MFA Qazaqstan 🇰🇿
6.03K subscribers
5.99K photos
994 videos
111 files
8.57K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!


Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.

Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.

Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Курбан айт

Дорогие соотечественники!


Поздравляю вас со священным праздником Курбан айт, олицетворяющим идеалы добра и гуманизма, милосердия и сострадания, справедливости и ответственности.

Это особо почитаемый и ожидаемый всеми мусульманами праздник, который содействует продвижению созидательных инициатив и благотворительных начинаний, способствует укоренению нравственных ценностей, укреплению духовной сплоченности общества.

Наша традиционная религия гармонично вплетена в общенациональный культурный код. В трудные времена наш народ всегда проявлял солидарность, оказывал помощь нуждающимся. Это бесценное качество нации ярко проявилось во время разрушительных весенних паводков. Уверен, благодаря единству и согласию мы сможем преодолеть любые испытания и вызовы.

Желаю всем гражданам здоровья, благополучия и успехов!
Пусть исполняются все ваши надежды и мечты!
С праздником Курбан айт!

t.me/aqorda_resmi
​​⚜️ Барша мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл жарқын мереке жаратылыс мейірімінің үлгісі және дінге сенушілердің бірлігіне қызмет ететін ислам дәстүрін бейнелейді.

Қазақстандағы конфессияаралық татулық пен азаматтық келісім халқымыздың рухани құндылықтары мен бай мәдени мұрасын сақтауға және арттыруға ықпал етеді.

Осы қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Құрбан айт шаңырақтарыңызға шаттық пен сүйіспеншілік әкелсін, әрқайсымыздың жүрегімізге қуаныш және тыныштық сыйласын!

Поздравляем всех мусульман с праздником Курбан-айт!

Этот светлый праздник знаменует собой исламскую традицию, которая является примером милосердия созидания и служит единению верующих.

Межконфессиональный мир и гражданское согласие в Казахстане способствуют сохранению и приумножению духовных ценностей и богатейшего культурного наследия нашего народа.

В этот священный праздник желаем всем крепкого здоровья, мира и благополучия. Пусть Курбан-айт наполнит ваши дома любовью и теплом, а сердца каждого из нас – радостью и умиротворением!

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2024 жылғы 17 маусым

📌 Жапония Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі бюросы бас директорының Астанаға сапары туралы;

📌 Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 56-шы сессиясының басталуы туралы;

📌 Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Алматыға сапары туралы;

📌 Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ғылым және техника жөніндегі министрліктер мен ведомстволар басшыларының кеңесі туралы;

📌 Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің кеңесі туралы;

📌 Қазақстан мен Литваның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар туралы;

📌 «БРИКС+» қалалар мен муниципалитеттер мэрлерінің форумына қатысу туралы;

📌 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің кездесуі туралы;

📌 Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кеңесі туралы;

📌 Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы туралы.

🔸 Брифинг официального представителя МИД Казахстана А.С. Смадиярова, Астана, 17 июня 2024 года

📌 О визите Генерального директора Бюро по делам Европы Министерства иностранных дел Японии в Астану;

📌 О начале 56-й сессии Совета по правам человека Организации Объединённых Наций;

📌 О визите Первого заместителя министра иностранных дел Казахстана в Алматы;

📌 О 8-м совещании руководителей министерств и ведомств по науке и технике государств-членов Шанхайской организации сотрудничества;

📌 О Совещании министров транспорта государств-членов Шанхайской организации сотрудничества;

📌 О политических консультациях между внешнеполитическими ведомствами Казахстана и Литвы;

📌 Об участии в Форуме мэров городов и муниципалитетов «БРИКС+»;

📌 О Молодежном совете Шанхайской организации сотрудничества;

📌 О Совещании министров энергетики государств-членов Шанхайской организации сотрудничества;

📌 О заседании Совета министров иностранных дел Организации Договора о коллективной безопасности.

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстанның төрағалығы аясында «ШЫҰ күні» аталып өтті

🔸 В рамках казахстанского председательства отметили «День ШОС»

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан өңірлері мен Шэньси өлкесі сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

🔸 Провинция Шэньси и регионы Казахстана укрепляют торгово-экономическое сотрудничество

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің күш-жігерін белсенді қолдауда

🔸 Казахстан активно поддерживает усилия Представителя ОБСЕ по вопросам свободы СМИ

🔹 Kazakhstan Actively Supports the Efforts of the OSCE Representative on Freedom of the Media

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан мен Корея орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

🔸 Казахстан и Корея укрепляют сотрудничество в области лесного хозяйства

🔹 Kazakhstan and Korea Strengthen Cooperation in Forestry

@PressMFAKZ
​​🔹 Грузиядағы қазақ жастары құрдастарын экологиялық акцияға шақырды

🔸 Казахская молодежь в Грузии пригласила сверстников на экологическую акцию

@PressMFAKZ
Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы туралы ақпарат

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды.

Информация о гражданке Казахстана, пропавшей в Германии

Согласно информации криминальной полиции Германии, предоставленной Генеральному консульству Республики Казахстан во Франкфурте, 16 июня недалеко от города Бенсхайм было обнаружено тело женщины. Криминалисты проводят судебно-медицинскую экспертизу. При этом, по устной предварительной информации полиции, по внешним признакам тело принадлежит гражданке РК Айгуль Сайлыбаевой.

В настоящее время родные погибшей находятся в Германии и им оказывается вся необходимая консульско-правовая помощь.

Правоохранительные органы ФРГ ведут соответствующие следственные мероприятия. Иная информация об этом деле не разглашается в интересах следствия.

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Республикасының Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

🔸 Посол Казахстана вручил верительные грамоты Президенту Республики Северная Македония

🔹 Ambassador of Kazakhstan Presented Credentials to the President of the Republic of North Macedonia

@PressMFAKZ
​​🔹 Норвегиялық Стортингте Қазақстанның саяси реформалары түсіндірілді

🔸 Политические реформы Казахстана разъяснены в норвежском Стортинге

🔹 Political Reforms in Kazakhstan Discussed in Storting

@PressMFAKZ
​​🔹 Будапешт қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге мүдделі

🔸 Будапешт заинтересован в дальнейшем углублении казахско-венгерского стратегического партнёрства

🔹 Budapest Expressed Interest in Further Deepening of the Kazakh-Hungarian Strategic Partnership

@PressMFAKZ
🔹 Қазақстан СІМ-де көліктік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар шетелдік компаниялардың өкілдерімен, оның ішінде «Nurminen Logistics Plc» фин компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Фин компаниясы – әр түрлі теміржол қызметтерін, жүктерді тасымалдауға және өңдеуге көмек көрсететін логистика саласындағы ірі операторлардың бірі. Компанияның негізгі нарықтар қатарына Финляндия, Балтық және ТМД елдері кіреді.

🔸 В МИД Казахстана обсудили вопросы транспортно-логистического сотрудничества

Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Республики Казахстан Мурат Нуртлеу провёл встречи с представителями ряда иностранных компаний, в том числе с руководством финской компании «Nurminen Logistics Plc».

В ходе переговоров стороны обсудили вопросы развития транспортной инфраструктуры Казахстана, а также перспективы и возможности реализации совместных инвестиционных проектов в целях повышения эффективности Транскаспийского международного транспортного маршрута.

Финская компания является одним из крупнейших операторов в сфере логистики, оказывая услуги различных железнодорожных перевозок, помощь по экспедированию и обработке грузов. Ключевыми рынками компании являются Финляндия, страны Прибалтики и СНГ.

@PressMFAKZ
​​🔹 Ыстанбұлда болашақ дәрігер-студенттердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды

🔸 В Стамбуле обсуждены вопросы повышения квалификации будущих врачей-студентов

@PressMFAKZ
​​🔹 СІМ-де миссиясы аяқталған Аустрия Елшісімен кездесу өтті

🔸 Посла Австрии приняли в МИД в связи с завершением миссии

🔹 Ambassador of Austria Received at the Foreign Ministry Upon Completion of His Mission

@PressMFAKZ
​​🔹 Астана мен Токио екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

🔸 Астана и Токио сверили часы по вопросам двустороннего сотрудничества

🔹 Astana and Tokyo Exchange Views on Bilateral Cooperation

@PressMFAKZ
​​🔹 Белградта әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

🔸 В Белграде обсудили перспективы взаимодействия в военно-технической сфере

🔹 Prospects for Cooperation in the Military-Technical Sphere Discussed in Belgrade

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан мен Испания қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

🔸 Казахстан и Испания намерены активизировать сотрудничество в области охраны окружающей среды и устойчивого развития

@PressMFAKZ