87. КІП-КІШКЕНЕ ФОТОБОМБА
Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек.
Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн жүйесі неге жазық?) MIRI аспабымен бақылау барысында тағы бірнеше фотобомба табылар деп сенеді.

👍1
БАЙҚОҢЫРҒА БАРЫП... РЕСЕЙДІ АШ
Роскосмос "Я сказал «Поехали»!" деген телеграм-канал ашыпты. Ұраны: Ресей космодромдарына бізбен бірге саяхатта. 6 ақпандағы алғашқы жазбасында: «Ғарыштық туризм: Ресейді ашайық. Соңғы екі жылда Ресейдегі ішкі туризм рекордтар жасауда... Өз еліңді түрлі «кілтпен» ашуға болады... Роскосмос Байқоңыр және Восточный космодромдары арқылы ашуды ұсынады... Ұлы тарих, бүгініміз бен болашаққа жанас... Ресейдің біртұтас ғарыштық картасы...» дей келе, Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының мына туристік картасын қойыпты.
Роскосмостың айтуынша, 2022 жылы Байқоңыр мен Восточныйда 4300 турист болған екен (2019 жылмен салыстырғанда 25%-ке артық). habr сайтындағы konst90 атты қолданушы мынадай пікір қалдырыпты: «Таң қалмаймын. Ұшырылымды көру үшін 30 000 рубль, қонақүй, таңғы асымен үш күндік турға — 90 000 рубль. Ұшақ билетін санамағанда. Салыстыру үшін — Кеннеди Ғарыш орталығында 2016 жылы (жаңарақ дерек таппадым) 1,7 миллион адам болған. Сапар құны 60 доллар шамасында».
5 ақпанда Байқоңырдан биылғы алғашқы зымыран ұшырылды. №81/24 ұшыру алаңынан көтерілген Протон-М кезекті, төртінші Электро-Л метеожерсерігін геостационар орбитаға шығарды. Ақпанда №31/6 алаңнан екі Союз-2.1а ұшырылады: 9-на Прогресс МС-22 жүк кемесімен, 20-на бос Союз МС-23 ғарыш кемесімен. Наурызда тағы бір Протон-М №200/39 алаңнан Луч-5 байланыс жерсерігін көтереді. Роскосмос 2023 жылы Байқоңырдан 9 зымыран ұшыруы мүмкін (2020 — 7, 2021 — 14, 2022 — 7).

🥱1
Ақпан кешіне үш бірдей жарық планета әлі де әр беріп тұр. Юпитер, Шолпан мен Марс ақпанда Аймен бірлесіп екілік, үштік өрнектер құрайды. Жай-жапсарын арнадағы жаңа қысқа роликте: https://youtu.be/srU9WQQ7GiI
#бейнеролик #күнтізбе
#бейнеролик #күнтізбе
YouTube
2023 жылғы ақпандағы планеталар
Ай бойы аспандағы ең жарық екі планета — Юпитер мен Шолпанның кеш сайын бір-біріне жақынырақ көрінетінін байқаймыз. Оларды күн батқаннан бір сағат өте батыстан іздеңіз. 22 ақпанда жарты Ай Юпитерден бір градуста орналасады, төменде Шолпан жарқырайды. Келесі…
👍1
УРАН, САҚИНАЛАРЫ МЕН СЕРІКТЕРІ (2004)
Хаббл ғарыштық телескопы түсірген классикалық фотода Уранның 13 бұлыңғыр сақинасының бірнешеуі мен алты серігі бейнеленген. Фотоның төменгі жағындағы ең жарық сыртқы сақина тозаң мен ұсақ тастардан құралған.
Суреттегі айлардың ең жарығы — Ариэль (оң жақ төменде). Қалған бес серік сақиналар маңында: Дездемона, Порция, Пак пен Крессида Уильям Шекспир кейіпкерлерінің, Белинда Александер Поуп жазған поэманың басты кейіпкері құрметіне аталған. Ал Ариэль аты екеуінің де шығармасында кездеседі. Уранның барлық 27 серігіне Шекспир мен Поуп кейіпкерлері есімі берілген.
Credit: NASA and Erich Karkoschka, University of Arizona

🔥1
ЕКІ КОМЕТАНЫҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСЫ
2023 жылы 7 ақпанға қараған түні C/2022 E3 (ZTF) кометасы (жарығырағы, +6 жұлдыздық шама) C/2022 U2 (ATLAS) кометасынан (+10 ж.ш.) 20' шығыста өтті. Жерден қарағанда екі жасыл қар кесегі Жетекші шоқжұлдызында жақын орналасқанымен, іс жүзінде ATLAS кометасы ZTF-тан 38 миллион километр әрірек еді.
Фото авторы: Michael Jaeger
#фотокөрме

ОТШАШЫН! SUPERHEAVY ТҰТАНДЫРЫЛДЫ
2023 жылы 10 ақпанға қараған түні SpaceX компаниясы SH B7 үдеткішінің ақырғы тұтандыру сынағын өткізді. Сынақ барысында бір мезгілде барлық отыз үш Raptor 2 қозғағышы қосылуы тиіс еді. Бір қозғағыш сынақ басталмай сөндірілді, тағы бірі өзі өшіп қалды, сонымен 31 Raptor сыналды. Starship ғарыш кемесін орбитаға көтеруге осынша қозғағыш жеткілікті.
Агрегаттар толық жоспарланған уақыт жұмыс істеді. Прототип те, старт тағаны да аман-сау. Сынақ енді қайталанбайды, келесі атқарылатын іс — Старшиптің орбиталық сынағы! Ол наурыз айына межеленіп отыр.

Super Heavy B7 — 31 қозғағыш
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дроннан көрініс
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құс үркіткен сынақ
11 АҚПАН — ZTF КОМЕТАСЫНЫҢ МАРСПЕН ҚОСЫЛЫСЫ
2023 жылы 11 ақпанда Алматы уақытымен 22:00-де C/2022 E3 (ZTF) кометасы Марстан 1° шығыста өтеді. Жарқырауы +6 жұлдыздық шамадағы құйрықты жұлдыз телескоппен бақыланады. Қазір комета Жерден 62 млн километрден астам ұзаса, Қызыл планетадан 82 млн км қашықтықта. Жер мен Марстың ара қашықтығы қазір 145 млн км.
#күнтізбе

Капелла — түнгі аспандағы 6-шы жарық жұлдыз, ал солтүстік аспандағы ең жарығы. Бұл жұлдызды халқымыз Айдасон деп атаған екен. Капелла ақпанда жақсы көрінетін Жетекші (Делбеші, Лаушы деп те аталады) шоқжұлдызына кіреді,
Аспанның осы облысындағы екі астеризм мен екі жарық жұлдыз жайлы — арнадағы жаңа қысқа роликте: https://youtu.be/Xi2jPPjE0N8
#бейнеролик

Жетекші шоқжұлдызы. Доңғалақ пен Лақтар астеризмдері. Капелла мен Елнат
Жетекші яки Лаушы шоқжұлдызы кейде Делбеші деп те аталады. Латынша атауы — Auriga. Ол көне грек мифіндегі қос доңғалақты күймені жүргізетін делбешіні бейнелейді.
Жетекшідегі ең жарық жұлдыз — ☆ Капелла, Бұл түнгі аспандағы 6-шы жарық жұлдызды қазақ Айдасон…

ҚЫЗЫЛ ПЛАНЕТА МЕН ЖАСЫЛ КОМЕТА
2023 жылы 12 ақпанға қараған түні C/2022 E3 (ZTF) кометасы Торпақ шоқжұлдызындағы Марстан 1 градуста өтті.
Фото авторы: Bray Falls

МАТТЕРХОРН ТАУЫ ҮСТІНДЕГІ КОМЕТА МЕН МАРС
Ашық жасыл комасына бола Жасыл комета атанған C/2022 E3 (ZTF) алдыңғы түні екі есе алыстағы Марстың алдынан дерлік өтті. Жасыл команың оң жағынан ақ шаңды құйрық байқалса, ақшыл-көк ионды құйрық жоғары қарай созылып жатыр. Тоқсары Марстан төменірек Барнард 22 күңгірт тұмандығы көрінеді.
Бергі план мен фонның фотолары Италия Альпісінде, бір кеште бір камерамен түсірілген. Марс кешкі аспанымызда әлі бірнеше ай жарқырайды. Ал Күн жүйесінің сыртқы облысына қайтып бара жатқан ZTF кометасы көп ұзамай жоғалып кетпек.
Image Credit & Copyright: Donato Lioce

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР ЖАРЫЛУЫНЫҢ АНИМАЦИЯСЫ
Анимация Maxar компаниясының жерсерігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін түсірген дара фотоға негізделген. Сілкініске дейінгі көрініс Фотошоппен қалпына келтірілген.
Автор: Nahel Belgherze
#геодерек

СОЮЗ МС-23 КЕМЕСІ 20 АҚПАНДА ЕМЕС, НАУРЫЗДА ҰШАТЫН БОЛДЫ
2022 жылы 15 желтоқсанда Союз МС-22 ғарыш кемесінің салқындату жүйесі істен шыққанын жазғанбыз. Роскосмостың айтуынша, салқындатқыш сұйықтықтың түгел ағып кетуіне радиаторды тескен микрометеорит себепкер. Кейінірек бұған ғарыштық қоқыс кесегі кінәлі деп танылды. ХҒС-тағы үш ғарышкер Жерге қайтатын кемесіз қалғандықтан келесі Союз МС-23 бір ай ерте және экипажсыз бос ұшырылатын болған. Өйткені стансада төтенше жағдай қалыптасса, ғарышкерлер мініп ұшып кететін құтқару кемесі әрқашан дайын тұруы тиіс, қазір олай емес.
2023 жылы 9 ақпанда кезекті Прогресс МС-22 жүк кемесі ұшырылып, ол ХҒС-қа 11-не түйісті. Бірнеше сағаттан соң ескі Прогресс МС-21 жүк кемесінің де салқындатқыш сұйықтығы ағып кеткені мәлім болды. Бұл жолы да микрометеорит немесе қоқыс кесегі радиаторды тескен деп болжанып отыр. Прогресс МС-21 28 ақпанда мұхитқа құлауы тиіс еді. Оған қажетсіз нәрселер, қоқыс тиеліп, люктері жабық тұрған, кеменің қызуы стансаға зиян келтірмейді.
Бірақ ықтималдық деген ұғым бар. 23 жыл бойы станса құрамындағы бірде-бір кемені метеорит теспеген еді, енді екі айда екеуі тесіліп отыр. Мүмкін, мәселе кемелердің өзінде шығар. Союз бен Прогресс бір зауытта жасалады, олардың салқындату жүйелері бір типті. Сол себепті Роскосмос қазір Байқоңырда тұрған Союз МС-23 кемесі мен Самарадағы өндіріс процесін қосымша тексеретін болды. Ғарыш кемесінің старты наурыздың 1-ші онкүндігіне шегерілді. Роскосмос сонымен бірге Союз МС-22 кемесіндегі тесілген жердің суретін жариялады, оны америкалық сегменттің Canadarm2 робоқолындағы камера түсірген.
#хғс