MFA Qazaqstan 🇰🇿
6.33K subscribers
6.2K photos
1.05K videos
111 files
9.06K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дипломатиялық диалог: Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары кезінде бірнеше келіссөз жүргізді
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының АҚШ-қа іссапары туралы сарапшылар пікір білдірді
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23-29 қыркүйек аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 23 по 29 сентября 2019 года
​​🖊 Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

🖊 Указами Главы государства:

Абдыкаримов Сержан Оралбаевич назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Азербайджанской Республике;

Батрашев Даулет Касекенович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Португальской Республике;

Рустемов Нурбах Турарович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Румынии;

Абдрашов Жанибек Жараскан-улы назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Венгрии;

Сыздыкбеков Габит Абдимажитович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Сербия;

Буршаков Сатыбалды Ересович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Государстве Израиль;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Королевстве Саудовская Аравия, Постоянный Представитель Республики Казахстан при Организации Исламского Сотрудничества Арын Берик Сакбайулы назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Королевстве Бахрейн по совместительству;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Королевстве Таиланд Есбулатова Раушан Какимсеитовна назначена Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Союз Мьянма по совместительству.

AkordaPress
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Watch the latest ATN broadcast, where we look at the fourth meeting of Eurasian parliamentarians in Nur-Sultan, Kazakhstan’s Energy Week and the senior World Wrestling Championship in the Kazakh capital, among other stories.

@theastanatimes
​​Сержан Оралбайұлы ӘБДІКӘРІМОВ – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі

1976 жылы 11 мамырда Қарағанды қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1998 ж.) халықаралық қатынастар жөніндегі маман және РФ СІМ Дипломатиялық академиясын (2002 ж.) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Үшінші департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті лауазымынан бастады. Одан кейін Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі қызметін атқарды.

1999 жылы Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігіне атташе ретінде жұмысқа жіберілді. 2002-2005 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының екінші хатшысы, Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің екінші хатшысы, Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарады.
2005 жылы ҚР СІМ Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамдық бағалау департаментінің директоры, кейіннен Еуропа және Америка департаментінің директоры болып тағайындалады.

2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстанның Болгариядағы Сенімді өкілі болған. 2009-2015 жылдары орталық аппаратта бірқатар басшылық қызметтерді атқарды - Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – ЕҚЫҰ департаментінің директоры, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші – Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы, Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2015 жылдан бастап Қазақстанның Чехиядағы Елшісі, сондай-ақ Словакиядағы Елші қызметін қоса атқарушы болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын, француз, корей және индонезиялық тілдерін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.

@PressMFAKZ
​​Сержан Оралбаевич АБДЫКАРИМОВ – Посол Казахстана в Азербайджане

Родился 11 мая 1976 года в г. Караганды. Окончил Алматинский государственный университет имени Абая (1998 г.) по специальности специалист по международным отношениям и Дипломатическую Академию МИД РФ (2002 г.) по специальности экономист.

Дипломатическую карьеру начал в 1998 году с должности референта Управления Европы и Америки Третьего Департамента МИД РК. Затем занимал должности атташе Департамента международного экономического сотрудничества.

В 1999 году был направлен на работу в Посольство Казахстана в Республике Корея в качестве атташе. В период с 2002 по 2005 годы занимает должности второго секретаря Управления международных экономических организаций МИД РК, второго секретаря Посольства Казахстана в Австрии, первого секретаря Посольства Казахстана в Великобритании.
В 2005 году назначается Директором Департамента информационно-аналитической работы и прогнозных оценок, затем Директором Департамента Европы и Америки МИД РК.

С 2008 по 2009 годы был Поверенным в делах РК в Болгарии. В 2009-2015 годы занимал в Центральном аппарате ряд руководящих должностей - Посол по особым поручениям – Директор Департамента ОБСЕ, Посол по особым поручениям – Директор Департамента общеевропейского сотрудничества, Председатель Комитета внешнеполитического анализа и прогнозирования, Директор департамента внешнеполитического анализа и прогнозирования.

До назначения Послом Казахстана в Азербайджане с 2015 годы был Послом Казахстана в Чехии, а также в Словакии по совместительству.

Имеет дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника II класса. Владеет английским, французским, корейским и индонезийским языками.

Женат, имеет 4 детей.

@PressMFAKZ
​​Дәулет Қасекенұлы БАТЫРАШЕВ – Қазақстанның Португалиядағы Елшісі

1971 жылы 1 тамызда Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1993 жылы «КРАМДС» ҰАК аумақтық компаниясын дамыту бөлімінің маманы ретінде бастаған. Содан кейін 1993 жылдан 1994 жылға дейін «Невада-Семей» ХАҚ үйлестіру кеңесі хатшылығының және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының референт-аудармашысы болып жұмыс істейді. 1994 жылы «Поршень-комплект» ӨКО директорының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. 1995 жылы ҚР Президент Аппаратының Халықаралық бөліміне маман ретінде жұмысқа ауысады.

1996 жылы сыртқы саяси ведомстводағы өз жұмысын бастап, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің атташесі болып тағайындалды. 1997 жылы орталық аппаратқа оралады, онда екінші хатшыдан ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі деңгейіне дейін көтеріледі.
1999-2002 жылдары ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі ретінде жұмыс істейді. 2002 жылы СІМ Аппаратының басшысы болып тағайындалады.
2003 жылдан 2006 жылға дейін Амстердам қаласындағы (Нидерланды) ҚР Бас консулы, Нидерландтағы (Гаага қ.) ҚР Уақытша сенімді өкілі болды.
2006-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2014 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

Қазақстанның Португалиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2014 жылдан бастап Қазақстанның Румыниядағы Елшісі болды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Үйленген, 3 баласы бар.

@PressMFAKZ
​​Даулет Касекенович БАТРАШЕВ – Посол Казахстана в Португалии

Родился 1 августа 1971 года в г. Алматы. В 1993 году окончил Казахский политехнический институт имени К. Сатпаева по специальности инженер-менеджер.

Свою трудовую деятельность начал в 1993 году в качестве специалиста отдела развития территориальной компании НАК «КРАМДС». Затем в период с 1993 по 1994 годы работает референтом-переводчиком Секретариата координационного совета МАД «Невада-Семипалатинск» и Жетысуйской гидрогеолого-мелиоративной экспедиции Министерства сельского хозяйства РК. В 1994 году назначается заместителем Директора по внешнеэкономическим связям ПКЦ «Поршень-комплект». В 1995 году переходит на работу в Международный отдел Аппарата Президента РК в качестве специалиста
В 1996 году начал свою работу во внешнеполитическом ведомстве и был назначен атташе Посольства Казахстана в Великобритании. В 1997 году возвращается в Центральный аппарат, где дорос от второго секретаря до советника Министра иностранных дел РК.
В 1999-2002 годы работает в качестве помощника Премьер-Министра РК. В 2002 году назначается руководителем Аппарата МИД.
С 2003 по 2006 годы являлся Генеральным консулом РК в г.Амстердаме (Нидерланды), Временным поверенным в делах РК в Нидерландах (г. Гаага).
В период с 2006 по 2011 годы занимал должности Посла по особым поручениям МИД РК, Советника Председателя Сената Парламента РК, заместителя Руководителя Аппарата Сената Парламента РК. С 2011 по 2014 годы был советником-посланником Посольства Казахстана в Великобритании.

До назначения Послом Казахстана в Португалии с 2014 года был Послом РК в Румынии.

Имеет дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника I класса. Влдеет английским и турецким языком.

Женат, имеет 3 детей.

@PressMFAKZ
​​Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов - Қазақстанның Румыниядағы Елшісі

1965 жылы 31 қаңтарда Түркістан қаласында туған. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын (1998 ж.) ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша; БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін (Мәскеу қ., 1989 ж.) қоғамдық-саяси жұмысты ұйымдастырушы мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын (2003 ж.) халықаралық қатынастар мамандығы бойынша; Қазақстан-Ресей университеті (2004 ж.) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1986 жылы Түркістан қаласындағы № 1 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1987 жылы Қазақстан ЛКЖО-ға және Түркістан қалалық комитетінің хатшысынан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі қызметіне дейін өседі.

1992 жылы СІМ-ге Протоколдық-саяси бөлімнің үшінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметке ауысады. 1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің Парламентаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалады.
1994 жылы ҚР СІМ жүйесіне қайта оралып, ҚР СІМ Мемлекеттік Протокол басқармасының Мемлекеттік делегациялар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі қызметінен ҚР СІМ Мемлекеттік Протокол Бас басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет етті.
1996-1997 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Экономикалық кеңесінің аға инспекторы болып жұмыс істейді.
1997-1998 жылдары СІМ Мемлекеттік Протокол басқармасының бастығы және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің протоколдық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1998-1999 жылдар аралығында жеке секторға кетіп, «Шығыс сауда компаниясы» ЖАҚ-ның президенті болады.
1999 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің II шақырылым депутаты болып сайланады, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі болды.
2004-2009 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің III және IV шақырылым депутаты болып екі рет сайланды, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
2009 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшісі болып тағайындалады және 2010 жылы ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болады.

Қазақстанның Румыниядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2013 жылдан бастап Қазақстанның Венгриядағы Елшісі және ҚР Сербия мен Македониядағы Елші қызметін қоса атқарушы болды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілін меңгерген.

Үйленген, 2 баласы бар.

@PressMFAKZ
​​Нурбах Турарович РУСТЕМОВ – Посол Казахстана в Румынии

Родился 31 января 1965 года в г. Туркестан. Окончил Алма-Атинский педагогический институт иностранных языков (1998 г.) по специальности преподаватель английского языка; Высшую комсомольскую школу при ЦК ВЛКСМ (г. Москва, 1989 г.) по специальности организатор общественно-политической работы; Дипломатическую академию ЕНУ им. Л.Н. Гумилева (2003 г.) по специальности специалист в области международных отношений; Казахстанско-Российский университет (2004 г.) по специальности юрист. Имеет ученую степень кандидата экономических наук.

Свою трудовую деятельность начал в 1986 году учителем английского языка средней школы № 1 г. Туркестан. В 1987 году переходит на работу в ЛКСМ Казахстана и от секретаря Туркестанского горкома ЛКСМ дорос до заведующего отделом Чимкентского обкома ЛКСМ.
В 1992 году переходит на дипломатическую службу в МИД в качестве третьего секретаря Протокольно-политического отдела. В 1993 году назначается заместителем Заведующего отделом межпарламентских связей Верховного Совета РК.
В 1994 году снова возвращается в систему МИД РК и от должности заведующего Отделом по государственным делегациям Управления Госпротокола МИД РК дослужился до заместителя начальника Главного Управления Госпротокола МИД РК.
В 1996-1997 годы работает Старшим инспектором Экономического Совета Администрации Президента РК.
В 1997-1998 занимал должности начальника Управления Госпротокола МИД и заведующего Протокольно-организационным отделом Канцелярии Премьер-Министра РК.
В период с 1998 по 1999 годы уходит в частный сектор и становится Президентом ЗАО «Восточная торговая компания».
В 1999 году избирается депутатом Мажилиса Парламента РК II созыва, являлся секретарем Комитета по международным делам, обороне и безопасности, членом Комитета по аграрным вопросам.
В период с 2004 по 2009 годы дважды избирался депутатом Мажилиса Парламента РК III и IV созывов, являлся Председателем Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента РК.
В 2009 году назначается Послом Казахстана в Иране и в 2010 году становится Послом по особым поручениям МИД РК.

До назначения Послом Казахстана в Румынии с 2013 года был Послом Казахстана в Венгрии и Послом РК в Сербии и Македонии по совместительству.

Имеет дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника I класса. Владеет английским и турецким языком.

Женат, имеет 2 детей.

@PressMFAKZ
​​Жәнібек Жарасқанұлы АБДРАШОВ - Қазақстанның Венгриядағы Елшісі

1977 жылы 6 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.
Еңбек жолын ҚР СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің юрисконсульт және сектор меңгерушісі лауазымынан бастаған. 2004 жылы Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2006-2010 жылдар аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
2010 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің орынбасары, содан кейін 2014 жылы басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2017 жылғы қарашадан бастап Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулы болып жұмыс істеді.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.

@PressMFAKZ
​​Жанибек Жарасканулы АБДРАШОВ – Посол Казахстана в Венгрии

Родился 6 сентября 1977 года в г. Алматы. В 1998 году с отличием окончил Казахский государственный юридический университет по специальности юрист.

В системе Министерства иностранных дел Республики Казахстан работает с 1998 года.
Трудовую деятельность начал с должности юрисконсульта, заведующего сектором Департамента по обслуживанию дипломатического корпуса МИД РК. В 2004 году занимал должность начальника отдела Службы Государственного протокола Представительства МИД РК в г. Алматы.
В период с 2006 по 2010 годы работал вторым, первым секретарем Постоянного Представительства Республики Казахстан при ООН в г. Нью-Йорк.
В 2010 году назначен заместителем, а затем в 2014 году Шефом Службы Государственного протокола МИД РК.

До назначения Послом Республики Казахстан в Венгрии с ноября 2017 года работал Генеральным консулом Республики Казахстан в г. Нью-Йорк.

Имеет дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника II класса. Владеет английским языком.

Женат, имеет 4 детей.

@PressMFAKZ
​​Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков - Қазақстанның Сербиядағы Елшісі

1980 жылы 8 шілдеде Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша және РФ СІМ Дипломатиялық Академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Сыртқы саяси ведомствосындағы мансабын 2004 жылы Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастады. Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер Министрі Кеңсесінің екінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2007 жылы ҚР Парламенті Сенатына Төраға Хатшылығының бас сарапшысы ретінде жұмысқа ауысады. Сенатта ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін өседі.
2011 жылы Азия және Африка департаментінің басқарма бастығы ретінде СІМ-ге жұмысқа ауысады. 2012 жылы Франциядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі болып тағайындалады.

2017 жылы СІМ Орталық аппаратына Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі болып тағайындалды. Сол жылы Сенат Төрағасының кеңесшісі ретінде ҚР Парламентіне жұмысқа ауысады. 2018 жылы ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімін басқарды.

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі ретінде тағайындалғанға дейін 2019 жылғы мамырдан бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып жұмыс істеді.

II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

Үйленген, 5 баласы бар.

@PressMFAKZ
​​Габит Абдимажитович СЫЗДЫКБЕКОВ – Посол Казахстана в Сербии

Родился 8 июля 1980 года в г.Шымкент. Окончил Казахский государственный юридический университет по специальности юрист и Дипломатическую Академию МИД РФ по специальности «Международные отношения».

Карьеру во внешнеполитическом ведомстве начал в 2004 году с должности атташе Службы государственного протокола. Работал третьим секретарем Департамента Европы и Америки, вторым секретарем Канцелярии Министра иностранных дел РК.

В 2007 году переходит на работу в Сенат Парламента РК в качестве главного эксперта Секретариата Председателя. В Сенате дослужился до должности Заведующего отделом по взаимодействию с Комитетом по международным отношениям, обороне и безопасности Аппарата Сената Парламента РК.
В 2011 году снова переходит на работу в МИД в качестве Начальника управления Департамента Азии и Африки. В 2012 году назначается советником Посольства РК во Франции.

В 2017 году вернулся на работу в Центральный аппарат МИД советником Департамента администрации и контроля. В том же году переходит на работу в Парламент РК в качестве советника Председателя Сената. В 2018 году возглавил Отдел по взаимодействию с Комитетом по международным отношениям, обороне и безопасности Аппарата Сената Парламента РК.

До назначения Послом Казахстана в Сербии с мая 2019 года работал Послом по особым поручениям МИД РК.

Имеет дипломатический ранг Советник II класса. Владеет английским, турецким и французскими языками.

Женат, имеет 5 детей.

@PressMFAKZ
​​Сатыбалды Ересұлы БҰРШАҚОВ – Қазақстанның Израильдегі Елшісі

1968 жылы 24 тамызда Орал облысы, Чапаев ауданы Первомайск ауылында туған. Ағылшын және орыс тілдерінің оқытушысы мамандығы бойынша Алматы педагогикалық шет тілдері институтын тәмамдаған.

Өз еңбек жолын 1993 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетінде мұғалім ретінде бастаған.
1993 жылы ҚР СІМ-ге Еуропа елдері Басқармасының референті лауазымына ауысып, дипломатиялық қызметке ауысады. 1995-2000 жылдары Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінің атташе, үшінші және екінші хатшысы лауазымдарында қызмет атқарады.

2000 жылы Орталық аппаратқа оралып, СІМ Еуропа және Америка департаментінің бөлім басшысы деңгейіне дейін көтерілді. 2002 жылы бірінші хатшы деңгейінде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігіне жұмысқа жіберіліп, кейіннен кеңесші лауазымына ауыстырылады.
2007 жылы ҚР Парламентіне жұмысқа ауысып, онда Сенат Аппаратының Парламентаралық байланыстар мен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі және Мәжіліс Аппаратының Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.

2012 жылы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО (Франция) жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары болып тағайындалады. 2018-2019 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті Төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Қазақстанның Израильдегі Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылдың наурызынан бастап ҚР Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген.

Үйленген, 2 баласы бар.

@PressMFAKZ
​​Сатыбалды Ересович БУРШАКОВ – Посол Казахстана в Израиле

Родился 24 августа 1968 года в селе Первомайск, Чапаевского района, Уральской области. Окончил Алматинский педагогический институт иностранных языков по специальности учитель английского и русского языков.

Свою трудовую деятельность начал в 1993 году в качестве преподавателя Казахского государственного университета международных отношений и мировых языков.
В 1993 году переходит на дипломатическую работу в МИД на должность референта Управления стран Европы. В 1995-2000 годы был атташе, третьим и вторым секретарем Посольства Казахстан в Венгрии.

В 2000 году возвращается в Центральный аппарат и дослужился до начальника отдела Департамента Европы и Америки МИД. В 2002 году направлен на работу в Посольство Казахстана в Бельгии в качестве первого секретаря, где позднее становится советником.
В 2007 переходит на работу в Парламент РК, где занимает должности заведующего Отделом межпарламентских связей и международного сотрудничества Аппарата Сената и заведующего Отделом международных связей и протокола Аппарата Мажилиса.

В 2012 году назначается заместителем Постоянного представителя Республики Казахстан при ЮНЕСКО (Франция). В период 2018-2019 годы занимает должность заместителя Председателя Комитета международной информации МИД РК.

До назначения Послом Казахстана в Израиле с марта 2019 года был заведующим Отделом внешней политики и международных связей Администрации Президента РК.

Имеет дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника II класса. Владеет английским языком.

Женат, имеет 2 детей.

@PressMFAKZ
​​Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, 2019 жылғы 30 қыркүйек

📌
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарының қорытындылары туралы;
📌 ҚР визасыз кіруге құқығы бар елдердің тізімін кеңейту туралы;
📌 Норвегиядағы біздің азаматтарымызға қатысты.

Брифинг официального представителя МИД Казахстана А.С. Смадиярова, 30 сентября 2019 года

📌 Об итогах визита Главы государства в США;
📌 О расширении списка стран, имеющих право на безвизовый въезд в РК;
📌 Касательно наших граждан в Норвегии.

@PressMFAKZ
Forwarded from Казинформ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді.
Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

--------------------

Касым-Жомарт Токаев прибыл в г. Ереван (Республика Армения) для участия в заседании Высшего Евразийского экономического совета (ВЕЭС).
В ходе заседания главы государств обсудят приоритетные вопросы межгосударственного сотрудничества в рамках Евразийского экономического союза. Кроме того, у Президента Казахстана запланирован ряд двусторонних встреч.