қар қызы
1.05K subscribers
46 photos
6 videos
қар және мен, бізде шексіз махаббат 🤍
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бір жылдан кейін көп нәрсе маңызды емес болып қалады. Біраз нәрсе уақытында таралады. Көп нәрсе ұмытылады. Бір жылдан кейін сіздің жаныңызда мүлде басқа адамдар болады. Бұл өмірдің ирониясы емес. Бұл оның табиғи бағыты, ешкім жүзе алмайтын ағыс. Бір жылдан кейін бәрі басқаша болады…

#өмір
Менімен ешкім сөйлеспесе, мен мүлдем сөйлемейтін адаммын. Осыдан ақ менің әңгімеге жоқ екенімді білуге болады.
мектебім.

қарап отырсаң, асханадан шықпаппызғо.
Жаратқан Иенің бәрін ең жақсы жолмен бөлетінін түсінген сайын денем миллион есе тітіркенеді.

Мен кейде болғанның бәрін, барлық нәтижелерді талдап, одан жақсы болуы мүмкін емес еді деген қорытындыға келем. Осыны түсініп, шын жүрегіммен сезіну үшін маған әрқашан уақыт керек. Бірақ, Құдайдың алдын ала жазғанына ешқашан наразы болған емеспін. Өйткені ол бәрі жақсылық үшін екенін көрсетті.

Бәрі әрқашан жақсы...
Сіздің шындықты айтып жатқаныңызға сенетін адамға өтірік айту қандай үлкен сатқындық.
“Басқалар сені жақсы көрсін, сыйласын десең өзіңнен баста” дейді ғой. Міне, осы туралы жазғым келіп отыр.

Өз-өзіңді жақсы көру тек сырт келбетпен шектелмейді. Ол ішкі әлеміңді, өзіңнің ұшы қиыры жоқ ойларыңды, қайталанбайтын керемет қасиеттеріңді, әрбір қылығыңды, басқаларға деген қамқорлығыңды, мына әлемге деген көзқарасыңды сүю. Мысалы мен белгілі бір жоспарларымды ойдағыдай орындасам, өзімді мақтайм. Өз-өзіммен көп сырласам. Өзімізді жақсы көру үшін себептер тооолып жатыр. Бастысы осының барлығына, он екі мүшенің саулығына, ата-анамыздың, бізді қолдайтын жандардың барына шүкірлік етуді ұмытпау керек.
Адамдар махаббатын өте үлкен көлемдегі түрлі жылы сөздермен жеткізеді. Ал сендер оған мән бермей “мен сені жақсы көремін” дегенді күтесіңдер.
Жеке шекара - өте маңызды.

Бір адам жеке шекарасын бұзбауды талап еткенде өзгелер оны эгоист деп атап жатады. Бірақ өз жеке шекараңды қорғай білу өте маңызды. Себебі, өзіне көмек көрсете алмаған адам өзгеге де көмектесе алмайды. Қарапайым ғана мысал: дәрігер қатты ауырып жүріп пациенттерді емдей алмайды. Өз психикасын сау ете алмаған адам психолог бола алмайды. Өз ақшасын дұрыс жұмсай алмаған адам бай болуды үйрете алмайды. Дәл солай әр адам бірінші өз жеке шекарасын қорғай алуы керек. Яғни жауапкершілік әр адамның өз басында.
Сенікі, сенен кетпейді ғой. Сол үшін сенікі емеске көңіл-күйің түспесін.
Мейірім сәулесі бол, зұлымдық онсыз да көп ☀️
Жаным ғана тәтті ме десем, қаным да тәтті екенін ұқтырды мына маса.
Костюм киген жігіттерді көрсем, басым жеті айнала кетеді.
Бірте-бірте адамдар жойылып, орнына жаңалары келеді. Ал ескілері уақыт өте ұмытылады. Өйткені қамқорлықты қабылдау сәті келеді және сіз оларға мұқтаж болмайсыз.

#өмір
Көп әңгіме айта берсем, демек мен саған сенем.
Түн - көпшіліктің сырын, кемшілігін біледі. Адамның жаны мен тәнінің тебіренісін біледі. Түн - көпшілік адамның ішкі сезімдерінің, қайғы мен өкініштің, көзінен шыққан жастың, тіпті бақыттың куәгері болды. Себебі түнде адам еркін еді...