АЙДЫ АЙНАЛЫП КЕЛЕТІН dearMoon МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Жапон миллиардері Юсаку Маэдзава dearMoon миссиясы аясында Айды айналып келетін Starship ғарыш кемесіндегі барлық орынды сатып алғаны белгілі. Юсаку өзімен бірге шығармашыл тұлғаларды алып ұшатынын мәлімдеген еді. Миссияға қатысуға миллионнан астам адам өтінім берді. Бір жарым жылға созылған іріктеуден соң, 2022 жылы 7 желтоқсанда экипаж мүшелері белгілі болды.
Олар:
🇯🇵 Yusaku Maezawa — кеме командирі, кәсіпкер, Союз ғарыш кемесімен ХҒС-қа барып қайтқан
🇺🇸 Steve Aoki — миссия ұшқышы, DJ, музыкалық продюсер
🇺🇸 Tim Dodd — Everyday Astronaut ретінде танымал ғарыш насихатшысы
🇨🇿 Yemi A.D. — суретші, хореограф, перформер
🇬🇧 Karim Iliya — фотограф
🇮🇪 Rhiannon Adam — фото-суретші
🇺🇸 Brendan Hall — режиссер
🇮🇳 Dev D. Joshi — актер
🇰🇷 T.O.P. (Choi Seung-hyun) — музыкант
Қосалқы мүшелер:
🇯🇵 Miyu — биші
🇺🇸 Kaitlyn Farrington — сноубордшы

🕊1
11 ЖЕЛТОҚСАН, 13:38-ДЕ HAKUTO-R ЛЕНДЕРІ АЙҒА АТТАНАДЫ
11 желтоқсанда, Алматы уақытымен 13:38-де SpaceX Falcon 9 зымыраны 2022 жылғы төртінші ай миссиясын ұшырады. Алдыңғы үшеуінің мақсаты Ай орбитасына жету еді. Америкалық CAPSTONE кубсаты Ай айналасындағы тік сызықтық дерлік гало-орбитаға шықты. Корейдің Danuri айсерігі Ай орбитасына 16 желтоқсанда жетуі тиіс. НАСА-ның Айды екі айналып қайтқан Orion ғарыш кемесі 11 желтоқсан, 23:39-да Жерге оралады.
Бұл жолы ұшырылатын аппараттар болса, Айдың бетіне қонады. Жапондық ispace компаниясының HAKUTO-R лендері экватор маңындағы Қиялдар Көліне табан тіреген соң, одан Біріккен Араб Әмірліктерінің Rashid ровері түседі. Олармен бірге Ай орбитасына НАСА-ның Lunar Flashlight кубсаты да аттанады.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 56-шы ұшырылым
11 желтоқсан 13:38. Канаверал, SLC-40. HAKUTO-R M1 миссиясы — жапониялық HAKUTO-R лендері мен БАӘ-нің Rashid роверін Ай бағытына жөнелту
11 желтоқсан 13:38. Канаверал, SLC-40. HAKUTO-R M1 миссиясы — жапониялық HAKUTO-R лендері мен БАӘ-нің Rashid роверін Ай бағытына жөнелту
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1073.5 1-сатысы LZ-2 қону алаңына қонды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
HAKUTO-R лендері зымыранның 2-сатысынан сәтті ажырады.
ЖАПОН ЛЕНДЕРІ, АРАБ РОВЕРІ ЖӘНЕ НАСА КУБСАТЫ АЙҒА АТТАНДЫ
11 желтоқсанда, Алматы уақытымен 13:38-де SpaceX Falcon 9 зымыраны HAKUTO-R M1 ай миссиясын ұшырды. Араб роверін Айға жеткізетін жапон лендері зымыранның 2-сатысынан ажырап, трансай траекторияға (TLE) шықты. Қысқа видеолар — әдеттегідей, телеграм-арнамызда.
Жапондық ispace компаниясының M1 миссиясының мақсаты — Айға қонатын лендер мен Айға жүк жеткізу бизнес-моделін сынау. HAKUTO-R лендерінің массасы 1050 кг, ол Айға жалпы массасы 30 кг жеті жүктеме жеткізеді. Лендердің өзі масс-спектрометрлермен, дозиметр, термометрлер, қонған жердегі реголитті зерттейтін кішкентай бұрғымен жабдықталған. Айға отын үнемдейтін төмен энергиялық жолмен жететін лендердің экватор маңындағы Атлас кратеріне қонуы 2023 жылдың көкегіне жоспарланған. ispace Айға 2024 жылы тағы бір ровер (M2 миссиясы), ал 2025 жылы CLPS бағдарламасы аясында НАСА жүгін (M3) жеткізбек.
HAKUTO-R қонысымен, одан Біріккен Араб Әмірліктерінің Rashid ровері түседі. Төрт доңғалақты ровердің өлшемдері 49 х 53,5 х 54 см, массасы 10 кг. Оның бортында жоғары ажыратымды екі камера, жылу сенсоры, Ленгмюр зонды бар. Ай тозаңы әртүрлі беттерге қалай жабысатынын зерттеу үшін ровер доңғалақтарына әртүрлі материал үлгілері бекітілген. Рашидтің Ай бетімен қозғала алатын ең жоғары жылдамдығы — 10 см/сек.
Басқа жүктемелер:
— JAXA жапон ғарыш агенттігінің ай роботы. Бейсбол добындай робот ай беті жайлы дерек жинайтын камералар мен сенсорларға ие;
— ғарыш жағдайы мен Ай бетінде сыналатын NGK Spak Plug Go қаттыденелік аккумуляторы;
— Канада ғарыш агенттігінің борттық компьютері;
— Canadesys компаниясының жоғары ажыратымды камералары;
— миссияға жылу жинағандар есімі ойылған пластина, сондай-ақ жапон тобының әні жазылған компакт-диск.
Зымыранның қосалқы жүктемесі — НАСА-ның Lunar Flashlight 6U-кубсаты. Ол үш айдан соң CAPSTONE-дікіндей тік сызықтық дерлік гало-орбитаға шығады. Кубсат орбитасының Айдан ең қашық нүктесі 70 000 км, ең жақын нүктесі Оңтүстік полюстен небәрі 15 км болмақ. Lunar Flashlight Оңтүстік полюс маңындағы кратерлерден су мұзын іздейді. Оның төрт лазері мұз жұтатын толқын ұзындығындағы инфрақызыл сәуле шығарады. Сәуле реголитке түссе, кубсатқа қайта шағылады, ал жұтылса, кратер ішінде мұз бар деген сөз. Lunar Flashlight — әдеттегі гидразин орнына қауіпсіз "жасыл" отын қолданатын алғашқы планетааралық аппарат.

БҮГІН 23:39-ДА ORION ЖЕРГЕ ОРАЛАДЫ
Космонавтикадағы жылдың басты оқиғасының бірі — 25,5 күндік сынақ миссиясын аяқтайтын ұшқышсыз Орион ғарыш кемесінің Жерге оралуы. Кеменің Тынық мұхиты айдынының АҚШ-тың Батыс жағалауына жақын тұсына қонуы 11 желтоқсан, Алматы уақытымен 23:39-ға жоспарланған. НАСА сайты, телеарнасы, қолданбасы және YouTube-арнасындағы тікелей эфир 22:00-де басталады.
Фото: Жер орағы. 9 желтоқсанда, Artemis I миссиясының 24-ші күні түсірілген
Credit: NASA

🔥2
Artemis I миссиясы 2022 жылы 16 қарашада ұшырылды. НАСА-ның алғаш ұшырылған Space Launch System (SLS) аса ауыр зымыраны Orion ғарыш кемесін Айға жөнелтті. Миссияның қозғағыштар тұтануынан Орионның ажырап, Айға аттануына дейінгі кезеңдерін арнамыздағы жаңа роликтен көре аласыздар.
https://youtu.be/N_DKP1ematQ
https://youtu.be/N_DKP1ematQ
YouTube
Дүниедегі ең қуатты зымыранға орнатылған рокеткамдар түсірілімі
2022 жылы 16 қарашада Artemis I миссиясы ұшырылды. НАСА-ның алғаш ұшырылған Space Launch System (SLS) аса ауыр зымыраны Orion ғарыш кемесін Айға жөнелтті.
Artemis I миссиясының қозғағыштар тұтануынан Орионның ажырап, Айға аттануына дейінгі кезеңдеріне жақыннан…

APOLLO МЕН ARTEMIS: НАСА-НЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бірінші Artemis миссиясының аяқталуына екі сағаттай қалды: 23:39-да Orion ғарыш кемесі Тынық мұхитқа қонуы тиіс. Бұл оқиға 1972 жылдың 7–19 желтоқсанында жүзеге асырылған соңғы, 17-ші Apollo миссиясының елу жылдығына сәйкес келіп отыр. АҚШ-тың екі ай бағдарламасының сабақтастығы Орион кабинасындағы НАСА логотипінің оң жағына екілік кодпен жазылған 18 санынан көрініс тапқан.
Көне грек мифологиясы бойынша, Аполлон мен Артемида Зевстің Летодан туған егіз балалары еді.

🕊3