QARMET
10.4K subscribers
2.67K photos
385 videos
83 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
Кештегі ең көп күткен сәттің бірі — әлемге танымал қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі.

«Көп рақмет, құрметті ағайын! Бұл — керемет сәтте сіздермен бірге болу зор бақыт! Кеншілер күні құтты болсын!» — деді Димаш Құдайберген.


Қарағандыда мұндай ауқымды шараны әлі болмаған. Шамамен 250 мың адам бір мезетте елдегі ең ержүрек мамандық иелеріне арналған үлкен мерекенің бір бөлігіне айналды.

Мерекелік шаралар кәсіпорындардың қызметкерлерін, сала ардагерлерін, олардың отбасыларын, өңір тұрғындары мен қонақтарын біріктірді. Алайда кештің басты нәтижесі тек рекордтық көрсеткіштер емес, елдің индустриялық қуатын қалыптастырып келе жатқан адамдарға деген құрмет пен бірліктің ерекше атмосферасы.
Одним из самых ожидаемых событий вечера стало выступление всемирно известного казахстанского артиста Димаша Құдайбергена.

«Көп рақмет, құрметті ағайын! Это невероятно! Кеншілер күні құтты болсын!» — сказал Димаш Құдайберген.


Такого масштаба Караганда ещё не видела. Около 250 тысяч человек одновременно стали частью большого праздника, посвящённого людям одной из самых мужественных профессий.

Праздничные мероприятия объединили работников предприятий, ветеранов отрасли, их семьи, жителей и гостей региона. Но главным итогом вечера стали не только рекордные цифры, а атмосфера единства и уважения к людям, чьим трудом создавалась и продолжает создаваться промышленная мощь страны.
Мерекенің шарықтау шегі — Қазақстанның шахтерлер астанасының аспанын жарқырата түскен ауқымды отшашу болды. Жарқын отшашу ширек миллионнан астам адамды біріктірген тарихи кешке жалынды нүкте қойды.

Жүздеген мың көрермен. Бір қала. Бір алаң. Бір үлкен мереке. Қарағандыда Шахтер күні алғаш рет осындай ауқымда аталып өтті.

Қарағанды Қазақстанның басты шахтерлер орталығы мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал Шахтер күні өңірдегі ең маңызды әрі ауқымды мерекелердің бірі екенін көрсетті.

Qarmet барша шахтерлерді, сала ардагерлерін және Қарағанды облысының тұрғындарын Шахтер күнімен құттықтайды!
Кульминацией праздника стал масштабный фейерверк, озаривший небо над шахтёрской столицей Казахстана. Яркие залпы поставили эффектную точку в историческом вечере, объединившем более четверти миллиона человек.

Сотни тысяч зрителей. Один город. Одна площадь. Один большой праздник. Впервые за всю историю День шахтёра в Караганде прошёл с таким размахом.
Караганда вновь подтвердила статус главного шахтёрского центра Казахстана, а День шахтёра - одного из самых значимых и масштабных праздников региона.

Qarmet поздравляет всех шахтёров, ветеранов отрасли и жителей Карагандинской области с Днём шахтёра!
Құрметті кеншілер мен көмір өнеркәсібінің ардагерлері! Ардақты әріптестер!

Qarmet компаниясы сіздерді басты кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен құттықтайды!
Бұл – Қарағанды өңірі мен бүкіл компаниямыз үшін айрықша күн. Бұл – мінезі мықты, батыл әрі жауапкершілігі жоғары жандардың мерекесі. Олардың еңбегі ондаған жылдар бойы мемлекеттің өнеркәсіптік қуатын арттырып, кеншілер өлкесінің даңқты тарихын қалыптастырып келеді.

Бүгінде Qarmet көмір өндірісін ауқымды түрде жаңғыртып, техника мен инфрақұрылымды жаңартып, заманауи технологияларды енгізіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруда. Алайда шахталарымыздың басты құндылығы әрдайым адам болып қала береді.

Күнделікті еңбегімен кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, компанияның алға жылжуына үлес қосып жүрген – жоғары білікті мамандар.

Кеншілерге, сала ардагерлеріне және шахтерлер әулеттерінің өкілдеріне кәсібилігі, мол тәжірибесі және өз ісіне адалдығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, қауіпсіз ауысым, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, ертеңгі күнге сенім және жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз!

Шахтер күні құтты болсын!
Уважаемые шахтёры и ветераны угольной промышленности! Дорогие коллеги!

Компания Qarmet поздравляет вас с главным профессиональным праздником - Днём шахтёра!

Это особенный день для Карагандинского региона и всей нашей компании. Праздник людей сильного характера, мужества и высокой ответственности, чей труд на протяжении десятилетий создаёт промышленную мощь государства и славную историю шахтёрского края.

Сегодня Qarmet масштабно модернизирует угольное производство, обновляет технику и инфраструктуру, внедряет современные технологии и реализует новые проекты. Но главной ценностью наших шахт неизменно остаются люди - высококлассные специалисты, которые своим ежедневным трудом обеспечивают стабильную работу предприятий и движение компании вперёд.

Мы искренне благодарим шахтёров, ветеранов отрасли и шахтёрские династии за профессионализм, опыт и верность своему делу.

Желаем вам крепкого здоровья, безопасных смен, семейного благополучия, уверенности в завтрашнем дне и новых трудовых достижений!

С Днём шахтёра!
Таңертең – Қарағанды, 32 шақырымнан кейін – Теміртау. «ЗАБОЙ – ДОМНА 2026» велошеруінің қатысушылары Qarmet Park-те мәреге жетті.

Велошеру Қарағандының Орталық саябағындағы кеншілер ескерткішінен басталып, өңірдің екі өнеркәсіптік қаласын байланыстырды. Шерудің атауы да мән-мағынасын айқын көрсетеді: кеншілер астанасынан – металлургтер қаласына, забойдан – домнаға дейін.

Қашықтықты бірінші болып Владислав Букин бағындырды. Екінші болып Максим Козлов, үшінші болып Иван Цицарук мәреге жетті.

Алайда Шахтер күнінің спорттық бағдарламасы мұнымен аяқталмайды. Сағат 16:00-де Wrestball турнирі басталады. Ал кешке спорт алаңын сахна алмастырады: сағат 20:00-де UNO тобы өнер көрсетеді.

Qarmet Park-ке кіру тегін. Мереке жалғасады – саябақта кездескенше!