QARMET
10.4K subscribers
2.67K photos
385 videos
83 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
Командалық күш: Qarmet көміршілерінің III спартакиадасының қорытындысы

Бір жыл бойы Qarmet көмір кәсіпорындарының командалары спорттың 14 түрінен бақ сынап, шеберлігін, жігері мен командалық рухын көрсетті. Көміршілердің III спартакиадасы үздік командалар мен спортшыларды марапаттаумен қорытындыланды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Т. Күзембаев атындағы шахта командасы иеленді, екінші орынға Костенко атындағы шахта командасы жайғасты. Үшінші орынды «Қазақстан» және «Саран» шахталарының командалары бөлісті.

Спартакиаданың жаңашылдықтарының бірі — спортшыларды жеке марапаттау. Алғаш рет әр спорт түрі бойынша үздік спортшылар анықталды. Сондай-ақ жаттығуларды ұйымдастырып, командаларды дайындайтын және кәсіпорындардағы спорт қозғалысын дамытатын шахталардың спорт нұсқаушылары да арнайы атап өтілді.

Сонымен қатар екі арнайы марапат та тағайындалды. «Үздік әмбебап спортшы» аталымына футбол, баскетбол және үстел теннисінен жоғары нәтиже көрсетіп жүрген «Абай» шахтасының өкілі Александр Маникенов ие болды. Ал «Кеншілер спортына адалдығы үшін» марапаты Т. Күзембаев атындағы шахтаның ардагері, кеншілер спартакиадасына 40 жылдан астам уақыт бойы қатысып келе жатқан Мұқаш Базиловке табысталды.

Марапаттарды «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев, «Karaganda Komir» ЖШС бас директорының кеңесшісі Алмас Рысқұлов және «Шахтёр» спорт клубының төрағасы Юрий Честнов табыстады.

«Көмір саласы әрдайым мықты, төзімді әрі ұйымшыл адамдарымен танымал. Спорт — бұл мінез, командалық рух және соңына дейін күресе білу. Дәл осы қасиеттер нағыз кеншілерді забойда да, спорт алаңында да ерекшелейді», — деп атап өтті Евгений Буслаев.


Спартакиада компания, «Қорғау» көміршілер кәсіподағы және «Шахтёр» спорт клубы арасындағы келісім аясында өткізіледі. Ол ұжымдарды біріктіріп, шахтерлер спортының көпжылдық дәстүрін жалғастыруға бағытталған.
Сила в команде: итоги III Спартакиады угольщиков Qarmet

В течение года команды угольных предприятий Qarmet соревновались в 14 видах спорта, демонстрируя мастерство, характер и командный дух. Финалом III Спартакиады угольщиков стало награждение сильнейших команд и спортсменов.

В общекомандном зачёте первое место заняла команда шахты имени Т. Кузембаева, второе — шахты имени Костенко. Третье место разделили команды шахт «Казахстанская» и «Саранская».

Одним из нововведений Спартакиады стало индивидуальное награждение. Впервые лучших спортсменов определили в каждой дисциплине. Отдельно отметили спортивных инструкторов шахт, которые организуют тренировки, готовят команды и развивают спортивное движение на предприятиях.

Также были учреждены две специальные награды. «Лучшим универсальным спортсменом» стал представитель шахты «Абайская» Александр Маникенов, успешно выступающий в футболе, баскетболе и настольном теннисе. Награду «За преданность шахтёрскому спорту» получил ветеран шахты имени Т. Кузембаева Мукаш Базилов, участвующий в шахтёрских спартакиадах более 40 лет.

Награды вручили председатель профсоюза угольщиков «Қорғау» Евгений Буслаев, советник генерального директора ТОО «Karaganda Komir» Алмас Рыскулов и председатель спортивного клуба «Шахтёр» Юрий Честнов.

«Угольная отрасль всегда славилась людьми сильными, выносливыми и сплочёнными. Спорт — это характер, командный дух и умение бороться до конца. Именно эти качества отличают настоящих горняков и в забое, и на спортивной площадке», — отметил Евгений Буслаев.

Спартакиада проводится в рамках договора между компанией, профсоюзом угольщиков «Қорғау» и спортивным клубом «Шахтёр», объединяя коллективы и продолжая многолетние традиции шахтёрского спорта.
Qarmet шахталарында бүгінде жаңа учаскелерді көмір өндіруге дайындаудың негізгі кезеңдерінің бірі – тау-кен қазбаларын жүргізу жұмыстары қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда тау-кен қазбаларын салуға 50-ге жуық проходкалық бригада жұмылдырылған. Шахталардың одан әрі дамуы көп жағдайда осы мамандардың еңбегіне байланысты. Проходчиктер жаңа горизонттарға жол ашып, болашақ тазарту жұмыстарына негіз қалайды.

Осындай мықты командалардың бірі «Қазақстан» шахтасында еңбек етеді. Еңбек Мақажановтың бригадасын көп жылғы тәжірибе, кәсібилік, өзара көмек және ең күрделі жағдайларда да иық тіресе жұмыс істеу дәстүрі біріктіреді.

Біздің роликте үңгушілер өз жұмыстарының қалай ұйымдастырылатынын көрсетіп, жер астында қандай міндеттермен бетпе-бет келетіндерін және жүргізілген әр метр қазбаның шахтаның болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін айтып береді.

Шахтер күні қарсаңында Qarmet кеншілері – бүгінде компанияның көмір өндірісін дамытып жатқан еңбек адамдары туралы бейнежазбаны жалғастырамыз.
На шахтах Qarmet сегодня активно развивается проходка - один из ключевых этапов подготовки новых участков к добыче. В строительстве горных выработок задействовано уже около 50 проходческих бригад. Именно от их работы во многом зависит дальнейшее развитие шахт: проходчики прокладывают путь к новым горизонтам и создают основу для будущих очистных работ.

Одна из таких сильных команд трудится на шахте «Казахстанская». Бригаду Енбека Макажанова объединяют многолетний опыт, профессионализм, взаимовыручка и привычка работать плечом к плечу в самых сложных условиях.

В нашем ролике проходчики рассказывают и показывают, как устроена их работа, с какими задачами они сталкиваются под землёй и почему от каждого метра проходки зависит будущее шахты.

В преддверии Дня шахтёра продолжаем рассказывать о горняках Qarmet - людях, чьими руками сегодня развивается угольное производство компании.
Qarmet ЖХК Қазақстан кубогын сенімді жеңіспен бастады! 🏒🔥

Турнирдегі алғашқы ойын командамыз үшін тамаша нәтижемен аяқталды. Жастар хоккей клубы Qarmet хоккейшілері «Арланды» 8:1 есебімен ойсырата жеңді.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ команда бастаманы өз қолына алып, матч бойы жоғары қарқын көрсетті. Шабуылда да, қорғаныста да сенімді әрекет еткен хоккейшілеріміз қарсылас қақпасына сегіз шайба соғып, Қазақстан кубогындағы алғашқы ойында ірі жеңіске жетті.

Бұл матч тағы бір себеппен ерекше. Qarmet ЖХК ойыншылары алғаш рет жаңа ойын формасымен мұз айдынына шықты. Команданың жаңарған келбеті сәтті дебют жасап, алғашқы ойын-ақ ірі жеңіспен аяқталды.

Qarmet - 8:1 - Арлан

Турнирдің тамаша бастамасы! Алда жаңа ойындар, жаңа қарсыластар және Кубок үшін тартыс күтіп тұр! 💪🏒

Жеңіске бірге! Алға, Qarmet!
МХК Qarmet стартовал в Кубке Казахстана с уверенной победы! 🏒🔥

Первая игра турнира завершилась для нашей команды ярким результатом — хоккеисты МХК Qarmet разгромили «Арлан» со счётом 8:1.

С первых минут команда захватила инициативу и на протяжении всего матча сохраняла высокий темп, уверенно действуя как в атаке, так и в обороне. Итог — восемь заброшенных шайб и убедительная победа на старте Кубка Казахстана.

Этот матч стал особенным ещё по одной причине: впервые игроки МХК Qarmet вышли на лёд в новой игровой форме. Обновлённый образ команды получил отличный дебют — сразу с крупной победы.

Qarmet - 8:1 - Арлан

Хорошее начало турнира. Впереди новые матчи, новые соперники и борьба за Кубок! 💪🏒

Болеем за наших! Алға Qarmet!
Қарағандыда көмір саласының үздік қызметкерлері марапатталды

28 тамызда Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Кеншілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл кеште күнделікті еңбегі, батылдығы мен кәсіби шеберлігі Қарағанды өңірінің көмір өнеркәсібінің берік негізіне айналған жандарға құрмет көрсетілді.

Сахна төрінен кеншілер мен сала ардагерлерін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Qarmet» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, Qarmet Басқарма төрағасы Петр Трушин және «Karaganda Komir» ЖШС Көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов құттықтады.

«Бүгінде Қарағанды облысы Қазақстанда көмір өндіру көлемі бойынша екінші орында тұр. Өткен жылы шамамен 37 миллион тонна көмір өндірілді. Биыл жеті айда бұл көрсеткіш 20 миллион тоннаға жуықтады. Жыл соңына дейін кемінде 41 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бүгін сіздерді сандармен және көрсеткіштермен шаршатқым келмейді. Бүгінгі таңда тек нәтижелер туралы ғана емес, ең алдымен сіздер туралы, қымбатты кеншілер, айтқым келеді. Өйткені осы миллиондаған тонна көмірдің артында сіздердің ауысымдарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және әр кез үйде сіздерді асыға күтетін отбасыларыңыз тұр.Кеншілер күні құтты болсын! Қарағанды облысының және бүкіл еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деді облыс әкімі.