QARMET
11.5K subscribers
1.66K photos
173 videos
58 links
QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Download Telegram
Персоналдың қауіпсіз жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ету — Qarmet компаниясының басты бағыттарының бірі. Осы тапсырманы орындау аясында Көмір департаментінің шахталарында автоматтандырылған ұнтақ түріндегі өрт сөндіру жүйелері орнатылды. Бұл жүйе модульдері көмір тасымалдау және оны вагондарға тиеу үшін қолданылатын технологиялық кешендердің галереяларында ленталық конвейерлердің үстіне орнатылған.

Ұнтақ түріндегі автоматтандырылған жүйе жабық кеңістіктерде түтіннің алдын алудың жылдам әрі сенімді тәсілін ұсынады.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? Оның қандай артықшылықтары бар және персоналдың әрекеттері қалай болады? Бұл сұрақтарға Т. Күзембаев атындағы шахтаның бас инженерінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Андрей Рудницкий жауап берді.
Условия обеспечения безопасной работы персонала — приоритетное направление деятельности компании Qarmet. В рамках реализации данной задачи на шахтах Угольного департамента были внедрены автоматизированные системы порошкового пожаротушения. Модули этих систем установлены над ленточными конвейерами в галереях технологических комплексов, которые обеспечивают транспортировку угля и его погрузку в вагоны.

Порошковые автоматизированные системы предлагают быстрый и надежный способ предотвращения задымления в закрытых пространствах.

Как работает эта система? Какие преимущества она предоставляет, и как действует персонал? Разбираемся вместе с Андреем Рудницким, заместителем главного инженера по ТБ шахты имени Т. Кузембаева.
Qarmet осы қыста соңғы жеті жылда болмаған көлемде көп болат өндірді

Металлургтер 2024-2025 жылғы қысқы кезеңнің қорытындысын шығарды. 2023 жылмен салыстырғанда болат өндірісі 30%-ға, өнім жөнелту көлемі 23%-ға артқан. Бұл көрсеткіштер 2018 жылдан бергі ең жоғары нәтиже. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыруға техникалық және өндірістік жетілдірулердің арқасында қол жетті.

Мысалы, IT департаменті жабдықты жоспарлы тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы мобильді қосымша әзірледі. Бұл құрал инспекция кезінде жауапты қызметтердің онлайн режимде ақаулар мен жабдықтың аномалиялары туралы жедел деректер алуына мүмкіндік береді, нәтижесінде ақауларды уақытында жоюға септігін тигізеді.

Кезекті жиналыстың қорытындысы бойынша Qarmet компаниясының Бас директоры Вадим Басин өндірісті одан әрі дамыту үшін негізгі міндеттерді айқындап, құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, компанияның жаңа жобаларына, соның ішінде табиғи газға қосылу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл өзгеріс болат өндірісінің өзіндік құнына оң әсер етіп, қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді – бұл Qarmet үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі.
Зимний период Qarmet стал лучшим по производству стали за последние семь лет.

Металлурги подвели итоги зимнего периода 2024-2025.  По сравнению с 2023 годом прирост производства составляет 30% твёрдой стали,  рост отгрузки продукции на 23 %, результат так же является лучшим с 2018 года. Значительное повышение эффективности работы комбината стало возможным за счет технических и операционных улучшений.

Так, к примеру, IT департаментом разработано собственное приложение для проведения плановых обходов и ремонта оборудования. Инструмент позволяет в онлайн-режиме ответственным службам во время инспекций получать данные по аномалиям и дефектам оборудования, что способствует оперативному устранению неисправности.

По итогам очного рапорта генеральный директор компании Qarmet Вадим Басин определил дальнейшие задачи и дал конкретные поручения подразделениям для дальнейшего роста производства. Особое внимание уделено новым проектам компании, в частности подключение к природному газу. Эффект будет отражен в себестоимости стали и сохранении экологии города – стратегических аспектах для Qarmet.
#еңбекадамы

Бүгін біз «Qarmet»АҚ 2-ЖЭО
Өндірістік-техникалық бөлімінің жұмыстарды үйлестірушісі Бейбітгүл Шарипова туралы айтып береміз.


Бейбітгүл 45 жылын кәсіпорынға арнап, енді құрметті демалысқа шықты. Оның еңбек жолы қалай басталды? Қандай сәттерді ең құнды деп санайды?

Осы туралы біздің бейне роликте толығырақ.
#людитруда

Сегодня рассказываем про Бейбиткул Шарипову— распределителя работ ПТО ТЭЦ-2 АО “Qarmet”.


Бейбиткул посвятила предприятию 45 лет, и теперь настало время заслуженного отдыха. Как начинался ее путь? Какие моменты она считает самыми ценными?

Об этом в нашем видео.
Құрметті, Асыл жандар!

Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі - 8-Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге толағай табыс, қажымас қайрат тілеп, өндірістің әрбір аспектісіне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің күш-жігерлеріңіз, таланттарыңыз, сұлулықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз әлемді жарқын, әрбір сәтті ерекше етеді.

Көктем сіздерге қуаныш пен молшылық әкелсін, алда жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер көп болсын. Барлық бастамаларыңызда сәттілік, денсаулық және табыс тілейміз.

Біз сіздердей мықты әрі сенімді әйелдермен ұжымдас болып, бірге жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз!

Ізгі ниетпен,
Qarmet компаниясы.
Дорогие женщины!

Поздравляем вас с прекрасным и весенним праздником — 8 Марта!

В этот день мы выражаем вам благодарность за вдохновение, силу, и неоценимый вклад, который вы вносите в каждый аспект производства. Ваша энергия, талант, красота и забота делают наш мир ярче, а каждое мгновение — особенным.

Пусть весна приносит только радость и вдохновение, а впереди будет много новых свершений и ярких побед. Желаем счастья, здоровья и успехов во всех начинаниях.

Мы гордимся, что рядом с нами такие потрясающие, сильные и уверенные женщины, как вы!

С наилучшими пожеланиями,
Компания Qarmet.
Металлургия ардагерлері жастармен тәжірибе алмасты

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Теміртау қаласындағы оқу орындарының студенттері мен комбинаттың құрметті ардагерлері арасында кездесулер өтті. Өндірісте мол тәжірибе жинаған ардагерлер жастарға кәсіби жетістікке жету жолындағы қиындықтарды қалай еңсеруге болатынын, жұмыста қандай дағдылар мен қасиеттер қажет екенін, сондай-ақ командалық рух пен жеке бастаманың маңыздылығын түсіндірді.

«Қазіргі таңда жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Сіздер құрметті мамандық болып саналатын – металлургия саласын таңдадыңыздар. Отты бағындырып, металл құю – қай заманда да оңай болмаған. Үйреніп, дамыңыздар, сонда сіздер үлкен жетістіктерге жетесіздер. Біз сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді комбинаттың құрметті ардагері, «Qarmet» АҚ этномәдени орталығының директоры Алишер Жақыпбеков.

Оқу орнының студенттері комбинаттың құрметті еңбеккерлерінің өмірлік тәжірибесіне және мансап жолына үлкен қызығушылық танытып, ардагерлерден кәсіби қызметтің ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды. Жастар металлургиялық комбинатқа экскурсияларға белсенді қатысып, бұл салада мансап құруға деген қызығушылықтарын көрсетуде.

Мұндай кездесулер студенттерге тек пайдалы білім беріп, тәжірибелі мамандардан білім үйренуге мүмкіндік береді. Бұл олардың болашақ кәсіби жетістіктеріне ықпал етері даусыз.