QARMET
10.3K subscribers
2.81K photos
400 videos
117 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
65 жылдық қызмет: Qarmet кокс батареяларын ауқымды түрде ауыстыруды бастады

Qarmet компаниясы №8–9 жаңа кокс батареяларын салудың маңызды кезеңіне өтті: бүгін металлургиялық комбинаттың құрылыс алаңына іргетастың алғашқы негізі қабылданды. Бұл сәт Қазақстандағы ең ірі кокс агрегаттарының нақты құрылысы басталған тарихи кезең болып отыр.

Алғашқы бетонның құйылуы – жобалық және дайындық жұмыстарынан негізгі технологиялық нысандардың нақты құрылысына көшу деген сөз. №8 және №9 батареялар кәсіпорын құрылымындағы ең заманауи әрі ең өнімді агрегаттар болады – олардың қуаты жылына 1,5 млн тонна құрғақ кокс, бұл домна өндірісін тұрақты қамтамасыз етуге және комбинаттың өндірістік орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа батареялардың салынуы кәсіпорын тарихындағы тұтас бір дәуірдің аяқталуын білдіреді. 1960 жылдары салынған және жұмыс ресурсын толық тауысып, 65 жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс істеген №1–4 агрегаттарды тоқтату жоспарланып отыр. Ескі батареяларды ауыстыру экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға, шығындарды азайтуға және қызметкерлер үшін заманауи, қауіпсіз әрі автоматтандырылған еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жол ашады.

«Біз №8 кокстеу батареясының іргетас тақтасын құюды бастадық, алғашқы бетон қабылданды. Бұл – жобаның жалпы табысына деген сенімді күшейтетін маңызды кезең. Алдымызда ауқымды құрылыс жұмыстары бар, және команда оларды дер кезінде орындауға дайын», – деді Qarmet компаниясының күрделі құрылыс директоры Алексей Сидоренко.


Құрылыс жұмыстары кокс-химия инжинирингі саласында әлемдік көшбасшы болып саналатын ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Co. компаниясымен Qarmet жасасқан бас мердігерлік келісім аясында жүзеге асуда. ACRE – Қытайдың ең ірі мемлекеттік инжинирингтік компанияларының бірі, ҚХР металлургиялық кәсіпорындары нарығының 95%-дан астамын қамтиды және әлем бойынша мыңнан астам инженерлік және консалтингтік жобаларды, оның ішінде 130-дан астамын бас мердігер ретінде іске асырған.

Жобаның инвестициялық көлемі шамамен 369 млн доллар. Бұл қаражат кокс-химия инфрақұрылымының толық кешенін, инженерлік желілер мен қосалқы жүйелерді салуды қамтиды. Теміртау металлургтері жаңа агрегаттардан алғашқы коксты 2027 жылы алмақ.

Жаңа батареялардың құрылысы Qarmet ауқымды жаңғырту бағдарламасының маңызды бөлігі. Бағдарлама металлургиялық және кен өндіруді жаңартуды, өндірістік ғимараттарды қайта жөндеуді, техникалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған — бұл бүгінде металлургиялық комбинатта жүріп жатқан трансформацияның ауқымы мен маңыздылығын айқын көрсетеді.
65 лет службы: Qarmet начал масштабную замену коксовых батарей

Компания Qarmet перешла к ключевому этапу возведения новых коксовых батарей №8-9: сегодня на строительной площадке металлургического комбината принято первое основание будущего фундамента. Этот момент стал исторической точкой отсчёта фактического строительства крупнейших коксовых агрегатов в Казахстане.

Заливка первого бетона означает переход от проектных и подготовительных работ к реальному строительству ключевых технологических сооружений. Батареи №8 и 9 станут наиболее современными и производительными в структуре предприятия – их мощность составит 1,5 млн тонн сухого кокса в год, что обеспечит стабильное снабжение доменного производства и повысит промышленную устойчивость комбината.

Строительство новых батарей завершает целую эпоху в истории предприятия.
Агрегаты №1-4, построенные в 1960-х годах и полностью исчерпавшие свой ресурс, планируется вывести из эксплуатации после более чем 65 лет непрерывной работы. Замена старых батарей позволит значительно улучшить экологические показатели, снизить издержки и обеспечить персоналу современные, безопасные и автоматизированные рабочие условия.

«Нами начата заливка фундаментной плиты коксовой батареи №8, и первый бетон уже успешно принят. Это важный рубеж, который придаёт дополнительной уверенности в общем успехе проекта. Впереди большой объём конструктивных работ, и команда полностью готова к их своевременной реализации», - отметил директор по капитальному строительству Qarmet Алексей Сидоренко.


Строительство осуществляется в рамках генерального контракта, который Qarmet заключил с мировым лидером коксохимического инжиниринга - ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Co.. ACRE - одна из крупнейших государственных инжиниринговых компаний Китая, занимающая более 95% рынка среди металлургических предприятий КНР и выполнившая свыше тысячи инженерных и консалтинговых проектов по всему миру, включая более 130 на условиях генерального подряда.

Объем инвестиций составит порядка $369 млн. Они включают в себя строительство полного комплекса объектов коксохимической инфраструктуры, инженерных сетей и вспомогательных систем. Первый кокс с новых агрегатов темиртауские металлурги получат уже в 2027 году.

Строительство новых батарей является важнейшим элементом масштабной программы модернизации Qarmet, охватывающей обновление металлургических и горнорудных производств, реконструкцию производственных помещений и развитие технической инфраструктуры — всё это подчёркивает глубину и серьёзность трансформации, происходящей сегодня на металлургическом комбинате.
«Біз көмір саласына әке ізімен келдік»

Қонарбаевтар әулетінің жалпы еңбек өтілі 30 жылға жақындап қалды. Отбасы басшысы Нағашыбек Қонарбайұлы 25 жылын «Восточная» ОБФ-де еңбек етті, өзін сенімді, еңбекқор және тәжірибелі маман ретінде көрсете білді.

Бүгінде оның ұлдары Олжас пен Досбек Қонарбаевтар отбасылық дәстүрді жалғастырып, Qarmet шахталарында жұмыс істеп жүр. Жаңа бейнежазбада олардың мамандықтағы алғашқы қадамдары, заманауи дағдыларды меңгеруі және аға буынның тәжірибесін қабылдап, өз отбасының еңбек жолын дамытуға қалай үлес қосып жүргені жайлы айтамыз.
«В угольную отрасль мы пришли по стопам отца»

Общий трудовой стаж династии Конарбаевых приближается к 30 годам. Глава семьи Нағашыбек Қонарбайұлы посвятил 25 лет работе на ЦОФ «Восточная», где зарекомендовал себя как надёжный, трудолюбивый и опытный специалист.

Сегодня его сыновья Олжас и Досбек Конарбаевы продолжают семейную традицию и работают на шахтах Qarmet. В новом видео мы рассказываем, как они делают первые шаги в профессии, осваивают современные навыки и перенимают опыт старшего поколения, развивая и укрепляя трудовую историю своей семьи🙌
Qarmet компаниясының ұжымдық шарты Қазақстандағы үздік шарт деп танылды

Qarmet бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы ең маңызды марапаттардың бірі — «Парыз» сыйлығының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында жеңімпаз атанды. Бұл марапат компанияның әлеуметтік саясатының жоғары деңгейін және қызметкерлер алдында алған міндеттемелерін шынайы орындауға ұмтылысын растайды. Марапатты компания атынан басқарма мүшесі — «Qarmet» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зауре Заурбекова қабылдады.

«2024 жылдың соңында компания әлеуметтік серіктестеріміз — „Жақтау“ және „Қорғау“ салалық кәсіподақтарымен өзекті ұжымдық шартқа қол қойды. Құжатта қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдаудан бастап еңбек жағдайларын жақсарту, медициналық қолдау, кадрлық әлеуетті дамыту, әлеуметтік кепілдіктер және тағы басқа көптеген бағыттар қамтылған. Құжатты әзірлеу ұзақ уақыт бойы жүргізілді, және бірлескен еңбектің нәтижесінде біз өзіміздің үлкен еңбек ұжымын қолдауға арналған жаңа ұжымдық шартты жасап шықтық», — деді Зауре Заурбекова.


Qarmet компаниясының ұжымдық шарты саладағы ең озық құжаттардың бірі. Ол компанияның басты құндылығы — адам және оның еңбегі екенін айқын көрсетеді. Құжатта қызметкерлердің өмір сапасын арттыруға және олардың отбасыларын қолдауға бағытталған кең ауқымды кепілдіктер бекітілген. Сонымен қатар, негізгі өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда жыл қорытындысы бойынша бір реттік сыйақы, еңбек өтілі мен кәсіби шеберлігі үшін үстемақылар, сондай-ақ қауіпсіз еңбек үшін ынталандыру төлемі көзделген. Бұл қауіпсіздік мәдениетін тұрақты түрде дамытуға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Металлург күні мен Шахтер күні ресми түрде мерекелік күндер ретінде бекітілген. Бұл күндері жұмыс істеген қызметкерлердің еңбегі жоғарылатылған мөлшерде төленеді. Бұл компанияның еңбек дәстүрлеріне және қызметкерлердің еңбегіне деген құрметін көрсетеді.

«Парыз» байқауындағы жеңіс — Qarmet компаниясының лайықты еңбек жағдайларын жасау, серіктестік мәдениетін дамыту, құрмет пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысына берілген жоғары баға. Компания әлеуметтік стандарттарды одан әрі күшейтіп, қызметкерлердің болашаққа деген сенімін арттыра бермек және Қазақстанның бүкіл тау-кен, металлургия саласы үшін үлгі болуды жалғастырады.
Коллективный договор Qarmet признан лучшим в Казахстане

Qarmet стал обладателем одной из самых значимых наград в сфере социальной ответственности бизнеса — премии «Парыз» в номинации «Лучший коллективный договор». Это признание подтверждает высокий уровень социальной политики компании и её реальное стремление выполнять взятые перед сотрудниками обязательства. Награду от имени компании приняла член правления — заместитель председателя правления АО «Qarmet» Зауре Заурбекова.

«В конце 2024 года компанией подписан актуальный коллективный договор с нашими социальными партнерами - отраслевыми профсоюзами „Жақтау“ и „Қорғау“. Документ охватывает широкий спектр гарантий и социальных программ: поддержку сотрудников и их семей, улучшение условий труда, медицинскую поддержку, развитие кадрового потенциала, социальные гарантии и многое другое. Работа над документом велась продолжительное время, и совместными усилиями мы разработали новый коллективный договор для поддержки нашего большого трудового коллектива», - отметила Зауре Заурбекова.


Коллективный договор Qarmet стал наиболее продвинутым в отрасли. Он отражает устойчивую позицию компании - человек и его труд находятся в центре внимания. Документ закрепляет широкий перечень гарантий, направленных на повышение качества жизни работников и поддержку их семей, предусматривает единовременное вознаграждение по итогам года при выполнении ключевых производственных показателей, надбавки за выслугу лет и профессиональное мастерство, а также стимулирующую доплату за безопасный труд, что способствует формированию устойчивой культуры безопасности.

Помимо этого, профессиональные праздники День металлурга и День шахтёра официально закреплены как праздничные дни, при этом работа в эти даты оплачивается в повышенном размере, подчеркивая уважение компании к трудовым традициям и вкладу работников.

Победа в конкурсе «Парыз» стала высокой государственной оценкой системной работы Qarmet по созданию достойных условий труда, развитию культуры партнёрства, уважения и ответственности. Компания продолжит укреплять социальные стандарты, усиливая уверенность сотрудников в будущем и оставаясь ориентиром для всей горно-металлургической отрасли Казахстана.
Qarmet компаниясының коксохим өндірісі өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтуде — бұл бүкіл ұжым мен сала үшін маңызды дата. Дәстүр бойынша бұл мереке желтоқсан айының басында өтіп, кәсіпорынның кокс-химиясын қалыптастырып, дамытып келе жатқан мамандар буынын біріктіреді.

Цехтың тарихы 1960 жылы алғашқы кокстеу батареясы іске қосылып, алғашқы қазақстандық кокс алынған кезден басталады. 1985 жылға қарай комбинатта жеті кокстеу батареясы жұмыс істеді, ал бүгінде №8 және №9 жаңа кокстеу батареяларының құрылысы жүріп жатыр. Бұл бөлімшенің тарихындағы жаңа кезең болмақ.

Qarmet компаниясының коксохим өндірісі — металлургия комбинатының сенімді тірегі, заманауи өндіріс және цехтың ең үздік дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан кәсіби мамандар командасы. Барлық коксохимия қызметкерлерін және ардагерлерін мерейтоймен құттықтаймыз! Кәсіпорынды дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз! Алда бұдан да көп жетістіктер және жарқын болашақ тілейміз!
Коксохимическое производство Qarmet отмечает своё 65-летие — значимую дату для всего коллектива и отрасли. Уже традиционно этот праздник проходит в начале декабря, объединяя поколения специалистов, благодаря труду которых создавалась и развивается коксохимия предприятия.

История цеха началась в далёком 1960 году, когда была запущена первая коксовая батарея и получен первый казахстанский кокс. К 1985 году на комбинате действовало семь коксовых батарей, а уже сегодня производится строительство совершенно новых коксовых батарей №8 и №9, что станет новой страницей в истории подразделения.

Коксохим Qarmet — это надёжная опора металлургического комбината, современное производство и команда профессионалов, продолжающих лучшие традиции цеха. Поздравляем всех работников и ветеранов коксохимии с юбилейной датой и благодарим за вклад в развитие предприятия! Пусть впереди будет ещё больше достижений, стабильности и уверенности в будущем
Qarmet компаниясына екі жыл: жаңғырту мен қауіпсіздік жылы

2025 жылғы 8 желтоқсанда Qarmet жаңа даму кезеңінің басталғанына екі жыл толды. Бұл кезең – компанияның технологиялық жаңаруы мен өндірістік әлеуетін күшейту үшін аса маңызды уақыт. Осы уақыт ішінде тау-кен, металлургия кешені тұрақтаудан ауқымды жаңғыртуға көшіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған міндеттерге сай елдің өнеркәсіптік басымдықтарымен үндес даму бағдарламасын іске асырып келеді.