QARMET
10.6K subscribers
2.47K photos
357 videos
81 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
Сегодня, 17 мая, в парке Qarmet начался следующий важный этап благоустройства — строительство Аллеи Славы металлургического комбината. С утра на площадке стартовали подготовительные работы: проведено выравнивание периметра и начата отсыпка щебня под будущую пешеходную зону.

Особую символичность сегодняшнему дню придал неожиданный, но очень тёплый момент. Во время начальных работ в парке на прогулке был почётный ветеран металлургического комбината, руководитель центра ветеранов Qarmet — Татаркин Николай Леонидович, человек с более чем 46-летним стажем на производстве. Он понаблюдал за началом строительства и с искренним интересом пообщался с рабочими. Николай Леонидович отметил, насколько важно сохранять и развивать такие общественные пространства:

«Три-четыре раза в неделю я бываю в этом парке. Часто прогуливаюсь от заводоуправления Qarmet как раз по аллеям новым. Это хорошо, что наконец начали развивать это пространство. Теперь есть где посидеть, отдохнуть, с детьми погулять. Сам живу здесь недалеко, парк с каждым годом становится лучше. Давно мечтали мы об этом, дай Бог всё будет», — поделился ветеран.

Аллея Славы Qarmet станет не просто частью архитектурного облика парка, а символом признания и уважения к людям, вложившим свой труд в развитие металлургического комбината и всей компании Qarmet. Здесь будут увековечены исторические события, имена выдающихся работников — как действующих, так и ветеранов производства.
«Бірлік жолы: Бабалар ізімен Теміртаудан Ұлытауға»:
Тағылымға толы тарихи сапар


Жұмысшы мамандықтары жылы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Теміртау қаласының 80 жылдығына орай Qarmet компаниясының бастамасымен «Бірлік жолы: Теміртаудан Ұлытауға дейін» атты тарихи-танымдық экспедиция жолға шықты. Экспедицияның басты мақсаты – тарихты тану, тәжірибе алмасу, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және ұрпақтар сабақтастығы мәдениетін дамыту арқылы корпоративтік және ұрпақаралық байланысты нығайту. Делегация құрамына қазіргі металлургтер мен ардагерлер кіріп, Ұлытау облысына сапар шекті.

Экспедиция Қаражал қаласынан, яғни Qarmet компаниясының «Өркен-Атасу» өкілдігінің кен орнынан басталды. Бұл жерден Теміртауға темір кенінің негізгі бөлігі жеткізіледі. Металлургтер кеншілермен кездесіп, әріптестеріне алғыс хат табыстады.

«Сан жылдар бойы алғаш рет металлургтер мен кеншілер бір жерге жиналды. Бұл біз үшін үлкен маңызға ие»,
— деді шахта ардагері Жарқынбай Жетімек.

Одан кейін экспедиция Жезқазған қаласына ат басын бұрды. Qarmet металлургтерін бұл жерде Kazakhmys компаниясының металлургтері құшақ жая қарсы алды. Қонақтар мыс балқыту зауытында түсті металлургия процесін көріп, әріптестерімен пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Сапар аясында ерекше әсерлі сәтке куә болдық. Студенттік кезден бері кездеспеген екі дос қайта табысты.

«Бұл мен үшін күтпеген әрі өте әсерлі сәт — ескі досымды өндірісте қайта көрдім, таң-тамаша болдым», — деді Qarmet-тің сортопрокат цехының ауысым бастығы Жанасыл Дүйсембаев.

Жезқазғанда металлургтер Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, музейге барды және жастармен кездесу өткізді. Ардагерлер мен белсенділер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысшы мамандықтарының маңызына тоқталды.

«Біздің мақсатымыз — ел көру, жер тану. Жастарға дұрыс бағыт нұсқау. Балаларды білім мен ғылымға шақыру маңызды. Қазіргі заман — білім ғасыры. Сондықтан жастар көбірек оқып, өз ортасымен жақын таныс болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, біздің сапарымыз өз мақсатына жетті», — деді Qarmet этномәдени орталығының жетекшісі, металлургия ардагері Әлішер Жақыпбеков.

Экспедиция Ұлытауда аяқталды — делегация Жошы хан мен Алаша хан кесенелеріне барды. Сонымен қатар теміртаулық шеберлердің қолөнер бұйымдары көрмесі өтті. Бұл экспедиция ұрпақтарды біріктіріп, өндірісаралық байланысты нығайтып, елдің болашағы– адал еңбек екенін назар аудартты.
«Путь единства»: состоялась историко-познавательная экспедиция Qarmet от Темиртау до Улытау.

В честь Года рабочих профессий, 30-летия Ассамблеи народа Казахстана и 80-летия города Темиртау, по инициативе Qarmet, состоялась историко-познавательная экспедиция «Путь единства: из Темиртау в Улытау». Основной целью экспедиции стало укрепление корпоративной и межпоколенческой связи через осмысление истории, обмен опытом, популяризацию рабочих профессий и развитие культуры преемственности. Делегация из числа действующих металлургов и ветеранов выдвинулась в область Улытау.

Экспедиция началась с города Каражал на руднике Представительства «Өркен-Атасу» ТОО «Өркен» компании Qarmet, откуда поступает основная часть железной руды в Темиртау. Металлурги встретились с горняками и вручили благодарственные письма коллегам.

«За столько лет впервые вижу, как горняки и металлурги собрались вместе. Это многое значит для нас», - поделился ветеран шахтёр Жаркынбай Жетимек

Далее экспедиция отправилась в город Жезказган. Металлургов Qarmet встречали братья по деятельности, металлурги компании Kazakhmys. На медеплавильном заводе гости из Темиртау увидели цветную металлургию в действии, побеседовали с коллегами, обменялись опытом. Один из трогательных моментов — встреча двух друзей, не видевшихся со студенческих лет.

«Это было неожиданно и очень ценно — снова увидеть старого товарища на производстве», — рассказал Жанасыл Дюсембаев, начальник смены сортопрокатного цеха Qarmet.

В Жезказгане металлурги возложили цветы к памятнику Каныша Сатпаева, посетили музей и провели встречу с молодёжью. Ветераны и активисты делились опытом и рассказали о значении рабочих профессий.

«Наша цель - увидеть страну, увидеть Землю. Правильное направление, ориентация на молодежь. В том числе и приглашение детей к знаниям, науке. Современность — это эпоха знаний. Поэтому молодые люди должны больше учиться и быть в близком знакомстве со своим окружением. В этом смысле мы считаем, что наша поездка полностью достигла своей цели,» - сказал руководитель этнокультурного центра Qarmet, почётный ветеран металлургии - Алишер Жакыпбеков.

Завершилась экспедиция уже в Улытау — с посещением мавзолеев Жошы-хана и Алаша-хана. Здесь металлурги провели выставку изделий мастеров из Темиртау. Экспедиция объединила поколения, укрепила связи между производствами и напомнила: будущее страны — в руках тех, кто честно работает и уважает свои корни.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qarmet компаниясының жұмысшылары мен отбасы дәстүрлі түрде Карқаралы ұлттық паркінің аумағында орналасқан «Шахтер» демалыс үйінде корпоративтік және отбасылық демалыстарын өткізеді. Қарағайлы орман мен таулы ландшафттар арасындағы жайлы база – күш жинап, тынығуға арналған сүйікті орынға айналған.

Демалыс үйінің қазіргі көрінісі мен демалушылардың пікірін назарларыңызға ұсынамыз!

*****

Сотрудники компании Qarmet и члены их семей традиционно проводят корпоративный и семейный отдых в доме отдыха «Шахтёр», расположенном на территории Каркаралинского национального парка. Уютная база среди соснового леса и горных ландшафтов давно стала излюбленным местом для перезагрузки и восстановления сил.

Как сейчас выглядит дом отдыха и что думают о нём посетители, рассказываем с первых уст. Приятного просмотра!
Qarmet компаниясының Креативті технологиялар орталығында жабдықтарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚЖ) саласындағы бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау тақырыбында екі күндік семинар өтті. Іс-шара SAP жүйесін қолдануға негізделді.

Семинардың бастамашысы — Qarmet Болат департаментінің жөндеу жұмыстары жөніндегі дирекциясы. Іс-шараға компанияның түрлі құрылымдық бөлімшелерінен 150-ден астам маман, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстаннан шақырылған сарапшылар қатысты. Мақсат — SAP жүйесін қолдану арқылы ТҚЖ процестерін басқаруды цифрландырудың үздік тәжірибелерін жан-жақты талдау.

Семинардың алғашқы күні қатысушылар SAP PM модулі арқылы ТҚЖ процестерінің қазіргі жағдайын саралап, процестердің жетілу деңгейін ұлттық стандартқа сәйкестік тұрғысынан бағалап, цифрлық шешімдерді дамыту бойынша Жол картасын талқылады.

Екінші күні ERG, AKFA (Өзбекстан), «АлтынАлмас» АҚ, IBA Group және SAP Қазақстан компанияларының өкілдері қатысқан вебинар өтті. Іс-шара барысында мобильді ТҚЖ, SAP PM модулін енгізу, қосалқы бөлшектерді қалпына келтіру, жабдықтардың маңыздылық дәрежесін бағалау, процестердің орындалуын автоматты бақылау, сондай-ақ SAP Value Lifecycle Management негізінде EAM бағдарламаларын дамытудағы бизнес-құндылық пен өтелімділікті бағалау сияқты сәтті жобалар таныстырылды.

Екі күн ішінде қатысушылар тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында цифрлық шешімдерді тиімді енгізудің практикалық мысалдарын да алды. Qarmet компаниясы тәжірибе алмасу мен жаңа технологияларды табысты енгізудің алаңы ретінде өз позициясын нығайтып келеді.