Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ARTEMIS I МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!
2022 жылы 11 желтоқсанда 23:39-да Orion ғарыш кемесі Тынық мұхиты айдынына қонды. Шамамен екі сағаттан соң ол USS Portland әуетасығышы бортына көтеріледі.
🕊1
ARTEMIS I МИССИЯСЫ ТОЛЫҚТАЙ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛДЫ

2022 жылы 12 желтоқсанға қараған түні Тынық мұхитқа қонған НАСА-ның Orion ғарыш кемесі судан шығарылып, АҚШ Әскери-Теңіз Күштерінің USS Portland әуетасығышы бортына көтерілді. Орион капсуласы алдымен Сан-Диегоға, содан соң Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығына жеткізіледі.

НАСА 25,5 күндік Artemis I миссиясының толық табыспен аяқталғанын мәлімдеді. Дүние жүзіндегі ең қуатты SLS зымыранының алғашқы ұшырылымы сәтті болды. Ұшқышсыз Orion кемесі жоспарланған жолмен Айды айналып келді. Ол адам таситын кемелер үшін Жерден қашықтық рекордын жаңартты: 432 210 км. Орион екі рет Ай бетінен небәрі 129,7 км биіктікте жақын ұшып өтті. Кеменің барлық жүйелері сынақ барысында өздерін жақсы көрсетті.

Келесі, Artemis II миссиясы 2024 жылға жоспарланған. Айды тағы айналып келетін Orion кабинасында енді манекендер емес, ғарышкерлер отырады. Айдың Оңтүстік полюсі маңына адам қондыру 2025 жылғы үшінші Артемиданың еншісінде.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЗЫМЫРАНДАР: 400 ЖӘНЕ 1500 МЕТРГЕ ЖАРЫС

Қатты отын жағатын үдеткіштер саны шешуші маңызға ие. Atlas V 551 әрқайсының тартымы 1688 кН бес үдеткішпен жабдықталады. Бұған негізгі сатының 4152 кН тартымын қоссақ, бұл зымыранның жеңісі таңғалдырмайды.
🤔1
13/14 ЖЕЛТОҚСАН — ГЕМИНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ

Жылда 4–17 желтоқсанда жауатын ең мол метеор ағынының бірі шыңына 13-нен 14-не қараған түні жетеді. Жарық, ақ, баяу (35 км/сек) метеорлар жиі ағады. Биыл сағатына 150-ге дейін ақпа жұлдыз көрінеді деп болжанып отыр.

Ағын радианты Егіздер (Гемини) шоқжұлдызында, ол түнгі екіде барынша көтеріледі. Дегенмен радиантқа қарау міндетті емес. аққан жұлдыздар бүкіл аспаннан көрінеді. 8-не толған Ай биыл елеулі кедергі. Геминидаларды 3200 Фаэтон атты дененің қалдықтары туғызады.

Фотода: Геминида метеоры мен Леонард кометасы, 20 сек экспозиция, бір кадр, 2021 ж. желтоқсан
Автор — Dave Lawrence
ОРИОН ТҮСІРГЕН САПАЛЫ СУРЕТТЕР
Artemis I миссиясы кезінде Орион камералары алған кескіндердің жоғары ажыратымды (4000 х 3000 пиксел) нұсқалары
Credit: NASA
«КӨК МӘРМӘР» ФОТОСУРЕТІНЕ — 50 ЖЫЛ

Осы күндері Айға барып келген соңғы ғарышкерлер сапарының елу жылдығы атап өтілуде. Apollo 17 ғарышкерлері Юджин Сернан, Роналд Эванс пен Харрисон Шмиттің бірі старттан 5 сағат 6 минут, ал кеме Айға бет алғаннан 1 сағат 54 минут өткенде толық жарықтанып тұрған Жер бетінің кескінін алды. Бұл сәтте, яғни 1972 жылдың 7 желтоқсаны, Шығыс уақытымен 05:39-да (Алматы уақытымен 16:39), ғарыш кемесі Жерден 29 000 километрдей алыстаған еді.

НАСА тізбесіне AS17-148-22727 нөмірімен тіркелген фото The Blue Marble (Көгілдір марбл, Көк мәрмәр) деген атпен тарихтағы ең танымал фотоның біріне айналды. Күн ғарыш кемесінің ту сыртында тұрғандықтан, Жердің бергі бетін толық жарықтандырып тұр. Оңтүстік жартышарды қалың бұлт басқанымен, Оңтүстік полюс маңындағы мұз жамылғысы анық байқалады. Желтоқсанда бұл аймақта поляр күні болғандықтан, Антарктида құрлығына күн түсіп тұр. Үнді мұхиты үстіндегі циклон да жақсы көрінеді.

Фото 80 миллиметрлік Zeiss объективімен жарақтанған 70 миллиметрлік Хассельблад камерасымен түсірілген. НАСА оның ресми авторлары ретінде экипаждың барлық мүшелерін санайды, дегенмен зерттеуші Эрик Хартвелл фотоны Шмитт түсіргенін анықтады. Назарларыңызға әйгілі фотоның түпнұсқасымен бірге, түстері калибрленіп, өңделген нұсқасын (көгілдірлеу) да ұсынып отырмыз.
Фото: NASA
👍1
The Blue Marble: түстері калибрленген нұсқа
Фото: NASA
👍1
АЙ БЕТІНДЕ СОҢҒЫ АДАМНЫҢ БОЛҒАНЫНА — 50 ЖЫЛ

Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын, 1972 жылғы 15 желтоқсан күні, Алматы уақытымен 04:54:37-де Челленджер ай модулінің жоғарғы сатысы Ай бетінен көтерілді. Оның ішінде Айда болған соңғы адамдар Юджин Сернан мен Харрисон Шмитт бар еді. Apollo 17 астронавтары Ай бетінде жалпы 75 сағат болса, оның 22 сағатын модульдің сыртында өткізді. Ай роверімен 35 км жүріп өткен ғарышкерлер 110 кг тау жынысы үлгісін жинады. Соңғы ұшқышты ай миссиясының жалпы ұзақтығы 302 сағат болды.

1969–1972 жылдардағы алты Apollo миссиясы барысында Жердің табиғи серігі бетіне 12 америкалық аяқ басқаны белгілі. Айға келесі адамдар Artemis III миссиясы аясында, 2025 жылы қонады деп жоспарланып отыр.

Фото: Шмитт Ай бетінде. Гермошлемнің әйнегінен фотоға түсіріп тұрған Сернан мен қараңғы аспандағы Жер көрінеді.