QARMET
10.4K subscribers
2.67K photos
385 videos
83 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
На шахтах Qarmet сегодня активно развивается проходка - один из ключевых этапов подготовки новых участков к добыче. В строительстве горных выработок задействовано уже около 50 проходческих бригад. Именно от их работы во многом зависит дальнейшее развитие шахт: проходчики прокладывают путь к новым горизонтам и создают основу для будущих очистных работ.

Одна из таких сильных команд трудится на шахте «Казахстанская». Бригаду Енбека Макажанова объединяют многолетний опыт, профессионализм, взаимовыручка и привычка работать плечом к плечу в самых сложных условиях.

В нашем ролике проходчики рассказывают и показывают, как устроена их работа, с какими задачами они сталкиваются под землёй и почему от каждого метра проходки зависит будущее шахты.

В преддверии Дня шахтёра продолжаем рассказывать о горняках Qarmet - людях, чьими руками сегодня развивается угольное производство компании.
Qarmet ЖХК Қазақстан кубогын сенімді жеңіспен бастады! 🏒🔥

Турнирдегі алғашқы ойын командамыз үшін тамаша нәтижемен аяқталды. Жастар хоккей клубы Qarmet хоккейшілері «Арланды» 8:1 есебімен ойсырата жеңді.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ команда бастаманы өз қолына алып, матч бойы жоғары қарқын көрсетті. Шабуылда да, қорғаныста да сенімді әрекет еткен хоккейшілеріміз қарсылас қақпасына сегіз шайба соғып, Қазақстан кубогындағы алғашқы ойында ірі жеңіске жетті.

Бұл матч тағы бір себеппен ерекше. Qarmet ЖХК ойыншылары алғаш рет жаңа ойын формасымен мұз айдынына шықты. Команданың жаңарған келбеті сәтті дебют жасап, алғашқы ойын-ақ ірі жеңіспен аяқталды.

Qarmet - 8:1 - Арлан

Турнирдің тамаша бастамасы! Алда жаңа ойындар, жаңа қарсыластар және Кубок үшін тартыс күтіп тұр! 💪🏒

Жеңіске бірге! Алға, Qarmet!
МХК Qarmet стартовал в Кубке Казахстана с уверенной победы! 🏒🔥

Первая игра турнира завершилась для нашей команды ярким результатом — хоккеисты МХК Qarmet разгромили «Арлан» со счётом 8:1.

С первых минут команда захватила инициативу и на протяжении всего матча сохраняла высокий темп, уверенно действуя как в атаке, так и в обороне. Итог — восемь заброшенных шайб и убедительная победа на старте Кубка Казахстана.

Этот матч стал особенным ещё по одной причине: впервые игроки МХК Qarmet вышли на лёд в новой игровой форме. Обновлённый образ команды получил отличный дебют — сразу с крупной победы.

Qarmet - 8:1 - Арлан

Хорошее начало турнира. Впереди новые матчи, новые соперники и борьба за Кубок! 💪🏒

Болеем за наших! Алға Qarmet!
Қарағандыда көмір саласының үздік қызметкерлері марапатталды

28 тамызда Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Кеншілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл кеште күнделікті еңбегі, батылдығы мен кәсіби шеберлігі Қарағанды өңірінің көмір өнеркәсібінің берік негізіне айналған жандарға құрмет көрсетілді.

Сахна төрінен кеншілер мен сала ардагерлерін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Qarmet» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, Qarmet Басқарма төрағасы Петр Трушин және «Karaganda Komir» ЖШС Көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов құттықтады.

«Бүгінде Қарағанды облысы Қазақстанда көмір өндіру көлемі бойынша екінші орында тұр. Өткен жылы шамамен 37 миллион тонна көмір өндірілді. Биыл жеті айда бұл көрсеткіш 20 миллион тоннаға жуықтады. Жыл соңына дейін кемінде 41 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бүгін сіздерді сандармен және көрсеткіштермен шаршатқым келмейді. Бүгінгі таңда тек нәтижелер туралы ғана емес, ең алдымен сіздер туралы, қымбатты кеншілер, айтқым келеді. Өйткені осы миллиондаған тонна көмірдің артында сіздердің ауысымдарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және әр кез үйде сіздерді асыға күтетін отбасыларыңыз тұр.Кеншілер күні құтты болсын! Қарағанды облысының және бүкіл еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деді облыс әкімі.
В Караганде чествовали лучших работников угольной отрасли

28 августа во Дворце культуры горняков в Караганде состоялось торжественное мероприятие, посвящённое предстоящему Дню шахтёра.

В этот вечер чествовали людей, чей ежедневный труд, мужество и профессионализм являются основой угольной отрасли Карагандинского региона.

Со сцены шахтёров и ветеранов отрасли поздравили аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, Председатель совета директоров АО «Qarmet» Андрей Лаврентьев, Председатель правления Qarmet Петр Трушин и директор Угольного департамента ТОО «Karaganda Komir» Джакан Мухамеджанов.

«Сегодня Карагандинская область занимает второе место в Казахстане по добыче угля. В прошлом году добыли около 37 миллионов тонн. За семь месяцев этого года — почти 20 миллионов. До конца года планируем выйти, как минимум на 41 миллион тонн. Но не буду далеко уходить в цифры и перегружать вас показателями. Сегодня хочется говорить не только о результатах, но прежде всего о Вас, дорогие горняки. Потому что за всеми этими миллионами — ваши смены, ответственность и семьи, которые каждый раз ждут вас дома. Кеншілер күні құтты болсын! Сіздерге Қарағанды облысының және бүкіл елдің дамуына қосқан үлестеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін»,- выступил глава региона
Кештің ерекше бөлігі кеншілер еңбегінің үздік өкілдерін марапаттауға арналды. Сала қызметкерлеріне «Шахтёр даңқы» I, II және III дәрежелі, «Кенші даңқы», «Еңбек ардагері» ведомстволық және салалық марапаттары, сондай-ақ Qarmet компаниясының «Құрметті кенші» корпоративтік наградасы табысталды.

«Қарағанды көмір бассейні кеншілердің бірнеше буынының еңбегімен қалыптасты. Бүгінде біз осы тарихты құрметпен жалғастырып келеміз. Оның басты құндылықтары – кәсібилік, кеншілер бауырластығы және нәтижеге деген жауапкершілік.

Сіздердің еңбектеріңіз Qarmet компаниясының негізі болды және болып қала береді. Бүгін ең алдымен сіздерге үлкен алғыс айтқым келеді. Ауыр әрі батыл еңбектеріңіз үшін рақмет! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және ең бастысы – қауіпсіз жұмысты тілеймін. Кеншілер күні құтты болсын!» – деп кеншілерді Андрей Лаврентьев құттықтады.


Әр марапаттың артында – жер астындағы көп жылғы еңбек, кәсіби шеберлік, жауапкершілік, өз ісіне деген адалдық және көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан үлес жатыр.

Кештің мерекелік атмосферасын кеншілер мен сала ардагерлеріне арнайы дайындалған музыкалық және шығармашылық қойылымдар толықтырды.
Особой частью вечера стало награждение лучших представителей шахтёрского труда. Работникам отрасли были вручены ведомственные и отраслевые награды «Шахтёр даңқы» I, II и III степеней, «Кенші даңқы», «Еңбек ардагері», а также корпоративная награда Qarmet - «Құрметті кенші».

«Карагандинский угольный бассейн создавался трудом нескольких поколений горняков. Сегодня мы с уважением продолжаем эту историю, сохраняя главное - профессионализм, шахтерское братство и ответственность за результат.Именно ваш труд был и остаётся основой Qarmet. Сегодня я хочу прежде всего сказать вам большое спасибо. Спасибо за ваш тяжелый и мужественный труд. Желаю вам и вашим семьям здоровья, благополучия и самого главного - безопасной работы. С Днем шахтера!», - поздравил шахтёров Андрей Лаврентьев


За каждой наградой - годы работы под землёй, профессиональное мастерство, ответственность, преданность своему делу и вклад в развитие угольной промышленности.

Праздничную атмосферу вечера дополнили музыкальные и творческие номера, подготовленные в честь шахтёров и ветеранов отрасли.
«2007 жылы алғаш рет III дәрежелі «Құрметті кенші» төсбелгісін алдым. Еңбек өтілім – 22 жыл. Ал бүгін I дәрежелі «Құрметті кенші» төсбелгісімен марапатталдым. Қуанышымда шек жоқ. Ең алдымен мен үшін бригадам қуанып отыр. Бұл марапат – олардың да еңбегінің нәтижесі. Олар бұл марапатты менен де қатты күтті. Барша кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және қауіпсіз еңбек тілеймін. Qarmet компаниясы дамып, өркендей берсін!» – деді Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның №2 дайындық жұмыстары учаскесінің тау-кен жұмысшысы Жомарт Шаяхметов.


Салтанатты жиын – шахталардың тұрақты жұмысын күн сайын қамтамасыз етіп, Қарағанды көмір бассейнінің даңқты дәстүрін жалғастырып жүрген еңбек адамдарына алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі.