Фото: Союз МС-22 «К.Э. Циолковский» ғарыш кемесі ХҒС-тың Рассвет модуліне түйісіп тұр. Аспаптық-агрегаттық бөлім кеменің төменгі жағында, ақ түске боялған. Тесік күн панельдерінің бірінің түбінде екен. Оң жақта ERA робоқолы бар Наука модулі мен оның астындағы Причал тораптық модулі көрініп тұр.
Credit: NASA
Credit: NASA
👍2
22 ЖЕЛТОҚСАН — ҚЫСҚЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ
2022 жылы 22 желтоқсанда Алматы уақытымен 03:48-де Күн аспан экваторынан оңтүстікке қарай барынша қашық нүктесіне жетеді. Астрономиялық оқиға Желтоқсандағы күн тоқырауы деп аталады. Солтүстік жартышарда астрономиялық қыс, ал Оңтүстік жартышарда астрономиялық жаз басталады.
21-і мен 22-не күннің ұзақтығы Астанада 7 сағат 53 минут 31 секунд болады — жылдағы ең қысқа күндер. Күннің талтүстегі (13:12) көкжиектен биіктігі 15,5° — жыл бойғы ең төмені. Маусымнан бері төмендеп келе жатқан Күн 18–25 желтоқсан аралығында 15,5° биіктікте "тоқырағандай" болады да, қайта көтеріле бастайды.
Ертең Астанада Күн 128° оңтүстік-шығыстан шығып, 232° оңтүстік-батыста батады да, көкте ең қысқа доға сызады (кескінді қараңыз). Салыстыру үшін, 21 маусымдағы Жазғы күн тоқырауы датасында ол 49° солтүстік-шығыстан шығып, 311° солтүстік-батыста батты, талтүсте 62,3° биіктікке дейін көтерілді. Жылдың ең ұзақ жарық күні 16 сағат 34 минут 10 секундқа созылған еді.

👍1
DANURI КОРЕЙ ЗОНДЫ АЙҒА ЖЕТТІ
Кореялық Danuri (KPLO) аппараты Ай маңындағы бастапқы эллипс орбитаға шықты. 2022 жылы 5 тамызда ұшырылған зонд отын үнемдеу үшін Айға төрт айдай сапар шеккен еді. 17 желтоқсанда аппарат ең жауапты маневрді сәтті жасап, жылдамдығын 7500 км/сағ дейін кемітті. 19-на оның периселениі 109 км, апоселениі 8920 км эллипс орбитада екені қуатталды.
Danuri енді қозғағыштарын тағы төрт рет қосып, орбитасын кішірейтеді. 29 желтоқсанда ол 100 километрлік дөңгелек жұмыс орбитасына шығуы тиіс. Зонд бір жыл бойы Айдың магнит өрісін, Ай бетін зерттеп, полюс маңындағы кратерлерден су мұзын іздейді.
Корей айсерігі LRO орбитерінікінен 200 есе сезімтал, ажыратымы 1,7 м ShadowCam камерасымен, ажыратымы 5 м LUTI камерасымен, PolCam кеңауқымды поляриметриялық камерасымен, сондай-ақ магнитометрмен және гамма-спектрометрмен жабдықталған.
Оңтүстік Корея Ай орбитасына шыққан 8-ші ел атанды. Бұл ел болашақта Ай орбитасына тағы бір аппарат шығаруды, сондай-ақ Ай бетіне лендер мен шағын ровер қондыруды жоспарлап отыр.

АЙҒА АТТАНҒАН ЖАПОН ЛЕНДЕРІ ТҮСІРГЕН АЛҒАШҚЫ ФОТО
2022 жылы Айға төрт миссия ұшырылды. 16 қарашада ұшқан НАСА-ның Orion ғарыш кемесі Айды екі айналып, 11 желтоқсанда Жерге оралды. Қалған үшеуі отын үнемдеу үшін ұзақ айналма жолды таңдады. 28 маусымда аттанған америкалық CAPSTONE кубсаты Ай айналасындағы тік сызықтық дерлік гало-орбитаға 14 қарашада шықты. 5 тамызда ұшырылған кореялық Danuri зонды Ай маңына 17 желтоқсанда жетті, ол жаңа жылға қарсы 100 км дөңгелек орбитаға шығуы тиіс.
Ал сапарын 11 желтоқсанда бастаған HAKUTO-R жапон лендері серігімізге келесі жылдың көкегінде бір-ақ жетеді. Алдыңғы миссиялардан айырмашылығы, ол Айға қонуы тиіс. Қону сәтті болса, борттағы Rashid араб ровері Ай бетіне түседі. Жаңа ұшырылған ғарыш аппараты алған алғашқы кескінді жариялайтын дәстүріміз бойынша, HAKUTO-R 13-не түсірген Жер орағы көрінісін ұсынамыз.
Credit: ispace
#фотокөрме #2022жыл

🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АСТЕРОИД БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ — 2022 ЖЫЛДЫҢ ОН ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІГІНІҢ БІРІ
Science журналы 2022 жылдың басты ғылыми жетістігі деп Уэбб ғарыштық телескопын танығанын жақында жаздық. Журнал сонымен бірге жылдың тағы тоғыз маңызды табысын атады. Олардың көбі биология мен медицина ғылымдарына тиесілі. Дегенмен космонавтика саласындағы тағы бір жетістік аталып өтті.
Ол — НАСА-ның DART зондының Диморф астероидына мақсатты түрде соғылып, аспан денесінің орбитасын өзгертуі. 2022 жылдың 27 қыркүйегінде 550 килограмдық зонд секундына 6 километрден астам жылдамдықпен Диморфқа ұрылды. Соқтығысуды бірнеше ғарыштық және Жердегі телескоптар бақылады. Нәтиже ғалымдар күткеннен де асып түсті. Диморфтың үлкенірек Дидим астероидын айналу периоды 32 минутқа өзгерді, бұл НАСА мамандары болжағаннан 26 есе артық.
Демек, Жерге қатерлі астероид жақындап келе жатқаны алдын-ала анықталса, ғарыш аппараты көмегімен оның бағытын өзгертіп жіберуге болады деген сөз.
Credits: NASA/Johns Hopkins APL
#2022жыл

DART соққысы мен Хаббл телескопы оқиғадан соң не көргені туралы арнамызда жақында жарияланған роликте айтылады.
YouTube
Хаббл DART соққысының әсерін көрді
2022 жылы 27 қыркүйекке қараған түні DART зонды Дидим астероидының кішкене серігі Диморфқа кинетикалық соққы жасады.
Бұл астероид бағытын өзгертудің орбиталық демонстрациясы — астероидқа соғылу арқылы оның жылдамдығы мен траекториясын реттейтін НАСА кинетикалық…

25 желтоқсанда Джеймс Уэбб ғарыштық телескопының ұшырылғанына бір жыл толады. Осыған орай, арнамызда жаңа ролик жарияланды.
Бұған дейін Уэббтің оптикалық жүйесі, яғни бұрын-соңды ғарышқа шығарылған ең үлкен айналар жайлы әңгімелегенбіз. Жаңа роликте осы айналар жинаған жарықты қабылдап, ғылыми дерекке айналдыратын теңдессіз төрт аспап туралы сөз болады.
Міндетті түрде көріңіздер. Қазақша контент жалаң ұранмен дамымайды, жасалып тұрған дайын контентті көру, тарату, насихаттау арқылы дамиды.
#бейнеролик

Уэбб телескопының ғылыми аспаптарына шолу /4K/
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы — астрофизикадағы бірнеше маңызды сұраққа жауап іздейтін ғылыми аспаптардың күрделі жиынтығы. Уэббтің негізгі айнасының дәл артында орналасқан Ғылыми аспаптар интеграциялық модулі (ISIM) ішінде 4 аспап бар.
Олардың бәрі адам…
Олардың бәрі адам…
«ЖЕРДІҢ ШЫҒУЫНА» — 54 ЖЫЛ
Ай орбитасына шыққан алғашқы адамдар — Apollo 8 астронавтары 1968 жылы 24 желтоқсанда, Алматы уақытымен 21:40-та көтеріліп келе жатқан көгілдір планетаны көрді.
#фотокөрме

УЭББ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ҰШЫРЫЛҒАНЫНА — БІР ЖЫЛ
2021 жылы 25 желтоқсанда Куру ғарыш айлағынан тарихтағы ең қуатты ғарыштық обсерватория — Джеймс Уэбб телескопы ұшырылды. Содан бері бір жыл өте шығыпты. Оның алғашқы алты айы телескоптың жұмыс орнына — Күн–Жер жүйесінің екінші Лагранж нүктесіне жетуіне және ғылыми жұмысқа дайындығына кетті. Алайда Уэбб жылдың екінші жартысында-ақ көптеген құнды дерек алып үлгерді.
Уэббтің алғашқы туған күні құрметіне арнада арнайы ролик жарияланып отыр. Сондай-ақ Уэбб ғылыми аспаптары жайлы кешегі 4K-бейнені көріп шығыңыздар.

Туған күнің құтты болсын, Уэбб! /4K/
2022 жылы 25 желтоқсанда Джеймс Уэбб ғарыштық телескопының ұшырылғанына бір жыл толды. Уэббтің алғашқы жылы қалай өтті?
Кеше ғана ұшырылымға дайындалып жатқан сияқты едік, ал енді Уэбб өзінің #UnfoldTheUniverse миссиясына кірісті. Ғажайыпқа бізбен бірге куә…

HAKUTO-R ТҮСІРГЕН НАҒЫЗ АЛҒАШҚЫ КЕСКІН
Айға бара жатқан HAKUTO-R жапон лендері түсірген алғашқы кескінді жариялағанбыз. Бірақ оның бортындағы Canadensys жоғары ажыратымды камерасы ұшырылым кезінде-ақ іске қосылған екен. Фотодан миссияны аттандырған Falcon 9 зымыранының 2-сатысын көруге болады.
Credit: Canadensys Aerospace Corporation

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! (МАРСТАҒЫ)
Жер күнтізбесі бойынша 2022 жылғы 26 желтоқсанда Марста жаңа, 37 жыл басталды. Бұл қалай, түсіндірейік:
• Марс жылы 687 жер тәулігіне тең, яғни Қызыл Планетаға Күнді бір айналып шығуға екі еседей ұзақ уақыт керек. Бұл туралы толығырақ төмендегі видеода айтылады.
• Марстағы күн тәулігі, яғни планетаның өз білігінен бір үйірілетін уақыты "сол" деп аталады. Бір сол жер тәулігінен сәл ғана ұзақ: 24 сағат 39 минут. Бір Марс жылында 668,59 сол бар.
• Марс білігі де орбита жазықтығына түсірілген тік сызықтан 25,19°-қа еңкейген. Сондықтан Марста да 4 жыл мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.
• Марс жаңа жылы Солтүстік күн теңелуіне сәйкес келеді. Бұл күні Солтүстік жартышарда көктем, ал Оңтүстік жартышарда күз басталады.
• Бірақ Марс орбитасы Жердікінен ұзын болғандықтан, жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес. Солтүстіктегі көктем (Оңтүстік жартышардағы күз) — 194 сол, Солтүстік жазы (Оңтүстік қысы) — 177 сол, Солтүстік күзі (Оңтүстік көктемі) — 142 сол, Солтүстік қысы (Оңтүстік жазы) — 155 сол.
• Марс орбитасының эллипс болуы себепті, жылдың екінші жартысында (Оңтүстіктегі көктем мен жазда) планета Күнге жақындап, оны тезірек айналады. Біршама қызған атмосфераның турбуленттігі топырақты ұшырып, күшті шаңды дауылдар тұрады.
• Марста да қыста суық, жазда жылы, бірақ жылдық орташа температура біздегіден әлдеқайда төмен: –60 °C.
• Марс күнтізбесін 2000 жылы америкалық ғалым Тодд Клэнси енгізді. Санақ Марста жыл мезгілдері бар екені белгілі болған 1955 Жер жылынан басталады. 1-ші Марс жылының екінші жартысындағы күшті дауыл "1956 жылғы Үлкен шаңды дауыл" деген атқа ие болды.
• Бірнеше Марс жаңа жылдары:
1 жыл — 11 көкек 1955
...
36 жыл — 7 ақпан 2021
37 жыл — 26 желтоқсан 2022
38 жыл — 12 қараша 2024
39 жыл — 30 қыркүйек 2026
40 жыл — 17 тамыз 2028

🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 60-шы ұшырылым
28 желтоқсан 15:34. Канаверал, SLC-40. Starlink 5.1 миссиясы — 54 дана Starlink v? интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару.
Жаңартылған Starlink жүйесінің алғашқы ұшырылымы
28 желтоқсан 15:34. Канаверал, SLC-40. Starlink 5.1 миссиясы — 54 дана Starlink v? интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару.
Жаңартылған Starlink жүйесінің алғашқы ұшырылымы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1062.11 1-сатысы ASOG платформасына қонды