APOLLO МЕН ARTEMIS: НАСА-НЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бірінші Artemis миссиясының аяқталуына екі сағаттай қалды: 23:39-да Orion ғарыш кемесі Тынық мұхитқа қонуы тиіс. Бұл оқиға 1972 жылдың 7–19 желтоқсанында жүзеге асырылған соңғы, 17-ші Apollo миссиясының елу жылдығына сәйкес келіп отыр. АҚШ-тың екі ай бағдарламасының сабақтастығы Орион кабинасындағы НАСА логотипінің оң жағына екілік кодпен жазылған 18 санынан көрініс тапқан.
Көне грек мифологиясы бойынша, Аполлон мен Артемида Зевстің Летодан туған егіз балалары еді.

🕊3
ARTEMIS I МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!
2022 жылы 11 желтоқсанда 23:39-да Orion ғарыш кемесі Тынық мұхиты айдынына қонды. Шамамен екі сағаттан соң ол USS Portland әуетасығышы бортына көтеріледі.

🕊1
ARTEMIS I МИССИЯСЫ ТОЛЫҚТАЙ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛДЫ
2022 жылы 12 желтоқсанға қараған түні Тынық мұхитқа қонған НАСА-ның Orion ғарыш кемесі судан шығарылып, АҚШ Әскери-Теңіз Күштерінің USS Portland әуетасығышы бортына көтерілді. Орион капсуласы алдымен Сан-Диегоға, содан соң Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығына жеткізіледі.
НАСА 25,5 күндік Artemis I миссиясының толық табыспен аяқталғанын мәлімдеді. Дүние жүзіндегі ең қуатты SLS зымыранының алғашқы ұшырылымы сәтті болды. Ұшқышсыз Orion кемесі жоспарланған жолмен Айды айналып келді. Ол адам таситын кемелер үшін Жерден қашықтық рекордын жаңартты: 432 210 км. Орион екі рет Ай бетінен небәрі 129,7 км биіктікте жақын ұшып өтті. Кеменің барлық жүйелері сынақ барысында өздерін жақсы көрсетті.
Келесі, Artemis II миссиясы 2024 жылға жоспарланған. Айды тағы айналып келетін Orion кабинасында енді манекендер емес, ғарышкерлер отырады. Айдың Оңтүстік полюсі маңына адам қондыру 2025 жылғы үшінші Артемиданың еншісінде.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЗЫМЫРАНДАР: 400 ЖӘНЕ 1500 МЕТРГЕ ЖАРЫС
Қатты отын жағатын үдеткіштер саны шешуші маңызға ие. Atlas V 551 әрқайсының тартымы 1688 кН бес үдеткішпен жабдықталады. Бұған негізгі сатының 4152 кН тартымын қоссақ, бұл зымыранның жеңісі таңғалдырмайды.

🤔1
13/14 ЖЕЛТОҚСАН — ГЕМИНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ
Жылда 4–17 желтоқсанда жауатын ең мол метеор ағынының бірі шыңына 13-нен 14-не қараған түні жетеді. Жарық, ақ, баяу (35 км/сек) метеорлар жиі ағады. Биыл сағатына 150-ге дейін ақпа жұлдыз көрінеді деп болжанып отыр.
Ағын радианты Егіздер (Гемини) шоқжұлдызында, ол түнгі екіде барынша көтеріледі. Дегенмен радиантқа қарау міндетті емес. аққан жұлдыздар бүкіл аспаннан көрінеді. 8-не толған Ай биыл елеулі кедергі. Геминидаларды 3200 Фаэтон атты дененің қалдықтары туғызады.
Фотода: Геминида метеоры мен Леонард кометасы, 20 сек экспозиция, бір кадр, 2021 ж. желтоқсан
Автор — Dave Lawrence

ОРИОН ТҮСІРГЕН САПАЛЫ СУРЕТТЕР
Artemis I миссиясы кезінде Орион камералары алған кескіндердің жоғары ажыратымды (4000 х 3000 пиксел) нұсқалары
Credit: NASA