This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СТАРБЕЙС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
24 қаңтарға қараған түні Starship жинағының екі сатысына да алғаш рет толық мөлшерде отын құйылды. SpaceX компаниясы Wet Dress Rehearsal (WDR) деп аталатын бұл маңызды операцияның ойдағыдай өткенін хабарлады. Сынақтан соң сұйық оттегі мен метан ұшыру алаңындағы резервуарларға қайта құйылып алынды.
Бүгін Starship S24 кемесі SH B7 үдеткішінен түсірілді. Енді үдеткіштегі барлық 33 Raptor 2 қозғағышын бір мезгілде тұтандыру сынағы өткізілмек.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КҒО ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Кеннеди Ғарыш орталығында салынып жатқан Starship ұшыру алаңындағы қызмет көрсету мұнарасына Мехазилла робоқолы орнатылды.

ZTF КОМЕТАСЫНЫҢ ҚАРСЫ ҚҰЙРЫҒЫ
2023 жылы 23 қаңтарда Жер C/2022 E3 (ZTF) кометасының орбита жазықтығын кесіп өтті. Бұл кезде кометаның қарсы құйрығы байқалды. Комета ядросы бетінен ұшқан ең ауыр бөлшектерге күн желі онша әсер етпейді. Сөйтіп, осы ірі тозаң бөлшектері комета орбитасын бойлай диск құрайды. Мұндай бөлшектер көп емес, бірақ Жер кометаның орбита жазықтығымен өткенде, олардың жиынтығы бізге қырынан көрінеді де, көзқарас сәулесіндегі тығыздығы артады. Нәтижесінде әрқашан Күннен сыртқа созылатын газды құйрыққа қарама-қарсы тағы бір шаңды құйрық бақыланады.
Фото авторы: Денис Ковалев, Ақтау қаласы маңында түсірілген

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛТЫ МЕТРЛІК ЖАРТАС ЖЕРДЕН 3589 КИЛОМЕТРДЕ ҰШЫП ӨТТІ
2023 жылы 27 қаңтарда Алматы уақытымен 06:29-да 2023 BU жермаңы нысаны Оңтүстік Американың оңтүстік шеті үстімен Жер бетінен 3 589 ± 2 км биіктікте ұшып өтті. Астероидтың диаметрі 4–8 метр деп бағаланды. Ол Жерге соқтығыспаған денелер арасында жақын өтуі бойынша төртінші орынға шықты. Алғашқы үш орында: 2020 VT4 (13 қараша 2020, 368±11 км), 2020 QG (16 тамыз 2020, 2939±11 км), 2021 UA1 (25 қазан 2021, 3049±10 км).
2023 BU төрт сағаттан соң орбитасының перигелиін басып, өз жолын жалғастырды. Жер гравитациясының ықпалы оның Күнді айналу периодын 359 тәуліктен 425 тәулікке дейін ұзартады. Ғарыштағы жартасты қаңтардың 22-не қараған түні қырымдық астроном Геннадий Борисов ашты.
Анимацияда: 2023 BU астероиды — Сілеусіндегі NGC 2683 галактикасының оң жағындағы ақ сызық
Фото авторы: Стас Короткий

🔥1
ҚАҢТАРДАҒЫ ЖҰЛДЫЗДАР
Қаңтардың кешкі аспанын биыл жарық ғаламшарлар мен құйрықты жұлдыз сәндеп тұр. Дегенмен әдемі қысқы шоқжұлдыздарға да назар аударуды ұмытпайық. Арнадағы кішкентай ролик осы жайында.
Фото: KAGAYA Studio

C/2022 E3 (ZTF) КОМЕТАСЫ ЖЕРГЕ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ
2023 жылы 2 ақпанда C/2022 E3 (ZTF) кометасы Жерден 42 миллион километрде өтеді. Бұл кезде оның жарқырауы да барынша артуы тиіс. Қазір кометаның жарықтығы +5 ж.ш. жетті.
Демек оны еш жарық түспейтін жерден, қараңғыға көз әбден үйренген соң, көру қабілетінің шегінде байқауға болады. Әрине, кометаны дұрыстап бақылау үшін дүрбі алып қала сыртына шыққан жөн. Телескоппен кома мен құйрықтың жай-жапсарын да ажыратуға мүмкіндік бар.
Фотода: көкшіл-жасыл түсті құйрықты жұлдыз дәл ортада, Кішіқарақшының (Кіші Ожаудың) шеткі екі жұлдызы Көкбозат пен Ақбозаттың оң жағынан көрініп тұр, 26 қаңтар 2023 жыл
Credit: Wadi Rum
#фотокөрме

👏1
АЙ ТОРПАҚТА
Келер Ай 2023 жылғы қаңтардың соңғы үш күнін Торпақ шоқжұлдызында өткізеді. 29-ы күні ол Үркерге ауыл-үй қонса, 31 қаңтарда 11:00-де Марспен тоғысады. Оқиға қос Америка құрлығынан бақыланады, біздің елде 30-нан 31-не қараған түні Ай мен Марстың жақындасуын көре аламыз. Өткен желтоқсандағы тоғыс жайлы
Credit: Sky & Telescope
#күнтізбе

30 ҚАҢТАР 2023 — МЕРКУРИЙДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН БАТЫС (ТАҢҒЫ) ЭЛОНГАЦИЯСЫ
2023 жылы 30 қаңтарда Меркурий өзінің ең үлкен батыс немесе таңғы элонгациясына жетеді. Элонгация, яғни планетаның Күннен бұрыштық ара қашықтығы, 25° болып, әдетте Күнге тым жақындығынан көзге түспейтін Меркурийді бақылауға мүмкіндік туады.
Меркурий біршама көтерілгеннен Күн шыққанға дейін 10–15 минуттай оңтүстік-шығыс көкжиектен сәл жоғарыда бақыланады. Оны Бүркіттегі Альтаир мен Сарышаяндағы Антарестің арасынан табасыз. Бірінші планета 30 қаңтарда және кейінгі бірнеше күнде еліміздің оңтүстік аймақтарынан шамамен мына уақытта көрінеді:
Алматы 7:20 — 7:36
Талдықорған 7:21 — 7:33
Тараз 7:33 — 7:50
Шымкент 7:45 — 8:05
Түркістан 7:56 — 8:11
Қызылорда 7:12 — 7:23
Ақтау 8:05 — 8:20
Шығыс көкжиек ашық орын тауып, таң ата аспанға көз тігіңіз. Басқа облыстардан Меркурийді бұл жолы көру қиынға соғады.

PERSEVERANCE МАРС ҮЛГІЛЕРІ ҚОЙМАСЫН ЖИНАП БІТТІ
Perseverance ровері кейін Жерге жеткізілетін Марс үлгілері қоймасын құруды аяқтады. Ол Езеро кратерінің "Үш Айрық" ауданындағы тегіс алаңға 10 сынауық тастады. Бір-бірінен 5–15 метр қашықтыққа тасталған түтікшелердің әрқайсы фотоға түсірілді. Былтыр 21 желтоқсанда басталған жұмыс 2023 жылдың 28 қаңтарында аяқталды.
Perseverance Марс бетінде өткізген екі жылда тау жыныстары мен атмосфера үлгілерінің коллекциясын жинады. Бірнеше жылдан кейін ровер бортындағы сынауықтарды арнайы келетін MAV зымыранына тиейді. Марс орбитасына көтерілген MAV түтікшелерді ERO аппаратына береді, соңғысы үлгілерді Жерге 2033 жылы жеткізуі тиіс.
Ровер бортындағы сынауықтардан басқа, үлгілердің қосалқы он данасы планета бетіне бөлек қойылып отыр. MAV келгенше Perseverance істен шығып қалса, бұл сынауықтарды зымыранға Ingenuity тәрізді екі дрон тасиды. Мамандардың айтуынша, жел қоймадағы түтікшелерді алысқа домалата алмайды. Бірнеше жылда оларды таба алмай қалатындай қалың шаң да баспауы тиіс.

👍2
Кескіндер:
1. Ровердің бірнеше түтікшемен түсірген селфиі;
2. WATSON камерасы соңғы, 10-шы сынауықты фотоға түсірді, миссияның 690 солы — 28 қаңтар 2023 жыл;
3. Марс бетіндегі "Үш Айрық" үлгілер қоймасының сызбасы.
Credit: NASA/JPL-Caltech/MSSS

ZTF КОМЕТАСЫ МЕН АЙДАҺАРДАҒЫ ГАЛАКТИКАЛАР
C/2022 E3 (ZTF) кометасының 23 қаңтарда түсірілген фотосынан Айдаһар шоқжұлдызындағы бірнеше галактиканы байқауға болады. Ең үлкені — бізге қырынан көрініп тұрған NGC 5906 спираль галактикасы. Мысық Тырнағының Ізі деп те аталатын галактика Жерден 45 млн жарық жылы қашықтықта.
Одан төменірек екі алыс спираль галактика көрінеді: қосқышы бар NGC 5905 (120 млн жарық жылы) және Сомбреро галактикасына өте ұқсас NGC 5908 (156 млн жарық жылы). Бұл екеуі басқа фотода анығырақ бейнеленген. Біздің Құс Жолы да осындай қосқышы бар спираль галактика екені белгілі.
1. Фото авторлары: Стас Короткий, Юрий Звёздный
2. Credit & Copyright: Stefan Seip

FALCON 9 ЗЫМЫРАНЫ 200-ШІ РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ
2023 жылы 31 қаңтарда SpaceX компаниясы Ванденберг базасынан кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырды. Ол 49 Starlink v1.5 жерсерігі мен D-Orbit ION SCV009 Eclectic Elena платформасын төмен жермаңы орбитаға шығарды. B1071.7 1-сатысы OCISLY баржасына қонды. Қаңтардағы 7 ұшырылым — былтыр желтоқсанда жасалған компания рекордының қайталануы.
Бұл миссия Falcon 9 зымыранының 200-ші ұшырылымы болды. Бір қызығы, алғашқы 100 миссияны ұшыруға 10,5 жылдай уақыт кетсе, екінші жүздік 2 жыл 2 айда жасалды. Тарихтағы ішінара (1-саты мен жүктеме қақпақтары) қайта қолданылатын алғашқы зымыран — қазіргі күнде ең жиі ұшырылатын тасығыш. 2022 жылы дүние жүзі бойынша 186 орбиталық миссия жасалса, соның 60-ын Falcon 9 орындады.
2010 жылғы 4 маусымнан бергі 200 миссияның біреуі ғана сәтсіз, тағы бірі — ішінара сәтсіз болды. Тағы бір зымыран ұшпай тұрып, пайдалы жүктемемен бірге ұшыру алаңында өртеніп кетті. Қазір қолданыстағы FT версиясы 180 рет (бәрі сәтті), соның ішінде ең соңғы Block 5 нұсқасы 144 рет ұшты. Қайта оралуға әрекеттенген 166 бірінші сатының 157-сі сәтті қона алды. Рекордшы B1058 1-сатысы 15 рет ұшып қайтты.
Тоғыз жыл үзілістен кейін Америка жерінен қайтадан ғарышқа адам ұшыру 2020 жылы осы зымыранға сеніп тапсырылды. Falcon 9 көтерген сегіз миссия аясында Crew Dragon кемелерімен 30 ғарышкер орбитаға шықты.
Falcon 9 жақында тағы бір жетістікке жеткен еді: 26 қаңтарда 56 бірдей Старлинк жерсерігін көтеріп, өз тарихында орбитаға ең ауыр (17,4 тонна) пайдалы жүктеме шығарды. Демек SpaceX мамандары зымыранның ең соңғы нұсқасының да бар мүмкіндігін сарқа пайдалануда.

ДАГ ПЕН БОБ ЕҢ ЖОҒАРЫ АЗАМАТТЫҚ НАГРАДАНЫ ИЕЛЕНДІ
2023 жылы 31 қаңтарда АҚШ Вице-президенті Камала Харрис бұрынғы НАСА астронавтары Даглас Хёрли мен Роберт Бенкенге Конгресстің Ғарыштық Құрмет медалін тапсырды. Олар SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесінің 2020 жылы 30 мамырдағы Demo-2 сынақ миссиясы үшін марапатталып отыр. Бұл тоғыз жыл үзілістен кейін АҚШ аумағынан көтерілген алғашқы ұшқышты кеме еді.
Теңіз ұшқышы, Теңіз жаяу әскері корпусының полковнигі Даглас Хёрли бұл сапарға дейін де Индевор, Атлантис шаттлдарымен екі рет ұшып қайтқан. Сынаушы-ұшқыш, ӘӘК подполковнигі Роберт Бенкен де Индевор шаттлымен екі рет ғарышта болған. Осы шаттлдың құрметіне Demo-2 миссиясының Crew Dragon С206 ғарыш кемесіне Endeavour деген ат берілді.
1969 жылы тағайындалған Конгресстің Ғарыштық Құрмет медалімен ғарышты игеруге ерекше үлес қосқан астронавтар марапатталады. Ол кешеге дейін Алан Шепард, Джон Гленн, Нил Армстронг бастатқан небәрі 28 адамға берілді. Соның ішінде Аполло-1, Челленджер, Коламбия экипаждарының қаза тапқаннан кейін құрметтелген 17 ғарышкері бар.