АЙ БЕТІНДЕ СОҢҒЫ АДАМНЫҢ БОЛҒАНЫНА — 50 ЖЫЛ
Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын, 1972 жылғы 15 желтоқсан күні, Алматы уақытымен 04:54:37-де Челленджер ай модулінің жоғарғы сатысы Ай бетінен көтерілді. Оның ішінде Айда болған соңғы адамдар Юджин Сернан мен Харрисон Шмитт бар еді. Apollo 17 астронавтары Ай бетінде жалпы 75 сағат болса, оның 22 сағатын модульдің сыртында өткізді. Ай роверімен 35 км жүріп өткен ғарышкерлер 110 кг тау жынысы үлгісін жинады. Соңғы ұшқышты ай миссиясының жалпы ұзақтығы 302 сағат болды.
1969–1972 жылдардағы алты Apollo миссиясы барысында Жердің табиғи серігі бетіне 12 америкалық аяқ басқаны белгілі. Айға келесі адамдар Artemis III миссиясы аясында, 2025 жылы қонады деп жоспарланып отыр.
Фото: Шмитт Ай бетінде. Гермошлемнің әйнегінен фотоға түсіріп тұрған Сернан мен қараңғы аспандағы Жер көрінеді.

Ap17-ascent.ogv.240p.vp9.webm
764.6 KB
Челленджердің Ай бетінен көтерілуі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СОЮЗ МС-22 ҒАРЫШ КЕМЕСІНЕН САЛҚЫНДАТҚЫШ АҒЫП ЖАТЫР
ХҒС құрамындағы Союз МС-22 ғарыш кемесінің жылуреттеу жүйесінен салқындатқыш сұйықтық үш сағаттай сыртқа аққан. Сол себепті 15 желтоқсанға жоспарланған Ресей космонавтарының ашық ғарышқа шығуы болмай қалды.
Кеменің аспаптық-агрегаттық бөлімінің сыртқы қаптамасы зақымдалған болса керек. Мамандар тесілген тұсты Наука модулінің ERA манипуляторы көмегімен тексергенімен, нәтижесі жарияланған жоқ, кеме сырты қайта тексерілетін болды. Союз МС-22 жүйелерінің шектен тыс қызғаны тіркелмеді.
Оқиға стансадағы ғарышкерлерге қатер төндірмейді. Алайда жарты жылдық экспедициясын қыркүйекте бастаған МС-22-нің тағдыры әзірге белгісіз. Прокопьев — Петелин — Рубио экипажы өз кемесімен қысқа схема бойынша шұғыл Жерге орала ма, әлде тағы бірнеше ай стансада қалып, оларды келесі бос Союз алып кете ме? Союз кемелері ХҒС-қа автоматты түрде түйісе алатыны белгілі.

😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 57-ші ұшырылым
16 желтоқсан 17:46. Ванденберг, SLC-4E. SWOT миссиясы — НАСА мен Француз ғарыш агенттігінің (CNES) 2000 кг-дық Surface Water and Ocean Topography ғылыми жерсерігін орбитаға шығару
16 желтоқсан 17:46. Ванденберг, SLC-4E. SWOT миссиясы — НАСА мен Француз ғарыш агенттігінің (CNES) 2000 кг-дық Surface Water and Ocean Topography ғылыми жерсерігін орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1071.6 1-сатысы LZ-4 қону алаңына қонды. Бір ай ішінде осымен үшінші саты құрлыққа қондырылып отыр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SWOT жерсерігінің 2-сатыдан ажырауы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 58-ші, компания тарихындағы 200-ші ұшырылым
17 желтоқсан 04:48. Канаверал, SLC-40. SES O3b mPOWER 1 & 2 миссиясы — SES компаниясының екі дана O3b mPOWER байланыс жерсерігін орта жермаңы орбитаға шығару
17 желтоқсан 04:48. Канаверал, SLC-40. SES O3b mPOWER 1 & 2 миссиясы — SES компаниясының екі дана O3b mPOWER байланыс жерсерігін орта жермаңы орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1067.8 1-сатысы ASOG платформасына қонды
«КӨК МӘРМӘР-2022»
2022 жылы 7 желтоқсанда DSCOVR жерсерігіндегі EPIC камерасы «Көк мәрмәр» тарихи фотосының 50 жылдығы құрметіне оны қайта түсірді.
АҚШ Мұхит пен атмосфераны зерттеу ұлттық басқармасының (NOAA) DSCOVR аппараты Күн—Жер жүйесінің L1 Лагранж нүктесінде. Күн мен Жердің арасында, планетамыздан 1,5 млн километрде орналасқан DSCOVR күн желін үздіксіз бақылап тұр. Күн тәжінен атылған зарядталған бөлшектер ағыны оған бір сағат бұрын жететіндіктен, DSCOVR Жерге магнит дауылы жайлы алдын-ала ескерту береді.
Ал оның бортындағы НАСА-ның EPIC камерасы Жердің күнгей бетін әр екі сағат сайын суретке түсіріп тұрады. Солардың кейбірін келесі роликтен көре аласыздар.
#фотокөрме

АРИЗОНА ҮСТІНДЕГІ ГЕМИНИДАЛАР
Аризона штаты үстіндегі Геминидалар метеор ағыны, 14 желтоқсан 2022 жыл. 35 кадрдан жасалған құрама кескін.
Фото авторы: Джон Эшли
Союз МС-22 ғарыш кемесіндегі салқындату жүйесі құбырын дәл осы ағынның бір қиыршығы тескен деген болжам бар. Жер Геминидаларды туғызатын 3200 Фаэтон денесінен қалған қалдықтар жолағын желтоқсанның ортасында басып өткен еді. Кеменің аспаптық-агрегаттық бөлімі, экипаж капсуласындай емес, метеориттен қорғайтын қабатпен қапталмайды.

🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 59-шы ұшырылым (36 сағат ішіндегі 3-ші!)
18 желтоқсан 00:32. КҒО, LC-39A. Starlink 4.37 миссиясы — 54 дана Starlink v1.5 интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
B1058 нөмірлі 1-саты 15-ші рет қолданылып отыр — жаңа рекорд 🏆

🔥2
LUSAIL STADIUM ҒАРЫШТАН
Футболдан 2022 жылғы FIFA Әлем Кубогының шешуші ойыны өтетін Қатардағы Lusail стадионы SpaceWill компаниясының SuperView-1 жерсерігінің көзімен. Финал 18 желтоқсанда, Алматы уақытымен 21:00-де басталады.
SuperView-1 — жер бетін 50 см ажыратыммен түсіретін төрт жерсеріктен тұратын топтама. Ал компанияның SuperView NEO-1 қос жерсерігі 30/50 см ажыратымдағы кескіндер алады.
Фото: SpaceWill