АЙ, ШОЛПАН, САТУРН ҮШТІК ҚОСЫЛЫСЫ
Сурет Солтүстік Кавказдағы Архыз тауынан, теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте түсірілген. 23 қаңтар 2023 жыл
Фото авторы: Юрий Звёздный (Sony A7s + Canon 135mm, f/2.0, exp=2.5sec, ISO=1250)
#фотокөрме

СОЛЫНАН ТУҒАН ЖАС АЙ КОСТАНЕРА ОРТАЛЫҒЫ ҮСТІНДЕ
Чили астанасы Сантьяго қаласындағы биіктігі 300 метр, 64 қабатты Гран Торре Костанера зәулімі — Латын Америкасындағы ең биік ғимарат. 2023 жылы 23 қаңтарда түсірілген фотода ғимарат үстіндегі бір күндік Ай орағы бейнеленген.
Оңтүстік жартышарда Айдың солынан туатынына назар аударыңыз! Және бұл Жаңа Ай оның перигейіне, яғни Жерге жақындауына сәйкес келді. 2023 жылдың әр сағатындағы Ай фазалары мен Жерден қашықтығы (Оңтүстік аспанға арналған нұсқа) — роликте.
Фото авторы: Yuri Beletsky (Sony A7IV + Sigma 150-600)

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ROCKET LAB КОМПАНИЯСЫ АЛҒАШ РЕТ АҚШ-ТАН ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ
Америкалық Rocket Lab компаниясы 2023 жылы 25 қаңтарда Вирджиния штаты, Уоллопс ғарыш айлағындағы LC-2 ұшыру кешенінен Electron зымыранын сәтті ұшырды. Ұшырылым мақсаты — Hawkeye 360 компаниясының Жерді радиодиапазонда бақылайтын үш жерсерігін 550 км төмен жермаңы орбитаға шығару. Аппараттардың қалыпты жайылғаны хабарланды. 1-саты құтқарылған жоқ.
Rocket Lab 2017 жылдан бастап, Жаңа Зеландиядан 32 зымыран ұшырған еді. LC-1 ұшыру кешені Солтүстік аралдағы Махия түбегінде орналасқан. Бүгінгі стартпен компания АҚШ аумағынан да ғарыштық миссиялар жүзеге асыра бастады. Rocket Lab-ты 2006 жылы жаңазеландиялық кәсіпкер Питер Бек құрған. 2013 жылы америкалық инвесторлар қаржы құйған соң, компания АҚШ-та тіркелді. Компанияның бас кеңсесі мен Rutherford қозғағыштары өндірісі Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында.

84. УЭББТЫҢ NIRISS АСПАБЫ ІСТЕМЕЙ ТҰР
НАСА Джеймс Уэбб ғарыштық телескопының NIRISS аспабы ғылыми бақылау жүргізе алмай тұрғанын хабарлады. 15 қаңтарда аспап ішіндегі байланыстың кідірісінен оның софтверінің жұмысы толық тоқтаған. Телескоптың өзі мен қалған үш негізгі ғылыми аспап қалыпты жұмыс істеп тұр.
0,8 – 5,0 мкм диапазонда бақылау жүргізетін NIRISS таяу инфрақызыл кескінтүзгіші / саңылаусыз спектрографы Әлемнің ежелгі жарығын іздеп, алыс жұлдыздарды айналатын планеталар жайлы ақпарат жияды. Ол FGS дәл көзеу сенсорымен бірге жұмыс істейді. Бір корпустағы бұл аспаптарды Канада ғарыш агенттігі (CSA) мен осы елдің Honeywell компаниясы жасағандықтан, олар "Канада көзі" деп те аталады. НАСА мен CSA ақау себептерін анықтауда.
Уэбб телескопының ғылыми аспаптарына шолу — бейнероликте.

СТАРБЕЙС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
24 қаңтарға қараған түні Starship жинағының екі сатысына да алғаш рет толық мөлшерде отын құйылды. SpaceX компаниясы Wet Dress Rehearsal (WDR) деп аталатын бұл маңызды операцияның ойдағыдай өткенін хабарлады. Сынақтан соң сұйық оттегі мен метан ұшыру алаңындағы резервуарларға қайта құйылып алынды.
Бүгін Starship S24 кемесі SH B7 үдеткішінен түсірілді. Енді үдеткіштегі барлық 33 Raptor 2 қозғағышын бір мезгілде тұтандыру сынағы өткізілмек.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
КҒО ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Кеннеди Ғарыш орталығында салынып жатқан Starship ұшыру алаңындағы қызмет көрсету мұнарасына Мехазилла робоқолы орнатылды.

ZTF КОМЕТАСЫНЫҢ ҚАРСЫ ҚҰЙРЫҒЫ
2023 жылы 23 қаңтарда Жер C/2022 E3 (ZTF) кометасының орбита жазықтығын кесіп өтті. Бұл кезде кометаның қарсы құйрығы байқалды. Комета ядросы бетінен ұшқан ең ауыр бөлшектерге күн желі онша әсер етпейді. Сөйтіп, осы ірі тозаң бөлшектері комета орбитасын бойлай диск құрайды. Мұндай бөлшектер көп емес, бірақ Жер кометаның орбита жазықтығымен өткенде, олардың жиынтығы бізге қырынан көрінеді де, көзқарас сәулесіндегі тығыздығы артады. Нәтижесінде әрқашан Күннен сыртқа созылатын газды құйрыққа қарама-қарсы тағы бір шаңды құйрық бақыланады.
Фото авторы: Денис Ковалев, Ақтау қаласы маңында түсірілген

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛТЫ МЕТРЛІК ЖАРТАС ЖЕРДЕН 3589 КИЛОМЕТРДЕ ҰШЫП ӨТТІ
2023 жылы 27 қаңтарда Алматы уақытымен 06:29-да 2023 BU жермаңы нысаны Оңтүстік Американың оңтүстік шеті үстімен Жер бетінен 3 589 ± 2 км биіктікте ұшып өтті. Астероидтың диаметрі 4–8 метр деп бағаланды. Ол Жерге соқтығыспаған денелер арасында жақын өтуі бойынша төртінші орынға шықты. Алғашқы үш орында: 2020 VT4 (13 қараша 2020, 368±11 км), 2020 QG (16 тамыз 2020, 2939±11 км), 2021 UA1 (25 қазан 2021, 3049±10 км).
2023 BU төрт сағаттан соң орбитасының перигелиін басып, өз жолын жалғастырды. Жер гравитациясының ықпалы оның Күнді айналу периодын 359 тәуліктен 425 тәулікке дейін ұзартады. Ғарыштағы жартасты қаңтардың 22-не қараған түні қырымдық астроном Геннадий Борисов ашты.
Анимацияда: 2023 BU астероиды — Сілеусіндегі NGC 2683 галактикасының оң жағындағы ақ сызық
Фото авторы: Стас Короткий

🔥1
ҚАҢТАРДАҒЫ ЖҰЛДЫЗДАР
Қаңтардың кешкі аспанын биыл жарық ғаламшарлар мен құйрықты жұлдыз сәндеп тұр. Дегенмен әдемі қысқы шоқжұлдыздарға да назар аударуды ұмытпайық. Арнадағы кішкентай ролик осы жайында.
Фото: KAGAYA Studio

C/2022 E3 (ZTF) КОМЕТАСЫ ЖЕРГЕ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ
2023 жылы 2 ақпанда C/2022 E3 (ZTF) кометасы Жерден 42 миллион километрде өтеді. Бұл кезде оның жарқырауы да барынша артуы тиіс. Қазір кометаның жарықтығы +5 ж.ш. жетті.
Демек оны еш жарық түспейтін жерден, қараңғыға көз әбден үйренген соң, көру қабілетінің шегінде байқауға болады. Әрине, кометаны дұрыстап бақылау үшін дүрбі алып қала сыртына шыққан жөн. Телескоппен кома мен құйрықтың жай-жапсарын да ажыратуға мүмкіндік бар.
Фотода: көкшіл-жасыл түсті құйрықты жұлдыз дәл ортада, Кішіқарақшының (Кіші Ожаудың) шеткі екі жұлдызы Көкбозат пен Ақбозаттың оң жағынан көрініп тұр, 26 қаңтар 2023 жыл
Credit: Wadi Rum

👏1
АЙ ТОРПАҚТА
Келер Ай 2023 жылғы қаңтардың соңғы үш күнін Торпақ шоқжұлдызында өткізеді. 29-ы күні ол Үркерге ауыл-үй қонса, 31 қаңтарда 11:00-де Марспен тоғысады. Оқиға қос Америка құрлығынан бақыланады, біздің елде 30-нан 31-не қараған түні Ай мен Марстың жақындасуын көре аламыз. Өткен желтоқсандағы тоғыс жайлы
Credit: Sky & Telescope
#күнтізбе

30 ҚАҢТАР 2023 — МЕРКУРИЙДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН БАТЫС (ТАҢҒЫ) ЭЛОНГАЦИЯСЫ
2023 жылы 30 қаңтарда Меркурий өзінің ең үлкен батыс немесе таңғы элонгациясына жетеді. Элонгация, яғни планетаның Күннен бұрыштық ара қашықтығы, 25° болып, әдетте Күнге тым жақындығынан көзге түспейтін Меркурийді бақылауға мүмкіндік туады.
Меркурий біршама көтерілгеннен Күн шыққанға дейін 10–15 минуттай оңтүстік-шығыс көкжиектен сәл жоғарыда бақыланады. Оны Бүркіттегі Альтаир мен Сарышаяндағы Антарестің арасынан табасыз. Бірінші планета 30 қаңтарда және кейінгі бірнеше күнде еліміздің оңтүстік аймақтарынан шамамен мына уақытта көрінеді:
Алматы 7:20 — 7:36
Талдықорған 7:21 — 7:33
Тараз 7:33 — 7:50
Шымкент 7:45 — 8:05
Түркістан 7:56 — 8:11
Қызылорда 7:12 — 7:23
Ақтау 8:05 — 8:20
Шығыс көкжиек ашық орын тауып, таң ата аспанға көз тігіңіз. Басқа облыстардан Меркурийді бұл жолы көру қиынға соғады.

PERSEVERANCE МАРС ҮЛГІЛЕРІ ҚОЙМАСЫН ЖИНАП БІТТІ
Perseverance ровері кейін Жерге жеткізілетін Марс үлгілері қоймасын құруды аяқтады. Ол Езеро кратерінің "Үш Айрық" ауданындағы тегіс алаңға 10 сынауық тастады. Бір-бірінен 5–15 метр қашықтыққа тасталған түтікшелердің әрқайсы фотоға түсірілді. Былтыр 21 желтоқсанда басталған жұмыс 2023 жылдың 28 қаңтарында аяқталды.
Perseverance Марс бетінде өткізген екі жылда тау жыныстары мен атмосфера үлгілерінің коллекциясын жинады. Бірнеше жылдан кейін ровер бортындағы сынауықтарды арнайы келетін MAV зымыранына тиейді. Марс орбитасына көтерілген MAV түтікшелерді ERO аппаратына береді, соңғысы үлгілерді Жерге 2033 жылы жеткізуі тиіс.
Ровер бортындағы сынауықтардан басқа, үлгілердің қосалқы он данасы планета бетіне бөлек қойылып отыр. MAV келгенше Perseverance істен шығып қалса, бұл сынауықтарды зымыранға Ingenuity тәрізді екі дрон тасиды. Мамандардың айтуынша, жел қоймадағы түтікшелерді алысқа домалата алмайды. Бірнеше жылда оларды таба алмай қалатындай қалың шаң да баспауы тиіс.

👍2
Кескіндер:
1. Ровердің бірнеше түтікшемен түсірген селфиі;
2. WATSON камерасы соңғы, 10-шы сынауықты фотоға түсірді, миссияның 690 солы — 28 қаңтар 2023 жыл;
3. Марс бетіндегі "Үш Айрық" үлгілер қоймасының сызбасы.
Credit: NASA/JPL-Caltech/MSSS

ZTF КОМЕТАСЫ МЕН АЙДАҺАРДАҒЫ ГАЛАКТИКАЛАР
C/2022 E3 (ZTF) кометасының 23 қаңтарда түсірілген фотосынан Айдаһар шоқжұлдызындағы бірнеше галактиканы байқауға болады. Ең үлкені — бізге қырынан көрініп тұрған NGC 5906 спираль галактикасы. Мысық Тырнағының Ізі деп те аталатын галактика Жерден 45 млн жарық жылы қашықтықта.
Одан төменірек екі алыс спираль галактика көрінеді: қосқышы бар NGC 5905 (120 млн жарық жылы) және Сомбреро галактикасына өте ұқсас NGC 5908 (156 млн жарық жылы). Бұл екеуі басқа фотода анығырақ бейнеленген. Біздің Құс Жолы да осындай қосқышы бар спираль галактика екені белгілі.
1. Фото авторлары: Стас Короткий, Юрий Звёздный
2. Credit & Copyright: Stefan Seip