QARMET
10.6K subscribers
2.09K photos
285 videos
65 links
QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Download Telegram
Qarmet металлургиялық комбинатының прокат цехына кіреберіс қақпасы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды.

Жөндеу жұмыстары барысында жол 8 метрден 10 метрге дейін кеңейтілді, жаңа жеңілдетілген есіктер, бақылау алаңы және күзет қызметкерлеріне арналған модульдік ғимарат орнатылды. Жөндеу жұмыстары 40 күнге созылды.

Жаңартылған кіреберіс ыңғайлы әрі функционалды болды. Енді ауыр жүк көліктері үшін кең жол мен ыңғайлы бақылау алаңы қамтамасыз етілген. Бұл жалпы қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жүк тасымалы мен комбинат қызметкерлерінің жұмысына қолайлы жағдай жасайды.
Прокатная проходная металлургического комбината Qarmet вновь открылась после завершения капитального ремонта.

В рамках работ было расширено дорожное полотно с 8 до 10 метров, установлены новые облегченные ворота , смотровая площадка и установлено модульное помещение для персонала охраны. Ремонтные работы заняли 40 дней.

Обновленная проходная стала значительно более функциональной и удобной. Теперь обеспечен широкий проезд с удобной досмотровой площадкой для большегрузного транспорта, что положительно сказывается на общем трафике, повышает безопасность движения и улучшает условия для перевозки грузов и работы персонала комбината.
2024 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қаласында «Алтын Адам» – «Қазақстанның №1 таңдауы» ұлттық фестиваль-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осы салтанатты шарада «Қоғамдық таным» номинациясы бойынша лауреаттардың бірі болып Qarmet компаниясының Болат департаментінің директоры Андрей Берг танылды. Бұл марапат оның еңбек династиясының Қазақстанның металлургия саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Андрей Берг тек жоғары деңгейдегі кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар өндірісті жақсарту, еңбек қауіпсіздігі мен комбинат қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бағытында белсенді жұмыс істейтін көшбасшы ретінде танымал. Оның басшылығымен Qarmet компаниясы биылғы жылы металлургия өндірісінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

«Бұл марапат, ең алдымен, менің отбасымның және Qarmet компаниясының жетістігі. Биыл, барлық қиындықтарға қарамастан, біз өндірісті арттырып, сапаны жақсартып, тұрақты даму деңгейіне жеттік. Өндіріс көлемін 3,5 миллион тоннаға дейін арттыруға қол жеткіздік. Qarmet – бұл бүкіл Қарағанды өңірінің үміті мен тірегі», – деді Берг.

Сонымен қатар, ол осы жылы компанияның шынымен де маңызды қадамдар жасағанын атап өтті. Барлық бөлімшелерде өндіріс тұрақтандырылып, 8 көмір шахтасының жұмысы қалпына келтірілді, қызметкерлер саны артып, еңбек жағдайлары жақсартылды. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін 3,5 миллиард доллардан астам инвестиция бөлінуде. Бұл қаражат газдандыру, ғимараттар мен құрылымдарды жөндеу, жаңғырту және қауіпсіздік сияқты өндіріс үшін өмірлік маңызы бар жобаларға бағытталған.
20 декабря 2024 года в г. Алматы состоялась торжественная церемония награждения победителей национального фестиваля-конкурса «Алтын Адам»- «Выбор года №1 в Казахстане», где одним из лауреатов стал Андрей Берг, директор Стального департамента компании Qarmet. Он был удостоен награды в номинации «Общественное признание» за значительный вклад его трудовой семейной династии в развитие металлургической отрасли РК.

Андрей Берг известен не только как профессионал высокого уровня, но и как лидер, который активно работает над улучшением производства, безопасности труда и социального благополучия работников комбината. Под его руководством Qarmet добился значительных успехов в области металлургического производства в текущем году.

«Эта награда прежде всего всей моей семьи и награда компании Qarmet. В этом году несмотря на все внешние и внутренние вызовы мы показываем неплохой результат, увеличивая производство, улучшая качество, что позволило нам достигнуть устойчивого развития с увеличением объемов производства до 3,5 млн тонн. Qarmet это надежда и опора всего Карагандинского региона», - сказал в своей ответной речи Берг.

Он также отметил, в текущем году компанией сделаны по-настоящему важные шаги – стабилизировано производство по всем подразделениям, восстановлены работы всех 8 угольных шахт, увеличен штат и улучшены условия труда. Чтобы стать конкурентным игроком на мировом рынке инвестируется более 3,5 млрд долларов. Эти средства направляются на ряд жизненно важных для производства проектов, такие как газификация, ремонты зданий и сооружений, модернизацию и безопасность.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qarmet компаниясындағы ауқымды жөндеу жұмыстары туралы ақпаратты күрделі құрылыс жөніндегі директор - Алексей Сидоренко айтып береді.

Актуальная информация по модернизациям и ремонтам Qarmet от директора по капитальному строительству Алексея Сидоренко
Желтоқсан айында Тентек шахтасына 45 жыл толды

Тентек шахтасы Шахтинск қаласында орналасқан. Ол Тентек өзенінің сағасында болғандықтан осылай аталған.

Шахтаның құрылысы 1964 жылы басталып, 1979 жылы жылына 4 миллион тонна көмір өндіру жобалық қуатымен пайдаға берілді. 2021 жылдың маусымынан бері шахтада көмір өндіру тоқтатылған.

"Qarmet" АҚ келгелі Көмір департаменті дамудың жаңа жолын айқындады. Қазір мұнда құны 500 млн $ инвестиция құйылып нәтижесінде қауіпсіз, жұмыс қарқын алды.

"Тентек" шахтасында 2025-жылы
жаңа желдеткіш ствол құрылысы аяқталады. Ол шахтада ауа айналымын жақсартып, желдету жүйесінің сенімділігін арттырады, еңбек жағдайларын және жаңа учаскелердегі қауіпсіздікті жақсартады.

Көмір өндірісі де келер жылы басталады. Қазір жаңа көмір өндіру алаңдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бас-аяғы 6800 шақырым үңгу жұмыстары жүргізілді.

Қазір Qarmet алдын ала дегазация жұмысын жүргізіп жатыр. Ол жер астындағы газды алдын-ала алуға жол ашады. Бұл газ мөлшерін 50 пайызға төмендетеді
В декабре шахте «Тентекская» исполнилось 45 лет.

Угледобывающее предприятие города Шахтинск получило свое название благодаря протекающей рядом реке Тентек.

Начало строительства шахты стартовало в 1964 году. Спустя 15 лет, в 1979 году, ее ввели в эксплуатацию с проектной мощностью 4 миллиона тонн угля в год. А в июне 2021 года добыча на шахте была приостановлена.

С приходом АО «Qarmet» Угольный департамент получил новый импульс для развития. Проекты УД осваивают $500 млн. инвестиций, благодаря чему активно восстанавливается полноценная, а главное, безопасная работа горняков.

Шахта «Тентекская» не стала исключением. В 2025 году здесь завершится реализация проекта по строительству нового воздухоподающего ствола. Он позволит улучшить циркуляцию воздуха в шахте, повысит надёжность и общую пропускную способность вентиляционной системы, улучшая условия труда и безопасность на новых участках.

Добычу угля планируют запустить в следующем году. Сейчас идёт подготовка нового очистного забоя, организация которой заняла 6800 км горных выработок.

В процесс внедрен новый проект Qarmet по предварительной дегазации с бурением скважин с поверхности земли. Данный метод позволяет снизить скопления газовых образований в 50%.
Qarmet Қазақстан болатының 80 жылдығын атап өтті

2024 жылдың 26-желтоқсанында Теміртау қаласында қазақстандық алғашқы болаттың шығарылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. 1944 жылы Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңінде Қазақ металлургия зауытында алғашқы болат тоннасы өндірілді. Бұл тарихи сәт металлургия саласы үшін ғана емес, бүкіл елдің өнеркәсіптік дамуының символы ретінде есте қалды.

Мерекелік іс-шаралар Теміртау қаласының металлургтер стеласынан басталып, кейін қатысушылар зауытқа бет алды. Онда мерейтойлық болат балқыту рәсімі өтті.

«Мен үшін «Қазақстанның алғашқы болатының 80 жылдығы» лентасын тағу – үлкен құрмет. Мен бұл лентаны тағу құқығы еңбекті бағалап, лайық болуды қажет ететінін түсінемін. Металлургтер – өз ісін, өз Отанын сүйген нағыз батырлар. Олар бұл кәсіпке өмірін ғана емес, бар күш-жігерін, жанын арнаған жандар. Сіздерге уәде беремін, мен және Qarmet компаниясының бүкіл ұжымы зауыттың аңызға айналған кәсіпорын болып қалуы үшін барымызды саламыз. Жастар бұл жерде жұмыс істеуді армандап, соған ұмтылып, мақтанатын болады. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріңізге алғыс айтамын, басымды иемін», – деді Qarmet компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев.

Qarmet компаниясының Бас директоры Вадим Басин қазақстандық металлургияның қалыптасуына ардагерлердің қосқан үлесін атап өтіп, олардың мұрасының сала үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Бұл мерейтой – көптеген ұрпақ металлургтері мен инженерлерінің табанды еңбегінің арқасында мүмкін болған қуатты өнеркәсіптік дамудың символы. Өндіріс ардагерлеріне зор ризашылығымды және алғысымды білдіремін. Сіздердің білім, даналық және тәжірибелеріңіз әрқашан компанияның дамуы үшін берік тірек пен мызғымас негіз болып қала береді», – деді Вадим Басин.

Ардагерлер атынан құрметті металлургтер мен комбинаттың еңбегі сіңген қызметкерлері Алишер Жақыпбеков пен Өтеген Ғабдуллин сөз сөйледі. Олар алғашқы болаттың шығарылғанына 80 жыл толуын атап өтіп, металлургия саласының дамуына еңбек пен адалдық арқылы үлес қосқан барлық адамдарды еске алудың маңыздылығын еске салды.

«Бұл – бізге қазақстандық алғашқы болатты шығарған металлургтерден қалған мұра. Олар бізге адал болуды, еңбегімізге адал қарауды аманат етті. Достық пен бірлік – бізге мұра болып қалған құндылықтар. Қазір бізге қазақстандық инвестор келді, ол біздің металлургтердің бұрынғы даңқын қайта жандандыруда. Біз 90-жылдардың қиындықтарын өткердік, ол кездегі жағдайды жақсы білеміз. Қазір де комбинатта ахуал оңай емес екенін түсінеміз. Сіздерге төзім тілейміз, нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстан Магниткасының бұрынғы даңқын қалпына келтіру керек», – деді Өтеген Ғабдуллин

«Мен металлургтерімізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар ата-бабаларымыз бастаған істі лайықты түрде жалғастырып келеді. Мен өзім де, барлық ардагерлер де разымыз. Өткен аптада ғана ақсақалдар комбинатқа келіп, батасын берді, бәрі сәтті болады деп сендірді. Жастарға рақмет, олар біздің туымызды биік ұстап келеді. Осы қарқынмен жалғастырыңыздар!» – деді Әлішер Маханбетжанұлы.

Іс-шараның соңында Qarmet басшылығы мерейтойлық балқытуды орындаған конвертер цехының қызметкерлеріне естелік медальдар табыс етті.

Қазақстандық болаттың 80 жылдығы – бұл өткенге құрмет көрсету ғана емес, сонымен бірге мықты және тәуелсіз өнеркәсібі бар Қазақстанның болашағына деген сенімнің символы. Бүгінде Qarmet компаниясы игі дәстүрлерді жалғастырып, өндіріс процестерін жетілдіруге ұмтылуда.