QARMET
10.4K subscribers
2.11K photos
286 videos
65 links
QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Download Telegram
“Qarmet” Көмір департаментінде құрметті шахтер, техника ғылымдарының докторы Серғазы Баймұхаметовтың жеке құжаттарын облыстық архивке салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға көмір өнеркәсібінің ардагерлері, шахта және кәсіпорын директорлары, ғалымдар мен Қарағанды жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Серғазы Баймұхаметов — техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының, Қазақстан Минералдық ресурстар академиясының, Халықаралық экология және еңбек қауіпсіздігі академиясының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. Ол академик А. Скочинский атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, есімі Қазақ КСР Құрмет кітабына енгізілген. Сонымен қатар, Баймұхаметов — Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, “Шахтер даңқы” белгісінің толық кавалері және Құрметті шахтер.

Тау-кен шеберінен бастап Көмір департаментінің техникалық директоры лауазымына дейін көтерілген ол тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі мен желдетуді жетілдіру бойынша бірнеше монографияның авторы ретінде салаға үлкен үлес қосты.

«40 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істедік. Ол — өз саласына бар күш-жігерін арнаған жоғары білікті инженер еді», — деді шахтер еңбегінің құрметті ардагері Григорий Презент.


Баймұхаметов Қарағанды көмір бассейніндегі D6 қабатын әзірлеу кезінде газодинамикалық құбылыстардың алдын алу технологиясы патентінің авторы. Бұл өнертабыс кенеттен көмір мен газдың шығу қаупін едәуір төмендетіп, шахталардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етті және бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр.

Архивке Серғазы Баймұхаметовтың ғылыми жарияланымдары, дипломдары, марапаттары, күнделіктері, хаттары және фотосуреттері тапсырылды. Бұл материалдар оның кәсіби жетістіктерін еске сақтап қана қоймай, болашақ ұрпаққа оның әріптестері мен туған өңірінің тағдырына шынайы алаңдаған тұлға екенінкөрсетеді.
В Угольном департаменте Qarmet состоялась торжественная передача личных документов заслуженного шахтёра, доктора технических наук Сергазы Баймухаметова в областной архив. В мероприятии приняли участие ветераны угольной промышленности, директора шахт и предприятий, ученые, а также студенты Карагандинских ВУЗов.

Сергазы Баймухаметов — доктор технических наук, профессор, академик Национальной инженерной академии Казахстана, Академии минеральных ресурсов Казахстана, Международной академии экологии и безопасности труда (МАНЭБ), а также иностранный член Академии горных наук Российской Федерации. Он — дважды лауреат премии имени академика А. Скочинского, его имя занесено в Золотую книгу почета Казахской ССР. Баймухаметов также является кавалером Орденов Трудового Красного Знамени, полным кавалером Знака «Шахтерская слава» и Почетным шахтёром.

От горного мастера до технического директора Угольного департамента, он оставил значительный след в отрасли, став автором нескольких монографий по безопасности горных работ и совершенствованию вентиляции.

«Более 40 лет мы работали вместе. Это был инженер высочайшей квалификации с пытливым умом, который полностью отдавал себя угольной отрасли», — отметил Григорий Презент, почётный ветеран шахтёрского труда.

Баймухаметов также является автором патента на технологию предотвращения газодинамических явлений при подготовительных работах по пласту D6 в Карагандинском угольном бассейне. Это изобретение существенно снизило риск внезапных выбросов угля и газа, обеспечив безопасность работы шахт и сохраняет свою актуальность по сей день.

В архив переданы научные публикации, дипломы, награды, дневники, письма и фотографии, которые рассказывают о главных этапах жизни Сергазы Баймухаметова. Эти материалы не только сохранят память о его профессиональных достижениях, но и позволят будущим поколениям увидеть его как человека, искренне переживавшего за судьбы коллег и родного региона.
“Qarmet” металлургиялық комбинатын қысқа дайындау жұмыстары ертерек басталған болатын. Көктемгі кезеңде өндірістік бөлім негізгі іс-шаралар жазылған арнайы бұйрық шығарды.

«Ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында негізгі назар жабдықтардың сенімділігі мен технологиялық және шикізаттық материалдардың қажетті қорын жинақтауға аударылады, себебі қыс мезгілінде логистика күрделене түседі. Өткен жылы, қоймадағы қор шектеулі болған болса, биыл бізде 400 мың тоннадан астам темір кенді материал бар, бұл біздің нормаларға сай және өте жақсы көрсеткіш», – деді Болат департаментінің директоры Андрей Берг.

Оның айтуынша, ТЭЦ-2 мен ТЭЦ-ПВС үшін энергетикалық көмірдің қажет қоры жасақталған, сондай-ақ кокстық-химиялық өндіріс үшін «Шығыс» байыту фабрикасының концентраттық қоры да бар. Бұған қоса, жөндеу маусымы аясында №5 агломашина, №2 және №4 домна пештері, №1 және №2 конвертер корпустары, табақша илемдеу цехтары бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ комбинаттың ғимараттары мен құрылыстарын жөндеу жалғасуда.

«Біз жабдықтардың сенімділігін жоғары деңгейге жеткіздік, бұл бізге осы қыс маусымын ойдағыдай өткізуге мүмкіндік береді», – деп қосты Берг.
Подготовка металлургического комбината Qarmet к зимним условиям начинается значительно раньше, чем наступает зима. В весенний период издается распоряжение производственного отдела, в котором детально прописаны основные мероприятия по подготовке предприятия к холодному сезону.

«Основное внимание при проведении текущих и капитальных ремонтов уделяется надежности оборудования и созданию необходимых запасов технологических и сырьевых материалов, с учетом усложняющейся логистики зимой. В отличие от прошлого года, когда запасы на складах были ограничены, в этот зимний период мы обеспечены хорошими запасами железорудных материалов — более 400 тысяч тонн, что соответствует нашим нормам и является отличным показателем», — отметил директор Стального департамента Андрей Берг.

Он также добавил, что сформирован значительный запас энергетического угля для ТЭЦ-2 и ТЭЦ-ПВС, а также имеется резерв по собственному концентрату ЦОФ «Восточная» для коксохимического производства. В дополнение к этому, в рамках ремонтного сезона были выполнены капитальные работы по агломашине №5, доменным печам №2 и №4, корпусам конвертеров №1 и №2, листопрокатным цехам, а также продолжается ремонт зданий и сооружений комбината.

«Уже достигнута хорошая степень надежности, что позволит эффективно провести новый зимний сезон», — добавил Берг.
Темір илектеу цехы-1-де (ЛПЦ-1) металлургиялық комбинатта прокат станының күрделі жөндеуі аяқталды.

Жөндеу жұмыстары барысында станның барлық негізгі тораптары мен агрегаттары толығымен ауыстырылып, қалпына келтірілді, бұл оның өнімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Атқарылған жұмыстардың ішінде: отырғызу және шығару рольгангтарын ауыстыру, шығару бөлігіндегі бес роликті ауыстыру, методикалық пештегі слэбтерді амортизациялау буфері мен серіппелі механизмдерін тексеру, сондай-ақ тік біліктер кассеталарын ауыстыру бар. Сонымен қатар, слэбтер мен жолақтарды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін прокат деңгейі реттеліп, басқа да маңызды жақсартулар енгізілді.

Жөндеудің негізгі кезеңдерінің бірі технологиялық процестерді оңтайландыру болды, бұл агрегаттардың жұмысын едәуір жақсартып, желінің тұрып қалуын жойып, 2-сұрып ақауларының пайда болуын болдырмауға және станның бос тұрып қалу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
В Листопрокатном цехе-1 (ЛПЦ-1) металлургического комбината успешно проведён капитальный ремонт прокатного стана.

В ходе работ была проведена полная замена и восстановление всех основных узлов и агрегатов стана, что позволило значительно повысить его производительность и надежность. Среди выполненных работ — замена рольгангов посада-выдачи, замена пяти роликов на участке выдачи, ревизия буфера и пружинных механизмов амортизации слябов в методической печи, а также замена кассет вертикальных валков. Также был выставлен уровень прокатки для обеспечения стабильного транспортирования слябов и полос, а также выполнено множество других важных улучшений.

Одним из ключевых этапов ремонта стала оптимизация технологических процессов, что позволит значительно улучшить работу агрегатов, исключить застревания линии, предотвратить появление брака 2-го сорта и сократить время простоя стана.
8 желтоқсан күні Qarmet металлургиялық комбинаты өзінің тарихи атауын — қайтарғанына тура бір жыл болады.

Бұл қысқа уақыт айтарлықтай өзгерістер мен жетістіктер кезеңі болды. Көптеген қиындықтарды еңсере отырып, біз нарықтағы орнымызды нығайтып, сенімді түрде алға жылжып келеміз. Бір жылдық — өткенге көз жүгіртіп, ортақ жетістіктерді бағалайтын мүмкіндік:
11 айдың ішінде Qarmet болат өндіру көлемі бойынша өткен жылдың жалпы нәтижелерінен асып түсіп, 3 миллион тоннадан астам болат өндірді.
Мамыр айында металлургтер бес жылдық рекордты жаңартып, бір айда 330 мың тонна болат өндірді.
Металлдың өзіндік құны орта есеппен 20%-ға төмендетілді.
Көмір департаментінің барлық шахталарының жұмысы қалпына келтірілді. Бүгінде үңгу бригадаларының саны 11-ден 51-ге дейін артты.
Қауіпсіз өндірісті қалыптастыру мақсатында ең заманауи Орталық диспетчерлік пункт іске қосылды. Бұл кешен жер астындағы және жер үстіндегі жұмыстардың, газ датчиктері мен өрт жүйелерінің мәліметтерін біріктіретін озық аналитикалық орталық болып табылады.
Шахталарда жаңа позициялау жүйесі енгізілуде. Келесі жылы бұл жүйе компанияның барлық 8 шахтасын қамтиды.
Шахтерлер жұмыс істейтін аймақтарда жер бетінде алдын ала дегазация жүргізілуде, бұл метан газының жиналуын 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жер асты кен орындарында кеншілермен мобильді бейне байланыс жүйесі енгізілуде.
Металлургиялық комбинатты газға ауыстыру жұмысы басталды, бұл кәсіпорын тарихындағы экологияны жақсартуға деген ең маңызды қадам болмақ.
Ондаған жылдар бойы жиналған 750 млн тонна өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мақсатында халықаралық экологиялық форум өткізілді.
Болашақта қауіпсіз және тиімді өндіріс үшін маңызды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Металлургтер саябағының қайта жаңартылуы аяқталды.
Трамвай паркі іске қосылуда.
8 жаңа трамвай сатып алынып, 30 шақырым теміржол желісі қалпына келтірілді.

Бұл компанияның жаңа тарихының бастамасы ғана. Біз 35 мың адамнан тұратын ұжымға, олардың отбасына және Қазақстан Республикасының ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорынының бірін қайта өркендетуге атсалысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз.
8 декабря исполняется ровно один год с момента, как металлургический комбинат вернул себе историческое название — Qarmet

Этот короткий период все же стал временем значительных перемен и достижений. Преодолевая множество вызовов, мы укрепляем позиции на рынке и уверенно идем вперед. Первая годовщина знаковая возможность оглянуться назад и оценить общие успехи:

За 11 месяцев работы Qarmet превзошел итоги всего прошлого года по выпуску стали, произведя более 3 млн тонн.
В мае металлурги побили пятилетний рекорд - 330 тысяч тонн стали за месяц.
Достигнуто снижение себестоимости металла в среднем на 20%.
Возобновлена работа всех шахт Угольного департамента. Сегодня число проходческих бригад увеличено с 11 до 51.
В целях безопасного производства введена в эксплуатацию новейшая Центральная диспетчерская — передовой аналитический комплекс для консолидации данных подземных и наземных работ, уровня датчиков газа и пожарных систем.
Внедряется новая система позиционирования на шахтах. В следующем году системой будут охвачены все 8 шахт компании.
С поверхности проводится предварительная дегазация в зонах работ шахтеров для снижения скопления газ-метана до 50%.
В подземных выработках успешно проводится внедрение мобильной связи с горняками.
Начата газификация металлургического комбината, что станет самым значимым вкладом в экологию за всю историю предприятия.
Проведен международный экологический форум в целях переработки 750 млн тонн производственных отходов, накопленных десятилетиями.
Проведены важнейшие капитальные ремонты, необходимые для дальнейшего безопасного и эффективного производства.
Проведена реконструкция парка металлургов.
Вводится в эксплуатацию трамвайный парк.
Закуплено 8 новых трамваев, восстановлено сообщение на 30 км ж/д полотна.

Это лишь начало пути новейшей истории компании. Мы благодарим каждого из нашего 35-тысячного коллектива, членов семей и всех тех, кто принимает участие в возрождении одного из самых крупных промышленных предприятий РК.
Qarmet компаниясының «Қызметкерлерді дамыту және оқыту бөлімі» (ҚДОБ) оқу орталығы — металлургия саласы мамандарын даярлауға маманданған Қазақстандағы жалғыз орталық. ҚДОБ толыққанды оқу циклін ұсынады, оған теориялық дайындық пен өндірістік қуаттарда практикалық дағдыларды меңгеру кіреді.

Күн сайын орталықта 150-ден астам адам білім алады. Ішкі оқыту аясында 400-ден астам мамандық қамтылады, оның ішінде Қазақстанда сирек кездесетін коксохимия және агломерация өндірісі сияқты бағыттар бар. Сонымен қатар, жыл сайын орта есеппен 1000-ға жуық қызметкер өз біліктілігін арттырады.

Qarmet компаниясы өз қызметкерлерінің біліктілігін үнемі жаңартып, жақсартып отырудың маңыздылығын жақсы түсінеді. ҚДОБ-тың миссиясы — жоғары білікті мамандар даярлап қана қоймай, қызметкерлердің мансабының барлық кезеңінде кәсіби өсуіне қажетті жағдай жасау.