QARMET
10.4K subscribers
2.68K photos
386 videos
83 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
От локализации – к глубокой переработке

Следующим этапом станет создание субзоны СЭЗ «Сарыарка» между городами Темиртау и Караганды. На первом этапе ее площадь составит 40 гектаров, в дальнейшем территория может быть расширена до 140 гектаров.

«Если промышленная площадка Qarmet Service ориентирована преимущественно на локализацию продукции для нужд комбината, то новая субзона должна привлечь средние и крупные производства. Одним из ключевых направлений станет глубокая переработка металла Qarmet. Сегодня компания производит горячекатаный, холоднокатаный, оцинкованный и окрашенный прокат, трубную и арматурную продукцию различных марок и сортамента. Задача заключается в том, чтобы всё большая часть этого металла получала дальнейшую переработку непосредственно в Казахстане – превращаясь в готовые изделия, комплектующие, конструкции и продукцию с более высокой добавленной стоимостью для нужд страны», – добавил Турар Жолмагамбетов.

Второе направление – переработка промышленных побочных продуктов. За десятилетия работы предприятий на площадках Qarmet накоплено порядка 320 млн тонн промышленных отложений – шлаков, шламов, золошлаковых отходов, продуктов обогащения угля и железной руды. Сегодня компания рассматривает эти объемы уже не только как побочные продукты, но и как потенциальную сырьевую базу для новых производств. Именно поэтому будущая субзона должна стать площадкой для инвесторов, готовых заниматься переработкой металла, вторичного сырья и выпуском готовой промышленной продукции.
Өз кезегінде Qarmet мұндай кәсіпорындарға бірден бірнеше маңызды мүмкіндік ұсына алады. Олар – шикізат базасы, металл өнімдері, тұрақты өнеркәсіптік сұраныс және ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігі. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қарағанды облысы әкімдігінің әлеуетті жобаларды қолдауы, сондай-ақ «Сарыарқа» АЭА субаймағын құру бұл модельді мемлекеттік қолдау шараларымен және салықтық преференциялармен толықтыруға мүмкіндік береді. Бірқатар инвестор бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Компания мұндай жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін де қарастыруда.

«Өнеркәсіптік кластер Qarmet-ке комбинаттың айналасында болат тұтынушылардың тұрақты экожүйесін қалыптастыруға, жаңа қайта өңдеу өндірістерін құруға және отандық металға ішкі сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Қазақстанның өнеркәсіптік саясатындағы қайта өңдеу тереңдігін арттыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ел ішіндегі қосылған құн үлесін ұлғайту жөніндегі қазіргі басымдықтарға толық сәйкес келеді», – деді Тұрар Жолмағамбетов.


Бүгінде Qarmet өндіріс көлемін ұлғайтуға, болаттың жаңа түрлері мен маркаларын игеруге және кәсіпорынның өнім желісін кеңейтуге бағытталған ауқымды өндірісті жаңғырту және дамыту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Өнеркәсіптік кластерді қалыптастыру – осы жұмыстың заңды жалғасы.
Qarmet, в свою очередь, может предоставить таким предприятиям сразу несколько ключевых условий: сырьевую базу, металлопродукцию, гарантированный промышленный спрос и возможность заключения долгосрочных офтейк-контрактов. Поддержка потенциальных проектов со стороны Правительства Республики Казахстан и акимата Карагандинской области, а также создание субзоны СЭЗ «Сарыарка» позволят дополнить эту модель государственными мерами поддержки и налоговыми преференциями.

Ряд инвесторов выражают заинтересованность в реализации совместных проектов, возможность которых также рассматривается компанией.

«Промышленный кластер позволит Qarmet сформировать устойчивую экосистему потребителей стали непосредственно вокруг комбината, создать новые перерабатывающие производства и расширить внутренний спрос на отечественный металл. Такой подход полностью соответствует текущей повестке промышленной политики Казахстана по углублению переработки, развитию высоких переделов и увеличению внутристрановой ценности», – отметил Турар Жолмагамбетов.


Сегодня Qarmet последовательно реализует масштабную программу модернизации и развития производства, направленную на увеличение объемов выпуска, освоение новых видов и марок стали и расширение продуктовой линейки предприятия. Формирование промышленного кластера является логичным продолжением этой работы.
«ЗАБОЙ — ДОМНА»: Қарағанды мен Теміртауды жалғайтын 30 шақырым 🚴

30 тамыз – Шахтер күні. Осы күні Қарағанды мен Теміртау бір спорттық маршрут арқылы байланысады.

Qarmet компаниясы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, «Забой — Домна» велошеруін өткізеді.

Велошеру Қарағандының Орталық саябағындағы шахтерлер ескерткішінен басталады. Қатысушыларды Теміртауға дейінгі 30 шақырымдық қашықтық күтіп тұр. Мәреге Qarmet Park аумағында жетеміз.

Сөреге 300 қатысушы шығады.

Велошерудің атауы мен бағыты кездейсоқ таңдалған жоқ. «Забой — Домна» – индустриялық өңірдің тарихын спорт тілімен жеткізетін ерекше маршрут. Шахтерлер астанасынан металлургтер қаласына. Забойдан – домнаға. Шикізат өндіруден – үлкен металл өндірісіне дейін.

🗓️ 30 тамыз
🚴 30 км
📍 Қарағанды → Теміртау
👥 300 қатысушы
🏁 Мәре – Qarmet Park
⏳ Тіркелу 28 тамызға дейін

Афишадағы QR-кодты сканерлеп, тіркеліңіз де, сөреге шығыңыз!
«ЗАБОЙ — ДОМНА»: 30 километров между Карагандой и Темиртау 🚴

30 августа, в День шахтёра, Караганда и Темиртау соединятся одним спортивным маршрутом.

Компания Qarmet совместно с Управлением физической культуры и спорта Карагандинской области проведёт велозаезд «Забой - Домна».

Стартуем в Центральном парке Караганды от памятника шахтерам. Впереди - 30 километров дистанции до Темиртау и финиш на территории Qarmet Park.

На старт выйдут 300 участников.

Название и маршрут выбраны не случайно. «Забой — Домна» это история индустриального региона, рассказанная языком спорта. От шахтёрской столицы к городу металлургов. От забоя - к домне.
От добычи сырья - к большому металлу.

🗓️ 30 августа
🚴 30 км
📍 Караганда → Темиртау
👥 300 участников
🏁 Финиш — Qarmet Park
⏳ Регистрация до 28 августа

Сканируйте QR-код на афише, регистрируйтесь и выходите на старт!
Көмір өндірудегі жаңа технологиялар: Qarmet Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет көмірді құрғақ байыту технологиясын енгізіп жатыр

Qarmet-тің «Шахтинск» шахтасында Қарағанды көмір бассейні тарихындағы алғашқы көмірді құрғақ байыту кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба компанияның көмір өндірісін жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламасындағы жаңа технологиялық шешімдердің бірі болмақ.

Кешеннің негізгі міндеті — көмірді «Восточная» орталық байыту фабрикасына жөнелткенге дейін, яғни өндіру орнында оның сапасын арттыру.

Қарапайым тілмен айтқанда, шахтадан жер бетіне көмірмен бірге тау жынысы да шығарылады. Қазір оның едәуір бөлігін пайдалы шикізатпен бірге тасымалдап, кейін байыту фабрикасында бөлуге тура келеді. Жаңа технология артық жыныстың бір бөлігін тікелей шахтаның өзінде бөліп алуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде өндірістік тізбектің келесі кезеңіне сапасы жоғары көмір түседі. Бұл артық тасымал көлемін азайтып, байыту жабдықтарына түсетін жүктемені төмендетуге және өндірістік қуаттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кешеннің негізінде заманауи құрғақ ауалық сепарация технологиясы жатыр. Көмір мен тау жынысы су мен химиялық реагенттерді қолданбай, ауа ағынының көмегімен бөлінеді. Бұл технология шлам мен ағынды сулардың түзілуін болдырмауға, пайдалану шығындарын азайтуға және өндірістің қоршаған ортаға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа кешеннің өнімділігі сағатына шамамен 300 тонна көмірді құрайды.

Технологиялық үдеріс те қарапайым. Өндірілген көмір қабылдау шұңқырына түсіп, кейін ұсақтау кезеңінен өтеді де, құрғақ байытуға жіберіледі. Сепарациядан кейін тау жынысының бір бөлігі бөлінген көмір әрі қарай өңдеуге жөнелтіледі, ал бөлінген жыныс үйіндіге шығарылады.

Бүгінде жаңа нысанның құрылысы нақты сипат ала бастады. Алаңда ұсату қондырғысы мен құрғақ байыту ғимаратының қаңқалары орнатылды, бес технологиялық галерея құрастырылды, конвейерлік жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ұсатқыш пен сепаратор, кешенді басқарудың бірыңғай пунктіне айналатын диспетчерлік орталық, сондай-ақ электрмен жабдықтауға арналған трансформатор орнатылды.

«Біз Қарағанды көмір бассейні үшін жаңа технологияны енгізіп, іс жүзінде байытудың алғашқы кезеңін тікелей өндіру орнына жақындатып жатырмыз. Біздің міндетіміз — көмірді артық жыныстан мүмкіндігінше ертерек бөліп, әрі қарай сапасы жоғары шикізатпен жұмыс істеу. Бұл шахталарымызды технологиялық жаңғыртудың маңызды бөлігі», — деді «Шахтинск» шахтасының күрделі құрылыс жөніндегі бас инженерінің орынбасары Василий Барабанов.


Қазір нысанның құрылыс жұмыстарына шамамен 90 адам жұмылдырылған. Тағы 15-ке жуық маман технологиялық жабдықтарды монтаждаумен айналысады. Алда құбырлар мен инженерлік жүйелерді монтаждау, сыртқы желілерді тарту, шатыр жұмыстарын аяқтау және ғимараттарды қаптау жұмыстары тұр.

Бұл ретте «Шахтинск» шахтасы — ауқымды бағдарламаның бір бөлігі ғана. Qarmet құрғақ байыту кешендерін бірден төрт шахтада — «Шахтинск», «Қазақстан», «Абай» және Т. Күзембаев атындағы шахталарда енгізіп жатыр.

Жоба компанияның көмір бағытын дамытудағы жалпы тәсілін көрсетеді. Бұл — шахталарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті автоматтандыру деңгейі мен тиімділігін арттыру. Qarmet көмір сапасын жақсарту, шығындарды азайту және өндіруден бастап өңдеуге дейінгі бүкіл технологиялық тізбекті жетілдіру үшін инфрақұрылым мен жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңартып келеді.

Құрғақ байыту — заманауи технологиялардың Қарағанды көмір бассейнінің шахталарына тікелей еніп, қалыптасқан өндірістік үдерістерді өзгертіп, көмір өндірудің тиімділігін жаңа деңгейге көтеріп жатқанының тағы бір мысалы.
Новые технологии в угледобыче: Qarmet впервые в Карагандинском угольном бассейне внедряет сухое обогащение угля

На шахте «Шахтинская» Qarmet продолжается строительство первого в истории Карагандинского угольного бассейна комплекса сухого обогащения угля. Проект становится одним из новых технологических решений в масштабной программе модернизации угольного производства компании.
Главная задача комплекса — повышать качество угля непосредственно на месте добычи, ещё до его отправки на Центральную обогатительную фабрику «Восточная».

Если говорить простыми словами, вместе с углём из шахты на поверхность поднимается и порода. Сегодня значительную её часть приходится перевозить вместе с полезным сырьём и отделять уже на обогатительной фабрике. Новая технология позволит убрать часть лишней породы непосредственно на шахте.

В результате дальше по производственной цепочке будет поступать более качественный уголь. Это означает меньше лишних перевозок, снижение нагрузки на обогатительное оборудование и более эффективное использование производственных мощностей.

В основе комплекса — современная технология сухой воздушной сепарации. Уголь и порода разделяются с помощью воздушного потока, без использования воды и химических реагентов. Такое технологическое решение позволяет исключить образование шламов и сточных вод, сократить эксплуатационные затраты и снизить воздействие производства на окружающую среду. Производительность нового комплекса составит около 300 тонн угля в час. Технологическая цепочка при этом достаточно проста: добытый уголь поступает в завальную яму, затем проходит дробление и направляется на сухое обогащение. После сепарации очищенный от части породы уголь отправляется на дальнейшую переработку, а отделённая порода — в отвал.

Сегодня новый объект уже приобретает реальные очертания. На площадке смонтированы каркасы дробильной установки и здания сухого обогащения, собраны пять технологических галерей, ведётся монтаж конвейерного оборудования. Установлены дробилка и сепаратор, диспетчерский центр, который станет единым пунктом управления комплексом, а также трансформатор для его энергоснабжения.

«Мы внедряем новую для Карагандинского угольного бассейна технологию и фактически переносим первый этап обогащения непосредственно к месту добычи. Наша задача — как можно раньше отделить уголь от лишней породы и дальше работать уже с более качественным сырьём. Это важная часть технологической модернизации наших шахт», —отметил заместитель главного инженера по капитальному строительству шахты «Шахтинская» Василий Барабанов.


Сейчас на строительстве объекта задействовано около 90 человек, ещё порядка 15 специалистов занимаются монтажом технологического оборудования. Впереди — монтаж трубопроводов и инженерных систем, устройство наружных сетей, завершение кровельных работ и обшивка зданий.
При этом «Шахтинская» — только часть большой программы. Qarmet внедряет комплексы сухого обогащения сразу на четырёх шахтах: «Шахтинской», «Казахстанской», «Абайской» и имени Т. Кузембаева.

Проект отражает общий подход компании к развитию угольного направления: модернизация шахт, внедрение новых технологий, повышение автоматизации и эффективности производства. Qarmet последовательно обновляет инфраструктуру и оборудование, чтобы повышать качество угля, сокращать издержки и совершенствовать всю технологическую цепочку — от добычи до переработки.

Сухое обогащение становится ещё одним примером того, как современные технологии приходят непосредственно на шахты Карагандинского угольного бассейна, меняя привычные производственные процессы и формируя новый уровень эффективности угледобычи.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Склепович кеншілер әулетінің өзіндік дәстүрі бар. Оның барлық өкілдері еңбек жолын Qarmet компаниясының «Абай» шахтасымен байланыстырған.

Мұнда аға буын еңбек етті, бүгінде олардың балалары да осы шахтада жұмысын жалғастырып келеді. Ортақ ауысым, бір мамандық және шахтамен бірге бір ырғақта жазылып келе жатқан отбасылық еңбек тарихы.

Біздің роликте Склеповичтер өздерінің еңбек жолы, отбасылық дәстүрлері және ұрпақты ұрпаққа жалғайтын кенші еңбегі туралы өздері баяндайды.

***

У шахтёрской династии Склеповичей есть особая традиция: все её представители связали свою трудовую жизнь с одной шахтой — «Абайской» компании Qarmet.

Здесь трудились старшие поколения, здесь продолжают работать их дети. Общие смены, одна профессия и семейная история, которая уже много лет пишется в одном ритме с шахтой.

В нашем ролике Склеповичи сами рассказывают о своём пути, семейных традициях и шахтёрском труде, который объединяет поколения.