Қаржылық сауаттылық
28.9K subscribers
182 photos
11 videos
8 files
85 links
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.

👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk
Download Telegram
Керемет функция😍

Paidax брокері керемет функцияны іске қосты. Бұл функция - таңдаған компанияңыздың акциясы адал немесе шариғат талаптарына сай келмейтінін көрсетеді. Яғни, компанияның акциясын алмай тұрып, оның шариғат талаптарына сай немесе қайшы екенін алдын ала көре аласыз.

🌙Бұл функция сіз таңдаған компанияның акциясын халықаралық 5 ұйымның бағалауы бойынша сараптайды. Егер осы 5 ұйым сіз таңдаған акцияны шариғат талаптарына сай келетінін мақұлдаса "шариғат талаптарына сәйкес келеді" деп шығарады. Сіз осылай компанияның акциясы адал немесе шариғат талабына қайшы екенін лезде білесіз!

Бұл функция халал инвестиция бағытын ұстанатын инвесторлар үшін таптырмас құрал. Брокерлердің ішінде бұл функцияны Paidax брокері алғаш рет қосты.

~ Paidax брокеріне тіркеліп, сатып алғалы жатқан компанияңыздың акциясы адал екеніне көз жеткізіңіз.
Paidax брокерін осы сілтеме арқылы жүктей аласыз: https://paidax.page.link/islm
⬆️Осы сілтеме арқылы жүктесеңіз, сізге 50$ сыйлыққа беріледі.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес.
Ақшаға байланысты шешімдерді тек таңертең қабылда
(соңына дейін оқыңыз)

Қай жерге барсам да осы қағиданы айтып жүремін. Бәрі "неге олай деп айттыңыз", "оның қаржылық сауаттылыққа қандай қатысы бар" деп сұрақтырды қарша боратады?! Бұл қағиданың сіздерге сырын ашайын!

1. Күндіз және кешкі қарай адамның эмоциялары (қобалжу, стресс, шаршау) қаржылық шешім қабылдауға кері әсер етеді. Адам кешке импульсивті шығындарға көбірек бейім болады (мысалы, қажетсіз заттар сатып алу, қажетсіз курсты эмоциямен алып қою, айфонды несиеге алу т.б).
2. Кешке немесе түн ішінде эмоциялар өте қатты құбылады. Түнде миға неше түрлі идеялар келіп, бәрін қопарып тастайтындай болып тұрасың. Таңертең бәрі су сепкендей басылып қалады. Бұның барлығы эмоцияның әсері.
3. Ақшаға байланысты шешімдерді эмоциямен қабылдау - үлкен қателік. Сол үшін де ақшаға байланысты шешімдерді тек таңертең қабылдаған дұрыс. Таңертең: ми тынық болады, эмоция аз болады және саналы түрде ойланып, артық шығындарға жол бермейсің!

©️ қаржылық сауаттылық
Казахи не говорят:
"Қазірден болашағым үшін инвестиция жасайын."
Казахи говорят:
"Оған дейін кім бар, кім жоқ?! Құдай білсін..."

Казахи не говорят:
"Қазір ақша болмай тұр"
Казахи говорят:
"Мені сатыңдар"

Казахи не говорят:
Кредит тиімсіз. Басқа да жолдарын қарап көрейік
Казахи говорят:
Бірдеңе қылармыз. Жұрттар да өлмей жүр ғой 7-8 кредит төлеп

Сіз де өз нұсқаңызды төменге жазып кетіңіз. Ең көп лайк (👍) жинаған адамға сыйлығым бар🔽
Халал - ETF😍
(2-ші бөлім)

Алғаш халал ETF жайлы жазғанымда "тағы да осындай халал құралдар жайлы айтыңызшы" деп сұраған оқырмандар көп болды. Құп болады! Міне тағы бір халал ETF.

SPUS – бұл АҚШ-тағы ислам қағидаларына сай келетін компанияларға инвестиция жасайтын ETF. Құрамында банктер, құмар ойындар, алкоголь, темекі, қару-жарақ индустриялары жоқ. Тек риба (пайыз) алмайтын, адал табыс табатын компаниялар бар!

SPUS көбінесе технология, денсаулық сақтау және тұтыну тауарлары саласына инвестиция құяды. Құрамында 200-ден аса халал компания бар. Мысалы:
🔹 Технология
Apple (AAPL)
Microsoft (MSFT)
NVIDIA (NVDA)
Tesla (TSLA)
🔹 Денсаулық сақтау
Eli Lilly (LLY)
Johnson & Johnson (JNJ)
🔹 Өндіріс және тұтыну тауарлары
Procter & Gamble (PG)
PepsiCo (PEP)

1 жылдағы өсімі: 20%. 5 жылдағы орташа жылдық өсім: ~15-20%.
1 ETF-тің құны: 42$ (22.000тг) тұрады. Дивиденд төлейді.
Бұл ETF-ті Freedom broker арқылы сатып ала аласыз.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес.
Мен өз ақшамды көбірек ақша табу үшін қолданамын. Сен өз ақшаңды "көп ақша табатын адам" секілді көрінуге жұмсайсың.
Біз бірдей емеспіз.

©️ Уоррен Баффетт
Тез өсетін компанияларға қалай инвестиция жасаймыз
(абайлаңыз, өте пайдалы пост)

📍Инвестиция жасаған әрбір адам өз портфелінің өскенін қалайды. Портфел жақсы өсу үшін құрамында өсу әлеуеті жоғары компаниялар болуы керек. Өсу әлеуеті жоғары компанияларды қайдан табамыз және оны қалай зерттейміз деген сұрақ көкейіңізде пайда болды ма? Жауабы міне:

🌟Өсу әлеуеті жоғары компанияларды SCHG etf-і біріктіреді. SCHG etf-і АҚШ-тың ең ірі және жылдам өсетін компанияларына инвестиция жасайды. SCHG etf-нің құрамында өсу әлеуеті жоғары 229 компания бар.
SCHG etf-ін құрап тұрған ТОП 10 компания:
Apple
Microsoft
Nvidia
Amazon
Google
Meta
Tesla
Бұдан өзге 219 компания бар құрамында.

~ SCHG – ұзақ мерзімді өсімді қалайтын инвесторлар үшін тамаша таңдау. SCHG etf-і 28$ (14.500тг) тұрады. Тикер: SCHG. Аз мөлшерде дивиденд төлейді.
Бұл ETF-ті Paidax және Freedom broker-і арқылы ала аласыз.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес.
Мен осындай пайдалы пост оқысам, реакция басып, жазған адамға ризашылығымды білдіремін.
2025 жылы қай бағытқа көбірек инвестиция жасаймын? 2 бөлім 

🗓️1-ші бөлімде: 2025 жылы жасанды интеллект, электромобильдер, шағын компаниялар саласына назар салатынымды айттым. 2025 жылы инвестиция жасайтын салаларымды тағы толықтырдым.

1. Литий және батарея өндірісі. Әлемде электромобильдерге сұраныс артып келеді. Электромобиль шығаратын компаниялар - бір қуаттағанда ұзақ шақырым жүретін көліктерді жасап шығаруда. Литий, никель, кобальт - электромобильдерге сұраныс артқан сайын бұл металдар да қымбаттайды. Себебі, электромобиль өндіруге бұл металдар қажет. Ұзақ мерзімде бұл саланың өсетінен сенемін.

2. Киберқауіпсіздік. Технология дамыған сайын оны қорғау да қиындайды. Әлемде цифрлық қауіпсіздікке сұраныс артып тұр. Себебі, әрбір компания өз сайттарын, жүйесін қорғау керек. Ондағы деректерді сақтау керек. Сол үшін де осы салаға ден қойып тұрмын.

📍Жарнама: "2025 жылы қайда инвестиция жасаған тиімді" тақырыбында 54 минуттық сабағым бар. Сабақ ақылы: 1270 тг. Көру үшін осында жазыңыз: @islmbekk
✍️Мен жайлы сандар:

23 жастамын
3 кітаптың авторымын
6 жылдан бері инвестиция жасаймын
9 құмалақты жиі ойнаймын
31.000 оқырманы бар телеграм арнам бар
4 инвестициялық портфелім бар
3 мемлекетке саяхаттадым
2016-2018 жылы "ең үздік оқырман" атағын жеңіп алдым

~ 1000 реакция жинағым келеді осы постқа😄
🧠Миыма чип қондырып алдым

деп айтатын күнге жеттік. Себебі, чип - жаңа мұнай. Чип – бұл электронды құрылғылардың миы. Ол ақпаратты өңдеу, сақтау және басқару қызметін атқарады. Сіздің қолыңыздағы телефонның ішінде де чип бар. Чип барлық құрылғыда бар. Адам "мисыз" өмір сүре алмайтыны секілді, құрылғылар чипсіз жұмыс істемейді.

Чип қайда қолданылады?
🔹 Компьютерлер мен ноутбуктер
🔹 Смартфондар
🔹 Көліктер
🔹 Жасанды интеллект
🔹 5G және байланыс
🔹 Қорғаныс және ғарыш

Чип-ке қалай инвестиция жасаймыз?
Taiwan Semiconductor (TSMC)әлемдегі ең ірі және ең озық чип өндіруші компания. Әлемдегі ең беделді: Apple, Nvidia, AMD, Qualcomm, Broadcom секілді компаниялардың чиптерін жасап шығарады. Әлемдегі 60% чипті осы компания шығарады.

Taiwan Semiconductor (TSMC) - 1 акциясы 204$ (105.500тг) тұрады. Дивиденд төлейді.
1 жылда акциясы 70%+ өсті.
Paidax және Freedom broker арқылы сатып ала аласыз.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.
Бай болу – көп ақша табу емес, ақшаны дұрыс басқару

©️ Дэйв Рэмзи
👴🏻94 жастағы атамыз не дейді?

Бокс жайлы сөз қозғалса, ойымызға Бекзат Саттарханов, ғылым жайлы айтсақ, Қаныш Сәтбаев көз алдымызға келеді. Ал инвестицияны Уоррен Баффетсіз елестету мүмкін емес.

📍Уоррен Баффеттің инвестиция жайлы қарапайым кеңестеріне құлақ асыңыз:

1. «Барлығын бір себетке салуға болмайды». Яғни, ол кісі қайда жүрсе де, кімге сұхбат берсе де осы ережені есте сақтау керегін айтады. Ешқашан 100% сенімді инвестиция болмайды. Сондықтан портфеліңізді әртараптандырып жүріңіз.

2. «Өзіңіз түсінбейтін салаға ақша құймаңыз». Яғни, өзіңіз өнімін тұтынбайтын, қызметін мүлде түсінбейтін компанияның акциясын сатып алмаңыз. Өзіңізге таныс компанияларға инвестиция жасаңыз.

3. «Біз акцияларды таңдамаймыз, біз бизнесті таңдаймыз». Ең алдымен акция бағасына емес, компания қалай жұмыс істейтініне назар аудару керек екенін нұсқап тұр.

94 жастағы атамызға 94 реакция атып жіберейік
🇰🇿 Қазақстан Республикасының алғашқы банкноталары (ақшасы)

Қандай әдемі - 👍🏻
Мен бұл ақшаны ұстап көрдім - 🔥
Теңгенің ол кезде құны болды - ❤️
"қарызсыз қазақ" кітабынан үзінді.

Автор: Бақытжан Бұқарбай
🇰🇿Қазақстандық 9 компанияны 5000 теңгеге сатып ал! мұқият соңына дейін оқыңыз

📍Қазақстанда акциясын нарыққа ұсынатын компаниялар аз. Саусақпен санап аларлық. Олардың ең үздіктері: ҚазМұнайГаз, Halyk bank, Қазатомөнеркәсіп, Kaspi, Kcell, Қазақтелеком, БанкЦентрКредит, ҚазТрансОйл тағысын тағы.

🔹Жоғарыда аты аталған компанияларды біріктіретін tabys қосымшасында ETN бар. Атауы: AIX Qazaq Index. Яғни, суретте көрсетілген 9 компанияны Tabys қосымшасы арқылы 5000 тг иелене аласыз. Сіз бұл компаниялардың акциясын жеке-жеке сатып алсаңыз, 200.000 теңгедей қаржыңыз кетеді. Tabys қосымшасындағы AIX Qazaq Index ETN-і дәл осы компанияларды 5000 тг ала аласыз.

🔹2024 жылы дәл осы ETN - теңгемен 24% өсті. Бұл теңгемен өте жақсы өсім, әрі бұл ETN дивиденд төлейді. Инвестицияға енді қадам басатындар үшін керемет құрал деп ойлаймын.

⚠️Жарнама немесе инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.
Ақша адамды бұзбайды, өзгертпейді де. Ол тек шынайы бет бейнеңді ашады

©️Бернард Шоу
💵0 теңгемен жасауға болатын инвестиция

1. Спортпен шұғылдану
2. Кітап оқу
3. Шет тілін меңгеру
4. Жасанды интеллектті үйрену
5. Жазу
6. Қаржылық сауаттылықты үйрену
7. Күнде 10.000 қадам жүру

Реакция бассаңыз менің көңіл-күйіме инвестиция жасайсыз. Менің көңіл-күйім көтеріңкі болса, пайдалы посттарды көп жазамын😊