Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Credit: NASA/JPL-Caltech
16 ҚАҢТАР 04:56-ДА FALCON HEAVY БЕСІНШІ РЕТ САМҒАЙДЫ

SpaceX Falcon Heavy аса ауыр зымыраны 3,5 жыл үзілістен кейін былтыр қарашада 4-ші рет ұшырылған еді. Енді Ауыр Сұңқар бүгін түнде 5-ші рет ғарышқа көтерілмекші.

Falcon Heavy зымыранының USSF-67 миссиясы 16 қаңтар, Алматы уақытымен 04:56-ға жоспарланған. Мақсат — АҚШ Ғарыш күштерінің құпия ауыр жерсерігін геостационар орбитаға шығару. Жаңа орталық саты кері қайтарылмайды, бірақ екінші реттен қолданылатын қапталдағы B1064, B1065 үдеткіштері LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы тиіс. Демек тағы да керемет көрініске — екі үдеткіштің қатар қонуына — куә боламыз.

Credit: SpaceX
🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2023 жылғы 3-ші ұшырылым (Falcon Heavy — 1-ші)
16 қаңтар 04:56. КҒО, LC-39A. USSF-67 миссиясы — АҚШ Ғарыш күштерінің жерсерігін геостационар орбитаға шығару

* Көтерілу. B1070 орталық сатысы қайтарылмайды, сондықтан оған торкөз рульдер мен қону тіреулері орнатылмаған
* Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
* Екінші сатының ажырауы. Жүктеме құпия болғандықтан, екінші сатының ұшуы көрсетілген жоқ
* B1064.2, B1065.2 үдеткіштерінің LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы
👍1
ЖЕР АЙ ОРБИТАСЫНАН

Кореялық Danuri зонды жұмыс орбитасына төмендеу барысында Жерді бірнеше рет суретке түсірді. Жер шарының мына көрінісі Ай бетінен 344 км биіктіктен алынған.
Credit: KARI
«Түнекті түнек аластай алмайды, бұл тек жарықтың қолынан келеді»
Мартин Лютер Кинг

2016 жылы 16 қарашада түсірілген фотода толық Айдың сәулесі Вашингтондағы Мартин Лютер Кинг ескерткішін жарықтандырып тұр. Бұл күні Ай Жерге 1948 жылдан бері барынша таяп, 356 511 километрге дейін жақындаған еді. Табиғи серігіміз енді 2034 жылы ғана мұншалықты жақын келеді.

Толған Айдың оның орбитасының Жерге ең жақын нүктесінен (перигейінен) өтуімен сәйкес келуі Суперай деп аталады. Астрономиялық оқиға 2023 жылы екі рет — 2 және 31 тамызда — бақыланады. Суперай жайлы толығырақ — бейнероликте.

Қаңтардың үшінші дүйсенбісінде аталатын Мартин Лютер Кинг күні — АҚШ-тың ұлттық мейрамы және демалыс күні. Ол қара өңді америкалықтардың азаматтық құқтары жолындағы күрескердің туған күніне (15 қаңтар) орайластырылған. Мартин Лютер Кингтің тоғыз метрлік гранит ескерткіші АҚШ астанасындағы Ұлттық аллеяда 2011 жылы ашылды.

Credit: NASA/Aubrey Gemignani
#фотокөрме
МАРС ТУРА ҚОЗҒАЛЫСҚА ӨТТІ

Марстың мына керемет суретін Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл Амал" орбитері 2021 жылдың 16 тамызында түсірген. 9 ақпанда аппараттың Марс орбитасына шыққанына екі жыл толады. Ақ рамкада Марстың қос серігінің үлкені Фобос көрсетілген, оның орташа диаметрі небәрі 22,5 км. Күндердің бір күні Қызыл планетаның гравитациясы Фобосты ұсақ кесектерге паршалап тастайды да, Марс азғана уақытқа жұқа көмескі сақинаға ие болады.

13 қаңтарда Марс тоқырап, кері шегіне қозғалыстан тура қозғалысқа өтті. Оны жарық қызыл жұлдыз түрінде түні бойы көруге болады. Марс пен оның серіктері жайлы қысқа да нұсқа ақпарат «Балаларға ғылым туралы» арнасындағы соңғы роликте келтірілген. Ересектерге де көруге рұқсат.

Credit: UAESA/MBRSC/HopeMarsMission
ТАҢҒЫ АЙ ОРАҒЫ

Алдағы 2-3 таңда жіңішкеріп бара жатқан ескі Ай орағы оңтүстік-шығыстан, Сарышаяннан, кейін Мергеннен шығады. 22 қаңтарда 02:56-да Ай тура Күнмен беттесіп, көрінбей кетеді. Айдың бұл фазасы астрономия тілінде "Жаңа Ай" деп аталса, қазақ мұны "өліара" деген. Бір қызығы, бұл өліара Айдың Жерге ең жақын нүктеден немесе перигейден өтуімен (22 қаңтар 03:00) сәйкес келеді. Мұны суперайға кері құбылыс десек болады.

Credit: Sky & Telescope
👍1
Falcon Heavy ұшырылымының ерекше фотолары
16 қаңтар 2023 жыл, USSF-67 миссиясы

1 Қапталдағы үдеткіштердің BoostBack Burn тұтандыруы
2 EntryBurn тұтандыруы. Credit: WordsmithFL
3 Ауыр Сұңқар мен Марс. Credit: John Pisani
4 Соққы толқыны. Credit: Astronomy Live
5 Старттан 800 км және 10 км биіктіктегі ұшақтан көрінген медуза. Credit: Taylor Hose
#фотокөрме
🤩1
ZTF КОМЕТАСЫ КӨРІНЕТІН КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

C/2022 E3 (ZTF) кометасын көруге барынша қолайлы мүмкіндік 2023 жылғы 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін болмақ. Өліарадағы Ай аспаннан кетті, ал құйрықты жұлдыздың өзі Жерге жақындап келе жатыр. Ол 2 ақпанда бізден 42,5 миллион километрде өтеді. Күн жүйесінің сыртқы аймағынан 50 000 жылда бір айналып келетін қонақ жайлы толығырақ — роликте.

Қазірдің өзінде кометаның жарқырауы +6 жұлдыздық шамадан асып, тасқараңғы жерден жай көзбен көрінетін деңгейге жетті. 10x56 дүрбімен кометаның 1 градустық (екі ай дискі) құйрығы көрінген, команың өлшемі — 10 бұрыштық минут (1/3 ай дискі). Фотолардағы құйрықтың ұзындығы 7 градусқа жетті!

C/2022 E3 (ZTF) айтылған кезеңде Айдаһардың құйрығын бойлай, Кішіқарақшы мен Жетіқарақшының арасынан өтеді, демек ол ТҮНІМЕН көрінеді. Кометаның жарқырауы +4,5 ж.ш. жетер деген үміт бар, бірақ бәрібір оны жай көзбен көру үшін қаладан алыс кету керек. Сондықтан дүрбімен жарақтанған жөн.
2
Кескін: C/2022 E3 (ZTF) кометасының 16–31 қаңтар арасындағы жолы. Жұлдызды аспан көрінісі Алматы уақытымен 23:30-ға сәйкес. Көрсетілген шоқжұлдыздар Қазақстанда батпайтындықтан, осы сызба бойынша кометаны түннің қай уағында да табуға болады.
Credit: Sky & Telescope
1
Айға аяқ басқан екінші адам Базз Олдрин 93 жасқа келді
1👏1