QANJAR MEDIA
839 subscribers
74 photos
58 videos
55 links
AQINAQ
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қыдырәлі Дархан депутат Қазақстан тарихын қайта жазайық деп үндеу жасады. Мәдениет пен ақпаратты тындырғандай, өзі тарих маманы болған соң енді тарихқа көшті. Әйтеуір бекер отырмай бірдеңе бүлдіру керек. Артық қыламын деп, тыртық қылмаса жәрар.

https://t.me/qanzhar_media
Бағдат Мусин Қазақтелекомға басшы болып бара жатыр деген әңгіме тарады.
Сот үкімін күтіп отырғандар.
Біздің сайттар әңгімені жібереді-ау негізі. Қорғаныс министрлігінің мұражайға апарып қоямыз деп емізіп айтқан ескерткіштерінің қазіргі түрі осы.


https://t.me/qanzhar_media
Алматы бүгін алаңдатты.
Енді бір сілкінсе қабырғалары қайысып тұрған үйлер мен ғимараттар не болар екен?
Жапондықтар болжай алмағанды біздікілер 30-70% деп пайымдап отырғаны қуантады. Өкіндіретіні, жер сілкінгені туралы хабарлама бәрі біткеннен кейін келетіні.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💋Байден Италия премьер-министрінің басынан сүйіп алды

Әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Джо Байденнің Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді басынан сүйген видеосы тарап жатыр.

Кадр Байден мен Мелонидің Ақ үйде өткен кездесуінен кейін түсірілген.

Ыңғайлы тұрған соң сүйген ғой. Мелонидің бойы тағы да сәл төмен болғанда не болар еді?
«Полковник» Лукашенко барлық мемлекеттік органдарын әскери кезеңге өткізу туралы жарлыққа қол қойыпты — деп БелТА хабарлайды.

Ойланыңыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Ресеймен байланысы бар»: Ерлан Қожапағановтың не үшін ұсталғаны анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов жақында ұсталған Ерлан Қожағапановқа қатысты істің жай-жапсарын мәлім етті.

Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл каласында Қазакстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бул ретте форумды өткізу үшін смета 2 есеге өскен. Бұл жағдай бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - дейді Арман Тілеукенов.

Ресеймен ауыз жаласып, сатқындық жасап жүргендер біздің билікте жетіп артылады.

https://t.me/qanzhar_media
Токаев сайлауда жеңіске жеткен Путин әріптесін құттықтады

Екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсетін әңгіме құрыпты.

https://t.me/qanzhar_media
«Хабар» арнасының кезекті масқарасы.

«Бірақ» деген ток-шоу кеше жылдар бойы күйеуінен таяқ жеп, ақырында қолын сындырған соң алты баласымен ажырасып кеткен әйелді студияға шақырды.


Ток-шоу істедік деп мәз шығарсыздар, «Хабардағы» әріптестер. Кейіпкерге берген уәдеде тұрмай, этиканы бұзғандарыңыз — бөлек әңгіме. Сіздер онсыз да өмір бойы ауыр психологиялық травма алған, содан емделіп жүрген адамды қорлап, әйелге үлкен қауіп төндірдіңіздер. Жылдар бойы таяқ жеп, күйеуінен зәбір көрген адамның нәзік, сезімтал психикасымен бұлай ойнайтындай сіздер кімсіздер? Ток-шоудан соң әйел ес жинай алмай, ұзақ жылады дейді. Оған бірдеңе болса, жауап бересіздер ме?!

«Хабардағы» (еркек) жүргізуші эфир кезінде «Тұрмыстағы зорлыққа әйелдің өзі жеткізетін шығар, мүмкін шыдау керек шығар?» дегендей сұрақ қояды. Сарапшы ретінде шақырылған нумеролог (!) «еркекке еркелеу керек, алдына түсіп алмау керек» дегендей ақыл айтады. Басқалар да әйелді татуласуға шақырады. Айта берсең көп... «Хабар», ток-шоу істемей-ақ қойшы.