Посольство Казахстана в России
3.13K subscribers
2.06K photos
103 videos
1.02K links
Download Telegram
​​🔹Видеообзор с международной матчевой встречи казахстанских и российских студентов по спортивному и профессионально-прикладному автомногоборью.
​​🔹Қазақстан мен Ресей "Хвалынское" және "Имашев" кен орындары бойынша келіссөздерді қайта бастады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев "Газпром" ЖАҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті.

Санкт-Петербургтегі кездесуде тараптар газ саласындағы, соның ішінде газ өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Сондай-ақ қатысушылар Орынбор ГӨЗ-інің Қарашығанақ газын қабылдау тұрақтылығы мен Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру мәселелерін және т.б. талқылады.

Сонымен қатар кездесуде "Хвалынское" және "Имашев" кен орындарын игеру бойынша келіссөздерді қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

ТОЛЫҒЫРАҚ 🔗 : https://kazembassy.ru/kaz/press_centr/novosti/?cid=0&rid=3078


🔹Казахстан и Россия возобновили переговоры по месторождениям "Хвалынское" и "Имашевское".

Министр энергетики Республики Казахстан Магзум Мирзагалиев встретился с Председателем Правления ПАО "Газпром" Алексеем Миллером.

В ходе состоявшейся в г. Санкт-Петербург встречи стороны рассмотрели основные направления сотрудничества в газовой сфере, в том числе в области переработки газа.

Также участники обсудили вопросы стабильности приемки Карачаганакского газа Оренбургским ГПЗ и газификации Восточно-Казахстанской и Северо-Казахстанской областей и другие.

Кроме того, на встрече достигнута договоренность по возобновлению переговоров по освоению месторождений "Хвалынское" и "Имашевское".

ПОДРОБНЕЕ 🔗 : https://kazembassy.ru/rus/press_centr/novosti/?cid=0&rid=4825
​​​​​​🔹 Қазақстан Елшілігіне Сомали Федеративтік Республикасы Ресей Федерациясындағы жақында тағайындалған Елшісі Хасан Абди Дауд сыпайылықпен сапармен келді.

Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екі ел арасындағы негізгі бағыттар талқыланып, қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

🔸 Посольство Казахстана с визитом вежливости посетил Посол Федеративной Республики Сомали в Российской Федерации Хасан Абди Дауд, недавно назначенный на эту должность.

В ходе встречи с Послом Казахстана Ермеком Кошербаевым были обсуждены основные направления взаимодействия, состоялся обмен мнениями по вопросам, представляющим взаимный интерес.

Беседа прошла в теплой и дружественной обстановке.
​​🔹ҚР Ұлттық кітапханасы Ресейде
шығарылған кітаптарды сыйға алды.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тайыр Мансұров ҚР Ұлттық кітапханасына Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларға арналған 2500 кітапты сыйға тартты.
Олардың арасында Елбасы-ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, тұңғыш қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлов, Қазақстан-Ресей қатынастары, еуразиялық интеграция туралы кітаптар, Абай, Жамбыл, Мағжан Жұмабаевтың және т.б. шығармалары бар.

Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр.
"Тайыр Мансұровтың жинақтамасы біз үшін үлкен оқиға, себебі басқа ешбір қордағыдай, біздің кітапхана қорында ондай кітаптар жоқ. Бұл кітаптар "Молодая гвардия" сияқты танымал ресейлік баспаларда "Жизнь знакомых людей" сериясында жарық көрді", – деді Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова.

1994-2002 жылдары Тайыр Мансұров Қазақстанның Ресейдегі елшісі, 2003-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2007-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бас хатшысы, 2014-2016 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды. 2016 жылдан бастап – Еуразиялық даму орталығының бас директоры.


🔹Национальная библиотека РК получила в дар изданные в России книги.

Известный государственный и общественный деятель Таир Мансуров передал в дар Национальной библиотеке Казахстана 2500 книг, посвященных важнейшим событиям истории Казахстана.

Среди них – книги о Елбасы – Первом Президенте РК Нурсултане Назарбаеве, первом казахском дипломате Назире Тюрякулове, о казахстанско-российских отношениях, о евразийской интеграции, произведения Абая, Жамбыла, Магжана Жумабаева и другие.
Передача книг приурочена к 30-летию Независимости Казахстана.

"Коллекция Таира Мансурова для нас большое событие, потому что книг такого содержания в фонде нашей библиотеки, как и ни в каком другом фонде, нет. Эти книги изданы в таких известных российских издательствах, как "Молодая гвардия", в серии "Жизнь замечательных людей" (ЖЗЛ)", – рассказала директор Национальной библиотеки Бакытжамал Оспанова.

В 1994-2002 годы Таир Мансуров был послом Казахстана в России, в 2003-2007 годы – акимом Северо-Казахстанской области, в 2007-2014 годы – генеральным секретарем Евразийского экономического сообщества, в 2014-2016 годы – членом Коллегии (министром) по энергетике и инфраструктуре Евразийской экономической комиссии. С 2016 года – генеральный директор Евразийского центра развития.
​​🔹А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді.

2021 жылғы 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемия салдарын жою жөніндегі бірлескен шаралар қаралды.

ТОЛЫҒЫРАҚ 🔗 : https://primeminister.kz/kz/news/a-mamin-rf-ukimetinin-toragasy-m-mishustinmen-kelissoz-zhurgizdi-2104212

🔹А.Мамин провел переговоры с Председателем Правительства РФ М.Мишустиным.

2 ноября 2021 года Премьер-Министр РК Аскар Мамин в рамках рабочей поездки в г. Москву провел переговоры с Председателем Правительства РФ Михаилом Мишустиным.

Главы Правительств обсудили перспективы дальнейшего наращивания казахстанско-российского сотрудничества в торгово-экономической, финансово-инвестиционной, транзитно-транспортной, сельскохозяйственной, нефтегазохимической, энергетической, космической сферах, а также проекты в рамках промышленной кооперации.

Рассмотрены актуальные вопросы взаимодействия в формате Евразийского экономического союза, а также совместные меры по борьбе с распространением COVID-19 и нивелированию последствий пандемии для экономик двух стран.

ПОДРОБНЕЕ 🔗 : https://primeminister.kz/ru/news/a-mamin-provel-peregovory-s-predsedatelem-pravitelstva-rf-mmishustinym-2103822
​​🔹Посольство Республики Казахстан в Российской Федерации поздравляет россиян с Днем народного единства!

Этот праздник – дань уважения славному прошлому России. В ключевые моменты истории именно единство народа становилось той силой, которая вела страну к успеху.

Развитие многогранных отношений с Российской Федерацией – приоритетное направление внешней политики Республики Казахстан. Для Казахстана Россия – Богом данный сосед, а добрый сосед, как известно, ближе любого родственника.

Желаем россиянам здоровья, счастья, мира, процветания и всего самого доброго!
​​🔹Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қызметкерлері атақты ресейлік дипломатты мерейтойымен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қызметкерлері көрнекті ресейлік дипломат, РФ СІМ Дипломатиялық академиясының бұрынғы ректоры Евгений Бажановты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жолдауын табыс етті.
"Бірнеше жылдар бойы сіз РФ СІМ Дипломатиялық академиясын табысты басқардыңыз, кәсіби мамандарды даярлау мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың жетекші халықаралық орталықтарының бірі ретінде оның беделін нығайтуға елеулі үлес қостыңыз", – делінген жолдауда.
Евгений Бажанов құттықтау үшін алғыс айтып, Дипломатиялық академияның Қазақстанмен ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

Оның айтуынша, посткеңестік кезеңде мұнда жүздеген қазақстандықтар білім алған, олардың ондағандары докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғаған.

Еске салайық, 2014 жылдың желтоқсанында Евгений Бажанов ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.


🔹Сотрудники Посольства РК в РФ поздравили с юбилеем известного российского дипломата.

Сотрудники Посольства РК в РФ поздравили с 75-летием видного российского дипломата, экс-ректора Дипломатической академии МИД РФ Евгения Бажанова.

Посол Казахстана в России Ермек Кошербаев вручил юбиляру поздравительное послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева.
"На протяжении ряда лет Вы успешно возглавляли Дипломатическую академию МИД РФ, внесли значительный вклад в укрепление ее авторитета как одного из ведущих международных центров подготовки профильных специалистов и осуществления научных исследований", – говорится в послании.

Евгений Бажанов поблагодарил за поздравление и отметил давнее и плодотворное сотрудничество Дипломатической академии с Казахстаном. По его словам, за постсоветский период здесь прошли обучение сотни казахстанцев, десятки из них защитили докторские и кандидатские диссертации.

Напомним, в декабре 2014 года Евгений Бажанов Указом Президента РК был удостоен Ордена "Достык" 2-й степени за заслуги в государственной и общественной деятельности, значительный вклад в социально-экономическое и культурное развитие страны, укрепление дружбы и сотрудничества между народами.
​​🔹 Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері жаңа стратегиялық әріптестік бағдарламасын бекітті

Қорғаныс министрі бастаған Қазақстан әскери делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді.

ТОЛЫҒЫРАҚ 🔗 : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/282210?lang=kk

🔹 Министры обороны Казахстана и России утвердили новую программу стратегического партнерства

Казахстанская военная делегация во главе с министром обороны прибыла в Москву для участия в заседании Совета министров обороны государств – участников СНГ.

ПОДРОБНЕЕ 🔗 : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/282210?lang=ru
​​🔹Қазақстан Елшілігіне Эквадор Елшісі сыпайылық сапармен келді.

Қазақстан Елшілігіне Эквадор Республикасының Ресей Федерациясындағы жақында тағайындалған Елшісі Хуан Фернандо Ольгин Флорес сыпайылықпен сапармен келді.

Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екі ел арасындағы негізгі бағыттар талқыланып, қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.


🔹Посол Эквадора посетил Посольство Казахстана с визитом вежливости.

Посольство Казахстана с визитом вежливости посетил Посол Республики Эквадор в Российской Федерации Хуан Фернандо Ольгин Флорес, недавно назначенный на эту должность.

В ходе встречи с Послом Казахстана Ермеком Кошербаевым были обсуждены основные направления взаимодействия, состоялся обмен мнениями по вопросам, представляющим взаимный интерес.
Беседа прошла в теплой и дружественной обстановке.
​​🔹Қазақстандық дипломаттар биыл дүниеден өткен әріптестерін еске алды.

Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында "Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" РҚБ жақында ғана өмірден озған әріптестері  Болат Нұржанов, Бақытжан Исенғалиев, Дархан Бердалиев, Сәбит Жаданов, Жақсыбек Надир, Әбсаттар Дербісәлі, Хаир Омаров және Вячеслав Гиззатовты еске алуға арналған жиын өткізді. Шара аясында олардың естелік кітаптары Кітапхана қорына сыйға тартылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ 🔗 : https://kazembassy.ru/kaz/press_centr/novosti/?cid=0&rid=3091


🔹Казахстанские дипломаты почтили память ушедших в этом году своих коллег.

Сегодня в Алматы в Национальной Библиотеке РК РОО "Объединение казахстанских дипломатов" провело заседание памяти своих ушедших в текущем году коллег – Болата Нуржанова, Бахытжана Исенгалиева, Дархана Бердалиева, Сабита Жаданова, Жаксыбека Надира, Абсаттара Дербисали, Хаира Омарова и Вячеслава Гиззатова. В рамках мероприятия в фонд Библиотеки были переданы их книги-мемуары.

ПОДРОБНЕЕ 🔗 : https://kazembassy.ru/rus/press_centr/novosti/?cid=0&rid=4838
​​🔹 Қазақстандық делегация панфиловшылар ерлігін еске алды

Қазақстан Республикасының делегациясы аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясы жауынгерлерінің өлмес ерлігінің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Батырларды еске алу үшін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі Ершат Оңғар, Алматы әкімдігінің өкілі Жәнібек Қаратаев, Астана және Қазақстан Александр Митрополитінің Мәскеудегі өкілі Сергей әке де келді.

ТОЛЫҒЫРАҚ: 🔗 https://www.kazembassy.ru/kaz/press_centr/novosti/?cid=0&rid=3095

🔸 Казахстанская делегация отдала дань памяти подвигу панфиловцев

Делегация Республики Казахстан приняла участие в торжественном мероприятии по случаю 80-летия бессмертного подвига бойцов легендарной Панфиловской дивизии. Почтить память героев в Волоколамск прибыли дипломаты Посольства Казахстана в России, представитель Духовного управления мусульман Казахстана Ершат Онгар, представитель Акимата г.Алматы Жанибек Каратаев, представитель Митрополита Астанайского и Казахстанского Александра в Москве отец Сергий.

ПОДРОБНЕЕ: 🔗 https://www.kazembassy.ru/rus/press_centr/novosti/?cid=0&rid=4843