This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 60-шы ұшырылым
28 желтоқсан 15:34. Канаверал, SLC-40. Starlink 5.1 миссиясы — 54 дана Starlink v? интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару.
Жаңартылған Starlink жүйесінің алғашқы ұшырылымы
28 желтоқсан 15:34. Канаверал, SLC-40. Starlink 5.1 миссиясы — 54 дана Starlink v? интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару.
Жаңартылған Starlink жүйесінің алғашқы ұшырылымы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1062.11 1-сатысы ASOG платформасына қонды
УЭББ ТИТАН БЕТІ МЕН БҰЛТТАРЫН КӨРДІ
Джеймс Уэбб ғарыштық инфрақызыл телескопы Сатурнның серігі Титанды бақылады. Уэбб серік бетіндегі теңіздер мен шағылдарды, сондай-ақ оның атмосферасындағы ірі бұлттарды көре алды.
Титан — Күн жүйесіндегі тығыз атмосфераға ие жалғыз серік, және бетінде теңіздер мен көлдер бар екі дененің бірі. Бірақ Жердегі теңіз-көлдер судан түзілсе, Титанда сұйық көмірсутектер — метан мен этан шалқып жатыр. Титан атмосферасы оптикалық диапазонда мөлдір емес, сондықтан оның беті инфрақызыл немесе радиодиапазонда ғана көрінеді.
Годдард атындағы Ғарыштық сапарлар орталығының планетологтары Титанды NIRCam камерасы мен NIRSpec спектрографы көмегімен бақылау нәтижелерін жариялады. Жұмысқа Жердегі Кек телескопы мен оның NIRC-2 камерасы да атсалысты.
Алынған кескіндерден Титандағы ең ірі Кракен Теңізін, Белет күңгірт құмшағылдар өңірін және ақшыл Адири өңірін көруге болады. Сондай-ақ солтүстік жартышардағы екі ірі бұлт байқалды. A бұлты бақылау барысында жылжыды, ал B бұлты не сейіліп бара жатыр, не атмосфераның көрінбейтін жағына өтті.

ҮЛКЕН ШАРШЫ МЕН ПЫРАҚ
Қыс ортасында аспанның оңтүстік-шығыс бөлігінен Үлкен Шаршы астеризмі көзге түседі. Оның төрт жарық жұлдызының үшеуі Пегас (Пырақ) шоқжұлдызына тиесілі. Бұл жұлдыз өрнегін табуға биыл жарқыраған Юпитер көмектеседі. Қосымша ақпарат — арнадағы жаңа роликте.

👍1🕊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
30 желтоқсан 13:38. Ванденберг, SLC-4E. EROS-C3 миссиясы — израильдік 400 кг Earth Resources Observation Satellite C3 (EROS C3) Жерді оптикалық бақылау жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
2022 жылғы 61-ші ұшырылым — компания рекорды! 🏆
4-тоқсандағы 18-ші ұшырылым — компания рекорды 🏆
Желтоқсан айындағы 7-ші ұшырылым — компания рекорды 🏆
2022 жылғы 61-ші ұшырылым — компания рекорды! 🏆
4-тоқсандағы 18-ші ұшырылым — компания рекорды 🏆
Желтоқсан айындағы 7-ші ұшырылым — компания рекорды 🏆
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1061.11 1-сатысы LZ-4 қону алаңына қонды
2022 жылғы жоспарланған қондыру әрекеттерінің бәрі сәтті болды! 🏆
2022 жылғы жоспарланған қондыру әрекеттерінің бәрі сәтті болды! 🏆
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
EROS C3 жерсерігінің 2-сатыдан ажырауы
SPACEX-2022: РЕКОРДТАР ЖЫЛЫ
6 қаңтарда 2022 жылғы дүние жүзі бойынша алғашқы зымыранды ұшырған SpaceX компаниясы 30 желтоқсанда израильдік жерсерік миссиясымен жылды өзі қорытындылады.
SpaceX биыл 61 Falcon 9 / Falcon Heavy зымыранын ұшырды (бәрі сәтті) — бір зымыран тегі үшін әлем рекордын (Р7, КСРО, 1980) қайталау 🏆
Falcon 9 зымыраны 60 рет ұшырылды — нақты бір модификация үшін әлем рекорды 🏆 (бұрынғы рекорд: Союз-У, 47 / 45 сәтті, 1979)
61 ұшырылымның 57-де бұрын қолданылған 1-сатылар қайта ұшты. Биыл жоспарланған қондыру әрекеттерінің бәрі сәтті болды! 🏆
Дүние жүзі бойынша 186 орбиталық ұшырылымның (178 сәтті) үштен бірін жалғыз компания жасап тұр. SpaceX бүтін бір Қытай мемлекетінен (64, 62 сәтті) сәл ғана қалып қойды.
Falcon 9 B1058 бірінші сатысы 15 рет ұшып келді — жаңа әлем рекорды! 🏆
Үш жыл үзілістен кейін Falcon Heavy аса ауыр зымыраны төртінші рет ұшырылды. Оның жоспарланған тағы төрт миссиясы кейінге қалды. Бұған SpaceX кінәлі емес, тапсырыс берушілердің өздері аппараттарын дайындап үлгере алмай жатыр.
Crew Dragon кемелерімен Халықаралық ғарыш стансасына 12 ғарышкер жеткізіліп (Axiom-1, Crew-4, Crew-5 миссиялары), 12 адам (Axiom-1, Crew-3, Crew-4) аман-есен Жерге оралды.
Cargo Dragon жүк кемелері екі ХҒС-ты қамтамасыз ету миссиясын орындады (CRS-25, CRS-26).
Starlink жерсеріктері: жалпы ұшырылғаны — 3666, 3375-і орбитада, 3039-ы жұмыс істеп тұр. 54 данасы 2-ші буын желісі аясында алғаш рет жаңа орбитаға шығарылды.
Келесі жылдан не жаңалық күтеміз:
— 100 ұшырылым жасалуы мүмкін;
— Super Heavy / Starship аса ауыр зымыранының көптен күткен алғашқы орбиталық ұшырылымы;
— Polaris Dawn миссиясы барысында тарихта алғаш рет туристердің ашық ғарышқа шығуы;
— ХҒС-қа екі НАСА экипажынан басқа, 2-3 жекеменшік ұшқышты миссия жіберу;
— өзара лазерлік байланыс орната алатын Starlink v2.0 жерсеріктерінің орбитаға шыға бастауы.
#2022жыл

👍1
2022 ЖЫЛ: 186 ОРБИТАЛЫҚ ҰШЫРЫЛЫМ, 8 СӘТСІЗДІК
2022 жылы орбитаға 186 (2019 — 102, 2020 — 114, 2021 — 145) зымыран ұшырылды. Бұл адамзат тарихындағы ең жоғары жылдық көрсеткіш! Олардың 8-і (2019 — 5, 2020 — 10, 2021 — 11) сәтсіздікке ұшырады.
ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАСЫ
16 қарашада қазіргі заманның ең қуатты тасығышы — НАСА-ның Space Launch System (SLS) аса ауыр зымыраны алғаш ұшырылды. Ол Artemis I миссиясын орындайтын Orion ғарыш кемесін Айға сәтті аттандырды (фотода).
ҒАРЫШ СТАНСАЛАРЫ / ҒАРЫШКЕРЛЕР
ХҒС-қа 5 ғарыш кемесімен 18 адам жеткізілді, Boeing Starliner ғарыш кемесі алғаш рет ұшқышсыз барып қайтты. 7 жүк кемесі ұшырылды. Қытайлық Тяньгун ғарыш стансасына екі ғылыми модуль қосылып, оның құрылысы аяқталды. Тяньгунге 2 ғарыш кемесімен 6 ғарышкер және 2 жүк кемесі ұшырылды. Барлығы ғарышқа 24 адам аттанды (Crew Dragon кемелерімен — 12, Союзбен — 6, Шэньчжоумен — 6).
ПЛАНЕТААРАЛЫҚ МИССИЯЛАР
Айға 4 миссия жөнелтілді. НАСА-ның Artemis I миссиясы барысында Orion ғарыш кемесі Ай орбитасында болып, Жерге оралды. НАСА-ның CAPSTONE, Оңтүстік Кореяның Danuri аппараттары 4,5 ай жол жүріп, Ай орбитасына шықты. Жапонияның Hakuto-R лендері Айға 2023-те қонып, БАӘ-нің Рашид роверін жеткізуі тиіс.
2022 жылы Күн маңына, басқа планеталар мен Күн жүйесі денелеріне ғарыш аппараты жіберілген жоқ. Байқоңырдан Марсқа аттануы тиіс ExoMars миссиясы Еуропа ғарыш агенттігінің Роскосмоспен қарым-қатынасын үзуі себепті ұшпай қалды.
Былтыр ұшырылған НАСА-ның DART зонды Диморф астероидына мақсатты соғылып, оның орбитасын өзгерте алды. Марс орбитасындағы үндістандық Мангальян және Марс бетіндегі НАСА-ның InSight миссиялары өз жұмысын аяқтады.
МАҚСАТ ОРБИТАЛАР
Төмен жермаңы / гелиосинхрон — 154 (7 сәтсіздік),
оның ішінде ХҒС-қа — 13, Тяньгунға — 6
Геостационар / Тундра / геоөтпелі — 23
Орта жермаңы / Молния — 6
Гелиоцентр / планетаға трансфер — 2
Айға трансфер — 1
ҰШЫРУШЫ ЕЛДЕР
АҚШ — 87 (3 сәтсіздік)
Қытай — 64 (2 сәтсіздік)
Ресей — 22
Еуропа — 5 (1 сәтсіздік)
Үндістан — 5 (1 сәтсіздік)
Оңтүстік Корея — 1
Иран — 1
Жапония — 1 (1 сәтсіздік)
ҒАРЫШ АЙЛАҚТАРЫ
Канаверал мүйісі, АҚШ — 38 (2 сәтсіздік)
Цзюцюань, Қытай — 25 (2 сәтсіздік)
Кеннеди ҒО, АҚШ — 19
Сичан, Қытай — 16
Ванденберг, АҚШ — 16 (1 сәтсіздік)
Тайюань, Қытай — 14
Плесецк, Ресей — 13
Махия, Жаңа Зеландия — 9
Байқоңыр, Қазақстан — 7
Вэньчан, Қытай — 6
Куру, Француз Гвианасы — 6 (1 сәтсіздік)
Сатиш Дхаван, Үндістан — 5 (1 сәтсіздік)
MARS, АҚШ — 2
Мохаве, АҚШ — 2
Сары теңіз, Қытай — 2
Шығыс Қытай теңізі, Қытай — 1
PSCA, АҚШ — 1
Восточный, Ресей — 1
Наро, Оңтүстік Корея — 1
Шахруд, Иран — 1
Утиноура, Жапония — 1 (1 сәтсіздік)
2022 жылы Байқоңырдан 7 зымыран ұшырылды (2017 — 13, 2018 — 9, 2019 — 13, 2020 — 7, 2021 — 14). Оның ішінде 1 Протон-М бар (2017 — 4, 2018 — 2, 2019 — 5, 2020 — 1, 2021 — 2).
ЗЫМЫРАНДАР
Сәтсіздіктер:
Astra Rocket 3 (АҚШ) — 2 апат
Firefly Alpha (АҚШ) — 1
i-Space Hyperbola-1 (Қытай) — 1
Landspace Zhuque-2 (Қытай, метан жағатын тарихтағы алғашқы орбиталық зымыран) — 1
Epsilon (Жапония) — 1
Arianespace Vega-S (Еуропа) — 1
SSLV (Үндістан) — 1
Алғаш ұшырылған зымыран модификациялары: Ангара 1.2, Atlas V 511, Jielong 3, Чанчжэн 6A, SLS Block 1, SSLV (сәтсіз), Vega-C, Zhuque-2 (сәтсіз), ZK-1A
Соңғы рет ұшырылған зымыран модификациялары: Atlas V 401, Atlas V 421, Atlas V 511, Atlas V 531, Atlas V 541, Astra Rocket 3
Биыл ұша бастайды деп күтілген аса ауыр / ауыр зымырандардан SLS қана көтеріле алды. Starship, Ariane 6, Vulcan Centaur, H3 тасығыштарының дебюті кейінге қалды.
Жекеменшік ұшыру операторлары арасында 61 (!) зымыран ұшырған SpaceX компаниясы көш бастады, бұл туралы толығырақ алдыңғы поста жазылған.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНЕ ШЫРША
51 атомнан тұратын, биіктігі 4 нанометр шыршаны мына туннельдік сканерлеуші микроскоп көмегімен Маура Виллемс жасаған (Делфт технологиялық университеті, Нидерланд)
#технодерек

👀1