ДАГ ПЕН БОБ ЕҢ ЖОҒАРЫ АЗАМАТТЫҚ НАГРАДАНЫ ИЕЛЕНДІ
2023 жылы 31 қаңтарда АҚШ Вице-президенті Камала Харрис бұрынғы НАСА астронавтары Даглас Хёрли мен Роберт Бенкенге Конгресстің Ғарыштық Құрмет медалін тапсырды. Олар SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесінің 2020 жылы 30 мамырдағы Demo-2 сынақ миссиясы үшін марапатталып отыр. Бұл тоғыз жыл үзілістен кейін АҚШ аумағынан көтерілген алғашқы ұшқышты кеме еді.
Теңіз ұшқышы, Теңіз жаяу әскері корпусының полковнигі Даглас Хёрли бұл сапарға дейін де Индевор, Атлантис шаттлдарымен екі рет ұшып қайтқан. Сынаушы-ұшқыш, ӘӘК подполковнигі Роберт Бенкен де Индевор шаттлымен екі рет ғарышта болған. Осы шаттлдың құрметіне Demo-2 миссиясының Crew Dragon С206 ғарыш кемесіне Endeavour деген ат берілді.
1969 жылы тағайындалған Конгресстің Ғарыштық Құрмет медалімен ғарышты игеруге ерекше үлес қосқан астронавтар марапатталады. Ол кешеге дейін Алан Шепард, Джон Гленн, Нил Армстронг бастатқан небәрі 28 адамға берілді. Соның ішінде Аполло-1, Челленджер, Коламбия экипаждарының қаза тапқаннан кейін құрметтелген 17 ғарышкері бар.

👏1
COLUMBIA ШАТТЛЫНЫҢ ҚАЗАСЫНА — 20 ЖЫЛ
STS-107 миссиясын орындап қайтып келе жатқан Columbia шаттлы 2003 жылы 1 ақпанда атмосфераға ену барысында апатқа ұшырады. 16 қаңтардағы ұшырылым кезінде сыртқы бактың оқшаулағышының бір кесегі кеменің сол қанатының жылу қорғанышын зақымдаған екен. Ішке енген ыстық газдар қанатты қиратып, шаттлдың күйреуіне соқтырды. Экипаждың барлық жеті мүшесі — Ричард Хасбанд, Уильям МакКул, Дэвид Браун, Калпана Чавла, Майкл Андерсон, Лорел Кларк және Израиль азаматы Илан Рамон — қаза тапты. Сөйтіп бес шаттлдың осымен екіншісі жойылып кетті. 29 ай үзілістен кейін қалған үш шаттл қайта ұша бастағанымен, Халықаралық ғарыш стансасының құрылысы біте Space Shuttle бағдарламасын жабу туралы шешім қабылданды.
Бұл — Американың ғарышты игеру тарихындағы үшінші қайғылы оқиға еді. 1986 жылғы 28 қаңтардағы Challenger STS-51L шаттлының жарылысы жеті астронавтың өмірін қиды. 1967 жылы 27 қаңтарда Apollo 1 кемесінің жердегі сынағы кезінде бортта шыққан өрт үш ғарышкердің өліміне әкеліп соқты. Үш трагедияның даталары жақын болғандықтан, НАСА-ның Естелік күні әр қаңтардың соңғы бейсенбісіне белгіленген. Бұл күні НАСА-ның барлық ғарыш орталықтарында, сондай-ақ Арлингтондағы Ұлттық зиратта гүл қою рәсімі, үнсіздік минуты, басқа да еске алу шаралары өткізіледі.
#тарих

😱1
85. УЭББТЫҢ NIRISS АСПАБЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҰМЫСҚА ОРАЛДЫ
15 қаңтарда ғарыштық телескоптың NIRISS аспабы софтверінің жұмысы толық тоқтағанын жазып едік. НАСА мен Канада ғарыш агенттігі мамандары аспаптың электроникасына жоғары энергиялы ғарыштық сәуле әсер еткенін анықтады. Инженерлер NIRISS-ті қайта жүктеу оны толық қалпына келтіретінін болжады.
Телеметриялық деректер қайта жүктеуден соң аспап қалыпты режимге оралғанын көрсетті, сонда да сынақ бақылау жоспарланды. Уэбб командасы 28 қаңтарда аспапқа тиісті нұсқаулар жіберді. 30 қаңтарда алынған мәліметтер NIRISS-тің толыққанды ғылыми режимде жұмыс істеп тұрғанын қуаттады.

Telegram
Физика және Ғарыш
84. УЭББТЫҢ NIRISS АСПАБЫ ІСТЕМЕЙ ТҰР
НАСА Джеймс Уэбб ғарыштық телескопының NIRISS аспабы ғылыми бақылау жүргізе алмай тұрғанын хабарлады. 15 қаңтарда аспап ішіндегі байланыстың кідірісінен оның софтверінің жұмысы толық тоқтаған. Телескоптың өзі мен қалған…

ZTF КОМЕТАСЫ ЖЕР ТҰСЫНАН ӨТТІ
2023 жылы 2 ақпанда C/2022 E3 (ZTF) кометасы Жерге барынша жақын, 42,5 млн километрде өтті. Қазір Керік шоқжұлдызындағы кометаны қала сыртынан көруге де жарық Ай кедергі болып тұр.
Жалқы кескін: C/2022 E3 кометасы C11 EdgeHD телескопымен (29 қаңтар 2023)
Credit: Sebastian Voltmer

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАРЛЫҚ 210 СТАРТЫ — БІР ВИДЕОДА
Falcon 1 — 5 ұшырылым, Falcon 9 — 200 ұшырылым, Falcon Heavy — 5 ұшырылым. 2 ақпанда 211-ші зымыран да ұшырылды.

ТӨРТ АЛЫП ЭКЗОПЛАНЕТАНЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛУЫ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАНДЫ
Бүгінге дейін 5243 экзопланета ашылғаны қуатталып отыр. Олардың басым көпшілігі жанама тәсілдермен, атап айтқанда, транзит арқылы немесе сәулелік жылдамдық әдісімен ашылды. Басқа жұлдыздарды айналатын планеталардың тікелей бақыланатыны некен-саяқ.
Жақында астроном Джейсон Вонг Пегас шоқжұлдызындағы HR 8799 жұлдызын айналатын төрт экзопланетаның 12 жылдық таймлапсын жариялады. Бұлардың қозғалысы Гавайдағы Кек обсерваториясында инфрақызыл диапазонда жазылған. Мұндай тамаша нәтижеге қол жеткізуге жұлдыздың бізге біршама жақын, 133 жарық жылында орналасуы және Юпитерден бірнеше есе ауыр планеталардың ірілігі көмектесті.
HR 8799 жұлдызының жүйесі 2008 жылы тікелей суретке түсірілген алғашқы көп планеталы жүйе болған. Осы жүйе жайлы арнайы бейнеролик құрастырдық: https://youtu.be/QREV_D7FJEE
#бейнеролик

YouTube
Төрт алып экзопланетаның жұлдызды айналуы тікелей бақыланды
Пегас шоқжұлдызындағы HR 8799 жұлдызы Күннен 133 жарық жылында және одан 1,5 есе ауыр. 30 миллион жастағы жас жұлдызды 6–9 Юпитер массасындай төрт алып планета айналады. Жұлдыздан 16–71 астрономиялық бірлік қашықтықтағы экзоалыптардың ең ішкісі 45 жылда,…
👍1
«ФИЗИКА ЖӘНЕ ҒАРЫШҚА» — 6 ЖЫЛ
2023 жылы 4 ақпанда біздің «Физика және Ғарыш» YouTube-арнасына алты жыл толды. Осы мерзімде арнадағы роликтер 1 094 000 рет көрілсе, соның 87 000-ы (8%) соңғы, алтыншы жылдың еншісінде.

🎉3👍1👏1
SUPER-KAMIOKANDE ҚАРАҢҒЫ МАТЕРИЯНЫҢ ЖЕҢІЛ БӨЛШЕКТЕРІН ТАППАДЫ
Super-Kamiokande детекторында жұмыс істейтін физиктер қараңғы материя бөлшектерін іздеу нәтижесін хабарлады. 1996 жылдан 2018 жылға дейін жиналған деректер қоры 1–300 мегаэлектронвольт массалар диапазонындағы жеңіл қараңғы материя бөлшектері жоқ екенін анықтады. Ғарыш сәулелері үдеткен мұндай бөлшектер қараңғы материя ең тығыз жиналған аймақ — Галактика орталығынан келеді деп күтіледі.
Super-Kamiokande детекторы — ескі шахта ішіне 1 км тереңдікте қойылған цилиндр пішінді резервуар. Тот баспайтан болаттан жасалған шанға 50 000 тонна таза су құйылған. Шанның қабырғасына 11 146 аса сезімтал фотоұлғайтқыш орнатылған. Олар судағы жарық жылдамдығынан тез қозғалатын зарядталған бөлшек шығарған Черенков сәулеленуінің жалғыз фотонын да тіркей алады. Мұндай бөлшектер нейтрино немесе қараңғы материя бөлшегінің сутегі ядросына соғуы нәтижесінде түзілуі мүмкін. Бұл үшін қараңғы материя бөлшегінің өзі өте тез қозғалуы тиіс, демек оны ғарыш сәулелерімен соқтығысу үдетуі қажет.
Нейтрино физикасында соңғы жылдары жиналған білімнің арқасында ғалымдар нейтрино әсерінің қолтаңбасын жақсы таниды. Бұл зерттелген диапазондағы сигналдарда қараңғы материяның үлесі жоғын көрсетіп отыр. Super-Kamiokande детекторымен нейтрино осцилляцияларын ашқаны үшін жапон ғалымы Такааки Кадзита 2015 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығын иеленген еді.
#ғылымижаңалық #физикаминуты

🤔2