Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Falcon Heavy ұшырылымының ерекше фотолары
16 қаңтар 2023 жыл, USSF-67 миссиясы

1 Қапталдағы үдеткіштердің BoostBack Burn тұтандыруы
2 EntryBurn тұтандыруы. Credit: WordsmithFL
3 Ауыр Сұңқар мен Марс. Credit: John Pisani
4 Соққы толқыны. Credit: Astronomy Live
5 Старттан 800 км және 10 км биіктіктегі ұшақтан көрінген медуза. Credit: Taylor Hose
#фотокөрме
🤩1
ZTF КОМЕТАСЫ КӨРІНЕТІН КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

C/2022 E3 (ZTF) кометасын көруге барынша қолайлы мүмкіндік 2023 жылғы 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін болмақ. Өліарадағы Ай аспаннан кетті, ал құйрықты жұлдыздың өзі Жерге жақындап келе жатыр. Ол 2 ақпанда бізден 42,5 миллион километрде өтеді. Күн жүйесінің сыртқы аймағынан 50 000 жылда бір айналып келетін қонақ жайлы толығырақ — роликте.

Қазірдің өзінде кометаның жарқырауы +6 жұлдыздық шамадан асып, тасқараңғы жерден жай көзбен көрінетін деңгейге жетті. 10x56 дүрбімен кометаның 1 градустық (екі ай дискі) құйрығы көрінген, команың өлшемі — 10 бұрыштық минут (1/3 ай дискі). Фотолардағы құйрықтың ұзындығы 7 градусқа жетті!

C/2022 E3 (ZTF) айтылған кезеңде Айдаһардың құйрығын бойлай, Кішіқарақшы мен Жетіқарақшының арасынан өтеді, демек ол ТҮНІМЕН көрінеді. Кометаның жарқырауы +4,5 ж.ш. жетер деген үміт бар, бірақ бәрібір оны жай көзбен көру үшін қаладан алыс кету керек. Сондықтан дүрбімен жарақтанған жөн.
2
Кескін: C/2022 E3 (ZTF) кометасының 16–31 қаңтар арасындағы жолы. Жұлдызды аспан көрінісі Алматы уақытымен 23:30-ға сәйкес. Көрсетілген шоқжұлдыздар Қазақстанда батпайтындықтан, осы сызба бойынша кометаны түннің қай уағында да табуға болады.
Credit: Sky & Telescope
1
Айға аяқ басқан екінші адам Базз Олдрин 93 жасқа келді
1👏1
GAIA DR3: КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ АСТЕРОИД ШОҒЫРЛАРЫ

2022 жылғы басты ғылыми оқиғаның бірі Gaia ғарыштық телескопы Үшінші деректер шығарылымының соңғы нұсқасының (Gaia DR3, GDR3) жариялануы болды. Еуропа ғарыш агенттігінің обсерваториясы бізден 1,5 млн км қашықтықта, Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесінде тоғыз жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оптикалық телескоп астрометриямен, яғни жұлдыздардың орны, қашықтығы мен қозғалысын теңдессіз дәлдікпен өлшеумен айналысады.

Gaia миссиясының мақсаты — 1 миллиард астрономиялық нысаннан тұратын, бұрын-соңды жасалған ең үлкен әрі ең дәл үш өлшемді ғарыштық каталог тізу. Оған негізінен жұлдыздар енгенімен, планета, комета, астероид, квазар сияқты денелер де тізімделеді. Мысалы, Үшінші деректер шығарылымында Күн жүйесіндегі 154 741 астероидтың орбитасы көрсетілген. GDR3-ке арналған алғашқы бейнероликтен осы астероид шоғырларын 4K-сапада тамашалай аласыздар: https://youtu.be/EOvrydvm1DQ
«ШАҒЫРМА ЖҰЛДЫЗ, ШАРТ АЯЗ»

"Сарыжұлдыз көтерілсе, күн суытады" деген халық сөзі мен оның астрономиялық түсіндірмесін жақында жаздық. Осы қыс бойы шығыстан басқа бір қызыл жұлдыз жарқырап тұрғаны белгілі. Ғалым Хасен Әбішев «Аспан сыры» кітабында ол туралы да баяндаған екен:

«Әредік жылдар қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан бір қызылжұлдыз көтеріледі. Өзі лапылдаған оттай қып-қызыл болып өңменіңнен өтіп бара жатады. Осы қызыл түсіне қарап Марс планетасын қазақ халқы Қызылжұлдыз деп атады.
— Қызылжұлдыз жоғарыласа, қыс қатты болып кетеді. Ол шарықтағанда суық күшейетіндіктен оны солай (Қызылжұлдыз) деп атаған. Шағырма жұлдыз, шарт аяз деп содан айтқан. [Иса Сұлтанбековтың мәліметі]
(...)

Елдің Марсты ұнатпауының бір себебі оның қанталағандай қызыл түсі және ол қайсібір жылдар Жерге ұрымтал келген кездерде шоқтай жайнап, қызыл іңірден туады да, күннен күнге көкке өрлей береді.
Марстың осындай ұрымтал келуі екі жыл (дәлірек айтқанда 2 жыл 50 күн) сайын қайталанады. Әсіресе Марстың 15–17 жыл сайын қайталайтын күнге ұлы қарсы тұрысы дейтін кездерінде, ол Жерге өте-мөте ұрымтал келеді де, көзге шыққан сүйелдей аспанда өзгеден алабөтен жалтырайды.
(...)

Осылай Қызылжұлдыз суықты ала жүреді деп елдің оған жаманат таңуына оның қанқызыл түсі және күзде төмен тұрып, суық түсе шарықтап көтеріле беруі себеп болды.
Марс өзі жарық шығармайтын суыған планета. Марстың қызыл жарығы, айта берсек, тіпті оның өзіне меншікті емес, қызыл сәуле Марс бетінен шағылған Күн сәулелері. Марс бетінің көп жерінің түсі қызғылтсары. (...) Марс Жермен салыстырғанда Күннен 1,5 еседей қашық болғандықтан жылу мен жарықты екі еседей кем алады. Оның үстіне Марстың атмосферасы тым сирек (жұқа).

Сөйтіп нағыз қызылшұнақ үскірік Марстың өз бетінде. Бұл дәйектелген жәйт. Ал, Марстың ызғарлы ауа райында күнелтетін тіршілік бола ма деу, әзірше шешілмеген даулы мәселе. Қанқызыл түсіне қарап, ертеде (Рим мифологиясы бойынша) оған Марс (соғыс құдайы) деп ат қойған еді. Ғалымдардың бірқатары Марстың дамуы ерте басталып, ол атмосфера мен ылғалдан атсырап, қожыраған планета деп ойлайды. "Соғыс құдайының", сірә, кенеуі кетіп, қартайған шағы болуы керек.»
(Х.Әбішев. Аспан сыры. Алматы, 2009. 61–63 б.)

Марс 2022 жылы 8 желтоқсанда Жерге ұрымтал келді, яғни Күнге қарсы тұрыста болды. Бұл оқиға жайлы, сондай-ақ Марстың өзі туралы қысқаша мәліметті роликтерден біле аласыздар. Ал Марс эволюциясына келсек, қазір оның Жер және басқа планеталармен шамалас уақытта түзілгенін білеміз. Қызыл планетаның атмосферасының көп бөлігі мен бетіндегі сұйық судан айрылуы оның тарту күшінің әлсіздігі және магнит өрісінің ерте бәсеңдеуімен түсіндіріледі.
#күнтізбе #аспансыры
Фото: 2022 жылдың басты астрономиялық оқиғасы — толған Айдың қарсы тұрыстағы Марспен тоғысы. Марстың Солтүстік полюсіндегі мұз жамылғысы көрініп тұр, Фото Ай бетінен емес, қуатты телескоп арқылы Жерден түсірілген;-)
Автор: Andrew McCarthy
22/23 ҚАҢТАР 2023 — ШОЛПАН МЕН САТУРННЫҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСЫ (0°20')

2023 жылы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 04:00-де Шолпан (-3,9m) Сатурннан (+0,8m) 0,3° оңтүстікте өтеді. Қазақстан аумағынан 22-і мен 23-і күн батысымен оңтүстік-батыс көкжиек үстінен екі планетаның жақындасуы көрінеді. Толығырақ — бейнероликте,

Credit: Sky & Telescope
#күнтізбе
23 ҚАҢТАР 2023 — АЙ, ШОЛПАН, САТУРН ҮШТІГІ

Өткен түнде бір-бірінен небәрі 20 бұрыштық минутта өткен Шолпан мен Сатурн әлі де жақын тұр. 23 қаңтардың кешінде оларға қылдай жіңішке Ай орағы қосылады. Қараңғы түсе оңтүстік-батыс көкжиек үстіне көз тігіңіз.

Үштіктің сол жағында биікте Юпитер жарқырайды. Шығыста бұрынғыша Марс алаулап тұр. Кешкі аспаннан төрт бірдей планетаны көруге мүмкіндік бар. Толығырақ...

Credit: Star Walk
#күнтізбе
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Тарихи Apollo 11 миссиясының ғарышкеры Базз Олдрин 93 жасқа толған күні өзінің Buzz Aldrin Ventures LLC компаниясының вице-президенті, 63 жастағы Анка Фаур ханыммен некелескен екен.
Credit: Peking University
ҚЫТАЙ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ОПТИКАЛЫҚ ТЕЛЕСКОПТЫ САЛАДЫ

Бейжің университеті елдің оңтүстік-батысындағы Хайси префектурасында салынатын EAST (Expanding Aperture Segmented Telescope) телескопының жобасымен таныстырды. Оның 8 метрлік негізгі айнасы Азияда орналасқан телескоптар арасындағы апертурасы ең үлкені болмақ. Қытайдың қазіргі үш үлкен оптикалық телескопы 4; 2,4 және 2,14 метрлік айналарға ие.

Телескоп екі кезеңмен жеті жылда салынады. 2024–2028 жж. оның тірек конструкциясы мен күмбезі салынады. Бұл кезеңде диаметрі 6 метр болатын негізгі айна 18 алтыбұрышты сегменттен құралады. Демек оның құрылымы Уэбб ғарыштық телескопының негізгі айнасына өте ұқсас, бұл теңдессіз оптикалық құрылғы жайлы роликтен толығырақ біле аласыз. Бірінші кезеңде телескопқа орта/төмен ажыратымды камералар мен спектрометрлер қойылады.

2009–2030 жж. екінші кезеңде негізгі айнаға тағы 18 сегмент қосылып, диаметрі 8 метрге дейін үлкейтіледі. Телескоп жоғары ажыратымды спектрометрлер, поляриметрлер, көпнысандық спкетрометрлер және адаптив оптика жүйесімен жарақтанады. Жобаның жалпы құны 500–600 млн юань деп бағаланады.

Қазір дүниедегі ең үлкен оптикалық телескоп — Испанияның Ла-Пальма аралындағы Үлкен Канар телескопы (GTC). Оның 10,4 метрлік негізгі айнасы 36 алтыбұрышты сегменттен тұрады. Ал Қытай биыл әлемдегі ең ауқымды (жалпы диаметрі 1 км) DSRT арнайы күн радиотелескопын құрды. Сондай-ақ дүние жүзіндегі ең үлкен толық апертуралы (500 м) FAST радиотелескопы да Қытайда орналасқан.
👍1
27 ҚАҢТАРДА БЕС МЕТРЛІК АСТЕРОИД ЖЕРГЕ ЖАҚЫНДАЙДЫ

2023 жылы 27 қаңтарда, Алматы уақытымен 06:17-де Жер бетінен небәрі 3600 ± 1700 км биіктікте 4–9 метрлік астероид ұшып өтеді. Демек ол планетамызға Айдан 100 есе жақын болмақ. Жарқырауы +11 жұлдыздық шамаға жететін денені орташа әуесқойлық телескоппен бақылауға болады.

Астероид төрт сағаттан соң орбитасының перигелиінен өтіп, өз жолын жалғастырады. Жер гравитациясының ықпалы оның Күнді айналу периодын 359 тәуліктен 429 тәулікке дейін ұзартады. 2023 BU деген ат қойылған аспан денесін қаңтардың 22-не қараған түні белгілі комета аңшысы Геннадий Борисов ашты.

Gaia ғарыштық телескопы орбитасын анықтаған 154 741 астероидтың, соның ішінде жермаңы нысандардың 4K-визуализациясы.
👍1