Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Коперниктің дүниенің орталығына Жерді емес, Күнді қойып, гелиоцентрлік жүйені енгізуі заманында төңкеріс деп бағаланды. Дегенмен бұл бірінші ғылыми революцияның бастамасы ғана болды, өйткені Коперник планеталар бекітіліп тұрған аспан сфераларын қалдырды. Бұл революцияны Бруно, Галилей, Кеплер жалғастырып, Ньютон аяқтағанын білеміз.

Коперник жүйесі бойынша (4-кескін), Әлемнің ортасында Күн тұр, оның айналасында сегіз сфера орналасқан. Ең сыртқы сфераға қозғалмайтын жұлдыздар бекітілген. Келесі сфералар Сатурн, Юпитер, Марс, Жер мен Ай, Шолпан, Меркурийді ұстап тұр. Сфералар күрделі бірқалыпты айналым жасап, өздерімен байланысты планеталарды еліктіреді. Планета орбиталарының центрі дәл Күнге емес, Жер орбитасының центріне сәйкес. Күннің аспандағы тәуліктік қозғалысы — Жердің өз білігінен үйірілуінен туған иллюзия. Сол сияқты, Күннің зодиак шоқжұлдыздары арқылы жүретін жылдық қозғалысы да — Жердің Күнді айналуының салдары ғана.

Коперник моделі планеталардың бұрын жұмбақ болып келген кері шегіне қозғалысын оңай түсіндірді. Жер білігі әрқашан өз-өзіне параллель болатындықтан, жыл мезгілдерінің ауысуын да қазіргідей түсіндіруге мүмкіндік туды. Коперник өз моделінің арқасында, планеталардың Күннен салыстырмалы (астрономиялық бірлікпен берілген) ара қашықтығын біршама дәл есептей алды. Ол сондай-ақ Меркурийдің Күнді айналу периоды 88 тәулік екенін дұрыс анықтады.

Әрине, Коперник жүйесі, қазіргі заман тұрғысынан, барынша батыл өзгеріс жасай алмады. Орбиталардың бәрі шеңбер, планеталар олармен бірқалыпты жылдамдықпен қозғалады. Сондықтан планеталардың орнын нақты бақылаумен сәйкестендіру үшін, Птолемей эпициклдерін сақтап қалуға тура келді. Планеталар Күнді өз бетімен емес, өздері бекітіліп тұрған сфераның қозғалысы арқасында ғана айналады. Жер көп планетаның бірі болса да, жоғарыда айтылған ерекше статусқа ие.

Дегенмен Коперниктің Жерді Әлемнің орталығынан қатардағы планетаға дейін төмендетуі ғылым тарихындағы маңызды белес болды. Бұл Исаак Ньютонның "киелі Аспан әлемі де, күнәһар Жер беті де бірдей физика заңдарына бағынады" деген ұлы идеясының ізашары еді. Ал Джордано Бруноша, "Күн де Әлемнің орталығы емес, көп жұлдыздың бірі ғана" деп пайымдау ол заман үшін тым батыл көзқарас болатын. Бұл үрдісті XX ғасырда Құс Жолын аспандағы барлық жұлдыздар жиынтығынан сансыз галактиканың бірі деңгейіне түсірген Эдвин Хаббл жалғастырды. Ал қазіргі кейбір космологтар біздің Әлемнің өзі Мультиәлемдегі санжетпес әлем типтерінің бір нұсқасы ғана деп болжайды, алайда бұл гипотеза ешқашан дәлелдене қоймас.

#тұлға #ғылымтарихы
👏1
Ян Стифидің гравюрасында: Коперник арғы-бергі заман астрономдары алдында өз жүйесін түсіндіріп тұр. Гравюрада көне мысыр және үнді астрономдары, Гиппарх, Птолемей, Галилей, Браге, Кеплер, Ньютон, Лаплас, тағы басқалары бейнеленген.
🔥1
PERSEVERANCE — МАРС БЕТІНДЕГІ ЕКІ ЖЫЛ

2021 жылы 19 ақпанға қараған түні, Алматы уақыты бойынша 02:55-те НАСА-ның Perseverance ровері Марстағы Езеро кратеріне қонды. Қону жоспарының анимациясы мен мына кескіндегі камералармен қону барысында түсірілген шынайы видеоны көріңіздер.
👏1
M41 ЖӘНЕ M47 ШАШЫРАҢҚЫ ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЛАРЫ

Ақпан айында жақсы дүрбі не шағын телескобы бар бақылаушылар аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің көмегімен екі жұлдыз шоғырын іздей алады. Олар — M41 және M47 шашыраңқы жұлдыз шоғырлары. Жай-жапсары — роликте.
#бейнеролик
👍1
C/2022 E3 (ZTF) кометасы Торпақтағы NGC 1647 (Қарақшылар Айы) шашыраңқы жұлдыз шоғыры фонында
Фото: Sebastian Voltmer Photography
🔥1
ПАСТУХОВ ТАУЫ ҮСТІНДЕГІ ҮЛКЕН АРЛАН

Фото Солтүстік Кавказдағы «Астроверты» астрофермасында, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте түсірілген. Тамаша кескіннің төменгі жағында 2733 метрлік Пастухов тауы зіңкиіп тұр. Таудың мөлдір ауасы мен қуатты фототехниканың арқасында айлы түні де жыпырлаған жұлдыздар байқалады. Олардың арасында көкке шапшыған Үлкен Арлан толық көрінеді. Дәл ортада түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіле жарқыраса, Жұлдыздар патшасының жаршысы Мирзам — әміршісінің оң жағында.

Қыстың соңында оңтүстік шоқжұлдызы Үлкен Арланды біздің орта ендіктен-ақ көрудің сирек мүмкіндігі туып тұр. Түн ауғанын күтпестен, кешке далаға шықсаңыз болғаны. Сүмбіленің астынан M41 жұлдыз шоғырын, ал кадрдың сол жақ шетінен Корма шоқжұлдызындағы M47 жұлдыз шоғырын табу оңай. Фотодан шашыраңқы шоғырларды бірден байқай алмасаңыз, арнамыздағы бейнероликті тағы бір шолып шығыңыз.

Автор: Юрий Звёздный, Canon 6D + Tamron 45mm, f/2.0, pano x 8 sec, ISO=3200
#фотокөрме
😱1🤩1
22 АҚПАН 2023 — АЙ МЕН ЮПИТЕРДІҢ ТОҒЫСЫ

22 ақпанда жарты Ай Юпитерден бір градуста орналасады, төменде Шолпан жарқырайды. Оларды күн батқаннан бір сағат өте батыстан іздеңіз. Қосымша ақпарат бейнероликте.
Credit: Sky & Telescope
#күнтізбе
👍1🤯1
ЖАҢА АЙ, ЖАРЫЛҚА!
21 ақпан 2023 жыл
Credit: John Kraus Photos
#фотокөрме
🔥2🤩1
МАРСТАҒЫ ҚЫТАЙ РОВЕРІ ҚИМЫЛСЫЗ ТҰР

Қытайдың Zhurong ровері Марстағы Утопия Жазығына 2021 жылы мамырда қонды. Келесі жылдың мамырында, қыс түсуіне байланысты, ол ұйқы режиміне өткізілді. Ровер желтоқсанда, көктем туа қоршаған орта –15 градусқа дейін жылып, күн элементтері 140 Ваттан астам энергия өндіре бастағанда оянуы тиіс еді. Алайда оның ғылыми жұмысқа қайта кіріскені жайлы әлі хабарланған жоқ.

НАСА-ның MRO орбиталық зонды Zhurong'ты 2023 жылы 7 ақпанда суретке (оң жақта) түсірді. HiRISE камерасы алған фотоны 2022 ж. 8 қыркүйектегі көрініспен (ортада) салыстыру ровердің осы аралықта орнынан қозғалмағанын, тек оны басқан шаң қалыңдай түскенін көрсетті. Zhurong фотоларда көкшілдеу болып көрініп тұр. Ровер миссиясы аяқталғаны туралы ресми ақпарат жоқ, ол күн жылыныңқырағасын қайта қимылдай бастауы мүмкін.

Credit: NASA/JPL-Caltech/UArizona
👍1😢1🕊1
90. ПАНДОРА МЕГАШОҒЫРЫНА САЯХАТ

Уэбб телескопы Пандора Кластері атты галактикалар мегашоғырын суретке түсірді. Астрономдардың бағалауынша, кескінде таяу инфрақызыл жарықтың 50 000 көзі бар. Пандора Кластерінде шоғырланған массаның көптігі сонша, гравитация кеңістік-уақыт тінін қисайтып, «гравитациялық линза», яғни табиғи ұлғайтқыш шыны эффектін туғызады. Ғалымдар оның арқасында шоғырдан әрідегі өте алыс жарық көздерін де көре алады.

Толығырақ — арнадағы жаңа бейнероликте. Уэбб телескопы алған ғажайып көріністер жайлы бейнелер біздің арнада әр сәрсенбіде жарияланып тұрады. Бұл осы сериядағы екінші ролик.

Credits: NASA, ESA, CSA, I. Labbe (Swinburne University of Technology) and R. Bezanson (University of Pittsburgh). Image processing: Alyssa Pagan (STScI)
1🤩1
КИЕВТЕГІ «ҚАНДЫ АСПАН»

2021 жылғы 10 қарашаның кешінде, күн батарда Украина астанасы тұрғындары ерекше құбылысқа назар аударды. Батыс көкжиек үстінде ұзақ уақыт жарық қызыл-сары жолақ көрініп тұрды. Кейін ол қаһарлы қанды реңкке боялды да, біртіндеп жоғалып кетті. Көз тартар, бірақ қорқынышты көріністі жамандыққа жорығандар да болды. Келесі жылдың 24 ақпанында олардың сәуегейлігі расқа шықты, бірақ астрономиялық құбылыстың бұған, әрине, еш қатысы жоқ. Оның түсіндірмесі келесі постардың бірінде беріледі.

P.S. Киевте 1981 жылы ашылған 102 метрлік "Отан-ана" мүсіні шығысқа қарап тұр.
АЙДЫҢ ЮПИТЕРМЕН ТОҒЫСЫ
22 ақпан 2023 жыл
Credit: Yuri Beletsky
#фотокөрме #күнтізбе
🤩1
«ҚАНДЫ АСПАННЫҢ» ҚҰПИЯСЫ

2021 жылғы 10 қараша күні іңірде Украина астанасында бақыланған қызыл аспанның сыры неде? Киевтің өзінде аспан ашық болғанымен, қаладан батысқа қарай әуені тығыз бұлт жамылғысы қаптаған, ал одан алысырақ қайтадан бұлтсыз болған екен. Осы ашық аймақтан түскен батар күннің сәулесі, қысқа толқынды жасыл, көк, күлгін жарықты ауа молекулалары күштірек шашырататындықтан, тоқсары-қызыл түске ие болады. Бұл сәуле бұлт жамылғысының астыңғы жағын жарықтандырып, оны қанды түске бояйды. Яғни шығысырақ, Жер бетінде тұрған бақылаушылар батып кеткен Күн көкжиек астынан жарықтандырған осы бұлттарды көрген.
Неліктен Күн сары, ал аспан көк түсті?

Дереккөз: The Universe Space Tech
🔥1
Гиза пирамидалары үстіндегі Юпитер, Ай және Шолпан.
Мысыр, 22 ақпан 2023 жыл
Credit: Osama Fathi
#күнтізбе #фотокөрме
🤩21
ХҒС-68 ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Сергей Прокопьев 🇷🇺
Фрэнк Рубио 🇺🇸
Николь Манн 🇺🇸
Анна Кикина 🇷🇺
Коичи Ваката 🇯🇵
Джош Кассада 🇺🇸
Дмитрий Петелин 🇷🇺

Халықаралық ғарыш стансасы, 24 ақпан 2023 жыл
Credit: NASA
💯21
ЮЛИЙ ДАТАСЫМЕН 2460000-ШЫ КҮН ӨТТІ

Астрономдар Юлий датасы (JD) деп аталатын уақыт өлшеу әдісін қолданады. Онда Юлий күнтізбесі бойынша біздің заманымызға дейінгі 4713 жылдың 1 қаңтары (Григорий күнтізбесі бойынша б.з.д. 4714 ж. 24 қараша), дүйсенбі күнгі талтүстен бері өткен тәулік саны есептеледі. Алғашқы күннің нөмірі 0 болған.

Юлий периоды атты хронологиялық шәкілді атақты тарихшы, ғылыми хронологияның негізін қалаушы Жозеф Скалигер (1540 — 1609) ұсынды. Әр жыл үш санмен — 15 жылдық индикт, 19 жылдық ай циклы және 28 жылдық күн циклымен — нөмірленеді. Бұл үшеуін көбейткенде: 15*19*28 = 7980 жылдық Скалигер циклы шығады. Оның тарихшыларға пайдасы, тарихтағы белгілі барлық оқиғалар бір Скалигер циклы ішінде өтеді, теріс таңбалы жылдар қажет емес. Скалигер циклының басынан бастап саналатын Юлий күнін астрономияға Джон Гершель енгізді. Тәуліктің талтүсте басталуы астрономдарға қолайлы, өйткені бүкіл түн бір Юлий датасына жатады.

2023 жылы 24 ақпанда Дүниежүзілік уақыт бойынша 12:00-де (Алматы уақытымен 18:00) 2460000-шы Юлий күні басталды. Уақытты дәл көрсету үшін санның бөлшек бөлігі қолданылады. Дәл қазір, яғни 2023 ж. 26 ақпан, Алматы уақытымен 01:00-дегі уақыт — JD 2460001,291968. Таңғы 6:00-да уақыт JD 2460001,5 болар еді. 2470000-шы күн 2050 жылы келуі тиіс.

Григорий күнтізбесі күні мен уақытын Юлий датасына айналдыру: https://be-os.ru/julian_date_online/
#көбәріп #күнтізбе
😱1
ЖАРТЫ АЙ ТОРПАҚТА

Бірінші ширектегі Ай 26 ақпанда Үркерге ауыл-үй қонса, 27-не Марспен тоғысады. Ертең кешке оны Торпақ шоқжұлдызында, Қызыл планетаың қасынан көре аламыз.

Credit: Sky & Telescope
#астрономия #күнтізбе
🥰1👏1