ТРК Президента
28.3K subscribers
6.47K photos
4.89K videos
961 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Президент: «Екібастұз қаласындағы Data Center Valley жобасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл – еліміздің бірегей стратегиялық бастамасы»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Біздің Президент:

«Алатау қаласы алдағы уақытта Еуразиядағы таланттардың, технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳 Президентіміз Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысты

📸 Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге конференцияның ашылу салтанатында.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳 Біздің Президент Дүниежүзілік ЖИ конференциясында сөз сөйлеп, Қазақстанның ЖИ саласындағы стратегиялық басымдықтарын атады

▫️Біз «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынамыз. Басты мақсат – цифрлық сауданы жандандыру және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру

▫️Біздің елде Си Төрағаны тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп есептейді. Оның парасатты әрі орнықты басшылығымен Қытай елі осынау дүрбелеңге толы, болжаусыз әрі қақтығыстардан көз ашпаған әлемде жаңа табыстарға батыл қадам басып келеді

▫️Бірде бір ел жасанды интеллектіні тұтынумен шектелмеуге тиіс. Адами капиталы мен цифрлық инфрақұрылымын дамытып, институционалдық әлеуетін көтеруге кез келген мемлекеттің мүмкіндігі болуы керек

▫️Өкінішке қарай, мемлекеттердің көбі қақтығыстарға тосқауыл қоюға мән бермейді, есесіне оның салдарын жоюға күш-жігерін сарқа жұмсайды. Жасанды интеллект алдын ала ескерту жүйесін, превентивті дипломатияны, гуманитарлық көмек пен бітімгерлік әрекеттерді күшейту арқылы бізге осы қисынсыз түсінікті өзгертетін тарихи мүмкіндік беріп отыр

▫️Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды. Аталған ұйым ЖИ-ді басқаратын әмбебап құрылымның негізін қалайтынына сенімдіміз

▫️Қазақстанның жаңа Конституциясында жасанды интеллектіге, оның елімізді орнықты дамытуға қосар үлесіне баса назар аударылған. Сонымен қатар Ата заңымыз әр азаматтың дербес дерегінің қорғалуына кепілдік береді

▫️Біз жасанды интеллектіні теріс мақсатқа пайдаланудың алдын алатын, соның ішінде кибершабуыл, дипфейк, цифрлық алаяқтық пен басқа да қатерлерден қорғайтын пәрменді шаралар әзірлеуіміз керек. Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз

▫️Қазақстан Дүниежүзілік Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық мектептер желісін, озық тәжірибе орталықтарын және академиялық серіктестік құруды ұсынады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇭Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті

▫️Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті

▫️Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан

▫️Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыруды ұсынды

▫️Қазақстан да Таиланд азаматтарына демалыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қызметін ұсына алады

✈️ Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇭 Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті

▫️Президенттің пікірінше, тауар айналымын арттыратын перспективті бағыттар қатарына ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі, көлік-логистика салалары кіреді

▫️Бұдан бөлек, БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексіндегі үздік 24 елдің сапына енетін Қазақстан озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК қызметіне қолдау көрсеткені үшін Камбоджа тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Премьер-министрге Астананың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама көтергенін айтты

✈️ Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президентіміздің Қытайға жұмыс сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⌨️ Біздің Президент:

«Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⌨️ Мемлекет басшысы:

«Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мен Ұйымға мүше мемлекеттер мен мүдделі тараптардың барлығын жасанды интеллект стандарттары мен этикасын реттейтін тұрақты сарапшылық платформа құруға шақырамын»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Біздің Президент:

«Әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қытайдан технологиялық компанияларды, инвесторлар мен новаторларды тарту үшін Конституцияда Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі айқындалды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары қалай өтті?

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары: Қытай көшбасшысымен кездесу, әлемдік технология алпауыттарымен келіссөздер, жасанды интеллект саласындағы серіктестік және 15 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер

🎥 Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды сапардың негізгі сәттерін TRKLab әзірлеген мобильді форматтағы деректі фильмнен тамашалаңыз!

〰️

📝Новые технологии, стратегическое партнерство и дипломатия в действии. Смотрите эксклюзивный мобильный документальный фильм TRKLab о рабочем визите Президента Казахстана в Шанхай.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Қазақстанның цифрлық болашағы мен жаһандық геосаясаттың жаңа шежіресі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай қаласына жасаған тарихи сапары туралы «Сөз бен іс» эксклюзивті деректі фильмін өткізіп алмаңыз!

🎥Фильмнің маңызы неде?

📌Үлкен дипломатия: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің Шанхайдағы кездесуі – ресми кадрлар ғана емес, үлкен саясаттың көпшілікке көрінбейтін, шешім қабылдау сәттеріндегі шынайы атмосферасы.

📌Технологиялық серпіліс: Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында Президент Қазақстанды жаңа технологиялық хабқа айналдырудың нақты жоспарын айтты.

📌Миллиардтаған долларлық келісімдер: біздің Президент әлемдік деңгейдегі бизнес алпауыттарын қабылдап, елімізге келетін жаңа инвестицияларға жол ашты.

🈂️Фильмді бүгін, сағат 16:00-де Jibek Joly телеарнасынан тамашалаңыздар!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Президентті технология алпауыттары қарсы алған сәт

📍ҚХР, Шанхай қаласы
🗓️ 16.07.2026 жыл

🎥 Толық нұсқасын TRKLab әзірлеген мобильді форматтағы деректі фильмнен тамашалаңыз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📸 Шанхайдың назары – Қазақстан Президентінде

Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуін қытайлық БАҚ өкілдері ерекше қызығушылықпен күтті.

🎥 Толық нұсқасын TRKLab әзірлеген мобильді форматтағы деректі фильмнен тамашалаңыз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM