC7
#Күнтізбе
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Қазір дебатқа қатысты жөнді жұмыс істеп тұрған сайт жоқ деп айтуға болады. Ендеше дебат турнирлері туралы, оқушыларға арналған дебат лагері туралы Debat Eli сайтына кіріп қарай аласыздар🔥
Құрметті оқушылар, колледж студенттері 🇰🇿

Сіздерді 9-13 маусым аралығында болатын тегін дебат лагеріне шақырамыз❤️

Қазақ лигасы - 25 оқушы;
Орыс лигасы - 25 оқушы;

Өтетін орны: Ақмола облысы, Зеренді ауданы

Толық ақпарат хатта берілген

Тіркелу 24 сәуірге дейін жалғасады👇
https://debateli.kz/mainkz
Көптен күткен жаңалық…

Құрметті пікірсайыс сүйер қауым🇰🇿

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ректорының кубогіне арналған Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турниріне шақырамыз❤️

💥 Ойын форматы: АПФ, ЛД
💥Қатысушылар 2 лигада бақ сынайды: қазақ, орыс
💥 Турнир студенттік лигада өтеді
Бакалавр шектелмейді!

Жүлде қоры:
6️⃣0️⃣0️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ теңге

Тіркелу: t.me/aqiqat20/506

Өтетін уақыты: 19-20 сәуір
Өтетін орны: М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, Тауке хан 5

Барша қатысушыға сәттілік тілейміз🥳🙌🏻
#Күнтізбе
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎭 МАФИЯ ӘРДАЙЫМ ЖАНЫҢДА...

Құрметті тұрғындар, BIRLIK CUP V республикалық пікірсайыс турнирі мафияларды бірге анықтауға шақырады👀

Қала терең ұйқыға кеткенде, ойыншылар бетпердесін шешеді. Бір тұрғын мафияның құрбаны болса, бір тұрғын оны емдейді. Ақырғы сәтте, барлық карталар ашылғанда, мафияның жеңісі жақындайды. Бәлкім, мафия сен шығарсың?..

Формат: БПФ, ЛД
Өтетін күндері: 3-4 мамыр
🎯 Қазтұтынуодағы Қарағанды Университеті

Тіркелудің шекті мерзімі: 24 сәуір, 23:00
💭 Жарна: 5000 KZT
https://docs.google.com/forms/d/1qd3hGtiKOGz5qGcOnXrTgvFsz5LGcbVKsK1OyW7_HLA/edit
#Күнтізбе
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен алыс өлгенше! Шәкәрім Құдайбердіұлы #qazaq
Махаббат жайын қозғама,
Қозғауды мақұл көрмес ем,
Ол жайлы саған боз бала,
Білгенмен ақыл бермес ем!

Сүюге ешкім оқытпас,
Оқытам десе, шақыртқыз.
Ғашықтар үшін жоқ ұстаз,
Бәріміз түгел шәкіртпіз.

Қадыр Мырза Әли
#qazaq
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
- ееее, кейс дайын деп едің ғой - примерно дедім ғой #Дебатқызықмолжылдар
- қазақ лигасы мен орыс лигасының айырмашылығы қандай?

- орыс лигасында қазақша сөйлемейді ғой☠️
#Дебатқызықмолжылдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылатын облыстық интеллектуалды турнирге шақырамыз!

«AMANAT» партиясының  «Жастар Рухы» ЖҚ және “PRESIDENT” дебат клубының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Бірлік күніне арналған облыстық деңгейдегі зияткерлік турнир өтеді🇰🇿

Турнир форматы:
• Британдық парламенттік формат (БПФ)
• Линкольн-Дуглас форматы (ЛД)

Өтетін уақыты: 1 мамыр
Өтетін орны: Торайғыров университеті, Ломов көшесі, 64
Қатысушылар саны: 24 фракция
Тіл мәртебесі: Қазақ тілі

Сіздерді келесі мүмкіндіктер күтіп тұр:
• Әділ әрі кәсіби төрешілер құрамы
• Терең ойға жетелейтін қарарлар
• Ұмытылмас сәттер мен эмоциялар
• Білім мен тәжірибе тоғысатын орта

Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe4ATAFFVerrm5_zHc7lp-2guLU-KsEXDynXOl6TVFtxP4Bkg/viewform?usp=dialog
Тіркелу мерзімі: 29 сәуір 2025 жыл, 23:59-ға дейін
#Күнтізбе
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Сәлееем😊 Пікірсайысты дамыту бойынша республикалық жобалық кеңсеге қызметкер қажет, Жұмыс орны Астанадағы кеңседе 5/2, жалақы сұқбат барысында нақтыланады (оқу бітірген, жұмысқа толық күнін арнай алатын адам) Олжас, 8 771 508 88 88 #жұмыс
Открыта вакансия преподавателя дебатов на английском.

JOB VACANCY: English Debate Instructor

📍 Location: Skill Matrix, Serkebaev Street, 91, Almaty
🕒 Schedule: Part-time
🌐 Teaching Language: English
👥 Age of Students: 11–17 years
Skill Matrix is looking for an English Debate Instructor who can inspire, teach, and guide teenagers to achieve high achievements in argumentation and public speaking.
🔹 Requirements:
• English proficiency — at least C1
• Teaching experience of 1 year or more
• Knowledge of debate formats, including:
o British Parliamentary (BP)
o Lincoln-Douglas (LD)
o World Schools (WSDC)
o and others (e.g., Public Forum)

• Achievements in debate tournaments
• Experience in judging debate tournaments
• Ability to work with teenagers (11–17 years old)
• Responsibility and organizational skills
🔸 Preferred:
• Experience in organizing debate tournaments
We offer:
• A modern school and fixed schedule
• Motivated students
• Timely and competitive payment
📩 To apply:
Send your resume and a brief description of your debate experience to (contact on academdir@skillmatrix.kz or Whats App: +77772282001)
#жұмыс
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Қайырлы таң, пікірсайысшылар🇰🇿 Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры кубогіне арналған облыстық пікірсайыс турнирі өтетінін хабарлаймыз🏆 Турнирге колледж және университет (бакалавр) студенттері қатыса алады…
Қайырлы таң, пікірсайысшылар🇰🇿

Адал еңбек аймақтық пікірсайыс турниріне шақырамыз😊

🗓 Өтетін күні: 26.04.2025
📍 Өтетін орны: М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
🧠 Ұйымдастырушы: “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымы және Жамбыл облыстық білім басқармасы

Форматтар:
⚖️ АПФ
🗣 ЛД

Турнирдің жүлде қоры👇🏼

I орын - 100.000 тг
II орын - 80.000 тг
III орын - 70.000 тг
Үздік талпыныс - 20.000 тг

Ең үздік спикер - 30.000 тг
Үздік спикер - 20.000 тг

Ең үздік төреші - 50.000 тг

Барша пікірсайысшыларды асыға күтеміз!

Тіркелу сілтемесі: t.me/+6Nd7XYqHupY1N2Ey
#Күнтізбе
Forwarded from ERBOLAT MUHAMEDJAN
Астанаға шектеу қойылады екен деген ақпарат – жалған. Әкім Жеңіс Қасымбек бұл мәліметті жоққа шығарды. Алайда бір факт назардан тыс қалмауы керек: 2024 жылы Астананың халқы ресми түрде 100 мың адамға көбейген. Бұл – бір жылда тұтас бір ірі аудан қосылды деген сөз. Әрине, мұндай өсім – инфрақұрылым, мектептер, жолдар, қоғамдық көлік, баспана бағасы сияқты салаларға кәдімгідей салмақ түсіреді. Қала әкімдігінің бұл мәселені ашық айтып, шын жағдайды мойындап отырғаны – жауапты көзқарастың белгісі.

Бірақ бізге ең маңызды сұрақты ашық қою керек: Неге адамдар жаппай Астанаға немесе Алматыға көшіп жатыр?

Жауап қарапайым – өңірлерде мүмкіндік аз. Білім де, жұмыс та, мәдени орта да, сапалы медициналық қызмет те – тек ірі қалаларда. Ауыл мен ауданның болашағы жоқ деген қоғамдық түсінік — әкімдіктердің ұзақ жылдар бойы әлсіз жұмысынан қалыптасқан шындық.

Мәселе – Астанада емес. Мәселе – өңір әкімдерінің жұмысында. Мысалы, Канада. Онда урбанизацияны тек астана мен мегаполиске жүктемейді. Мемлекет регионалды қалаларға салық жеңілдіктерін береді, инфрақұрылым мен бизнесті тарту үшін арнайы аймақтық стратегиялар жасайды. Нәтижесінде – халық Торонто мен Оттаваға ғана ағылмайды. Кішкентай қалалар мен қауымдастықтар да өмір сүруге қолайлы.

Германия – тағы бір мысал. Берлин – елдің астанасы болса да, экономикалық орталық Франкфурт, білім мен мәдениеттің тірегі – Мюнхен мен Гамбург, өндірістік инновация – Штутгарт. Себебі неміс моделі өңірлерді жүйелі түрде қолдап, ел ішінде ішкі көші-қонның тепе-теңдігін сақтап отыр.

Бізде жастар ауылдан Астанаға немесе Алматыға көшуге мәжбүр. Себебі өңірде өмір сүру – күреске айналған. Бұл – ойланатын жағдай. Ол тек қалалық жүктемеге емес, экономикалық тұрақтылыққа да тікелей әсер етеді.

Сондықтан елордаға көшті шектеу емес, өңірдегі мүмкіндіктерді арттыру – басты шешім. Бұл – Президенттің өзі айтқан “Күшті өңір – қуатты ел” қағидасымен толық үйлеседі. Егер ауыл мен қалада тең мүмкіндік болмаса – тең қоғам да болмайды.

Қазір өңір әкімдерінің жұмысына жаңаша көзқарас керек. Жаңадан облыстар да бекер ашылмады, бірақ алғаш ашылғанда әкім болған азаматтар сол жауапкершілікті түсінбеген сияқты. Астана емес, Арқалық өссін. Алматы емес, Ақсу дамысын. Сонда ғана біз ел ішіндегі балансты сақтап қаламыз.
Forwarded from Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿 (Еркебұлан Қуанбай🇰🇿)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM